Материалдар / Әлеуметтік педагогтың атқаратын қызметтері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлеуметтік педагогтың атқаратын қызметтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге керек, әлеуметтік педагогтың жалпы жұмысымен танысу, көп жағынан пайдасын тигізеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2020
775
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырып: Әлеуметтік педагогтың атқаратын қызметтері


Тақырыпқа қатысты қысқаша жоспар:

- Әлеуметтік педагогтың атқаратын жұмыстарына жалпы түсініктеме;

- Интернет көздерінен әлеуметтік педагогикалық жұмыс негізінде жазылған әдебиеттермен (оқу құралы, оқулық, оқу-әдістемелік құрал) танысып аннотацияларын жазу (5 қазақ, 5 орыс тілдеріндегі әдебиет);

- Ғылыми басылымдардан (электронды басылым) әлеуметтік педагогикалық жұмыс аясындағы жазылған мақалаларды қарап, пікір жазу (1 қазақ, 1 орыс тілінде жазылған мақала);

- Қорытынды.


1) Әлеуметтік педагогтың атқаратын жұмыстарына жалпы түсініктеме.

Ол үшін ең алдымен білім беру мекемелерінің біріндегі әлеуметтік педагогімен қашықтықтан танысып, әлеуметтік қызметкер жұмысының міндеттері туралы пікірлестім. Ең алдымен мектепке келетін оқушылардың сыныптары бойынша әлеуметтік жағдайын анықтап аламыз нақтырақ айтсақ; әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары, толыққанды емес отбасылардың балалары, қамқорлықтағы оқушылар, патронаттық тәрбиедегі оқушылар және т.с.с оқушыларды анықтап алып, олардың тізімін жасап аламыз. Бұл біріншіден, оқушылардың тізімін жасап алған соң олардық сол білім алатын мекеме тарапынан берілетін ыстық тамақпен қамтамасыз етлуі керек, жалпыға бірдей міндетті бөлінетін қаражаттан осы оқушыларға материалдық көмек көрсетілуі керек (оқу құралы, киімдер) одан кейінгі жасалатын тағы бір маңызды дүние демеушілермен жұмыс, жалпы мектепте көптеген ауқымды акциялар жүріп жатады солардың ең бір маңыздылары "мектепке жол" қайырымдылық акциясы бұл акцияның басты мақсаты аз қамтылған отбасылардың балаларын материалдық тұрғыда қамту. Әлеуметтік педагогтың тағы бір атқаратын маңызды міндеттерінің бірі әлеуметтік қорғаулы топтағы оқушыларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, психологиялық тұрғыдан барынша көмек беру болып табылады.

Жалпы әртүрлі санаттағы топтарға бөлінген оқушыларға жеке-жеке папкалар арнау, нақтырақ төмендегідей:

-жағдайы төмен отбасылар

-толық емес отбасылар

-қамқорлықтағы оқушылар

-патронаттық отбасылар

-тәртібіне байланысты мектепшілік бақылауға алынатын оқушылар

-қылмыс жасаған оқушылар болатын болса, аудандық ішкі істер бөліміне тіркеуде тұратын болса ондай оқушылармен жеке-жеке жұмыстар жасалынат;

Осындай балалармен жекелеген жағдайда түрлі әңгімелер жүргізілет, құқық бұзушылықтың алдын алу жайындағы жұмыстар оған қоса осы топтардағы аталған оқушылардың ата-анасымен тығыз байланыста болу. Егерде осы айтылған оқушылар сабақ уақытында мектепте болмаса, сабаққа келмеген жағдайларда үйіне "тұрмыстық әлеуметтік акт жүргізу" отбасының әлеуметтік тұрмыстық жағдайын тексеру және осы санаттағы оқушылардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайы айына 1-рет тексеріледі ол тексеруге; сынып жетекші, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі, мектеп инспектірі, мектеп психологы және әлеуметтік педагог барат. Осы балалардың жаңа жылда аудан әкімінің немесе ауыл әкімінің одан кейін президенттің, облыс әкімдерінің шыршаларына қатысуын қамтамасыз ету. Оған қатысты мектепке квота бөлінетін болса тізімде тұрған оқушылардың кезекпен жіберілуін қарастырамыз. Сондай-ақ балаларды қорғау күнінде тосынсый әзірлеу, тәттілер тарату олардың барлығы демеушілер тарапынан болуы керек. Жалпы мен әлеуметтік педагогтың жұмыс барысымен қашықтықтан танысқаным бойынша жоғарыдағы айтылған мәліметтер.


