Материалдар / Әлеуметтік педагогтің жылдық жұмыстарының талдауы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлеуметтік педагогтің жылдық жұмыстарының талдауы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік педагогтердің оқу жылы соңындағы жүргізілген жұмыстардың қорытынды есебінің үлгісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
2312
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ж.Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша кешені әлеуметтік педагогінің 2015-2016 оқу жылында істелген жылдық жұмысының талдауы.



2015-2016 оқу жылындағы алдыма қойған негізгі өзекті мәселе: Әр адамның өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жеке тұлға мен қоғам арасында өзара жағымды қарым-қатынас қалыптастыру. Балалардың өмір сүру ортасындағы туындаған мәселелерді уақытында анықтау, олардың себептерін жою жолдарын қарастыру, баланың өмір сүру ортасында туындауы мүмкін әр түрлі жат құбылыстардың алдын алу, ең маңыздысы осы айтылғандарды мүмкіндігімше этикалық деңгейді сақтай отырып, баланың құқығы мен еркіндігіне нұқсан келтірмейтіндей жағдайда жүзеге асыру.

Ең салалы қызметімнің бірі – жанұямен жұмыс. Жанұя мүшелерінің қызығушылығы мен қажеттілік деңгейін, олардың өзара қарым-қатынасын зерделеу, жанұяның қиындық тудыратын, туындап қалуы мүмкін болатын мәселелерін анықтау. Әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайларды болжау және болдырмаудың алдын алу шараларын ұйымдастыру, жанұя мен баланың өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуіне көмектесу. Ең бастысы, ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға және қамқорлық-қорғаншылықтағы балаларға ерекше көңіл бөліп, үнемі назарда ұстау.Осы мақсатты іске асыру барысында бар күш-жігерімді салып, аянбай еңбек етіп келемін. Жоспарлы түрде мектеп ішіндегі есепте тұрған әр түрлі санаттағы оқуда қиындық келтіретін балалармен жұмыстанудамын.Олардың денсаулықтарына етене назар аударамын.

Ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар саны 2015 -2016 жылғы Ақсай қалалық ПМПК тексерісінен өткен балаларды қоса алғанда 26 бала. ПМПК-ның қорытындысы бойынша -інің мүгедектігі бар, 6-ы үйден оқиды. 2016 жылдың сәуір айында тағы да МАДС-нан 3 бала, балабақшадан 2 бала қосылып қаралып отыр. Жыл бойы сабаққа кіріп, мұғалімдермен жұмыс жүргізу барысында оқушылар анықталды. 29 сәуірде комиссия құрылып, Психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консилиум өткізілді. Консилиумге 14 бала жолданды. Сынып жетекшілері, арнайы мамандар қатысты. Комиссия шешімі бойынша өзгеріс байқалмаған бұрыннан тіркеуде тұрған балаларды қалдырып, жаңадан келген балаларды ПМПК –ға жолдап, өзгешелік байқалған 3 оқушыны қайта қарауға жолдадық.

Мамыр айының 12-14 аралығында Ақсай қалалық ПМПК мамандары келіп, оқушыларымызды тексеруден өткізді. 2016-2017 оқу жылын ПДТ (психикалық дамуы тежелген) түзеу бағдарламасы бойынша 1 арнайы сыныпта қайта оқуға мына оқушылар шығып отыр:

1.Ануар Арсен

2.Хамиулла Әзіретәли

3.Өтепберген Бейбарыс

4.Өтеулі Арнагүл

5.Құрматов Сағыныш

2016-2017 оқу жылын ПДТ (психикалық дамуы тежелген) түзеу бағдарламасы бойынша арнайы МАД (мектеп алды даярлық) сыныбында оқуға 3 бала жолданып отыр. Олар:

1.Базарбай Ұлан

2.Қабаш Расул

3.Мағраш Ерназар

3б-сынып оқушысы Опағали Ақеркені 2016-2017 оқу жылын 4-сыныпты орташа ақыл-ойы кемістігімен оқитын бағдарлама бойынша жеке ықпалмен үйден оқыту деп бағдарламасын жеңілдетті.

3а-сынып оқушысы Таласова Нұрайым түзеліп, тіркеуден шықты.

1ә-сынып оқушысы Тулеген Арматты 2-ТДО сыныбын 1 жыл сынақ мерзіммен оқуға берді.

