Материалдар / Әлеуметтік педагогтың оқушының отбасымен жұмысының педагогикалық-психологиялық негіздері

Әлеуметтік педагогтың оқушының отбасымен жұмысының педагогикалық-психологиялық негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік педагогтың оқушының отбасымен жұмысының педагогикалық-психологиялық негіздері туралы ақпарат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Шілде 2024
123
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ибраймова Лена Бауыржановна
Әлеуметтік педагог
Атырау облысы, Исатай ауданы,
«Жалпы білім беретін Өркен орта мектебі»КММ

Әлеуметтік педагогтың оқушының отбасымен жұмысының
педагогикалық-психологиялық негіздері
Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда ізгіліктің тұлғалық қасиеттерінің
негізі қаланады. Жеке тұлғаның өсіп жетілуіне ықпалы ерекше болғандықтан, отбасы
тәрбиесіне психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөліп, «отбасы»
ұғымына көптеген анықтамалар берілген. Отбасы, жанұя, үйелмен, семья деген атаулар бір
мағынаны береді. 1976 жылы шыққан Қазақ Совет энциклопедиясында «Отбасы – семья, үй
деген сөздің синонимі, яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандастар» деп
берілсе [11], 1977 жылы шыққан Қазақ Совет энциклопедиясында «Семья-некеге немесе
қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың
бастапқы формасы»,-деп [12], 1978 жылы шыққан Қазақ Совет энциклопедиясында «Үйелмен
– ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы» [13] деген
анықтама берілген. Бұл анықтамалардан шығатын қорытынды: адамның өз өмірінің негізгі
процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ- ол отбасы. Отбасындағы әрбір адам
өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші
әсер етеді.
Бұрынғы ойшылдар отбасының табиғатын, мәнін анықтауда түрлі көзқарастарды ұстанды.
1)

тәрбиелік деңгейі.

2)

Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктері [15].

Отбасына әлеуметтік педагогикалық диагностика негізінен өз баласы мен сынып оқушыларын
тәрбиелеуге бағытталған адамгершілік әлеуметтілігін пайдалану мүмкіндігіне қарай бөлінген
отбасыларының шартты топтарда жүргізіледі.Ғалым-педагог Р.М.Капралованың отбасын
басқару стилі мен отбасындағы қарым-қатысына қарай 6 типке топтастырса, А.К.Бөкешова,
М.М.Раимбаева, Ж.Игілік өздерінің «Әлеуметтік педагогтерге арналған қызметтік
нұсқаулықта» 5 топқа жіктейді:
1.
Жоғары адамгершілікті, этномәдени қарым-қатынастардағы отбасылар. Салауатты өмір
салты, ұлттық-этникалық, моральдық атмосфера қалыптасқан, балалар өз қабілеттерін
дамытуға толық мүмкіндік алатын отбасылар жатады.
2.
Ата-аналардың қалыптасқан ережеге сәйкес қарым-қатынаста болуымен сипатталатын
отбасылар, бірақ, тәрбиенің оңды бағытын қамтамасыз ете алмағандықтан балаларды балада
эгоизм, нигилизм, ата-анасын менсінбеу, отбасынан аластау көзқарастарының қалыптаса
бастауы тағы басқа педагогтың көңіл аударуына мәжбүр етеді.