2) Интернет көздерінен әлеуметтік педагогикалық жұмыс негізінде жазылған әдебиеттермен (оқу құралы, оқулық, оқу-әдістемелік құрал) танысып аннотацияларын жазу (5қазақ, 5орыс тілдеріндегі әдебиет).


5 қазақ тілінде жазылған әдебиеттердегі мәліметтерге аннотация жазу.

1) Әлеуметтік педагогика.

Автор: Мустаева.Ф.А. 2003жыл

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет және оның жүйесі туралы түсінік, әлеуметтік-педагог мамандығының аталуының өзі педагог сөзінен туындайтыны жайында. Жалпы бұл екі ұғымды тығыз байланыстыратын дүние ол екеуініңде негізгі объектісі бала және оның дамуы мен әлеуметтік қалыптасуы болып саналады. Оқытушы өзінің негізгі білім берушілік қызметін орындаса ал әлеуметтік педагог оқушының қоғамға бейімделуін басты назарда ұстайды. Ал, әлеуметтік педагогтің қызметінің мақсаты-баланың дұрыс өсіп жетілуімен дамуына психологиялық мүмкіндіктерді жасау оған қоса әлеуметтік педагог баланың әлеуметтік ортада алар орынын айқындай білуі керек ол оның басты міндеті ғана емес осы жүйенің жалпылама түсінігі жайында сипатталған. Оқу құралы жоғары оқу орындарының білім алушыларымен сондай-ақ әлеуметтік және білім беру саласында әлеуметтік мәселелермен айналысатын басқа да қызметкерлерге арналған.

2) Педагогика негіздері

Автор: Атемова Қ.Т. 2006жыл.

Әлеуметтік педагогикалық қызметке деген көзқарас бүгінгі қоғамда екі жақты деп қарастыруға болатыны жайында.Біріншіден көпшілік нарық талаптарына сай біліммен қабілеттің көзі тәрбиеші еңбегіне байланысты екендігін түсіндіріп, оған жоғарғы баға берсе, екіншіден мамандық таңдау мен әлеуметтік мәні бойынша әлеуметтәк педагогикалық мамандықтың мәртебесі анағұрлым төмендегені жайлы айтса. Алайда қазіргі қоғамда әлеуметтік педагогтың жұмысы маңызды әрі қажет деп санаған жөн, өйткені бала тәрбиесі оның білімі басқа дүниелерге қарағанда маңызды деп сипатталған. Оқу құралы көптеген жоғарғы оқу орындарындағы болашақ мамандарға яғни студенттерге арналған.

3) Әлеуметтік педагогика негіздері.

Автор: Айгүлім Айтбаева

Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологиясы түсінігі. Әлеуметтік педагогикалық қызметтің әдістерін айқындауда біз педагогика ғылымында қолданып жүрген оқыту мен тәрбиелеудің дәстүрлі әдістеріне сүйенетіні. Әлеуметтік педагог өзінің практикалық жұмысында педагогика, психология және т.б. ғылымдардың тәрбие әдісін пайдаланатыны. Ал қазіргі таңда әлеуметтік технология ұғымы кеңінен қолданылып келетіні.Әлеуметтік технологияны рациналды мақсатты бағыттылған әлеуметтік әрекеттердің әдістерімен әдістемесін жасау деп түсіндірілетіні. Жоғарыда айтылғандар әлеуметтік педагогикалық қызметте бір-бірімен тығыз байланыста жиі қолданылатыны жайында сипатталған. Оқу құралы жоғарғы оқу орындарындағы мамандықтар бойынша білім алатын студенттерге, сондай-ақ педагогикалық орта оқу орындарында оқушылармен басқада қызметкерлерге арналған.