Қалған оқушылар, балабақша балалары логопед, дефектологпен жұмыстануға жолданып отыр. Олар жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқи береді.

Үйден оқитын балалар әр мерекені өз сыныптастарымен бірге өткізеді. Жаңа жыл сайын сыйлықтар апарылады. Күн жылы уақытында қыркүйек, қазан, қараша, сәуір, мамыр айларында үйден оқитын оқушылар ата-ананың өз өтініштері бойынша директордың келісімімен мектепке келіп оқып жүр. 9б сынып оқушысы Бақтыбаев Оралхан биылғы оқу жылында орта мектепті тәмәмдағаны туралы қатарластарымен бірге аттестат алды.Тулегенов Ақтілек,Балтабаева Айтұрсын,Опағали Ақеркеде аудандық білім беру бөлімінің атынан қолданысқа берілген компьютерлері жұмыс жасап тұр.

2015 жылы сәуір айында ПМПК мамандары балаларды тексерді. 2015-2016 жылы ПДТ түзеу бағдарламасы бойынша 1-сыныпты арнайы ТДО (Түзеу дамыта оқыту) сыныбында қайта оқуға 5 оқушы шығарылды.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселесіне мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес құрылымдардың тұрақты көзқарасын қалыптастыру және мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Аудандық білім беру бөлімінің 2015 жылғы «18» тамыз №238 бұйрығының №1-қосымшасына сай аудандық «Жолашар» акциясын іске асыру мақсатында Ж.Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша кешенінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 1 қараша аралығында «Жолашар» акциясы өтті.

«Жолашар» акциясының жоспарына сәйкес даму мүмкіндігі шектеулі балаларға және отбасыларына демеушілік қолдау көрсету мақсатында «Мектеп портфелі» акциясы жүргізіліп, мектеп ұстаздары қорынан 6 мүмкіндігі шектеулі балаларға және олардың отбасына киімдей көмек көрсетілді.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамдық орындарда мәдени тәрбие алуын, осы жандарға қоғамның әлеуметтік бейімделуін жүзеге асыру негізінде 5б-сынып оқушыларын аудандық Сырым Датұлы атындағы «Тарихи-өлкетану» мұражайына саяхаттап, тарихи жәдігерлермен және жерлес тарихи тұлғаларымызбен таныстырып, саяхат барысында мол мағлұмат алды.

Осы күндер аралығында мектептің психолог, логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог мамандары «Ашық есік күндерін» ұйымдастырып, даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына кеңестер берді.

Екі ай бойы жүргізілген акциямызды қорытындылау мақсатында мектептің акт залында 20 қазан күні ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар мен олардың ата-аналары үшін «Алтын жүрек» фестивалі ұйымдастырылды. «Алтын жүрек» фестивалінің мақсаты – ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың интеграциясы үшін жағдайларды жасау және олардың шығармашылығын жария етуін дамытуына қолдау жасау. Осы мақсатта 5,7,8–сынып оқушыларының арасында өткізілген фестиваль балалар арасында достықты нығайтып, шығармашылық ізденіске, ұйымшылдыққа баулыды. Жас ерекшеліктеріне, деңгейлеріне қарамастан алдарына берілген тапсырмаларды тапқырлықпен, шапшаңдықпен ұжымдасып орындай алды. Фестиваль соңы белсене қатысқан оқушыларды сыйлықтармен марапаттаумен және концерттік бағдарламамен жалғасты. Оқушыларға сыйлықтар мектеп ұстаздарының қолдауымен алынды. Ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға арналған мектебіміздегі «Жолашар» акциясы мектеп ұстаздары мен оқушыларының қолдауы арқасында жақсы деңгейді өткізіліп, өз мақсатына жетті деп айта аламын.

Өткізілген іс-шараларды қорытындылап, аудандық «Сырым елі» газетінде ««Жолашар» акциясы мәресіне жетті» атты мектептің мұғалім логопедінің мақаласы жарық көрді.

2016 жылдың 10 қаңтарымен 10 ақпан күндері аралығында республика көлемінде жалпыға бірдей білім беру айлығы мен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткізілді.Акцияның басты мақсаты аз қамтылған отбасы балаларына киім кешек немесе оқу құралдарын беріп қайырымды іс атқарып,жас ұрпаққа үлгі өнеге көрсету.Рейдтік шаралар жүргізіп; оқумен қамтылмай қалған оқушылардың бар жоғын анықтап,оқуға тарту; түнгі мезгілде мектеп оқушыларының көшеде,көңіл көтеретін орындарда жалғыз жүрмеуін қадағалау болатын.

