400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлеуметтік педагогтың жастар субмәдениетімен жұмыс жасау тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік педагогтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әлеуметтік педагогтың жастар субмәдениетімен жұмыс жасау тәсілдері

Ақбар Ләззат

«Қарағаш орта мектебі» МКМ өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі


Кілттік сөздер: Субмәдениет, әлеуметтік педагог, әдіс,тәсіл


Аннотация: Мақаланың кіріспе бөліміне жастар субмәдениеттінің жалпы зерттелу тарихы мен түрлеріне анықтама және субмәдениеттің жастар қоғамындағы ерекшеліктерін,жастар субмәдениетінің аталмыш түрлерін көрсетеміз. Мақалының негізгі бөлімінде әлеуметтік педагогтармен сәбмәдениеттің жағымсыз тұстарымен жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін қарастырамыз.

Мақсаты: Қазіргі қоғамдағы жастар мәдениетінің кері кету салдарын және жасөспірімдер арасындағы субмәдениет өкілдерімен әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмыс жасау әдістері және жағымсыз мінез-құлық ауытқуына әкеп соқпауын қамтамасыз ету.

Міндеті:

1. Жастардың субмәдениет өкілдері саналуына әсер ететін факторларды әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қарастыру;

2. Субмәдениет жасөспірімдермен әлеуметтік педагогикалық жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ұсыну

Адамзаттың дамуы барысында көнеден келе жатқан егіз ұғым мәдениет болып табылады. Қай халықта болмасын, қай ғасырда болмасын, халықпен,қоғаммен қабылданған мәдениет қалыптасқан. Мәдениет адам өмірінің құндылықтары мен адамгершілік қасиеттерінің жиынтығы болып табылады. Әр халық әр ғасырда өздерінің ұлттық мәдениеттерін ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып отырған. Егер мемлекет дамуын ілгеріткісі келсе ұлттық мәдениеттерін сақтап қалу керек. Яғни, мемлекеттің даму тікелей мәдениетке қатысты деп есептеуге болады .

Елбасымыз Н. Ә.Назарбаев жастарға аса сенім артып, болашағымыздың кепілі, салт-дәстүрімз бен ұлттық мәдениетімізді сақтаушы деп әр жолдауында ескертіп отырады. Қазіргі таңда жаһандық өзгерістер елімізгеде етек жайып келе жатқанын көріп жатырмыз. Оның бірі ретінде ұлттық мәдениетті жалпы адамзаттық мәдениеттің нақышын кетіретін мәдениеттің бір түрі- «субмәдениет» халқымыздың жастарының санасына сіңуде. Субьмәдениет қазіргі таңда көп зерттелуді талап ететін ауқымды мәселе болып отыр . Субьмәдениет термині социологияда, антропологияда, мәдениеттануда зерттеле бастаған, сонымен қатар қазіргі кезде педагогика мен психологияда зерттеу қолға алына бастаған.
1950 жылы американ социологы Дэвид Райзмен өзі алғаш субьмәдениет терминін зерттеген болатын. Ол субмәдениетті өзіндік стилі мен құндылықтары арқылы ерекшелінетін адамдар тобын айтады. Субкультураның мағынасын тереңірек зерттеген Дик Хэбдидж өзінің кітабында «Субкультура: значение стиля» бұлай анықтама береді: «Субмәдениет өздерінің қоғамнан жетіспеген құндылықтарды өздері сияқты адамдардан алу» деген.

Қоғамдық нормаларға сай емес жастар әрекеті ең алғаш ХХ ғасырдың 3050 жылдары АҚШ-та ғалымдардың объектісіне айнаған. Әлеуметтанушылар, психологтар үлкен қалалардағы,жастардың қылмыстық әрекетінің пайда болуын және функциясын қарастырған. Осы кезде алғаш рет субмәдениет ұғымы қалаптасқан.Суб мәдениет көбінесе қоғамға, мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады.

