Материалдар / "Әлеуметтік педагог" мамандығының мәні мен қызметі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Әлеуметтік педагог" мамандығының мәні мен қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
категориядан өтуге көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2020
528
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану пәні және оның ерекшеліктері


Еліміздегі нарықтық экономика жағдайында жасөспірімдердің мінез-құлықтарында бәсекелестік қабілетті қалыптастыру жаhандану заманында сұранысы артып отыр. Әсіресе, заманауи технологиялық үдерістер әлеуметтік-экономикалық өмір тіршілігіне етене енуіне байланысты интернет, ақпаратты – коммуникативтік, жаңашылдық (инновация) үстемдік құрғанда адамгершілік құндылықтар жүйесінің орны ауқымдылығымен сипатталынуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіне де елеулі өзгерістерді байланыстырып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз әрбір адамның абыройын, адамгершілігі мен беделін бағалайтын, жоғары өнегелі, эстетикалық стандарттары мен рухани құндылығы бар қоғам құруымыз қажет» деп баса айтты . Бұл дегеніміз келер ұрпаққа қоғам талабына сай білім беру мен тәрбие беру үдерісінде балаларға рухани-адамгершілік білім беру болып табылады. Осы талаппен «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының, өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу басымдылығының мәнін күшейтуге бағытталған, жалпы мақсаттары ұштасады.

Қоғамның осындай қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі беруді Сара Алпысқызы тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтарға үйрету мәселесін көтерді. Автор Сара Алпысқызы «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мәнін ешкімге еліктемей, өзіндік тұлғасын сақтап қалу; өз мүмкіндіктерін, дарынын дамыта білу; міндетті түрде жаманнан жақсыны ажырата білу; өзінің ниетіне, сөзіне және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау; өзімен және қоршаған ортамен жарасымды өмір сүру; адамдарға әрқашан қолынан келгенше көмектесу; өзінің ішкі «Менін» жоғалтпай, ар-ұжданымен өмір сүру; қоғамның игілігі үшін еңбек ету, үнемі кемелденіп отыруды негізге алған.

Қазақстан Республикасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 12 шілдедегі №566 бұйрығымен бекітілген «Өзін-өзі тану» курсы жобасын әзірлеу және апробациялау бойынша эксперимент табысты іске асырылды. Сара Алпысқызы жалпы адами рухани-адамгершілік құндылықтардың жандануы бойынша жаңа білім жобасын әзірлеу бастамасымен мемлекетік деңгейде сөз сөйледі. «Бұл жобаны біз «Өзін-өзі тану», - деп атадық дейді жоба авторы Сара Алпысқызы. – Себебі адам өзін-өзі, өз қабілеттерін, өз тағдырын танып білмесе, ол тағдырдың ойыншығына айналады. Егер біз кім екеніміз, қайдан келгеніміз, бұл өмірге неге келгеніміз және қайда баратынымыз жайлы терең философиялық сұрақтар туралы ой толғай бастасақ – бұл өз білімсіздігімізді ұғынуымызға жасалған алғашқы қадам, яғни, дүниеге деген көзқарасыңды, өзінің ішкі «Меніңді» жақсы жағына өзгертуді білдіреді... Жаңа бағыттың басты мақсаты – адамға өзін-өзі табуға, өзінің жақсы сапаларын ашуға, сатқындық жасамау, ар-намысын сақтап, әрқашан адам қалпынан таймауға көмектесу. Біздің бақытымыз бен бақытсыздығымыздың, сәттілігіміз бен сәтсіздігіміздің себептері біздің өз ішімізде. «Өзін-өзі тану» адамға Жоғарғы Заңдар мен құндылықтарға сәйкес өзінің ішкі әлемін тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді».

2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білімділік және сауықтыру орталығының (ҰҒПБСО) жетекшілігімен «Өзін-өзі тану» жаңа білімділік бағдарламасын бейімдеу іске асырылады. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім берудің басты мақсаты - жас жеткіншек ұрпақтарды құндылық және адамгершілік идеалдарға баулу, оқушылардың өзін оңды қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылады.

Қазақстан Республикасының БҒМ 2010 жылғы 28 маусымдағы №343 бұйрығымен адамгершілік-рухани білім және тәрбие беру бойынша эксперименттік жұмыс алдыға қойған мақсаттарына жетуіне байланысты аяқталды. 2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде «Өзін-өзі тану» жаңа пәні енгізілді. Осы өзін-өзі тану пәні арқылы балаларымызға рухани-адамгершілік білім беру тұғырын жүзеге асырудамыз.

Өзін-өзі тану пәні - өз алдына жеке ғылыми пән. Бұл пән - жас ұрпақтың тұлғалық рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы қалыптастырудың әдіснамалық негізі ретінде оқыту жүйесіндегі адамгершілік көзқарастар, тұлғаның шығармашылық және кәсіби дербестігін дамыту туралы идеялары; отандық және шетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологияда ізгіліктік дәстүрлер мен ой-пікірлер, бүгінгі тәрбиенің адамға бағытталған әлеуметтік – педагогикалық қырларын қалыптастырудағы тәсілдерін оқыту мен үйретуге арналған.

«Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік білім беруде жарасымды қарым-қатынас жасау, қасындағыларға көмек беру, туыстары мен жақындарына қамқорлық көрсету, өзімен және қоршаған ортамен үндестікте өмір сүру, әр істе белсенділік, азаматтық таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу тәрізді түйінді құзіреттерді дамыту арқылы жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуын қарастырады. Оқу пәні ретінде «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуда.

Елімізде 2002 жылы шыққан «Педагогика және психология» саласының қазақ тілі терминдерінің салалық ғылымы түсіндірме сөздігінде «Өзін-өзі тану» ұғымына төмендегідей түсінік берілген: «Өзін-өзі тану» - өзін-өзі бағалау секілді интероспекциядан маңызды өзекшелігі бар өзін-өзі бақылау әдісі секілді, психиканы субъективтілік тұрғыдан танып білу:

  1. Интроспекцияның әдеттегі актілеріне қарағанда бұл процестер әлдеқайда күрделі және ұзағырақ, жинақталған және өңделген өзін-өзі бақылау мәліметтері бұларға тек бастапқы материал ретінде ғана енеді;

  2. Адам өзі жайлы мәліметтерді өзін-өзі бақылау арқылы ғана емес, сондай-ақ сыртқы бастау - өз әрекеттерінің объективті нәтижелері, өзге адамдармен қарым-қатынасы арқылы да алады».

Өзін-өзі тану ұғымдары арқылы адамның ішкі дүние танымындағы құбылыстарды, олардың өзара байланысын көреміз. Өзін-өзі тануда «өзін-өзі тану», «өзін-өзі өзектілеу», «өзін-өзі жетілдіру», «өзін-өзі тәрбиелеу» «өзін-өзі басқару», «даму» және «қалыптасу» «саналы пайымдау», «өзінді талдау» сияқты ұғымдар да кездеседі.

Біздің жас мемлекетіміз қоғамымыздың зиялылық әлеуетін сақтап қана қоймай, оны жаңа нарықтық қатынастар шеңберінде жаңалап түлетуге, жоғары білім даярлық аясында кәсіптік шеберлігі жоғары, адамгершілік, имандылық, ар-ұят, отаншылдық сияқты қадір-қасиеттерді бойына сіңірген ұлттық интеллегенцияның, зиялы қауымның жаңа легін даярлауға мүдделі болып отыр. Мәселен, еліміздің жоғары оқу орындарында да осы пән жастарға рухани-адамгершілік білім беруді жүзеге асыруда. Оның міндеттері - студенттерге өзін-өзі тану ғылымының негізгі ұғымдарын, адам дамуының негізгі факторларын, рухани-адамгершілік құндылықтардың жеке тұлға бойында қалыптасуы ерекшеліктерін меңгерту. Өзін-өзі тану пәнінің базалық мазмұнын анықтаудың негізгі бағдарлары болып:

- адамның қабілеттерін ашуға және оның физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық әлеуеттерін үйлесімді дамытуға бағытталған рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаты;

- жалпыадамзаттық құндылықтарды түсінуді;

- өзін, өзгелерді және өмірді түсіну дағдыларын қалыптастыруды;

- шешім қабылдау барысындағы жағдаяттарды бағалауды;

- табиғаттың сақталуын және адамдардың жақсы тұрмысын қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда білім беру мен тәрбиелеу орнындағы гуманитарлық білімнің мазмұны рухани мәдениеттің жаңа жетістіктерінің негізінде анықталып, жүйеленеді. Ол жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, жас мамандардың болашықта сапалы өмір сүруінің кепілі боларлық қабілеттерді дамытуға қажетті пәндік және кәсіби құзырлықтарын қалыптастыруға бағытталды.

«Өзін-өзі тану» пәнін білім берудің ұлттық жүйесі жаппай енгізу жүрісі мониторингінің нәтижесі оның Қазақстанның білім беру мекемелерінде тәрбие жүйесінің негізі және білім беру мазмұнының өзегіне айналғандығын растады. Тәуелсіз сарапшылар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын еліміздің кең жұртшылығы (білім алушылар, ата-аналары, педагогтар) жақсы қабылдады. Бұл оны қазіргі Қазақстандағы мәдени-жаңғырту процестерінің негізгі нүктесі деп санауға негіз береді.

Сайып келгенде, біз «Өзін-өзі тану» ұғымына сипаттама бере отырып, ғылым ретінде өзіндік ерекшеліктерін анықтадық. «Өзін-өзі тану» бүгінгі күні өз ақылын тек білекке бағындырған қарбалас заманда адамзат баласының түпкі санасын жүрекке бағындыра білетін рухани азық бола алатынына көз жеткізіп отырмыз. Рухани-адамгершілік білім берудің түбірі ол адамзат баласының ол бастағы жаратылысында нұрланып тұр. Сондықтан, зерттеуіміздің келесі бөлімшесінде рухани-адамгершілік білім берудің түбірі яғни, адамзаттың өзін-өзі тануының тарихи негізіне шолу жасап өткенді жөн санаймыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!