Осы айлық аясында Ж.Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп балабақша кешенінің ұстаздары көптеген игі істер атқарды.Сыныптан тыс шаралармен қоса «Мейірімділік асыл қасиет» атты тәрбие сағаттары, мектеп психологы Садыкова Нұрбану «сиқырлы жәшік» сынды психологиялық тренингтер өткізді.Тренинг өту барысында оқушылар бір біріне жақсы тілектер, жүректен шыққан жылы лебіздерін білдірді.

Жеке кәсіпкер Бахметова Венера қамқоршылықтағы (ата анасынан бірдей жетім қалған ) мектебіміздің 1 оқушысына 15000 теңге көлемінде көмек көрсетті.Мектеп мұғалімдері де өз көмектерін аямай аяқ киім,киім кешектер әкеліп берді.

«Қамқорлық» акциясы аясында аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастырумен 28 қаңтар күні 2- 4 сынып және 5-8 сынып оқушыларына мултьфильм мен адам бойында мейірімділік ,қамқоршылық сезімін оятатын « Хатико» киносын көрсетті.Оқушылар кинодан шыққан соң адам мен иттің осынша мейірімді ,бір - біріне жанашыр болғандығына қатты қызығып,қыз балалар көздеріне жас алғандарын да жасырмады.

Акцияны қорытындылау мақсатында аудандық «Сырым елі» газетіне «Қайырымдылық» акциясы атты мақалам жарық көрді және фейсбук әлеуметтік желісінде Сырым аудандық әкімдігінің желісінен атқарылған шараларымыз туралы бөліскен болатынбыз.

Аймақтық «Жұлдызай» фестиваліне оқушылар дайындап, Жолдықайыр Лунара, Иставлетова Ақжан, Сапиолла Гүлдана –вокал, Сапиолла Айдан-қолөнер, Балтабай Айтұрсын-би жанры,Тулегенов Ақтілек және Бақтыбаев Оралхан атты балаларымыз қатысып, алғыс хатпен марапатталды.Бақтыбаев Оралхан облыстық кезеңге жолдама алып,алғыс хат иегері атанды.

Ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға арналған «Достық құшағында» Дарын – 2016 сауықтыру лагеріне Сапиолла Айдана мен Сапиолла Гүлдана барып, Айдана интелектуалдық олимпиададан ІІ дәрежелі орын иегері атанды.

Аудандық білім беру ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген «Дарын 2016» алғыс хатымен Бақтыбаев Оралхан мен Сапиолла Айдана аудандық білім беру бөлімінің басшысы С.Ергазиеваның қолынан марапатталды.

Қазіргі таңда мектепішілік бақылауда есепте тұрған оқушылар жоқ.Оқушылармен жеке кеңестер, әңгімелесу, сырласу жұмыстары жүргізіледі. Мектептің қоғамдық жұмысына тартылып отыр. Ата-аналармен тығыз байланыс бар,жалпы оқушылардың сабаққа қатысуын жүйелі бақылап келемін.

Қорғаншылықта 1 бала, қамқорлықта 1 бала бар. Барлығы 2-еу. Олар – 11 -сынып оқушысы Кенбаев Артур және МАДС тәрбиеленушісі Елеубаев Мансур. Оқушылардың сабақ үлгерімі жақсы. Оқу-тәрбие үрдісінде еш қиындық тудырып отырған жоқ. ЖБМОБҚ қаражатынан көмек көрсетіліп отыр. Жылына 2 рет 2015 жылдың қыркүйек айында, 2016 жылдың қаңтар айында үйлерінің тұрмыстық-материалдық жағдайлары қаралып, тексерілді.

ЖБМОБҚ қаражатынан балаларға толықтай көмек көрсетілуде. «Қайырымдылық» акциялары аясында да бұл балаларды көзден таса қылмаймын.Әрдайым көмек беріп отырамыз.15 000 теңге көлемінде қысқы куртка Артурға берілсе,4000 теңгенің көлемінде қысқы аяқ киім Мансурға берілді.

Артур мектептен күнделікті бір мезгілгі ыссы тамақ ішеді.Артур биыл ҰБТ ойдағыдай тапсырып,ендігі ЖОО немесе колледжге тапсыруды ойлап отыр.