Француз ғалымы Мишель Мафессоли өзінің еңбектерінде жастар субмәдениетін «қалалық тайпа» ұғымы ретінде қолданады. Ал, Виктор Дольник «Непослушное дитя биосферы» еңбегінде субмәдениетті «клуб» үғымы ретінде қарастырады.
КСРО кезінде жастар субмәдениетінің мүшелерін түсіндіру үшін «бейформальды жастар одағы » ұғымын қолданды, бұл жерде «бейформал» деген жаргон шықты. Кей кезде субмәдениет бірлестігін түсіндеру үшін «тусовка» деген жаргонды сөз қолданған. {1,341}

Д.В.Ольшанский жастардың субмәдениеті әрекетін анықтайтын келесі ерекшеліктерін бөліп көрсетеді:

1. Өз-өзімен бірге болуға ұмтылу

2. Еліктеу

3.Сатылық инстинкт

4. Бәсекелестік, дұшпандық.

5.Жоғары талпыныс {2,212}

Субмәдениет қазіргі таңда Батыс өркеиетімен келген қатер деп қарастырсақ болады, себебі субмәдениет ұйымына кірген адам өз мәдениеті мен ұлттық құныдылықтарын сансынан өшіре бастайды. Түрлі ғалымдардың пікірінше осындай топтарға қосылуға бірнеше факторларды ашып көрсетеді. Олар:

  • Отбасындағы түсініспеушіліктер, отбасына қарсы шығу

  • Мектептегі үлегрмеушілік, мектеп ұжымынан оқшаулану

  • Барлық адамдар стяқты болуды қаламау

  • Өзіне айналаның көңілін аудартқысы келу

  • Өмірлік мақсаттың болмау

  • Жас ерекшелік, эмоционалды қажеттіліктер

  • Өзге мәдениетті имитациялау

  • Бос уақытты өткізу

Субмәдениеттің қай түріне кірген болсын, сол адам сол ортаның б.кіл заңдарын, құндылықтар жүйесін бәрін өзіне қабылдайды.Осы сәтте Қазақстандық социолог ғалым Г.Абдирайымова былай деп ой қортады: « Соңғы он жылдықта қазақ жастыры мен ұлттық-мәдени құндылықтардың арасы айтарлықтай алшықтап бара жатыр» Әрине ғылымның бұлай дабыл қағатыны оңды, себебі қазақта ел болам десең бесігіңді түзе деген, халық болу үшін жастарымыз мәдениетті болуы керек. Қазірдің өзінде қоғамды өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсіп жүрген жастарды көзің ашалады.

Қазіргі таңда субмәдениеттің өте көп түрлері тараған. Н.Фрадкин жастар арасындағы субмәдениетті мынадай типологияға бөліп қарасырады:

  • Проәлеуметтік, асоциальды,антисоциальды

  • Референтті топтар

  • Үлкен және кіші

  • Кездейсоқ және тұрақты

  • Демократиялық және авторитарлық бағынышты топтар

  • Әртүрлі жас ерекшеліктер және біржас ерекшеліктегілер

  • Бір жыныстылар және әртүрлі жыныстылар

Ал, А.В.Толстых жастар субмәдениетін олардың топтағы іс-әрекетіне қарай типологияға бөледі.

  • Жалпы-саяси топтар қоғамдық-саяси мәселелерге өздерінің көзрарастарын білдіріп отырады, бірақ олар агрессивті емес

  • Радикал (люберлер,скиндер) өте агрессивті,олардың басында алдынғы ұрпақтың радикалы тұрады

  • Эколог-этникалық топтар

  • Неформальды жастар бірлестіктері (панки, хиппи,готтар)

  • Дәстүрлі емес діндер бірлестіктері (сатанистер,діндер топтары) {3,277}

Соңғы уақытты мектеп оқушыларының арасында яғни, 13-15 жастар арасындығы жасөспірімер арасында субмәдениетті өздеріне қабылдаған жеткіншектер осындай топтарға біріккен. Осы тұста психологтар және әлеуметтік педагогтар осының салдары суицидке ұласып кетпеу үшін арнайы жұмыс істеу керек екенін дабыл қағып айтып отыр. Себебі әлемдік статистикаларға сүйенсек субмәдениеттің готтар түрі суцидке бейім және өзінің тобындағы адамдарды да суцидке итермелейтіні айқындалып отыр.Әлеуметтік педагогтың жастар субмәдениетімен жұм ыс ерекшелігі өте күрделі және жан-жақты болуы керек, оның нәтижесін болжау өте қиын.

