Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРМЫСТЫҚ БАҒДАРЛАУ сабақ жоспары 5-9 сыныптарға
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Түсінік хат
ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңында ерекше білімді қажет ететін барлық балалар психолого-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде тегін оқуға құқылы делінген.
Беріліп отырған сабақта ерекше білімді қажет ететін балалардың білім алуы мен тәрбиесімен қатар баланың қоршаған ортада өзін еркін ұстауға, әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуіне, өзіне қызмет етуіне көп көңіл бөлінеді.
Түзете-дамыта оқыту сыныбындағы өткізілетін әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу сабағында балалардың өзін-өзі басқара алуға, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге, тұрмыстық құралдармен жұмыстануға, мамандықтар туралы түсінік беріледі.
Сабақта тәжірибелер, экскурсиялар, саяхаттар қарастырылған. Әлеуметтік-тұрмыстық білімі мен білігі бала бойында біртіндеп, жүйелі жалғасын тауып отырады.
Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау сабағы балалардың өз бетімен өмір сүруге және еңбек етуге әлеуметтік бейімделуіне даярлау және жалпы баланың жан жақты дамуын көтеру мақсатында бағытталған тәжіриебелік жұмыстармен алмастырылып отырады.
Сабақ оқушының өзіне-өзі қызмет етуге, үй шаруасын жүргізуге дағдылануға, өзін қоршаған ортада бағыт табуға, ақыл ойы мен дене дамуы мүмкіншілігіне қарамастан шығармашылықпен жұмыс істеуге, түрлі электрлік, тұрмыстық приборлармен жұмыс істеуге, тұрғын үйін таза ұстауға, тамақ дайындауға, киім, аяқ-киімін күтуге, түрлі транспортта еркін жүруге бағытталған. Сабақта баланың жас ерекшелігі мен жеке ерекшелігі ескеріледі.
Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау сабағында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады: рольдік, ұжымдық, топтық, жеке, дифференциалдық-топтық, әңгімелеу, экскурсия, әңгіме-сұхбат, видеофильм, практикалық жұмыс.
Берілген сабақтар психикалық дамуы тежелген балаларға арналған түзете дамыта оқытатын 5-8 сыныптарына қарастырылған.
Әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу сабағы аптасына 2 рет өтеді.
Жылына 68 сағат.
1 тоқсан – 18 сағат
2 тоқсан– 14 сағат
3 тоқсан – 20 сағат
4 тоқсан – 16 сағат
Бағдарлама арнайы түзете-дамыта оқыту сыныбына құрылған.
Сабақтың тақырыптары:
Достық, қарым-қатынас
Сыртқы көркі, келбеті
Жеке гигиенасы
Сауда-саттық
Тамақтану
Мамандық
Мекеме, ұжым
Байланыс құралдары
Тұрғын үй
Отбасы
Бюджет
Транспорт
Мәдениет
Медициналық көмек
Киім, аяқ киім
Табиғат апаттары
Қолөнер
Қорытынды
Мақсаты:
Даму мүмкіндігі
шектеулі баланы әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу
- баланың әлеуметтенуіне, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай
жасау;
- баланы шығармашылыққа тарту;
-баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету;
-мектепте өзін еркін сезінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзі өмір
сүретін ортаны толық бағдарлай білуге
үйрету.
Баланы жауапкершілікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа, еңбексүйгіштікке, ұжыммен, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Шыдамдылық пен табандылыққа тәрбиелеу.
Тәртіп нормалары мен эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Міндеті:
Білімділік
Тәрбиелік
Түзете - дамыту
Ескерту: Баланың жеке ерекшелігі
Өмір сүру аймағы
Жыл мезгілі
Бөлменің жарықтығы
Нәтижесі:
Дамуында проблемасы бар балалар белсенділік көрсетіп, өз беттерінше жұмыс істей алуға, өзіне-өзі қызмет етуді, түрлі жағдаяттарда әрекет етуге, қоғамда өзін ұстауды үйренеді. Жасаған жұмыстарына сын көзбен қарауға үйреніп қана қоймай, салыстырмалы түрде бағалауға, өзгелердің сындарын қабылдай және текшелей алуға, керек кезінде жолдастарын қолдауға, көмектесуге үйренеді.
Сынып: 6 «И» Бекітемін______________
Күні: 15 .01.20ж
Сабақ 1
Сабақтың тақырыбы: Достық. Қарым-қатынас ережелері.
Мақсаты: Білімділік: Достық туралы ойларын толықтыру.
Тәрбиелік: Қарым-қатынас ережелерімен таныстыру.
Дамытушылық: Амандасу, сәлемдесу, достық, сенім сөздерінің мағынасын ашу.
Түзетушілік: Сөздік қорын дамыту
Көрнекілігі: жүрекше, гүлдің суреттері, қиындылары.
Сөздік: мойындау, сенім арту, сыр шерту, достыққа берік болу.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: үлкендермен, құрбыларымен амандасу ережелері, ер адаммен, әйел адаммен амандасу
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Тренинг. Әр бала шеңбер бойымен тұрып, өздерінің бойындағы қасиетімен таныстырады. Мысалы: Сабырлы –Самал, Мейірімді –Мейрамбек......
Әр бала өзінің ең жақын досын атайды. Оның бойындағы жақсы қасиеттерін атап береді.
Достық, дос дегенді қалай түсінеді?
Жүрекшелерге өздерінің достарын жазып, қасиеттерінжазады да екінші жақ бетіне өзінің атын, бойындағы жақсы қасиеттерін жазады. Өздерінің жазғанын ортаға шығып әр бала өз достары туралы әңгімелейді.
Топ ішіндегі жағымды ахуалды қалыптастыру үшін топта отырған оқушылардың бір-біріне жақсы сөздер, тілектер айтылады.