Ерекше назардағы отбасы саны 1.Шаужановтар отбасы. Отбасы жағдайы аз қамтылған,көп балалы.Отбасында 6 бала бар.Әкесі Шаужанов Жақсыбай,анасы Жайгужиева Гүлмақсым. Үлкен қызы Шаужанова Г тұрмыста,Шаужанов Жалғас оқуға жарамсыз,Шаужанова Гүлназ және Шаужанов Жарас Орал қалалық № 15 мектепте оқиды. Мектебімізде 1 ТДО сыныбында Шаужанова Гүлбахар мен Қабылтай Тарас атты екі баласы білім алып жатыр.Ата – ана бірдей ішімдікке салынған.Әкесі спорт кешеніне аула сыпырушы қызметіне орналасты. Күнделікті сабаққа келмей қалса сынып жетекшісі немесе сабақ беретін мұғалімдерімен кезектен тыс рейдке барып келеміз.Тұрмыстық актілер жасақталып,ата – анамен жеке сұхбаттар,әңгімелесулер жүргізілді.Бұл отбасы туралы күнделікті мектеп директорына мәлімет беріп отырамын.

Аз қамтылған отбасы балалары 101 оқушы. Бастауыш сыныптар 100% 122 оқушы ыстық тамақпен қамтылса, 5-11 сыныптардан 57 оқушы бір мезгілгі ыстық тамақпен қамтылып отыр. Жалпы мектептегі 282 оқушының 56 %-ы ыстық тамақпен қамтылып отыр. Аз қамтылған отбасы балалары тоқсан сайын қаражаттың бөлінуіне қарай киіммен қамтылып отыр.

Шағын ауданның картасы жасақталып, жасы келген балаларды мектепке білім алуға тарту жұмыстары үздіксіз жүреді. Мектептің, сыныптың әлеуметтік төлқұжаты жасақталды.

Оқушылардың жеке басына тән ерекшеліктерін сынып жетекшілерімен бірлікте шешіп, оларға қажетті мүмкіндіктерді жасап келемін.

Оқушылардың әлеуметтік жағдайларын зерделеу мақсатында ішімдік, шылым шекпеу, нашақорлық мәселесінің алдын алуға арналған сауалнамалар, «Қазақстан балалары Конвенция туралы» социологиялық зерттеу, дұрыс тамақтану жөнінде «Денсаулықтың сыры», құқықтық сауаттылықтарын арттыруға «Өз құқығыңды білесің бе?», «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» атты дөңгелек үстелге аудандыық ішкі істер қызметкерлері,кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар шақырылып бірнеше шаралар өткізілді. Қоғамда өтіп жатқан діни өзгерістерге көзқарастарын анықтау үшін «Жастардың діни тәлім-тәрбие мәселесіне көзқарастары және діни лаңкестік мәселесін бағалаулары», «Балалардың отбасында немесе білім беру мекемелерінде зорлық-зомбылыққа душар болғандығын анықтау» сауалнамасы, қайырымдылық айлығы аясында «Мейірім шуағы», «Адамгершілік – асыл қасиет» тақырыптарында тәрбиелік іс-шаралар, РО орталық балаларына түрлі әлеуметтік – педагогикалық,психроргиялық тренингтер өткізілді.9-11 сынып оқушыларына «Жеке тұлғаның кәсіби бағдарын анықтауға арналған» сауалнама өткізілді.

Бюджет қаражатынан,оның сыртында «Мектепке жол» акциясы аясында дербес бөлім басшылары мен жеке кәсіпкерлер оқу-құралы мен киім-кешектен көмек берді. Мектепке жол акциясының өту барысында мектебіміздегі аз қамтылған отбасы балалары түгелдей 100% киім-кешекпен қамтылды.

Ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар, қамқорлық-қорғаншылықтағы балалар,аз қамтылған отбасындағы балалар жазғы демалыс лагеріне тартылып, қамтылғалы отыр.

Оқу-тәрбие үрдісінде қиындықтың алдын алу мақсатында жұмыстанып келемін. Болашақта оқушылардың шынайы өмірде өздерін анықтай алуға, кәсіби бағыты мен қоғамдағы өз орындарын таба білу мүмкіндіктерін қалыптастыруға, жеке тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға әлі де жұмыстанамын.






Әлеуметтік педагог: А С Анесова



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!