Әлеуметтік педагогтың субмәдениетті жастармен жұмыс бағыттарын М.Шакурова былай қарастырады:

1. субмәдениетті жастармен реаблитациялық және коррекциялық жұмыс. Оларды әлуметтік топтарға қосу ақрықыл мінез-құлықын түзету

2. Әлеуметтік топ құрып, микросоцумға қосу арқылы іс-әрекет жұмысын жасау

3. Психологтар мен ата-анамен және педагогтармен бірлескен іс-әрекеті, жұмысы

Жастар субмәдениетімен жұмыс әдістерін М.Сенченко ұсынған. Әдістің мақсаты- субмәдениетті жастардың өздерінің өзгеруіне ықпал ету.Яғни, жасөспірім өзінің іс-әрекетін өзі жауап беруін бақылау. Әлеуметтік педагогтың субмәдениетті жастарымен жұмысында нәтиже беретін тәсіл ретінде жасөспірімдердің қызығушылығын басқа жаққа аудару. Мысалы, жарыстар, спорт жарыстары, мәдениет деңгейін көтеретін сайыстар.Көп ғалымдардың пікірінше, жасөспірімдердің субмәдениетті топтарға бірігуі отбас қараусыздығы және педагогикалық қараусыздық. Сондықтан әлеуметтік педагогтың жұмысының құрамына субмәдениетті жасөспірімдердің отбасымен міндетті түрде жұмыс атқаруы керек.Оларға: педагогикалық-психологиялық білімдерін арттыру мақсатында ақпарат беру, педагогикалық-психологиялық кеңес беру. Сонымен қоса, әлеуметтік педагог мектептің педагогтарымен, психологтармен бірлесе жұмыс атқара отырып, жасөспірімнің педагогикалық қараусыз қалмауын қадағалау керек. Ондай бейформальды топқа жасөспірімдердің қосылмауы үшін әлеуметтік педагогтың міндетті түрде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру керек.

Жастардың субмәдениетіне әлеуметтік педагогикалық жұмыста топтық жұмыстар мындай мәселелерді шешу керек:

- топта эмоциональдық климат құрылу керек

- субмәдениет жастардың топтан қолдау және сенім ықыластарын сезінуін қамтамасыз ету

- субмәдениет жасөспірімнің топта нақты бір қызмет атқаруына ықпал ету

-субмәдениет жасөспірімнің өзінің іштей ашылуына, эмоциясын шығаруға, өзін басқа жағынан көрсетуге, қоғамға бейімделуін ұйымдастыру, іске асыру.