«Гүл сыйлау». Гүл қиындыларына әдемі сөздер жазып, бір –біріне сыйлайды. Гүлді өздері қиып, гүл туралы әңгімелейді. (гүл-әдемі, жақсы көңіл күй сыйлайды, көңіл күйді көтереді, гүлді сыйлық ретінде беруге болады......)
Рефлексия. Достық не үшін керек? Қарым-қатынасты қалай орнатуға болады. Достар қандай болу керек. Қандай достар болуы мүмкін, ондай достарды дос деп атауға бола ма?
Үйге тапсырма: Достық туралы шағын шығарма жазып келу.
Сабақты пысықтау:
-
Бүгінгі сабақта нені үйрендің?
-
Қандай тапсырма күрделі болды?
-
Көңіл-күй күнделігімен жұмыс
Сынып: 6 «И» Бекітемін______________
Күні: 22 .01.20ж
Сабақ 2
Сабақтың тақырыбы: Оқушының сыртқы келбеті, көркі.
Мақсаты: Білімділік: талғаммен, таза, сәнді киінуге үйрету.
Тәрбиелілік: Шаш үлдгісін, мойын орамалды тағу үлгісін жасай білуге, эстетикалық талғаммен киінуге, аяқ киім, киім тазалығына көңіл бөлуге баулу.
Дамытушылық: ақ киімді өз бетімен тазалауына көңіл бөлу
Түзетушілік: Өзіне-өзі қызмет ете білуге баулу
Көрнекілігі: фотоматериалдар, шаш үлгілері.
Сөздік: келбет, сән, щетка, аяқ киім кремі, сылау, майлау.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: дұрыс күн режимін құру, ттиімді тамақтану ережелері туралы түсінігі болу,- адамның сыртқы көркі мен келбетіне әсері барын ұғыну.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын бақылау, шығармаларын тыңдау.
Жаңа тақырыпты таныстыру. Әр адам әдемі киініп, сәнді бұйымдар тағуды, шашын әдемілеп қойғысы келеді. Ол адамның сыртқы келбеті, көркі әр адамға байланысты екенін айту. Тиімді тамақтану, түрлі спорттық ойындарға қатысу адамның денесін әдемі етіп көрсетеді. Ал сыртқы киім киісі, шаш үлгісі адамның сыртиқы келбетіне көрік береді.
Түрлі киім киген балалар, ер бала, қыз балаларға арналған суреттер интерактивті тақтамен көрсетіледі.
Оқушыларға арналған шаш үлгілері, шашты өру, жинау, тарау, бөліп тарау,, ұзын, қысқа шаштарға сән үлгісінің түрлерімен таныстыру. Оқушы шашына жасалатын шаш үлгілері туралы айту.
Практикалық жұмыс:
Шаш үлгісін жасап көрсету. Бір бірінің шаштарына сән үлгілерін жасату. Мектеп оқушысының сыртқы келбетін келтіретін шаш үлгісін жасау.
Рефлексия. Тақырып бойынша білім деңгейін бақылау. Таза, әдемі киініп жүру керек пе? Не үшін керек? Кім үшін керек? Тазалық дегенді қалай түсінесің? Талғаммен киінудің, шашқа түрлі лента, бант тағу мектеп оқушысына неге керек?
Үйге тапсырма: Шашты күтуге арналған құралдардың суретін салу.
Сынып: 6 «И» Бекітемін______________
Күні: 29 .01.20ж
Сабақ 3
Сабақтың тақырыбы: Сыртқы келбет, көрік .
Мақсаты: Білімділік: Оқушының сыртқы келбет туралы түсінігін қалыптастыру.
Тәрбиелілік: Эстетикалық талғамын, түсінігін кеңейту.
Дамытушылық: Аяқ киімді, киімді таза ұстауға, киімді тазалауға, таза киінуге, тиянақтылыққа үйрету
Түзетушілік: ұсақ моторикасын дамыту
Көрнекілігі: Түрлі аяқ киімдердің суреті- интерактивті тақтадан көрсету, фотоматериалдар.
Сөздік: щетка, лак, крем, сылау, майлау, желімдеу, жөндеу.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: аяқ киімді күту, тазалау, әр кезеңге аяқ киім таңдай білу, аяқ киімді жөндеуге бер е білу.
Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру.
1. Оқушыларға аяқ-киім түрлерін көрсету, атай білу. Жыл мезгілдерінің аяқ киімін айтқызу. Мысалы күзде жаңбырда етік, жазда күн ыстық болғанда киетін аяқ киімді атау, қыста киетін аяқ киім қалай аталады.т.с.с.
2. Аяқ киімдердің құрамы: тері, резинка, шүберек........ атау.
3. жаңа сөздермен жұмыс – щетка не үшін керек? Киім, аяқ киім тазалауға. Лак, крем аяқ киімге жаңа түр беру үшін, тазалау үшін керек. Майлау, сылау керек. Аяқ киім күтімі, бауын шешіп, байлауға жаттығулар жасату.
Рефлексия: Аяқ киімді не үшін тазалаймыз? Қалай тазалаймыз, немен тазалаймыз. Құралдарын атап бер. үйге тапсырма: Үйден жеке аяқ киімдерін тазалау, құралдарды пайдаланып көру, сол бойынша әңгімелеп беру.
Сынып: 6 «И» Бекітемін______________
Күні: 05 .02.20ж
Сабақ 4
Сабақтың тақырыбы: Жеке гигиена. Жасөспірімнің жеке гигиенасы, құралдары. Дененің саулығы мен тазалығын сақтаудың ережелері.
Мақсаты: Білімділік: Дұрыс күн режимін құруға, тиімді тамақтану ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру
Тәрбиелілік: Жеке гигиеналық құралдарды пайдалану арқылы тазалыққа үйрету
Дамытушылық: Күнделікті гигиеналық талаптарды орындауға дағыдландыру
Түзетушілік: Ойлау қабілетін арттыру
Көрнекілігі: жеке гигиеналық құралдар.