3.
Дау-жанжалмен өз қарым-қатынастарын реттей алмайтын, балаларына көңіл
аудармайтын отбасылар. Мұндай отбасыларына педагогикалық белсенді ықпал қажет,
отбасындағы микроклиматты сауықтыру, жасөспірімді қорғап қалудың шұғыл шараларын
қолдану қажет. Олар:
дау-жанжалды отбасының көп уақытқа созылған, отбасы мүшелерінің таусылмайтын
кикілжіңі ауыр моральдық-психологиялық ахуалға әкеледі. Жанталасқан адамдардың балаға
агрессиялық көзқарасы, ата-аналарының баланы бір-біріне айдап салуы, баланың
ауытқушылығына апарып, отбасын тастап шығуға мәжбүр болады;
педагогикалық қалыптасқан отбасы - мұндай отбасыларында балаға қарым- қатынас
қатыгездікке, әкімгерлікке, тұрақсыздыққа, зорлыққа құрылған. Бұл баланың намысына тиіп,
ар-ожданын таптайтын, сезімін өшіріп, өзіне-өзібаға бере алмайтын күйге жеткізеді.
Нәтижесінде отбасынан аластану, ата- ана ықпалынан босап шығу ниетіне ауып, ауладағы,
көшедегі бейресми топтардың қолына түседі;
әлеуметсізденген отбасы-отбасылық ұстанымдар мен қамқорлықтың жойылуы, бала
құндылығын бағаламау, тәрбиесіздік, сексуальдық арсыздық, мастардың сотқарлығы тағы
басқа;
Басты «тәрбие әдісі» - ұрып соғу. Бұл отбасылардан шығатын балалардың психикасы
бұзылады, үйінен, сабақтан қашады, оқу - үлгерімі нашар болып қалыптасады.,
Сырттай сау көрінетін отбасы - бірақ іштей рухани азғындық жайланған, шынайы
адамгершілік құндылықтары жоқ, ұрпақтың сезімталдық қасиетті бұзылған. Бұл
отбасыларынан шыққан кейбір жасөспірімдер өз отбасының сыртқы «бейнесін» жақсы көрсете
білетіндіктен мұндай балалармен тәрбие жұмысын жүргізу аса қиындыққа түседі.
Қалыптаспаған отбасылар – дау-жанжалды, бейморальді мінез-құлықты, сотқарлық,
қатыгездік орын алған. Баланы қорғау үшін әлеуметтік педагогтың мұндай отбасына үнемі
көңіл аударып отыруы, қоғамдық ықпал көрсетуі немесе белсенді араласуы қажет.

Отбасы

түрлері

Жоғары
мәдениетті
отбасы

Жақсы қарымқатынаста болып
сипатталатын
отбасы

Бала көңіл
аудармайтын
отбасы

Баласы- ның
өз
қабілетін
дамытуға
мүмкіндік
бере
алады.

Балада эгоизм,
Даунигилизм
жанжалмен
ата-анасынменсінбеу өзқарымбасымырақ
қатынасынреттей
болады.Отбасы нан алмайды,баласына
аластау
көңіл
басталады.
аудармайды.

Сырттай
көрінетін
отбасы

сау

Шынайы
адамгершілігі
жоқ отбасы,бала
тәрбиесіне көңіл
бөлмейді,
баланы үнеміұрыпсоғады.

Қалыптаспа
-ған отбасы

Даужанжалды,
қатыгездік
орын алған
отбасы.

Әлеуметтік педагог пен ата-ананың бірлескен әрекеті ортаның тәрбиелік ауанын едәуір
байытады, егер өзара әрекет мақсаты формада жүргізілетін болса, тұлғаны қалыптастырудың
әлеуметтік қуат-күші ашылып, әлеуметтік педагог пен ата-ана қызметінің мазмұны мұратқа
жетеді [14].
Әлеуметтік педагог отбасы мәселелерін жүйелі тұрғыда бағалауы қажет жәнесонымен қатар
отбасы мүшелеріне олардың тұлғалық өсулерін және дербестіліктерін қолдауға әрқашанда
дайын екендігін білдіріп отыруы қажет.
Отбасы мүшелері шағымданып келетін алты негізгі себеп:
Жеке мәселелер: отбасының ересек мүшесі өз күйімен мазасыздануы мүмкін, яғни үрей,
депрессия, бүтін емес өзін сезінуі.
Ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер: ата- ананың баласымен
(немесе бірнеше балаларымен) өзара қарым-қатынастарына көңілі толмайды.
Тікелей баламен байланысты мәселелер: оның құрбылырымен қарым- қатынастарындағы
қиындықтар, оқу үлгерімінің төмендігі және т.б.
Сиблингтердің өзара қарым-қатынасындағы мәселелер: сиблингтер әрқашанда қақтығысады,
және ата-аналар оларға ешқандай ықпал етеалмайды.
Кеңейген отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынас мәселелері: кеңейген жанұя мүшесінің
қандай да бір науқастануы немесе нуклеарлы отбасы үшін қиындықтар туындатады.
Ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер.
Мәселелер сипаты кімді бірінші сұхбатқа шақыру қажеттігін анықтайды. Егер де көмекке
жүгінген отбасы мүшесі мәселенің негізі өзімен байланысты деп есептесе және жеке жұмыс
жүргізу ниетін білдірген жағдайда, психолог отбасының барлық мүшесін алғашқы бірнеше
сессияларға шақырудан бас тартуына болады. Сонымен қатар, психотерапевтік жұмыс
барысында отбасы мүшесінің мінез-құлқындаболатын өзгерістер кейде оның жақындары
тарапынан жағымсыз әсерленулер тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда әрі қарайғы психологиялық
жұмысқа олардың қатысу қажеттігі пайда болады. Егер де мәселелер баламен ата-ананың
өзара қарым-қатынастарына байланысты болатын боса, бірінші сұхбаттасуға ата-аналардың
екеуін де шақыру қажет. Ары қарай психолог үшін баланың да қатысуы да қажет болады. Егер
балада мектепте немесе құрбыларымен өзара қарым-қатынастарында мәселелер туындаса,
алғашқы сессияларда ата-аналардың қатысуы, ал кейінірек отбасы ның басқа да мүшелерінің
қатысулары қажетті. Практикалық тұрғыда баланың барлық мінез-құлықтық және
эмоционалды бұзылыстары әрқашанда оның жақындарымен өзара қарым-қатынастарында
көрініс табады. Егер де мәселе отбасыөзара қарым-қатынастарынақатысты болатын боса,
психотерапияның алғашқы кезеңінен отбасының барлық мүшесінің қатысуын қамтамасыз ету
қажет болады. Жиі жағдайларда сиблингтер арасындағы қақтығыстар белгілі бір түрде атааналардың өзара қарым-қатынастарымен байланысты.Мәселе отбасы мүшесінің біреуіне
қатысты болса, мақсатты түрде оның басқа да

