Материалдар / Әлеуметтік педагог – болашақтың мамандығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлеуметтік педагог – болашақтың мамандығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік педагогиканың қоғамдық мәні - қиын, қайғылы жағдайларға душар болған адамдарға - отбасыларына, балаларға көмек көрсету; оларға өмірден өз орнын табуға, өз мүмкіндіктері мен қабілет-ынтасы негізінде одан әрі дамуына жәрдем ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2021
1463
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әлеуметтік педагог – болашақтың мамандығы


Әлеуметтік педагогика - ғылымның бір өзегі ретінде белсенді дамып келе жатқан, балалық шақта туындаған мәселелерді шешуге бағытталған, жаңа әлеуметтік-мамандандырылған сфера үшін берік ғылыми іргетас қалауымен ерекшеленетін әлеуметтік-педагогикалық ғылымдар жүйесінің белді бір саласы. 

Әлеуметтік педагогиканың қоғамдық мәні - қиын, қайғылы жағдайларға душар болған адамдарға - отбасыларына, балаларға көмек көрсету; оларға өмірден өз орнын табуға, өз мүмкіндіктері мен қабілет-ынтасы негізінде одан әрі дамуына жәрдем ету.

Әлеуметтік педагогикада ең алдымен «әлеуметтік орта» ұғымын анықтап алу қажет. Бұл біріншіден, кең ұғымдағы әлеуметтік болмыс, яғни, қоғам, мемлекет; екіншіден, баланың қалыптасуына тікелей әсер ететін өзіндік қоршаған ортасы.Әлеуметтік жұмыс ұғымы - белгілі бір адамға, топқа оның әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында көмек көрсетудегі кәсіби қызметті білдіреді. Енді осы ұзақ та қиын процестің теориясын, әлеуметтік педагогика, яғни, ғалым В.Д.Семеновтың сөзімен айтсақ, «Әлеуметтік ортаның тәрбиелік ықпалы жөніндегі ғылым» ұсынады.

Ғылыми әдебиеттерде тұтастай алғанда педагогика және оның ішінде әлеуметтік педагогика философиялық білімнің шеңберінде дамыды. Дәл осы ғылым әлеуметтік педагогиканың теориялық негіздерінің әдіснамалық базасы болды.

Әлеуметтік педагогика - педагогиканың әлеуметтік, тәрбиелік және білім берушілік тұрғыдан өзіндік ерекше әдістері бар дербес саласы. Әлеуметтік педагогиканың әдістері тұлғаның өзін-өзі жетілуіне, өзін-өзі тәрбиелеуі мен дамуына бағытталған. Бала тәрбиелеу жүйесінің маңызды элементтерінің бірі - бала үшін маңызды мәселелерді шешуге әлеуметтік педагог тарапынан көмек көрсету. Бала тұлғасының дамуына педагогикалық ықпал етуі жетістікке әкелу үшін, педагог проблемалық жағдайды дұрыс шешуге және дер кезінде байқай алу қабілетін иелену керек.Әлеуметтік педагог проблеманың не екендігі, оның шешілуіне қандай шарттардың әсер ететіні, тәрбиеленушілерге қалай педагогикалық көмек көрсету жайында хабардар болуы және педагог әрекеті балалардың проблемалық жағдайларын нәтижелі шешуіне ықпал етуі тиіс. 

Әлеуметтік педагогқа қойылатын негізгі талап – баланы жақсы көру, қайырымдылық, коммуникативтілік, өз көзқарасынқорғайалужәнет.б. Ол қоғамның экономикалық, саяси және әлеуметтік талаптарын меңгеріп, оларды қолданысқа ендіре алады.

Әлеуметтік педагогикалық қызмет - баланың, жасөспірімнің отбасында, мектепте, қоғамда қалыпты қарым-қатынасқа түсуі үшін өзін-өзі ұйымдастыра білуі, сондай-ақ психологиялық ұстамдылық, сабырлылық сақтай алу үшін көмек көрсетуге бағытталған педагогикалық қызметті де қамтитын әлеуметтік жұмыс. 

Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің пайда болуы мен дамуының нақты сипаттамасының негізінде жалпы адамзаттық қажеттілік жатыр. Ұрпақтың жалғасуы мен сақталуы, атадан балаға әлеуметтік-құнды тәжірибені беру және соңғыларын осының негізінде ө збетімен еңбек етуге дайындау. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс «саналыадамның» қалыптасуының, оның әлеуметтік ырықсыз сезімдері (қарым-қатынас қажеттілігі, өзін-өзі көрсетуге талпыну, жасампаздық қасиеттеріт.б.) дамуының қайнар көзі. Әлеуметтік педагогиканың тағы да бір қызметінің ерекшелігі: ересектердің балаларды қоғамдық қарым-қатынас жүйесіне ену үдерісіне көмектесу, оған бейімделуі болып табылады. Тәрбие мен әлеуметтену тұтастай алғанда, жас ұрпақты қоғамдық және өндірістік өмірге дайындау қажеттілігінен туған. Ол арқылы ұрпақ жалғасын тауып, ілгері дамиды да, адамзат қоғамының өркениеттілігі қамтамасыз етіледі.

Біржағынан, әлеуметтік педагогика адамның табиғатына тән адамгершілікт імінез-құлықты басшылыққа алады. Сонымен, адам қайырымдылық жасау арқылы өзінің адамдық қасиетін жоғарылатады. 

Соңғы жылдары Қазақстанда балалар мен отбасылардың әлеуметтік денсаулығының, қиын жеткіншек жастағы балалардың әлеуметтік реабилита циясы проблемаларын шешу орталықтары құрылған. Сонымен қатар балалар мен жеткіншектерге психологиялық-педагогикалық кеңес орталықтарының, жоғары оқу орындарында «әлеуметтік педагог» мамандығының ашылуы әлеуметтік педагогика саласының дамып келе жатқандығын көрсете алады. 

Әлеуметтік педагогика өз қызметінде отбасылық, ұлттық, діни ерекшеліктерді және қоғамдық тәрбиені есепк еалады. Бұл ерекшеліктерді білу – әрбір әлеуметтік қызметкердің міндеті.

Әлеуметтік педагогика болашақ мамандар мен педагогтардың алдына мынадай мақсаттарды қояды:

1. Таңдап алған кәсібі бойынша теориялық және практикалық білімді меңгеру;

2. Әлеуметтік тәрбиенің меселелерін көре білу, сезіну, түйсіну және шешу жолдарын қарастыру;

3. Баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және кедергілерді жоя білуге баулу;

4. Баланың ізгілікті сезімдерін ояту, бауырмалдык, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін калыптастыру;

5. Тосын жағдайлардан өз алдына шығуға ұмтылуға, тура шешімін табуға, тартынбай іс-қимылға кірісуге үйрету;

6. Адамдармен қарым-қатынас, байланыс орнатып, мәміле түзе білуге, топта, не болмаса ір іұжымда өзін-өзі басқаруға үйрету;

7. Қоршаған ортаның әсерін талдай білу және әлеуметтендіру "құрбандығы", шығындары туралы түсінік беру және көмектесе білуге үйрету.Осы мақсаттарды орындау барысында Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің саласы - жалпы білім беретін ұйымдарда, арнайы (түзетуші) білім ұйымдарында, пеницитарлық типтегі мекемелерде, сауықтыру орталықтарында балалар мен оқушы жастарды әлеуметтендіру және тұлғалық дамыту процесі болып табылады.