Сөздік: жеке гигиена, тері бездері, майлануы.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: Жаңа тақырып бойынша әңгімелеуді білу.
Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру, тақырып бойынша әңгімелеу.
Жаңа тақырыпты хабарламас бұрын тақтаға әр балаға 1 сөзден бірнеше сөздер құрап жазу сұралады. (Ойлау қабілетін арттыру).
Тамақтану пайдалану жасөспірім ережелер
Тамақ пайда жас ереже
Мақта дала өс жер
Тат пана мөр жел
Мата палау пір ер..... т.с.с.
Осыдан бүгінгі күннің тақырыбын құрастырамыз. Жасөспірімнің тамақтану ережелерін, жеке гигиена құралдарын пайдалану, қалыптастыру.
Жеке гигиена туралы түсінік беріп өту. Құралдары: тіс щеткасы, тарақ, сабын, сусабын, тіс пастасы, сүлгі, тарақ, айна, жуыну құралдары туралы айту.
Дұрыс тамақтану. Сұрақтар арқылы білімін тексеру.
Адам күніне неше рет тамақтану керек?
Тамақтану алдындағы, соңындағы ережелер туралы не білесің?
Тамақтану уақыты?
Витаминдер туралы не білесің? Қосымша мәліметтер беру.
Күн режимін құру. Жеке жұмыс-әр бала өзіне күн режимін құрастыру керек. Әр баланың күн режимі тексеріледі. Түзету қажет болса түзету жасалады.
Проблемалық сұрақ. Жеке гигиенаны дұрыс ұстамаған -жуынбаған, шаш-тырнағы алынбаған, киімі жуылмаған, шашы таралмаған адам бейнесі қандай болады? Әңгімелеу, балалардың ойын тыңдау.
Сурет салу. Жеке гигиенаны пайдаланбаған, ұстамаған бала бейнесін салу. Әр балаға ақ қағаз беріледі. Бала суретті қалай салады, сол арқылы бала түсінігін білеміз.
Душ, ванна, унитазды пайдаланудың санитарлық ережелері туралы түсінік беру. Жеке гигиена құралдары туралы айту.
Рефлексия. Жеке гигиена дегеніміз не? Ол не үшін адамға қажет? Тазалық-жеке гигиена сөздерінің айырмашылығы бар ма? Дұрыс тамақтану, күн режимі дегеніміз не? Ол неге адамға керек?
Үйге тапсырма: жеке гигиена құралдарын суретке салып келу. Дұрыс тиімді тамақтану тақырыбына әңгімелеу.
Сынып: 6 «И» Бекітемін______________
Күні: 12 .02.20ж
Сабақ 5
Тақырыбы: Сауда-саттық. Біздің ауылдағы дүкендер.
Мақсаты: Білімділік: Шаруашылыққа қажетті заттарды таңдай білуге, дүкеннен керекті затты, тауарларды сатып алуға үйрету
Тәрбиелілік: дүкеннен тауарларды алуда әдептілік ережелерін сақтауға дағдыландыру.
Дамытушылық:. Тауарлардың аттарын атай білу, таңдаған тауарды пайдалана білуге үйрету
Түзетушілік: есте сақтау қабілетін арттыру
Көрнекілігі: суреттер, супермаркет, гипермаркет, базардағы сауда суреттері.
Сөздік: супермаркет, мамандық, кәсіп, кәсіпкер, сатушы, тұтынушы, тасушы.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: шаруашылық керекті заттарды дүкеннен таңдай білу, аттарын ату, сатып алуды, ақшасын санап беруді, артық ақшасын санап алуды.
Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Сурет бойынша әңгімелеу. Жаңа тақырып бойынша әңгіме құру.
Дүкенде жұмыс істейтіндер кімдер?
Олардың атқаратын қызметі, міндеті қандай?
Қандай дүкендер болады? (тамақ, шаруашылық, құрылыс заттары,т.с.с.)
Жүк тасушы қандай қызмет атқарады?
Тауарларды қалай таңдауға болады?
*Тауарларды қалай таңдауға болатыны туралы әңгімелеп беру.
*Тауарлардың сапасы туралы айту.
*Грамм, килограмм, тонна өлшемдерін қалай өлшейтінін түсіндіріп беру.
Өлшеу құралдары, өлшеу құралдарындағы өлшем бірліктері, сандар, белгілер, электронды өлшеуіш құрал туралы білімін толықтырылады. Мысалдар келтіріледі. Слайд арқылы көрсетіледі.
Жеке дара заттардың бағаларын сұрау, есептеуге үйрету, артық ақшаны санап алу үшін есептеуге үйрену керектігі туралы айтылады.
Практикалық жұмыс: Рольдік ойын «Дүкен» оқушыларға өз қалаулары бойынша рольдерге бөлу.
Түзету жұмысы: есте сақтауға арналған жаттығулар. Жаңа тақырып бойынша әңгіме.
Не үйрендік? Не білдік? Супермаркет, гипермаркет-не? Тұтынушы кім? Сатушы кім? Міндеттері? Өлшем бірліктері?
Үйге тапсырма: «Дүкенші» тақырыбына әңгіме құрастырып келу.
Сынып: 6 «И» Бекітемін______________
Күні: 19 .02.20ж
Сабақ 6
Сабақтың тақырыбы: Сауда-саттық. Тауарларды сатып алу реті.
Сабақтың мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Оқушының дүкендерде сатылатын тауарлардың атын, сатып алу ережелерін білуі, құнын есептей алуға үйрету, чекті талап етуге үйрету, әңгімелесу, сұрау ережелерін білуге, әдептілікке дағдыландыру.
Түзете-дамытушылық: дүкеннен тауар сатып алу кезіндегі ережелерді білу, есте сақтау қабілетін арттыру.