мүшелерін шақыру қажет. Белгілі болғандай, мұндай түрдегі мәселелер, жекеше алғанда,
отбасы ның қарт мүшелерінің денсаулық жағдайлары немесе отбасы өміріне шектен тыс
араласумен шарттасады, қандай жағдай болмасын, мұның салдары үш ұрпақ өкілдерінде де
көрініс табады. Психотерапевтік процесске қатыса отырып, үлкен кісілер өздерін отбасының
маңызды ресурсы ретінде көрсетеді және оның мүшелеріне жауапкершіліктерді бөлісуге
көмектеседі.
Егер да ата-аналар өз қарым-қатынастарын жақсартуға мүмкіндіктерді қарастыратын болса,
психотерапевтік процеске балаларының қатысуы қажет болмайды. Олардың мақсатқа жетуі
отбасының басқа да мүшелерінен көріністабады, және отбасы хал-ахуалының өзгеруі бала
мінез-құлқының жағымды өзгерістеріне негіз болады .
Мұндай ыңғай, яғни әлеуметтк педагог отбасының барлық мүшелерімен қатар жұмыс
жасайтынына әдеттенген кейбір отбасы мүшелерін ыңғайсыздандыруы мүмкін. Шын
мәнісінде, кейде басқа құрамда жұмыс жүргізу мәнді болса да, көп жағдайларда бұл өте
маңызды. Жүйелі ыңғай тұрғысынан, бүкіл жүйеге әсер ету арқылы, отбасының жеке
мүшелерінің мінез-құлықтарын өзгерту мүмкін болады. Көбінесе отбасылық жүйеде және
тұтас алғанда ата-аналар өзгерістер нәтижелерін анықтайтын мыңызды жүйешікті құрайды.
Егер олар баланы айыптай отырып, қарым-қатынасты тұрақтандыруға ұмтылыстар жасайтын
болса, олардың мәселелері балада шынайы көрініс таба бастайды. Егер де ата-аналар жеке
қарым-қатынастарында дағдарыс күйінде бола тұра, оған баланы кірістіретін болса, онда
міндетті түрде балада шынай эмоционалды және мінез-құлықтық бұзылыстар пайда болады.
Онда балалардың психологиялық процеске қатысулары қажет бола бастайды, өйткені мұнда
психологтың басты міндеті баланы қақтығыстарға қатыстырмай-ақ, ата-аналарды қалайша
өзара қарым- қатынас мәселелерін шешуге болатынына оқыту. Егер маман оларды осыған
үйретсе, бала мінез-құлқы тұрақты сипатқа ие бола бастайды және оныңпсихологиялық
жұмыстарға қатысуы қажет болмайды.
Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысының негізігі бағыттары
ата-аналарды ағарту және кеңес беру;
жайсыз отбасыларын диагностикалау және патронажға алу;
жеке бейәлеуметтік топтарға басқа бағдар беру және оларды «бұзу»жөніндегі жұмыс;
жаңа рөлдерге бейімделуге көмектесу;
қызметтің қанағаттанарлық салаларын табуға көмектесу;
жас отбасыларына кеңес беру;
кәсіби бағдар алуға көмектесу;
топтық, отбасылық сауықтыру ұйымдастыру;
жалғызбасты адамдарға көмек беруді ұйымдатыру;
үйінде және арнайы мекемелерде әлеуметтік назарды талап ететінадамдарды анықату;
микросоциумда
қария адамдардың белсенділік
қанағаттандыру үшін жағдай жасау.

