Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Әлеуметтік педагог – мәртебелі мамандық»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті
№266 мектеп-лицейдің
әлеуметтік педагогы
Сәдір Бауыржан Темірханұлы
«Әлеуметтік педагог – мәртебелі мамандық»
Әлеуметтік педагогика – ортаның, қоғамның, тәрбиеге, әлеуметтенуге әсер ету факторын зерттейтін педагогиканың бір саласы.
Әлеуметтік педагогиканың мақсаты –оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жандүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру.
Отбасы. Бала. Мектеп.
Бір-бірінен ажырағысыз үш ұғым.
Отбасы бар жерде бала бар,
Бала бар жерде мектеп бар.
Енді, мектебіміздегі әлеуметтік педагогтың қызметтік функцияларына тоқталайық:
• Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларының тізімін жасау;
• Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларын тегін оқулықпен қамтамасыз ету;
• Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан материалдық көмек берілетін оқушылардың тізімін талдау және бекіту; •Үйден оқытуды қажет ететін оқушылардың тізімін анықтау және үйде оқыту жұмыс жоспарының орындалуын қадағалау;
•Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі және облыстық білім басқармасымен "Мектепке жол” атты акцияны басшылыққа ала отырып,мекеме басшыларымен, кәсіпкерлермен бірігіп қамқорлық акциясын ұйымдастыру;
• Қалалық және президенттік "Жасыл шырша” мерекесіне қатысатын оқушыларды таңдау және жіберу;
• Мектеп жанындағы лагерге жағдайы төмен отбасы балаларының тартылуын қадағалау;
№266 мектеп-лицей бойынша
Қыркүйек айында оқушылардың жеке құжаттарымен танысып, әңгіме өткізіп, әр сыныптың әлеуметтік төлқұжаттары толтырылды. Мектеп психологымен бірігіп 1 сыныптардың сабаққа педагогикалық – психологиялық дайындықтарын және мектепішілік есепте тұратын оқушылары анықталды.
. Тоқсанына 1 рет ұйымдастырылатын мектеп бойынша тұрмысы төмен
отбасымен мектепішілік есепте тұрған оқушылардың тұрмыстық – әлеуметтік жағдайын зерттеуге байланысты оқушылардың үйлеріне рейд жұмыстары жүргізіліп акт толтырылды.
2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануын ұйымдастыру және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында құрылған жоспарға сай іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мектеп асханасында бекітілген арнайы ас мәзіріне сай күн сайын ыстық тамақ әзірленіп, мектеп оқушыларына арнайы қызмет көрсетіліп отыр.
1-4 бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен тамақтану кестесіне сай 1 және 2- аусымда тамақтануда.
Мектеп асханасының жұмысы жеке кәсіпкер Панова Бақыттың жетекшілігімен жүргізіледі. Асхананың санитарлық жағдайы талапқа сай. Асханасының ас мәзірі оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылған және қалалық санитарлық-эпидемиологиялық ұйғарыммен келісіліп, бекітілген. Мектеп асханасында жалпы 8 жұмысшы қызмет атқарады.
Мектепішілік бұйрыққа сәйкес «Жалпыға бірдей білім беру» қоры есебінен жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасында тәрбиеленетін, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 160 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды: Оның ішінде 1-4 сыныптарда 97 оқушы, 5-11 сыныпта 63 оқушы оқушы.
Мектепішілік тегін ыстық тамақты ұйымдастыру туралы бұйрықтың негізінде мектеп оқушыларының сапалы ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін қадағалау және тексеру мақсатында комиссия құрамы бекітілген, әрі асхана жұмысын тексеру кестесі құрылған. Осыған орай, әр айдың жұма күні мектеп асханасының қызметі, ас мәзірінің талапқа сай берілуі, тағамдардың сапасы мен дәруменділігі, азық-түлікті сақтау нормасы тексерілді.
Ыстық тамақтың ұйымдастырылуын бақылау барысында тамақтың уақтылы, ыстық күйінде нормаға сай берілетіндігі, асхана ішіндегі тазалықтың сақталуы, ас мәзірінің сақталуы, сабақ арасындағы үзілісте тамақ өнімдерін сатып алу оқушылардың тамақ рационына сәйкес, әрі сақтау мерзімі ескерілген.