Сабақ түрі: экскурсия. (Дүкенге)
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: дүкендерді аралап, алдын ала балалармен экскурсияға келетінімізді ескерту. Бір-екі дүкенмен келісіп алу. Дүкеншіге өз жұмысы, міндеті туралы әңгімелеп беру керектігін ескертіп қою.
Экскурсия. Балаларға жолда жүру ережелері, қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіріледі.
Кассалық чек- касса, тамақ сақтау тоңазытқыштары, камералары туралы түсінік беру. Ақша, тиын, теңге, купюрлардың сыртқы келбетіндегі суреттерді естеріне сақтау керектігін айту, көрсету.
Дүкенші әңгімесін тыңдау. Балалар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қояды. Жауап алады. Сауда жасап көреді. Алған тауарлардың құнын, сатып алу ережелерін білуін қадағалау. Чектегі белгілерді түсіндіремін.
Қорытынды: Дүкендегі қызметкерлерге алғыс айтылады. Балалар түсінгендерін әңгімелеп береді.
Үйге тапсырма: «Дүкенде» сурет салу.
Сабақтың тақырыбы: Сауда-саттық. Арзандатылған тауарлар. Жарнамалар.
Сабақтың мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Арзандатылған тауар, жарнама туралы түсініктерін қалыптастыру. Этикетка, өлшемі, көлемі туралы білімін қалыптастыру, тереңдету. Эстетикалық талғаммен жарнаманы безендіруге үйрету.
Түзете-дамытушылық: Чектағы сандарды танып оқи білуге үйрету, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: Кассалық чектар, этикетка, қосымшалар, кітапшалар.
Сөздік: этикетка, жарнама, арзандатылған тауар, купюр.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: Білу керек: ақша санау, артық ақшаны кері санап алу, киім мөлшерін, заттарды атымен атау, дүкенде өзін дұрыс ұстау.
Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Топтық жұмыс. Дүкенде көргендерін топ болып қағазға суретін салу.
Оқушыларға этикетка түрлерін көрсету-оның неге тауарларға тіркелетінін түсіндіремін. Чектағы сандар, жазулар туралы әңгімелеп беремін. Дүкендегі тауарлардың сапасын анықтау туралы, өлшемі мен көлемін анықтау туралы түсіндіремін. Арзандатылған тауарлар- олар неге арзандатылғанын түсіндіремін.
Жарнама не үшін керек? Тауарларды жарнамалап көрсету. Теледидар, радио, типографиялық жарнамалар болатынын, кітапшалар, парақтар арқылы жарнамалар болатынын түсіндіремін. Оқушылардың өздерінің жарнама туралы түсініктерін тыңдаймын.
Қорытынды: Жарнама деген не? Не үшін керек? Тауардағы этикетка –жапсырмалар не үшін қажет? Онда не белгіленеді?
Үйге тапсырма: Кез келген тауарға жарнама жасап келу.
Сынып: 6 «И» Бекітемін______________
Күні: 04 .03.20ж
Сабақ 8
Сабақтың тақырыбы: Тамақтану. Ас бөлмесін жинастыру, жиһаздарды орналастыру. Қауіпсіздік ережелері.
Мақсаты:Білімділік-тәрбиелілік: ас үйі мен асханадағы пайдаланатын құралдарды, ыдыстарды атау, ас үйін жинауда еңбек дағдыларын қалыптастыру.
Түзете-дамытушылық: Өз беттерімен асхана құралдарын пайдалана білуге және қолдана білуге үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сөздік: сымщетка, ыдыс жуу орамалы. Ыдыс кептіргіш, ыдыс аяқтардың атаулары- кесе, қасық, шанышқы, тақтай, оқтау, кескіш, пышақ қайрағыш т.с.с.
Көрнекілігі: асханадағы құралдар, ыдыс-аяқтар.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын тексеру, жарнамаларды іліп түсіндіреді. Әр бала өз тауарын жарнамалайды.
Жаңа сабақ: Балаларға алдын ала жасалған жарнамаларды ілемін, түсіндіремін. Жаңа сабаққа қатысты тауарлар жарнамаланады. Ыдыс-аяқ, қысқа толқынды пеш, газ плита, тоңазытқыш т.б.
Енді осы тауарлар орналасқан орынға саяхат жасап келейік. Асханаға барады. Жарнамадағы заттар туралы айтамын, көрсетемін. Аспазшылармен кездеседі. Ас қоймасымен танысады. Ыдыс жуу орнын көреді.
Асханадағы еңбек дағдыларымен, ережелерімен таныстырылады.
Аспазшылардың еңбегін бақылайды. Қауіпсіздік ережелерімен танысады.
Практикалық жұмыс: Үстел үстін бедендіру- сүлгі, ыдыс-аяқтарды орналастыру жұмыстары.
Рефлексия. Ас үйдегі еңбек қауіпсіздігі неге керек?
Асхана жұмысшыларының еңбегі туралы әңгімелеп беру.
Үйге тапсырма: асханадағы қауіпсіздік ережелерді жазып келу.
Сабақтың тақырыбы: Тамақтану. Тамақ дайындау кезіндегі қауіпсіздік ережелер. Гигиеналық талаптар.
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Тамақ дайындау кезінде гигиеналық талаптарды, қауіпсіздік ережелерді орындауға үйрету. Эстетикалық талғамын дамыту.
Түзете-дамытушылық: Қауіпсіздік ережелерін жаттау кезіндегі есте сақтау қабілетін арттыру.
Сөздік: ас қорыту, тиімді тамақтану, ас мәзірі.
Көрнекілігі: қауіпсіздік техникасы көрсетілген таблица, тамақ дайындау құралдары.
Практикалық жұмыстар: Асханадағы ыдыс жуушының еңбегін бақылау.
Барысы: Үй тапсырмасын тексеру, ережелерді оқыту.
Жаңа сабақ. Ой . әр сөздің соңғы әрпінен басталатын сөзді тез тауып айту. Мысалы: алма-асқабақ, қарбыз, зығыр,....барлық сөздер асханаға, тамаққа байланысты болу керек.