көрсетуі

жәнеолардың мүдделерін

Әлеуметтік педагог
әроқушыға
диагностикалық картасын толтырады.

«Баланың

отбасындағы тәрбиесі»

Әлеуметтік педагогикалық зерттеулер мынадай сатылардан тұрады: 1.Зерттеу жүргізілетін
объектілер мен субъектілерді анықтау (кімдерге жәнеқай жерде жүргізілетіндігін анықтау
қажет).
Мақсатты анықтау
Сауалнама, яғни зерттеу жұмысының сұрақтарын даярлау.4.Зерттеулерді жүргізу.
Нәтижесін талдау (жалпы саны - 100%, қатысқаны – Х),сараптама жүргізу, хаттамасын жазу
және тіркеу.
Қорытындысын шығару және әлеуметтік болжам жасау
Сондай-ақ әр отбасының әлеуметтік жағдайын зерттейді.Өйткені қазіргі таңда отбасылық
ахуал барлығында бірдей емес.Осыған байланысты отбасынмынадай тоатарға бөлуге болады:
Материалдық жағдайы өте жоғары.
Материалдық жағдайы жоғары.
Орташа материалдық қамтамасыз етілген.
Материалдық жағдайы төмен.
Материалдық көмекке зәру отбасы.
Бала тәрбиесіне отбасының жағымсыз әсер ету жақтарын сөз еткенде, оныүш топқа бөліп
қарастыруға болады:
Баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді.Ондайата-аналар мектептегі
тәрбие ісіне араласады.
Өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ қалай тәрбиелеуді білмейді.Мұндай атааналардың басым көпшілігі оларды тәрбиелеуді білмегендіктен, балаларына кері әсер етуі
мүмкін.
Баланы қалай тәрбиелеудің жолын білмейді, білгісі де келмейді, педагогтерге қарсы тұратын
төменгі әлеуметтік топ [17].
Әлеуметтік қызметте, әсіресе отбасымен жұмыс жүргізгенде, психологиялық кеңес беру
пайдаланылады, яғни «адамдарға ықпал етудің негізгі жолы - әңгіме-дүкен қажет болып
табылатын, тұлғалар арасындағы қатынастардың қиыншылықтарына байланысты әрқилы
психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған тікелей жұмыстар жүргізу». Психологиялық
кеңес беру өтініш иесіне ең алдымен оның тұлғааралық қатынастарын қайта құруға, ал
психокоррекциялық немесе шиеленістер негізіне жататын адамның ішкі мәселлерін
шешуге бағытталған.
Кеңес беру мақсаты - өтініш берушіні өзіне-өзі көмектесуіне үйрету және осылайша оны
өзіне-өзі кеңесші бола білуге баулу.
Кеңес берудің мақсатын анықтау көмек сұрауға өтініш білдірушінің сұранысына, кеңес
берушінің теориялық бағдарын байланысты болады.
Кеңес беру бұл төмендегідей бірнеше кезеңдерге бөлінетін бір мезгілдікқана әрекет:
-өтініш иесін кеңес алуға итермелеген себептерді анықтау;

