Әлеуметтік педагогтың педагогикалық ұжыммен
жүргізетін жұмысының тиімділігін
арттыру
Елбасымыздың саясатының арқасынды Қазақстан
мемлекетін дүние жүзі тани бастады. Еліміздің әл-ауқаты артып,
басқа салалардағы сияқты білім беру жүйесінде де жаңашыл реформалар
жүргізіліп, әлемдік деңгейдегі білімге ұмтылудамыз. Қазақстанның
ертеңгі болашағы – бүгінгі білімді ұрпақты тәрбиелеу ісінде басқа
да педагогтар сияқты әлеуметтік педагогтың да атқарар рөлі зор.
Қоғамға, мектепке керек бұл мамандықтың қыр-сыры, қызмет ерекшелігі
жан-жақтылықты талап етеді. Ең алдымен жалпы білім беретін
мектептердегі әлеуметтік педагог жұмысына арқау болатын негізгі
обьектілерді анықтауы қажет.
- әлеуметтік
педагогикалық білімін, шеберлігін жетілдіру негізіндегі ұстаздар
ұжымы;
-
мектептің әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетіне бағытталған
әлеуметтік педагогикалық қызметі;
-психологиялық-педагогикалық
консилиум
Сынып оқушылары;
Әлеуметтік-педагогикалық көмекті қажет ететін
оқушылар тобы;
Әлеуметтік –педагогикалық бейімдеуді қажет
ететін, оқытып-тәрбиелеуде қиындық туғызатын, мінез-құлқында
ауытқушылық бар оқушылар тобы:
-әлеуметтік-педагогикалық көмекті қажет ететін
отбасылар;
Әлеуметтік-педагогикалық бірлескен жұмысқа
қатысуша ата-аналар тобы;
Баланы тәрбиелеуде қиындық туғызатын ата-аналар
тобы:
Әлеуметтік педагог белгілі бір нәтижеге жетуі
үшін әлеуметтік педагогикалық жұмысты жоспарлауды, білім мен
іскерлікті орынды пайдалану, педагогиканың жаңа интенсивті
әдістерін меңгеруі, оқыту мен тәрбиелеудің формаларын білуі
қажет.
Әлеуметтік педагог жұмысының ең басты кезеңі
мектеп оқушылары өмірінің шынайы болмысын зерттеу болса, осы
зерттеу барысында алғашқы мәліметтер алу үшін сынып жетекшілермен
бірлескен жұмыстар жүргізіліп, зерттеу қорытындысы бойынша
мектептің төлқұжаты жасалады. Бұл жұмыстар тәжірибеде қолданып
жүрген әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі: баланың үйіне
бару, бақылау, сұқбаттасу, сауалнама, анкета, жеке әңгімелесу
т.б.
Әлеуметтік педагог ата-аналармен тығыз байланысты
жұмыс жүргізіп, ата-аналарға жеке кеңес беріп, отбасылық
мәселелерді бірлесе шешуге көмектеседі. Бұл жұмыстар сынып
жетекшісі, мектеп психологы, логопед, дефектолог маманы, тәрбие ісі
меңгерушісі, жалпы мектеп әкімшілігімен тығыз жүргізілуі керек.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстануда әлеуметтік педагог
көбінесе психолог, сынып жетекші, пән мұғалімдері, логопед,
дефектолог мамандарымен бірігіп жұмыстанса, қиын балалармен,
мектепішілік есепте тұрған балалармен, қолайсыз отбасылармен,
өмірде қиын жағдайға тап болған балалармен, отбасыларымен
жұмыстануда сынып жетекшілер, психолог, тәрбие ісі меңгерушісінің
араласуы қажет етіледі.
Әлеуметтік
педагогтың мектептегі негізгі жұмыс
бағыттарының ішінде педагогикалықұжыммен жұмыс,
онда сынып жетекшілер, медициналық қызметкер, пән
мұғалімдерімен қарым-қатынасты
үйлестіру қарастырылған.
Сонымен қатар қызмет барысындағы әлеуметтік
педагог пен педагог-психологтың өзара әрекеттесудегі негізгі жұмыс
бағыттарына - құқық бұзушылықтың алдын-алу; қараусыз,
қадағалаусыз қалған оқушы; жаман
әрекеттердің алдын-алу; салауатты өмірге баулу,
денсаулыққа мән беру, ата-ана, оқушы, мұғалімдермен ағартушылық
қолдау жұмыстары,«Қиын» балалармен жұмыс жасау қарастырлып,
біріккен жұмыс жоспары жасалынады.
Әлеуметтік-педагог оқушыларға,
ата-аналарға, мұғалімдерге ақпараттық және құқықтық көмек
көрсетеді.
Әлеуметтік педагог және педагог–психологтың
мектептегі кәсіби іс- әрекет барысында көптеген мәселе болып
туындайтын жағдайлар мен жұмыс формаларының ұқсастығында. Атап
айтсақ: «Қиын», «Қауіпті» жасөспірімдер, «Жағдайы ауыр жанұя»,
әлеуметтік қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыстарды келтіруге
болады. Кей жағдайда, өкінішке орай, кейбір ата-аналар мен пән
мұғалімі, сынып жетекшісі арасында түсініспеушіліктер туындап
жатады, ол кезде ата-анаға кеңес беру, түсіндіру жұмыстары,
педагогтармен кеңес беру жұмыстары кеңінен
жүргізіледі.
Қамқорлыққа алынған және даму мүмкіндігі
шектеулі балаларды медициналық жыл сайынғы тексеру, аз
қамтылған, көп балалы отбасы балаларының демалу орындарына жолдану
кезінде, шыршаға жолдау кезінде өтетін медициналық тексеруді
жүргізу кезінде, мектептегі асханадағы тамақтану, ас блогының
санитарлық жағдайын тексеру кезінде мектеп медбикесімен біріккен
жұмыстар ұйымдастырылып,
жүргізіледі.
Әлеуметтік педагог пен сынып жетекшілермен
бірлескен жұмысына тоқталар болсақ, жартылай жетім балалар мен
әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың жеке іс-қағаздарын реттеу,
оқушылардың жеке қызығушылығын бақылау, есепке алу, сынып
жетекшілермен бірлесе жартылай жетім балалардың ата-аналарынан
мәлімет алу, сонымен қатар әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың
ата-аналарының материалдық жағдайын анықтау. Әлеуметтік
мәртебеге ие оқушылардың кітаппен және тегін ыстық тамақпен
қамтамасыз етілуін қадағалау, жетім және ата-ана қамқорынсыз
қалған балалардың әлеуметтік тұрмыс үй жағдайымен танысу,
тұрғын-жай актісін жүргізу сияқты алғашқы диагностика-зерттеу
жұмыстары атқарылып жүр.
Мектеп психологымен бірге әкімшіліктің, пән
мұғалімдерінің, сынып жетекшілердің сұраныстарын қабылдау:
оқушылардың психологиялық ауытқушылығы, шиеленістік оқиғалар,
отбасының сәтсіздігіне байланысты әлеуметтік педагогикалық және
психологиялық жұмыстар жүргізу, жекелей және топтық кеңестер
беру жұмыстары бұрыннан қолға
алынған.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалармен әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың отбасыларына,
қолайсыз отбасыларда балалардың құқықтарының қорғалуы жөнінде
жұмыстар жүргізу, баланың құқығының қорғалуын
қадағалау тәрізді жұмыстар атқаруда тәрбие ісі меңгерушісімен
біріккен жұмыстар жүргізу тиімді болып
отыр.