Асханадағы қауіпсіздік ережелері жазылған, гигиеналық ережелер, талаптар жазылған қабырғаға ілінген плакаттармен таныстырылады. Аспазшылардың еңбегін бақылайды. Медбикенің гигиеналық талаптар туралы айтқан әңгіме-кеңесін тыңдау және оны орындау керектігі айтылады. Медбикенің кеңестерін тыңдайды.
Ас мәзірі туралы айтылады. Ас мәзірін құрастырып көреміз. Әр бала өзінің бір күндік ас мәзірін айтып береді.
Ойын: «Сәйкестендір».
Қасық қысқатолқынды пеш
Пышақ конфет
Газплита кофе
Шай шанышқы
Секер тақтай
Кастрюль балық
Ет таба
Рефлексия: Тиімді тамақтану деген не? Ол не үшін қажет? Сауалнама «Тиімді тамақтану –денсаулық кепілі».
Үйге тапсырма: ас мәзірін құрып келу.
Сабақтың тақырыбы: Компот кисель дайындау.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: компот дайындауға үйрету, тамақтану тақырыбы бойынша өткен материалды тиянақтау.
Тәрбиелілік: Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түзете-дамытушылық: Оқушының сөздік қорын молайту.Жұмыс барысында тапсырмаларды орындауда белсенді болуға дағдыландыру.
Сабақ түрі. Практикалық сабақ.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Компот жасаудың технологиялық картасын көрсету, таныстыру
Алмадан компот жасау, дайындау әдісімен таныстырылады. Қауіпсіздік ережесін қайталау. Пышақ, газплитамен жұмыс істеу ережелері.
Практикалық жұмыс: гигиеналық ережелерді орындау (қолды сабынмен жақсылап жуу, бірнеше рет шаю.) құралдарды әзірлеу. Жемісті жуу.
Алманы турау, дәнінен тазалау.
Ыдысқа су құю, қайнатуға қою.
Қантты өлшеп салу
Алманың бөлшектерін салу, қайнату.
Жай отқа қайнату.
Оттан компотты алу.
Басқа ыдысқа суытып құю.
Өздері мұғалімнің көмегімен әзірлеген компоттан ауыз тию. Суытып ішу. Әдемі ыдысқа құйып, үстел басына барлығы бірге отырып компотты ішеді.
Рефлексия. Әр кезең бойынша ретімен айтқызу. Сөйлем құрап байланыстырып әңгімелеу.
Үйге тапсырма: өздеріне ұнайтын жемістердің суретін салу.
Тақырыбы: Бутерброд түрлерін дайындау
Мақсаты:Білімділік-тәрбиелілік: өз бетімен бутерброд дайындауға үйрету. Сурет бойынша әңгімелеп беруге үйрету.
Түзете-дамытушылық: Бутерброд жасауға қызығушылығын арттыра отырып, жасалу ретін есте сақтауға баулу.
Көрнекілігі: бутерброд дайындау тәсілі. Суреттер, рецептер.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ.
Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа тақырып бойынша әңгімеленеді. Бутерброд жасау жолын, ретін сақтай отырып бутерброд дайындау.
Керекті тағамдар: нан, сыр, колбаса, қияр, қызанақ, жұмыртқа, сары май.
Қауіпсіздік ережелері: пышақпен жұмыс істеуді үйрету, турау кезіндегі ережелерді айтып отыру.
Бутерброд дайындалады. Өздеріне жасату. Өздерінің қалауы бойынша әзірлеу.
Әр оқушы өздерінің қандай бутерброд жасағанын, қалай жасағанын әңгімелейді.
Рефлексия. Бутербродты қандай тағамдардан жасадық.
Үйге тапсырма: бутерброд мәзірін дайындап келу.
Сабақтың тақырыбы: «Мамандық» Еңбекке орналасу. Мамандықтар шеруі.
Мақсаты:Білімділік-тәрбиелілік: Жұмысшы мамандықтарды білу, атау, немен айналысатынын білуге үйрету. Мамандықтар шеруі кезінде өздерінің көрсетілген мамандықтар туралы не білетінін айтқыза отырып, басқа адамдардың еңбегіне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.
Түзете-дамытушылық: Әңгімелеу кезінде басқаларды тыңдауға, әңгіме құрастыра отырып, сөйлемдерді байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Сөздік: агроном, дәнекерлеуші, архитектор, жоспарлаушы құрылысшы, дүкенші, есепші, мұғалім, инженер, дәрігер.
Көрнекілігі: слайд «Мамандықтар шеруі».
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын сұрау. Жаңа тақырыппен таныстыру үшін балаларға сұрақтар қойылады.
Тас, құм, цемент, қалақ – бұлармен кімдер жұмыс істейді? /құрылысшы
Кітап, журнал, бор, тақта - бұлармен кімдер жұмыс істейді? /мұғалім/
Халат, бахила, шприц – бұларды қандай мамандар қолданады? /дәрігер/
Қағаз, компьютер, калькулятор – бұл кімдердің құралы? /есепші/ т.с.с.
Осы барлық жұмыс істейтін адамдарды қалай атайды? /маман иесі/
Маман иесі болу үшін не керек? /мамандық/
Слайд көрсету.
Жаңа сөздерді дәптерге жазып алады.
Оқушыларға болашақта қандай маман иегері болғылары келетінін сұрау. Не үшін ...... болғың келеді? Ол мамандық туралы не білесің?
Мамандық алу үшін қайда оқуға болады? /колледж, училище, жоғары оқу орындарында/.
Дәнекерлеуші, көркемдеуші, архитектор мамандығы туралы туралы түсінік беріледі.
Рефлексия. Мамандық не үшін керек?
Қандай маман иелерін білесің? Өз ата-анаңның қандай маман иегері екенін айтып бер.
Үйге тапсырма: Дәрігердің құралдарын суретке салу.