1-4 және 5-11 сынып оқушыларына арналған ыстық тамақтың шығуы, оның сапасы, келісім шартта бекітілген бір күндік ыстық тамақ құны (375,420) талапқа сай ескеріліп отыр.
Әр ай сайын оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы бақыланып, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндері есептеліп, анықтамасына сай тамақтану күндері есептелініп, есебі жинақталынды. Мектеп оқушыларының тегін ыстық тамақпен қамтылуын анықтау барысында себепсіз ыстық тамақпен қамтылмай қалған оқушылар саны жоқ.
«Ай сайын аз қамтылған, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларына ыстық тамаққа бөлінген қаражат есебі шығарылып отырады. Мемлекет басшысының мектеп оқушыларын себепсіз мектептен тыс қалдырмау тапсырмасын орындау мақсатында оқу жылы көлемінде мектебімізде «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы «Жүректен жүрекке!» ұранымен өткізілді.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылы кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.
Мектепішілік оқушылардың «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінен 10 оқушыдан тұратын үгіт-насихат тобы құрылып, бұл топтағы оқушылар мұғалімдермен бірлесе жұмыс жүргізді.
Мектепке бекітілген мөлтек аудандарда «Мектепке жол» акциясы сериясымен плакаттар, суреттер, хабарламалар ілінді. Мектеп ауласында «Мектепке жол» стенді жасалып, оқушыларды мектепке қабылдау комиссиясы құрылды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен акцияға қатысушы оқушылар кент көшелерін аралап, халықты акцияға қатысуға шақырып, хабарламалар іліп, ақпарат таратты. Мектеп мұғалімдері сыныптардағы аз қамтылған, сәтсіз отбасыларында тәрбиеленетін оқушыларды анықтап, оларға киім-кешек, оқу құралдарымен көмек көрсетуді ұйымдастырды.
Сынып жетекшілердің берген мәліметтеріне байланысты материалдық аз қамтылған отбасыларында тәрбиеленетін, көмек қажет ететін оқушылар анықталып, тізімі жасалды. Аталған топқа жататын оқушыларға бірінші кезекте көмек көрсету ұйымдастырылды.
Жалпы акция барысында демеушілер есебінен аз қамтылған отбасында тәрбиеленетін 29 оқушыға 423000 теңгеге көмек көрсетілді.
Жаңа оқу жылының алғашқы күндерінен бастап сынып жетекшілері мен мектеп әкімшілігі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларында тәрбиеленетін оқушылардың сабаққа түгел келуін, оқу құралдарының тегіс қолда барын анықтады. Сынып жетекшілері әр оқушымен жеке әңгімелесіп, сабақ оқуына кедергі боларлықтай мұқтаждықтары бар-жоғын анықтады. Қыркүйек айы басталысымен оқу құралдарына мұқтаж оқушыларға кітап, дәптерлер т.б.оқу құралдары таратылды.
Мектеп кітапханашылары өз тарапынан аз қамтылған отбасыларында тәрбиеленетін балаларды бірінші кезекте оқулықпен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, бұл оқушылар мектеп асханасынан тегін тамақтануды бастады. Сынып жетекшілері сынып сағаттарында оқушыларға «Мектепке жол» акциясы туралы хабарлап барлығын атсалысуға шақырды. Жаңадан келген оқушылардың үйлеріне рейдтер жасап, отбасыларының тұрмыс жағдайымен танысу жүргізілді. Көмек қажет ететін оқушыларға киім-кешек, оқу құралдары түрінде көмек көрсетілді.
Сынып жетекшілері мектеп инспектормен бірлесе тәртібі қиын оқушылардың отбасыларын аралап, ата-аналарымен бала тәрбиесі жайлы әңгіме-сұхбат жүргізді. Оқушыларға мектепке қалмай келулерін, сабақтан қашпауларын қатаң ескертті. Осындай жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жаңа оқу жылы басталғанда киім жетіспеу немесе оқу құралдары жоқ болу себебіне байланысты оқудан тыс қалған оқушылар мектебімізде жоқ.
Мектеп бойынша аз қамтылған, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылар аудан әкімінің және президент шыршасына жіберілді. Жаңа жыл мерекесінде 100-ден астам оқушылар киім кешекпен қамтамасыз етілді.