-талдау, бағалау, анықтау мәселелері;
-мәселенің құрылуын және кеңестің мақсатын анықтау;
- әрекет ету жоспарын белгілеу;
-тиісті әрекеттерді жүзеге асыру;
-кеңес берудің нәтижесін бақылау және қортындылау.
Отбасылық кеңес берудің негізгі мақсаты - адамның ішкі психикалық өмірі мен оның тіршілік
әрекетіне әсер ететін жүйеаралық қатынастар арасындағы тепе-теңдікті сақтау. Осыған орай, іс
жүзінде әлеуметтік қызметкер өзінің кәсіби қызметіне қатысты отбасымен жұмыс
жүргізгенде кеңесшінің, көмекшінің, аудармашының, делдалдың, адвокаттың, брокердің,
тәлімгердің және басқалардың ролін (қызметін) атқаруы мүмкін [14].
Әлеуметтік қызметкер – кеңес берушінің тұлғааралық дағдылары мен білітктілігінің
қатарында төмендегі мынадай қабілеттіліктер болуы тиіс:
іскерлік, қызметтік өзара қарым-қатынас құру мен оны сақтай білу;
сезімталдықпен жұмыс істеп, оның өзіне және басқа адамдарға ықпалын санасына тоқи білу;
басымдылық, өшпенділік және ашу-ыза көрсету арқылы жұмыс жүргізуөзі үшін және басқа
адамдар үшін аса зиянды екенін түсіне білу;
мінез-құлық пен мақсатты анықтап, түсініп және өзінше түсіндіре білу.
Отбасылық кеңес беру отбасындағы ересектер мен баланың арасындағы әлеуметтік
проблемалар, шиеленістік жағдайлар кезінде әлеуметтік педагогикалық ақыл-кеңестік көмекті
қамтиды.
Әлеуметтік педагогикалық кеңес беру мыналар болып табылады:
өмірлік қамту саласында: еңбекпен қамтылуы, жеңілдіктерді белгілеу, жәрдемақы, мүгедектік,
дағдарыс жағдайындағы материалдық көмектер;
тұрмыс жағдайы саласында: қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен қамтамасыз
ету т.б.
отбасы денсаулығы саласында: балалар мен ересектердің созылмалы, қатты ауруларын
тексеріп анықтау және емдеу, салауатты өмір салтыпен өмір сүруге дағдыландыру,
аурулардың алдын алу, балаларға нашақорлықтан аулақ болуға көмектесу;
рухани және моральдық қал-ахуал саласында: ішімдікке бой ұрудан құтылу, отбасының
дәстүрлері мен тұрғылықты сақтау, отбасы мүшелерініңқұнды бағдарларын қолдау;
бала тәрбиесі саласында: мектепке үйрену мәселесін шешу; мінез-құлықауытқушылғын
анықтау және оны түзету: психологиялық, тіл дамыту, психотерапиялық, заңгерлік көмек
көрсету, тіл дамыту, педагогикалықхабарсыздықты, сапасыздықты, дәрменсіздікті болдырмау;
отбасының ішкі және сыртқы қатынастары саласында: бұрынғы немесе жаңа жақсы
әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіру, араздықты жоюға көмектесу, бала-ата-ана және
ерлі зайыпты қарым-қатынастарын реттеу жәнет.б.
Отбасылық кеңес берудің айырмашылығы - әлеуметтік қызметкер кеңес бер барысында не
жаппай отбасымен, не отбасы мүшелерімен жеке-жекекезең-кезеңімен жұмыс жүргізеді де,
соңынан олардың бәрін кездестіреді.