Сабақтың тақырыбы: Мамандық. «Құрылысшы».
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: құрылысшы мамандығының түрлерін білуге, атап айтуға үйрету. Мамандық иелерінің немен айналысатынын айту.
Түзетушілік: Қол моторикасын дамыту.
Сөздік: Тас қалаушы, іргетас, каска, сылақшы, майлау, өңдеу.
Көрнекілігі: Құрылысшы мамандығы туралы видеофильм.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үйден жасаған суреттерінен көрме ұйымдастыру.
Жаңа сабақ: видеофильм қарау.
Сұрақ: Бұл фильмде қандай мамандық туралы көрсетілген?
Құрылысшы туралы нені білесің?
Құрылыс материалдарын ата. /тас, шифер, құм, әктас, цемент, кірпіш, қамыс, тақтай т.с.с/
Үй салу үшін құрылысшы мамандығының қай түрлері қатысады. /жоспарлаушы, тас қалаушы, сылақшы, өңдеуші,т.с.с.
Қол моторикасын дамыту. Тақырыпқа байланысты сурет салу. Жеке жеке салынған суреттерден шеру жасатып, әңгімелетуге үйретемін.
Рефлексия: Қандай мамандықтар туралы сөз болды? Қандай құралдарды пайдаланды?
Үйге тапсырма: Құрылысшы болсаң қандай ғимарат немесе үй салатыныңды қағазға сурет етіп салып келу.
Сабақтың тақырыбы: Мамандық. «Сатушы».
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Сатушы жұмысы туралы толық мәлімет бере отырып, еңбекті бағалауға кәсіптік бағдар беру. Достық қарым-қатынасқа баулу.
Түзете-дамытушылық: Сатушы мамандығының қызығы мен қиындығын салыстыруға үйрету. Есте сақтау қабілетін арттыру.
Сөздік: гир, теңге, грамм, шот, чек, сөре, электронды шот, тұтынушы, кәсіпкер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ. Өткен сабақтарда дүкендерге жасалған экскурсияда көргендерін естеріне түсіру. Дүкенде қызмет ететін адам нені білу керек?
«Дүкен» рольдік ойынын ойнату. Оқушылар ойын кезінде бір-бірімен достық қарым-қатынасты қалыптастыра отырып ойнайды. Рольдерге бөлу кезінде өз қалаулары бойынша бөлініп, дүкенде көргендерін орындайды. Есептеу кезінде қателеспеу, артық ақшаны санап алу кезінде қателеспеуге, калькуляторды пайдалануға үйретіледі.
Дүкендердің түрлерін айту.
Тамақ дүкені /түрлі тағамдар, жеміс-жидектер, көкөністер, шырын, сусындар/.
Тұрмыстық заттар дүкені /шаруашылыққа қажетті құралдар/
Құрылыс материалдар дүкені – құрылысқа қажетті құралдар сатылады.
Жиһаздар дүкені – түрлі жиһаздар сатылады.
Техникалық құралдар дүкені – телевизор, шаңсорғыш,....
Мата дүкені-түрлі маталар, іс тігу құралдары:түрлі жіптер, ілгек, безендіру ленталары, ине-жіп...
Ойыншықтар дүкені
Ыдыс-аяқ дүкені т.б.
Үйге тапсырма: «Дүкеншінің еңбегі» әңгіме жазып келу.
Сабақтың тақырыбы: Мамандық. «Аспазшы»
Сабақтың мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Аспазшы мамандығы туралы толық мәлімет беру. Мектеп асханасындағы аспазшының еңбегін бақылау, олардың еңбегі туралы білуге, жұмысының қиын жақтарымен танысу. Еңбекті бағалау білуге үйрету
Түзете-дамытушылық: Аспазшы жұмысының еңбегіне деген қызығушылық қалыптастыра отырып, оқушылар зейінін дамыту.
Сөздік: мұздатқыш, ас сақтау блогы, газплита, ыдыс-аяқ сақтау блогы
Көрнекілігі: асхана, асханадағы құралдар, қабырғадағы түрлі пайдалы кеңестер.
Сабақтың түрі: экскурсия. (алдын ала аспазшылармен келісіп қою).
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру.
Асханаға экскурсия. Асханадағы аспазшылармен амандасу, әңгімелерін тыңдау. Жұмысының қызық және қиындықтары әңгімесін тыңдай отырып, өз ойларын айту. Ас блогына ақ халатпен кіретінін ескерту, шаруашылық меңгерушісінің ас блогының орнымен таныстыру, әңгімесін тыңдау.
Аспазшылардың еңбегін бақылау. Күніне қанша адамға ас дайындалады. Әрқайсысының атқаратын қызметі туралы айтылады.
Асханадағы қабырғада ілулі тұрған кеңестермен таныстырылады. Ол не үшін ілінгенін түсіндіріледі. Диетологтың әңгімесін тыңдау.
Қорытынды: Асханада тазалық не үшін керек? Не себепті ақ халатпен кіреді? Диетолог маманы асханада нені қарайды?
Үйге тапсырма: «Аспазшы» тақырыбына шығарма жазу.
Сабақтың тақырыбы: «Менің сүйікті ісім- менің бақытты болашағым»
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Оқушылардың мамандық атауларын атау, олардың немен шұғылданатынын әңгімелеуге үйрету. Еңбекті бағалай білуге үйрету.
Түзетушілік: Сөздік қорын дамыту.
Сөздік: білім, мамандық, жұмыс беруші, келісім-шарт, жалақы, еңбек демалысы.
Көрнекілігі: фотоматериалдар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Тыңдау.
Жаңа сабақ. Мамандықтың түрлерін олардың белгілерін , мекемелерін түсіндіру.
Менеджер, инженер, дәрігер, мұғалім, есепші, құрылысшы сөздерін қатыстырып әңгіме құрастыру ұсынылады.