Қазіргі дамыған елдерде жасөспірімдер субмәдениетіні жарқын белгілері айқын көрінеді. Батыс елдерде жасөспірімдер субмәдениетін қауіп тобы деп қарастырып, олармен әлеуметтік-педагогикалық іс-шаралар қарастырылған.Батыс елдерінде жасөспірімдер субмәдениетімен жұмыс жасау шаралары көше әлеуметтік жұмыс және мобильді жұмыс болып табылады. Мысалы, Ұлыбританияда – қарауыз қалған жасөспірімдермен жұмыс (Detached youth work ), АҚШ-да жасөспірімдермен мобильді әлеуметтік педагогикалық жұмыс (Outreach youth work), Швецарияда – жасөпірімдермен мобильді жұмыс(Mobile jugendarbeit), Германия мен Австрияда – көше жұмысы(Street Work) осындай жұмыс түрлері қарастырылады. Аталған Батыс елдерінде мобильді жұмыстың әлеуметтік педагогикалық жұмыстың арнайы бағдарламалары құрастырылған.Бұл мобильді жұмыс екі бағытта жұмыс жүргізіледі, біріншісі- жасөспірімдер мен жастардың кездесетін орындарында жұмыс (вокзал, парктер, жертөлелер), және микрорайондарда. Жасөспірімдер субмәдениетімен әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету екі бағытта жүргізіледі: индивидуальды және топтық.Индивидуальды жұмыс жеке кеңес беру т.б болыа табылады. Ол топтық жұмыс жасөспірмідердің отбасымен бірлескен жұмысы болып бөлінеді. Сонымен қатар, жасөспірмідермен мобильді жұмыс Ресей Федерациясында 1998 жылда Санкт-Петербургта арнайы бағдарлама қарастырылып, мамандар даярлай бастаған. Нидерландыда «көше педагогтары» атты жасөспірімдермен жұмыс түрі қарастырылған. «Көше педагогтарының» міндеті- профилактикалық жұмыс, ата-анамен жұмыс және т.б.

И.Б.Громова және В.Н.Леонтьева жастар субмәдениеті бүкіл адамзаттық мәденет пен адамдар арасындағы арақашықтақтан туады дейді. Осы тұста әлеуметтік педагогика жағынан қарасақ, тағы да отбасына келіп тіределі, себебі отбасында жалпы халықтық нормаға бекітілген мәдениетті балаға үретпеу, оны дұрыс тәрбиелемеу.

Сонымен әлеуметтік педагогтың жасөспірімдер субмәдениетімен жұмысы ретінде мыналарды ұсынуға олады:

  • Бақылау тәсілі

  • Әңгімелесу

  • Жасөспірімнің отбасымен

  • Мектептің психологтары мен педагогтарымен бірлескен іс-әрекет

  • Арттерапия

  • Топтық жұмыстар

  • Коррекция және реаблитация жұмыстары

С.Ф.Анисимованың пікірінше “Жас ұрпақты жақын адамдарын ренжітіп алғандағы, жақсы көретін адамына қиянат жасағандағы ұят сезімі сияқты, табиғатта мақсатсыз кесілген ағашты, уланған суды, бекітілген өзенді көргенде сондай күйзеліс сезімінде болатындай етіп тәрбиелеу керек” деген. Осы мәселелерді ескере отырып балалардың жат мәдениеттен арылту үшін төмендегідей жұмыстар жасалу керек деп ойлаймыз:

  • жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыру;

  • оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру;

  • әлеуметтік және психологиялық қорғалуы;

  • оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;

  • қызығушылықтарын ескере отырып, әрекет ету

Қорыта келе, Еліміздің болашағы тіліміз бен дініміз, құлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізде екені белгілі. Осы ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің басты парызымыз.

Осы мақаламызда жасөспірімдер арасындағы субмәдениеттің шығу тарихы мен факторларын және әлеуметтік педагогтың маман ретінде жұмыс жасау тәсілдерін қарастырдық Әлеуметтік педагог субмәдениет жасөспірімдермен жұмыс жасауы өте, қиында, күрделі. Сол себепті әлеуметтік педагог дұрыс тәсілдерді таңдай және дұрыс қолдана білу. Әлеуметтік педагогтың негізгі міндеті ретінде бейформалды топтағы жасөспірімдерге көмек беру болып табылады. Біздің ұсынармыз Батыс елдерінде қолға алынған бағдарламаларды да, өз елімізге де енгізсек, жастардың беформальды топтарындағы келеңсіздіктері азаяр еді деген ойдамыз.



Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Ахметов Д.А, Аликбаева М.Б. «Ғылым әлемі». Халықаралық конференциялардың материалдар жинағы. 2012. 341 бет

2. Ольшанский Д.В. Неформалы: групповой портрет в интерьере. Москва.1959.-212 с

3.Левикова С.И. Молодежная субкультура: Учебное пособие. М: Файр-Прес.2004 277 бет







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
545
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі