Материалдар / Әлеуметтік жұмыстағы этикет
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлеуметтік жұмыстағы этикет

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік жұмыстағы этикет туралы лекция.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2024
143
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Лекция

Әлеуметтік жұмыстағы этикет


«Этикет» термины алғаш рет Людвик ХІҮ кезінде аулада тәртіп сақтаудың ережелері жазылған карточкалар (этикеткалар) шақырылған қонақтарға таратылған кезде қолданылған. Этикет (фр. etiquette – жарлық, этикет ) – адамдармен қарым-қатынастың сыртқы түрімен байланысты тәртіп сақтау ережелерінің жиынтығы (айналамен қарым-қатынас жасау, қарым-қатынас пен амандасу формалары, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, әдет-қылықтар мен киім-киіс). Жалпы әлеуметтік жұмыстың этикасында мынадай деңгейлер бар:

1) ішкі жүйелердің барлық әрекет ету типтеріне ішкі этикалық стандарттарды қолдану: әлеуметтік қызметкер – клиент, әлеуметтік қыземткер - әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік қызметкер - әлеуметтік мекеменің ұжымы, әлеуметтік қызмет - әлеуметтік қызмет, т.с.с. Бұл деңгейде жүйеде қалыптасатын іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар қалыптасу жүреді, және кәсіби топтың мүшелері тарапынан олардың бағалауы да жүреді.

2) нақты әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік қызметтердің әмбебап мәндегі кәсіби стандарттардың тарапынан тәртіп пен ісәрекетке баға беру. Бұл деңгейде әлеуметтік қызметкерлер мен олардың әрекеттері клиенттердің жағынан және олардың әлеуметтік ортасынан қарастырылады да бағаланады. Сонымен қатар бұл кезеңде әлеуметтік қызметкерлердің тәртібі мен әрекетіне клиенттер мен олардың қоршаған ортасының әсері ықпал етеді. ;

3) әлеуметтік жұмысты жалпы әлеуметтік институт ретінде бағалау. Ол әлеуметтік қызметкерлердің барлық структураларымен қарым-қатынасы, әлеуметтік мақсат пен қоршаған ортаның әсері шегінде болады.

Бұл кезеңде әлеуметік пайдана қарастырады, әлеуметтік жұмыстың қоғамға қажеттілігі, және оның объективті түрде қоғаммен қабылдануы, этикалық мазмұндардың сәйкес келуі, қоғам көзқарасынан кәсіби қызметтің сыртқы көрінісі қарастырылады.

Тәртіптің сыртқы бейнесін сипаттайтын ережелерді саналы түрде құрастыруды кейбір зерттеушілер антика дәуіріне жатқызады, себебі бұл кезеңде адамдарды сымбатты тәртіпке, қылықтарға үйрету әрекеттері байқалады. Осы кезеңде күнделікті өмірдегі тәртіптің, сонымен қатар нақты жағдайдағы әрекет-қылықтар адамды оның ең жақсы қасиеттерінің көрінуіне бағыттаған, таңдай еркіндігін қалдыра отырып, осы қызметтің жалпы бағыт-бағдарын берді. Гректер үшін ең бастысы әр нәрсенің шегін сақтау, саналы өмір сүру болатын. Сонымен қатар, ең бастысы – адамды жеке, ешкімнің көмегінсіз ойлауға үйрету, бұл тәртіптің ең дұрыс жолы болып табылады. Сонымен, антикалық дәуірдегі этикет тәртіптің практикалық тұрғыдан тиімділігін, және мақсатқа бағыттаушылығына көңіл аударылған, тәртіптің формасы оның мазмұны мен сипатына тікелей байланысты. Мысалы, өзін-өзі ұстай білетін тәрбиелі адам табиғатынан жомарт, жан дүниесі кең, жақсылық жасауға құштарлығы бар, бірақ одан жауап күтпейді, өзінен төмен адамдарды кемсітпейді, өзінің шамасын біледі. Бірақ сәттілік этикалық нормаларына сай болуы керек, және әлеуметтік қызметкер өзінің жоспарлаған жұмысын бақылап отыруы керек. Егер оның нәтижесі оның моральды сезімдерін өкіндіретін болса, оған жұмысты бастау міндетті емес, ал жұмыстың негативті барысы оның талпыныстарын сұрақтардың астына алады.

Этикалық баға кез келген деңгейде объективті-субъективті сипат алады. Бағаның субъективтілігі бағалау адамдармен жүргізіледі, және жеке факторды алып тастау әрқашан орындала бермейтіндігімен байланысты. Мысалы, клиенттің әлеуметтік жұмысты бағалауы кезінде, оның пікірі , көбінесе, әлеуметтік қызметкер қаншалықты оның мәселесін шешкені , онымен қаншалықты және қандай деңгейде жұмыс жасағанымен тығыз байланысты.