Мысалы: Дәрігердің жұмысы әрі қызық, әрі қиын. Олар адам өмірінің арашасы, емдеп қана қоймай, салауатты өмір сүруге үйретеді. Балалар дәрігері балаларды, хирург ота жасап емдесе, тіс дәрігері тісті емдейді....
Басқа да мамандықтар туралы айтылады. Әр бала өз білетіндерін айтып, басқалардың айтқанын тыңдайды. Слайд арқылы суреттер көрсетіледі.
Жұмысқа алу үшін келісім шарт жасалады. Жұмыс көлеміне қарай жалақы төленеді. Жұмыс беруші білімінің, мамандығының қажетті жұмысқа сәйкестігін қарап, жұмысқа қабылдайды.
Фотоматериалдармен жұмыс. Сурет қиындылары беріледі. Бүтін суретті құрастырып береді. Сурет бойынша әңгімелейді.
Қорытынды: Мамандықтың қандай түрлері туралы айтылды? Өзіңе ұнайтын мамандықтар?
Үйге тапсырма: «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбына әңгіме айтуға әзірлену
Сабақтың тақырыбы: Мекеме. Ұжым. Ұжым атаулары.
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Өз ауылындағы, жақын жерлердегі шаруашылық, өнеркәсіп орындарын мекемелерді білу. Олардың қандай қызмет атқаратынын білу, түсіндіру.
Түзете-дамытушылық: Ұжым туралы түсінігін қалыптастыру. Оқушылардың сөздік қорын байыту. Зейіні мен есте сақтау қабілетін арттыру.
Көрнекілігі: Суреттер, слайд.
Сөздік: мамандық, кәсіп, ұжым, мекеме.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа материал: Мекеме деген не? Ұжым деген не? Ұжым мүшелеріне кімдер кіреді? Мамандық деген не? Ауылда қандай мекемелер бар? Олар қай жерлерде орналасқан?
Сұраққа жауап алу арқылы балалардың өз ауылы туралы білімдері тексеріледі. Қосымша толықтырылады. Келесі сабақта баратын мекеме атауларын атап, оларды алдын ала айтып қоямын.
Мамандық иелері мен мекеменің атауымен таныстырамын.
Ұжым, мамандық, мекеме. Аптека-аптекарь, цех- тігінші, етікші, мектеп-мұғалім, кітапхана- кітапханашы, аурухана-дәрігер, пошта-хат тасушы, дүкен-сатушы, зауыт-инженер,
Қорытынды. Қайталау сұрақтары.
Үйге тапсырма:Осы мамандық иелеріне қоятын сұрақтар ойластырып келу.
Сабақтың тақырыбы: Мекеме. Ұжым. Мекемелерге экскурсия.
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Мекемелерге бару кезінде көшеде жүру ережелерін сақтауға , ұжым мүшелерінің еңбегін бақылауға құрметтеуге үйрету.
Түзетушілік: Оқушының сөздік қорын дамыту.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: өз ауылындағы мекеме, өнеркәсіп, шаруашылық орындарын білу. Орналасқан орындарын таба білу.
Экскурсия. Киім, аяқ киім тігетін цехтарға, аптекаға, почтаға экскурсияға шығу. Қауіпсіздік ережелері қайталанады. Көшеде жүру, жолда жүру ережелері айтылады. Мекеме жұмысын бақылау. Жұмысшылардың еңбегін бақылау, сұқбаттасу. Мекеме ішіндегі ережелерді, қауіпсіздік ережелерді қайталату.
Үйге тапсырма: «Етік тігу цехы» тақырыбында әңгіме құрастыру.
Сабақтың тақырыбы: Байланыс құралдары. Бандероль, сәлемдеме жіберу жолдары
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Оқушыларға байланыс құралдарына жататын құралдар туралы түсінік беру. Мамандардың еңбегін бағалау, сыйластық қарым-қатынас орнатуға баулу.
Түзетушілік: Жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: сәлемдемеге салынатын заттардың тізімін жасай білу, жіберілетін заттардың салмағы, құнын білу, Бандерольді орау түрлерін, хабарламаны толтыру, жіберу.
Сөздік: бандероль, сәлемдеме, бланк, хабарлама, ескерту хат.
Көрнекілігі: бандероль муляжі.
Түрі: экскурсия.
Оқушылармен аудан орталығындағы орналасқан почтаға экскурсияға апару.
Сұхбаттасу. Еңбекті бақылау. Бланк, бандероль, сәлемдеме, ақша аудару, төлем төлеуді бақылап түсіндіру.
Почта ішінде тағы қандай қызметтер көрсетілетінін айту, электр энергиясын қолданғандар төлем төлейді. Газет-журналдар сатылады. Газет-журналға жазылады. Жалақы, зейнетақы алады. Несие туралы мағлұмат алуға болатыны туралы айтылады.
Үйге тапсырма. Мәлімдеме әзірлеу. Хат жазу.
Сабақтың тақырыбы: Хат жазу. Хат жолдау.
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Оқушыларға байланыс құралдарының бірі хат жазу, жолдау туралы түсініктерін кеңейту.
Түзетушілік: Сауаттылыққа үйрету, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: хат жаза білу, ретімен орналастыру, мазмұнын құра білу, конвертті толтыру, хатты жолдау (жіберу), мекен-жай индексін білу.
Сөздік: конверт, авиа, жедел, тапсырыс, мекен-жай индексі.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға бір параққа хат жазу ұсынылады. Алдын ала кімге, неге, қалай жазылатынын анықтап алады. Түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Хаттың мәтінін құрастыру, хал жағдайын сұрау. Басқа да хат иесінен отбасындағы мүшелердіңхалін сұрау. Өзі туралы жазу, жаңалықтарды мәлімдеу. Білгісі келетін мәліметтерді сұрауға болады. (Мысалы, достарың бар ма? Бос уақытыңда немен айналысасың?) хатты конвертке салып, адресін жазу, адресті білу. Почтаға апарып жіберу.