Бұл жұмыс - мамандық қана емес, сонымен қатар, бұл қол ұшын беретін, адами проблемаларын бірге шешетін, проблемаларды тиімді, дұрыс шешілу жолдарын табатын адамдар тағдыры. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, оның табысына барлық қоғам  мүдделі екенін есте ұстау керек.  Болашақта әлеуметтік педагог мамандығы мұғалім мен медицина қызметкерлері секілді бұқаралық  сипатқа ие болады. Себебі қоғам үшін «әлеуметтік эпидемиямен» күрескеннен, «әлеуметтік аурулардың» алдын-алу әлде қайда тиімді екендігі белгілі.Сонымен қатар әлеуметтік педагог жұмысындағы диагностикалық жұмыстарға, түрлі балалар категориясымен жұмысының негізгі бағыттарына, әлеуметтік педагогтың педагог-психологпен бірлескен жұмыстарына, девианттық мінез-құлықты оқушылармен жүргізілетін әлеуметтік педагогтардың жұмыстарына әрқашанда мән беріледі.

Қазіргі заман жастарының қоғамдағы жағдайын әлеуметтік жағдай ретінде, яғни олардың өмір сүруі мен тұлғалық дамуына жағдайдың жеткіліксіз болуы, шектеулік,  материалдық және рухани ресурстардың  жеткіліксіз болуын айтуға болады. Күнделікті өмірде жастар ішімдікпен,нашақорлықпен, ассоциалдық  мінез-құлықпен, қылмыспен кездесуде.  Баланың  жаны мен  психикасына жағымсыз әсер ететін  толық емес, кикілжіңді, қолайсыз, бейморалды отбасылар көбеюде. Балалар мен жастар үнемі білім беру мен тәрбие саласында да әлеуметтік қарым-қатынасқа түсуде.

Мәліметтерді  талдай келе  бүгінгі таңдағы жастардың әлеуметтенуі, әлеуметтік ортаға бейімделуі күрделі процесс екендігін байқауға болады. Бұл қиындық алдымен өз болашағы  үшін тұлғалық жауапкершілігін сезінуі мен  тұлға ретінде өзін-өзі іске асыруы болып табылады

Өскелең ұрпақтың табысты әлеуметтенуі үшін олардың тұлғалық дамуы үшін, қоғам мүддесі үшін инновациялық қызметі үшін жағдай жасалынуы тиіс. Соған байланысты тұлғаны әлеуметтік қорғаудың өзектілігі артып отыр.

Әлеуметтік қорғау – жасұрпақтың тұлғалық дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік факторлардың жағымсыз әсерлерін ескере отырып,  ол  әсерлерді жоюдың жолын іздеуге, олардың өзін-өзі анықтауына, өмірде өз орнын таба білуге бағытталған мемлекеттің мақсатты қызметі. 

Бүгінгі таңдағы оқушылардың қоғамға, әлеуметтік ортаға бейімделуі,  әлеуметтенудегі қиыншылықтар оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге, зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал ету қажеттігінен туындап отыр. Әлеуметтік педагог – балалардың әлеуметтік тәрбиесін ұйымдастырушы және әлеуметтену процесінің жоспарлы және мақсатты түрде өтуіне жағдай жасайтын маман.

Әлеуметтік педагог жұмысының негізгі қызметінің бірі - оқушының ұтымды әлеуметтенуіне әсер ететін баланың кіші ортасын ұйымдастыруға, қалыптастыруға әсер ету.Қазіргідей адам мен қоршаған ортаның, адам мен қоғамның арасында қарама-қайшылықтар үдеп, адамдардың психикасына әсер ететін теріс көріністер орын алып отырған кезде әлеуметтік тәлім-тәрбиенің маңызы зор. Ауыр күйзеліске ұшыраған жетім-жесірге, мүгедекке, қараусыз калған жандарға, кедейшілік пен қайыршылыққа душар болғандарға, әртүрлі туабіткен не техногенді, экологиялық апаттарға ұшыраған адамдарға қолдау көрсетіп, көмек беруде әлеуметтік-педагог пен әлеуметтік қызметкер жұмысының өзіндік маңызы өте зор. 

         

  Талас аудандық 

            Психологиялық-медициналық-

            педагогикалық консультациясы 

        Әлеуметтік- педагог Құрманбекова Айбану Маратқызы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!