Қоғам тұрғысынан баға объективті болуы мүмкін, себебі қоғам әлеуметтік тұрақты емес; барлық азаматтар әлеуметтік жұмыстың институты жайында толық білмейді, оның мүмкіндіктері мен қажеттіліктері туралы ақпараттары аз. әлеуметтік жұмыстың бағасы әлеуметтік институт ретінде қоғаммен және мемлекетпен ерекшеленеді.

Мемлекет әлеуметтік жұмыстың институтын қалыптастыра отырып, бұл институттың потенциалынан шығады, қоғам үшін қызығушылық келтіретін потенциал емес, оның соңғы нәтижесі көп қызықтырады, себебі қоғам оптималды болып табылатын әлеуметтік жұмыс институтының қызметінің шарттарымен толық таныс емес. Әлеуметтік жұмыстың құралдары әлсіз қаржыландырудың әсерімен юайланысты екені анық. Бірақ бұл әлеуметтік қызметкер материалдық жағдайы жоғары адамдардың қаражтын аз қамтылған клиенттерге көмек беру арқылы аудару емес, немесе әділетсіз әрекеттер жасап алдау емес. Егер қылмыстық кодекс жүйесінде әрекет етсе, мұндай әлеуметтік қызметкер жауапқа тартылмайды, оның міндеті барлық әлеуметтік жұмыс институтына таңылатын қоғамдық санада негативті баға беру болып табылады. Сондықтан әлеуметтік қызметкер үшін заң жүзіндегі, қоғам қабылдаған, жоғары моральды құндылықтары бар құралдар мен тәсілдерді таңдау керек. Барлық қылық-әрекеттерді, тәртіпті, ұстау мәнерлерін этикеттің ережелеріне байланыстыру үшін, оның принциптеріне жүгіну керек. Ол принциптер қарым-қатынас мәдениетінде көрінетін моральды талаптарды ұсынады.

Л.С. Лихачев әлеуметтік қызметкер этикетінің 4 типін бөліп көрсетеді:

1) гуманизм принципі әлеуметтік қызметкерден адамға деген құрметтен, оның тұлғалық ерекшеліктерін қабылдаудан, оған игілікті, жағымды қарым-қатынастардан көрінеді. Бұл принцип әлеуметтік қызметкерден мейірімділік, тактикалық, сыпайылық, шапшаңдық, байқампаздық, және нақтылық сияқты қабілеттерді талап етеді. Қарым-қатынастағы мейірімділік адамдарды құрметтеуден, оларға жақсылық жасау белгілерімен қызмет етеді.

2) мейірімділік – бұл адамға қызмет ету жолының бірінші қадамы. Оған клиентке назар аудару, адамды түсіну, қажет болған жағдайда оған көмек беру формалары кіреді. Әлеуметтік қызметкер үшін мейірімділік – клиентпен, оның жақындарымен, серіктестермен, әр түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарымен ортақтасудың қажетті аспектісі, себебі мамандықтың мәні – көмекті қажет етіп тұрғандарға, адами құндылықтарды төмендетпей, әрқашан көмек беруге дайын тұру.

3) Тактикалық қабілет адамдармен қарым-қатынаста белгілі бір шекті сақтау, адамдардың «өкпелі» шегін анықтау. Тактикалық қызметтің астарынан адамды ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін деген сұрақтар қоймау принципі жатыр. Ал егер де бұл ақпарат қажет болып жатса, әлеуметтік қызметкер сол сұрақты клиентке нұқсан келтірмейтіндей етіп қоюы керек. Тактикалық принцип әлеуметтік қызметкерден адамға ескерту жасауды талап етеді – оның формасы нақты, түсінікті болуы керек. Ескертуді арониялық түрде, қатты дауыспен, бұйрықпен, бөтен адамдардың қатысуында жасауға болмайды. Тактикалық қабілеттің жетіспеушілігі клиентті ыңғайсыз жағдайға қояды, оның жан дүниесіне нұқсан келтіреді. Әлеуметтік қызметкердің тактикалық қабілеті клиентпен сенімді қатынас орнатуды талап етеді.

4) Сыпайылық өзінің бағасын айналасындағылардың пікірімен бйланыстыру, және еш уақытта өзінің беделін көтермеу, басқаларға талап қою және өзіне жоғары талап қоя білу, ұстамдылық болып табылады. Әлеуметтік қызметкердің сыпайылығы оның клиентпен, ұжыммен қарым-қатынаста көрінеді. Әсіресе клиентпен қарымқатынаста сыпайылық маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік қызметкер 45 еш уақытта өзін клиенттен жоғары ұстамау керек, өзінің қызметтік жағдайының жоғары тұрғандығын көрсетпеу керек, клиентке өзінің пікірін айта беру этикаға жатпайды, және клиенттің қызығушылықтарын балағатпау керек.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!