4) Әлеуметтік педагогика

Автор: Мустаева.Ф.А. 2003жыл

Әлеуметтік педагог маманы өз қызметінің мазмұнын қоғам талаптарына сай жаңа технологиялар мен толықтыруымен қатар жеке басының дамуында да әлеуметтендірушілікті жүзеге асыруы тиіс екені. Өйткені бүгінгі қоғам талаптары әлеуметтік педагогтар алдына адамды қоғамға ендіруде немесе тұлғаны қоғам талабына сай қалыптастыруда үлкен жауапкершіліктерді жүктейтіні айтылған.

5) Интернет желісінен

Жүктеген: ArystanbekBot

Электронды оқу құралында; Әлеуметтік тәрбие - бұл тұлғалар арасындағы қатынасқа түсу барысында жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей байланыстар және осы мақсатқа негіздей отырып жасалатын іс-әрекеттер және нәтижесі, адамның әлеуметтену процесінде едәуір мақсатты дамуы үшін жоспарлы түрде жағдай жасауы жайында.


5 орыс тіліндегі жазылған әдебиеттердегі мәліметтерге аннотация жазу.

1) Социальная педагогика.

Автор: Галагузова И.Г. 2003жыл

Идеи социальной педагогики. Әлеуметтік педагогиканың қалыптасуына түрткі болған сұраныстардың тууы Еуропа мен Америкадағы әлеуметтік-мәдени процестердің ықпалы күшті боғаны. Кейіннен педагогика ғылымы әлеуметтік педагогиканың алғышарттарын жасай бастағаны. Әлеуметтік педагогиканың пайда болуы жайында көптеген идеялар мен ұсыныстар болған бірақ соның ішінде нақты тұжырымдамалар аз болды дегенмен кейбір ғалымдар әлеуметтік педагогика пәнін қоғамның тәрбиелік күштерін халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында біріктіру мәселесін зерттейді деп дұрыс көрсеткені жайында сипатталған. Учебное пособие для студентов высших.уч.завед.

2) Социальная педагогика

Автор: Мудрик А.В. 2005жыл

Принципы социальной педагогики - әлеуметтік педагогиканың қағидалары белгілі бір қызметке және оның нәтижесіне айтарлықтай әсер ететін факторларға сәйкес топтарға бөлінетіні. Әлеуметтік педагогикада бұл факторларға мыналар жатады; объект, субъективті, қоршаған орта, технологиялық. Әлеуметтік педагогиканың принциптері әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық негізін шығармашылық тұрғыдан талдау нәтижесінде айқындалатыны сипатталған. Учебник для педагогических вузов.

3) Социальная педагогика

Автор: Мардахаев Л.В. 2005жыл

Социальный педагог в образовании и его деятельность. Кәсіби әлеуметтік педагогикалық жұмыс-қоғамның жаңа әлеуметтік жағдайға әсер етуінің басты құралдарының бірі. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жұмыс саласындағы қолданылатын әлеуметтік педагогика әдістері мен технологияларын жетілдіру мүмкіншіліктері болып табылатыны. Оған қоса әлеуметтік педагогика кешенді, интегративті әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі саладағы тәжірибеге шыға алатын ғылым екені сипатталған. Учебное пособие для студ.высших.уч.завед.

4) Уикипедия, 2008жыл

История социальной педагогики - әлеуметтік педагогика ұғымын алғаш рет 19 ғасырда неміс педагогы А.Дистервег енгізген. Бірақ араға көп уақыт салып қана әлеуметтік педагогиканың екі ғылыми-практикалық бағыты айқындалды. Оның бірі П.Наторп есімімен байланысты айқындалып, халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында қоғамның тәрбиелік күштерін интеграциялау мәселесіне арналды. Екінші бағыт қараусыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оларды қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды. Бұл бағыт Г.Нол, Г.Боймер есімдерімен байланысты болды. Бұл екі бағыттың қазіргі таңда екінші бағытына көптеген жағдайлар сәйкес келеді, қоғамда болып жатқан әртүрлі келеңсіз оқиғалардың алдын алу өте өзекті мәселелердің бірі.

5) Социальная педагогика

Автор: Мудрик А.В. 2005жыл

Разделы социальной педагогики:

-Әлеуметтік тәрбие философиясы

-Әлеуметтенудегі әлеуметтік тәрбие

-Әлеуметтік-педагогикалық виктимология

-Әлеуметтік тәрбие теориясы

-Әлеуметтік тәрбие психологиясы

-Әлеуметтік тәрбие әдіснамасы

-Әлеуметтік тәрбие менеджменті мен экономикасы. Учебник для педагогических вузов.

3) Ғылыми басылымдардан (электронды басылым) әлеуметтік педагогикалық жұмыс аясындағы жазылған мақалаларды қарап, пікір жазу (1 қазақ, 1 орыс тілінде жазылған мақала).


1) Әлеуметтік педагогикалық жұмыс аясында қазақ тілінде жазылған мақалаға пікірім.

Тақырыбы: "Әлеуметтік педагог және оның мектептегі рөлі"

Автор: Рахманова Гүлзана

Жалпы әлеуметтік педагогтың қызметі басқада салалар сияқты өзіндік ерекшелігі, қызықты сәттері, қиындықтарыда кездесіп жатады. Менің ойымша әлеуметтік педагог мамандығы қазіргі таңда соның ішінде біздің қоғамда аса бір қажетті қызметтердің қатарына қосуға болады, бүгінгі күнде адамзатқа материалдық тұрғыдан гөрі рухани жағынан көп көмек қажет деп есептеймін, әлеуметтік педагогтың ең басты міндет, мақсатыда қазіргі қоғамдағы адамдардың тұрмыстық жағдайына қарай отырып бір жағынан психолог ретінде де барынша көмек беру, қолдау көрсету. Әлеуметтік педагог тек қана балармен жұмыс жасамайды, сол балалардың ата-анасыменде тығыз байланыста бола отырып балаға жан-жақты көмек көрсетеді мысалға; толыққанды емес отбасылардық балаларына, тәртібі жағынан қиын балалармен жұмыс жасауда, мигрантты(шетелден келген отбасылар) олармен жұмыс жасау және тағыда басқа көптеген жағдайларда жұмыс жасай білуі қажет. Яғни әлеуметтік педагог баланы өмірге жетектеу, оқыту, оны тәрбиелеу, жан мен тәннің дамуына бағыттау дегенді білдіреді.






2) Әлеуметтік педагогикалық жұмыс аясында орыс тілінде жазылған мақалаға пікірім.

Тақырыбы: "Социальная педагогика"

Автор: Григорьев С.И.


Орыс тілінде жазылған көптеген мақалаларда әлеуметтік педагогты мәдени ортада балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырушы маман ретінде жан-жақты қарастырады. Қай жағынан алып қарасақта әлеуметтік педагог жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері мен қызығушылықтарын, әртүрлі қажеттіліктерін, адам бойындағы мінез-құлықтарындағы ауытқуларды бірден байқап балаға уақытында әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеуі керек ол әлеуметтік педагогтың басты міндеттерінің бірі. Әлеуметтік педагог - психотерапевт, дос, сарапшы, көмекші, ақылшы, тренер, психолог керек жерінде мықты адвокатта бола білуі қажет деп санаймын. Қазіргі таңдағы әлеуметтік педагогтың маңызы жайында айтар болсам "әлеуметтік педагог" лауазымы білім беру ортасына енгізілгеніне көп болған жоқ. Оның қажеттілігі ауытқушылық мінез-құлық бар балалар арасындағы қылмыстың өсуіне және жағдайы нашар отбасылар санының көбеюіне байланысты туындады. Негізінен әлеуметтік педагог лауазымы мектептерде, балабақшаларда, әлеуметтік қызметтерде, кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін үйлер мен мекемелерде болады.


Қорытынды

Мен бұл жұмыс барысымен өзім білім алған мектептің әлеуметтік педагогімен қашықтықтан танысып, әлеуметтік қызметкердің жұмысының міндеттері туралы пікірлестім. Әлеуметтік педагог өз жұмысын түсіндіру барысында жалпы ең біріншіден ӘП міндеттері жайында, ол қызметтің қазіргі таңдағы маңыздылығы жөнінде және оған қоса қандай білім беру орындарында жұмыс жасауға болатыны жайында да жалпы сипаттама берді.

Мен осы оқу іс-тәжірибесі барысында өз мамандығымды жақынырақ таныған сайын, зерттеу жүргізген сайын мамандық таңдаудан қателеспегенімді түсіндім.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!