Отбасылық кеңес беру процесін шартты түрде 5 фазаға бөлуге болады: байланыс орнату,
проблемаларды анықтау, іс-әрекет фазасы, шешім қабылдау фазасы және кері байланыс.
Бірінші фаза - өтініш иесімен байланыс орнату. Кеңес алушыларымен өзара әрекеттесу шегіне
анықтауды талап етеді. Ол фазада клиент пенпсихологтың араласуы, олардың қарымқатынасын құрудағы арақашықтығы қандай болуы керектігі анықталады.
Екінші фаза - өтініш иесінің, отбасының проблемаларын анықтау. Бұл фазада кеңес алушы мен
кеңесшінің проблемаларды түсінудегі келісімдері нақтыланады. Әлеуметтік қызметкер өз
зерттеулеріне сүйене отырып, пробламаны анықтап, оның мәнісін клиентке жеткізіп, кеңес
беружұмысының бағыт-бағдарын түсіндіру. Кеңес алушы мен кеңесші баламалыамалдарды
талқылай келе, біржақты шешімге келіп, клиент проблеманы қабылдауы керек.
Үшінші фаза – іс-әрекет. Бұл фазада кеңес алушымен бірге оның алдында тұрған
проблемаларын талдау, оны шешудің бірнеше варианттарын салыстырып көру, орын
алған жағдайдың оң-терісін анықтау арқылы оны жаңаша түсінуге жетелеу жүргізіледі.
Төртінші фаза – шешім қабылдау. Клиенттің өмірінде қалыптасқан табиғи жағдайда
басқалармен салыстырмалы мінез-құлық көрсетуі. Бұлфазада білгілі бір кеңес беру
теориясына сүйене отырып, маман кеңес алушының қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын
іздестіріп, оны табуға жетелейтін өзінің әрекетінің жоспары мен стартегиясын құрады.
Клиент өзі үшін ең қолайлы шешім тапқаннан кейін, оны өзінің пікіріндей қабылдап,
дербестігі туралы сенімге ие болғаннан соң, қақтығыс орын алған ортада өзінің жаңа
бейнесін көрсету үшін іске кіріседі. Сонымен қатар, клиент кеңесшімен бірге әрекеттерін
одан әрі жалғастырып,басқаларға сенімді және әсерлі болудың түрлі әдістерін
сұрыптаудан өткізп, ең соңында өзіне қолайлы деген әдістерін таңдап алады.
Бесінші фаза – кері байланыс. Кеңес алушыны кеңес беру процесімен және оның нәтижесімен
қанағаттанғанын білдіреді.
Жұмыс жүргізу барысында кеңесші өзінің арнайы білікітілігі мен дағдысын былайша сыннан
өткізуі тиіс: оңай және қиын сұрақтар қою; кеңес алушының сезіміндегі басты ойларды
назарға алу; әңгіме барысында кеңес алушының ойын да ескеріп отыру; кеңес алушының
айтқандарын ой елегінен өткізіп және қорытындылай білу; керек кезінде үндемей отыру,
гипотеза ұсынып және оны дәлелдей білу және бірлесе шешім қабылай білу.
Сонымен,отбасына әлеуметтік-психологиялық кеңес беру әлеуметтік қызметкер кеңесшінің
жұмыс жүргізуін негізделетін түрлі теориялық көзқарастарға сүйенеді. Отбасылық кеңес
берудің мазмұны оның түрлері мен отбасының жас шамаларына қарай бағдарланады [14].
Әлеуметтік педагогтің ата-аналармен жұмысының 5 түрлі қызметін атауға болады:1–
қызметі:Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінде түрлі әрекеттер арқылы тарту:

•Балалар мен ата-аналардың шығармашылық күні;
•Ашық сыныптар мен сыныптан тыс іс-шаралар;
•Ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы.
2-қызметі: Ата-аналармен педагогикалық – психологиялық ағарту жұмысынұйымдастыру:
Тәрбиенің
жекелеген
мәселелері
конференциялар ұйымдастыру;

бойынша

Психологиялық,

медициналық заң

педагогикалық,

ата-аналарға мектептік,сыныптық
туралы

кеңестер;

Тренингтер;
Қызығушылықтары негізінде (қабілетті балалар,
қатысатын балалар т.б.) ата-аналар дәрістер.

қиын балалар,

түрліүйірмелерге

3–қызметі: Ата-аналарды балаларды бірлескен әрекетке тарту.Оның формалары:
сынып жетекшісі
ұйымдастырған
сенбіліктер, жөндеу жұмыстары т.б.);

барлық

әрекетке

қатысу(саяхат,

Отбасылық ойын байқаулары;
4–қызметі:Жекелеген
жұмыстарын жүргізу.

оқушылардың

отбасындағы тәрбиеге

түзету

Тәрбие саласында байланысты психологиялық-педагогикалық кеңестер менкөмектер беру;
«Қиын» және «катерлі топ» балаларына көңіл бөлу;
Отбасында жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалды ауыр жәнеқиын бала өсіп
келе жатқан отбасына көңіл бөлу.
5–қызметі:Ата-аналар белсенділіктері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет
ету[22]
Сонымен, қазіргі таңда өскелеңұрпақты дұрыс тәрбиелеу мақсатында мектепте «ата-ана мен
мектеп ынтымақтастығын» дамытқан жөн. Оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс
жасап пікір алмасып, әлеуметтік-психологиялық зерттеулер мен әлеуметтік қолдау
жұмыстарын жүргізу қажет. Сонда ғана, білімді ұрпақ, саналы жеке тұлға тәрбиелеп шығара
аламыз. Негізі әлеуметтік педагогтардың да мақсаты осы болып табылады.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