Үйге тапсырма. «Анама хат» хат жазып келу.
Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үй. Күнделікті және мерзімдік тұрғын үйді жинастыру. Тұрмыстық техниканы қолдану қауіпсіздік ережелері.
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Тұрғын үйді күту, жинастыру, техникалық құралдарды пайдалана білуге, қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу.
Түзетушілік: Оқушының зейіні мен есте сақтау қабілетін арттыру, еңбекке баулу.
Сөздік: жинастыру, кафель, линолеум, айна, краска (бояу майлы, акрильді)
Оқушы біліміне қойылатын талаптар. Тұрғын үйді, бөлмесін жинастыру, күнделікті және мерзімдік тұрғын үйді жинастыру ретін білу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа тақырыппен таныстыру. Оқушыларға сұрақ қою арқылы, балалардың үй ішінде атқаратын қызметтерін анықтаймын. Үйді жинастыру көмектесу, еңбек етуге үйрену сөздерін қатыстырып әңгіме құру. Бір бірінің айтқан әңгімесін тыңдап отырып, қайталату. Ауланы жинау сыпыру, қоқыс төгу, шығару, су төгу, су тасу, ағаш уату, шаң сүрту, еден жуу, ыдыс жуу, шаңсорғышты пайдалану сөздерін қатыстырып мәтін құрастыру ұсынылады. Оқып береді.
Үйге тапсырма: «Менің үй ішіндегі міндеттерім» әңгіме құрастырып келу.
Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйді қысқы және жазғы мерзімге әзірлеу.
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Балаларды еңбек етуге өзіне-өзі қызмет ете білуге қызығушылығын ояту. Өз міндеттерін біліп қана қоймай, оны орындау керектігін ескерте отырып үйрету.
Түзетушілік: Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Сөздік: жылыту құралдары, терезелерді жөндеу, желдеткіш, сылау құралы (замазка).
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: терезе, желдеткішті тазалау, терезелерді жуу, сүрту, жуу құралдарын пайдалана білу. Терезелерді қысқы мерзімге дайындауды.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Үйдің терезелері не үшін керек? Әйнегінің таза болуы кімге байланысты, неге тазалау керек? Оны қалай күту керек?
Практикалық жұмыс. Сынып бөлмесін жинастыру. Гүлдердің жапырағын сүрту. Қауіпсіздік ережелерін қайталау. Тазалық не үшін керек? Еңбек ету кезінде келісіп, тату, топпен жұмыс істеуге үйретіледі. Оқушының еңбекке көзқарасы бақыланады.
Үйге тапсырма. «Менің сыныбымның тазалығы – менің денсаулығымның кепілі» әңгіме
Сабақтың тақырыбы: Үй жиһаздарын тазалау.
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Оқушыларға үй ішіндегі мектептегі жиһаздарды күту, тазалау, күтім жасау туралы үйрету. Тазалыққа, әдемілікке үйрету, эстетикалық тәрбие беру.
Түзетушілік: Жұмыс барысында қол моторикасын дамыту.
Сөздік: лакталған, теріден жасалған, ағаш үгінділері, желімденген.
Көрнекілігі: суреттер.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: Жиһаз түріне қарай күтім жасау, тазалау.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Практикалық жұмыс. Сынып ішіндегі мебельдерді тазалау ережелерімен таныстыру. Санитарлық талаптарды түсіндіру. Құрғақ және дымқыл тазалау жұмыстарын жүргізу, жуу құралдарын пайдалана білуге, қауіпсіздік ережелерді сақтай отырып жұмыстанады. Парта, шкаф, тақта, терезе, үстел, орындыққа дымқыл жинастыру жұмыстарын жүргізеді. Бірігіп еңбектенуге, таза жұмыс істеуге үйретіледі.
Қорытынды. Өз жұмыстарына баға береді. Мадақтау.
Үйге тапсырма: санитарлық ережелерді жазып келу.
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары (ит, мысық)
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Үйде үй жануарларын күтуге, санитарлық, гигиеналық талаптарды үйрету барысында денсаулығын күтуге, аллергия тудыру қаупі болатыны туралы түсінік беру.
Түзетушілік: Қол моторикасын дамыту.
Сөздік: аллергия, санитарлық-гигиеналық талаптар.
Көрнекілігі: үй жануарлары туралы суреттер.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар. Үй жануарларын үй жағдйында күту, санитарлық гигиеналық талаптарды орындау.
Сабақ барысы: ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа материалмен таныстыру. Үй жануарлары туралы әңгімелеп, оларды үй жағдайында ұстау, күту туралы әңгімелеп беру. Оқушылардың өз білетіндерін сұрау. Үй жануарларын таза ұстамаса аллергиялық аурулар тудыруы мүмкін екенін, одан сақтану, аурудың түрлері пайда болу жолдары айтылады.
Практикалық жұмыс: қол моторикасын дамыту. Ермексазбен ит , мысық фигураларын жасау.
Қорытынды: Үй жануарлары қандай аурулар тигізуі мүмкін. Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
Үйге тапсырма: Үй жануарлары туралы сурет салу немесе әңгіме жазу.
Сабақтың тақырыбы: Үй өсімдіктерін күту.
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Үй өсімдіктері туралы мәлімет беру. Өсімдіктерді суару, күту, атауларын білу. Сұлулық, әдемілікке тәрбиелеу, еңбекке баулу.
Түзетушілік: Қол моторикасын дамыту.
Сөздік: шашыратқы
Көрнекілігі: слайд- үй өсімдіктері.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: Үй өсімдіктерін күту, суару, атауларын білу, қопсыту, топырағын жаңартуды білу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын сұрау
Слайдтан үйде өсірілетін өсімдіктер, гүлдер көрсетіледі. Олардың шығу тегі туралы айтылады. Оқушыларға тапсырма беріледі. Өздері білетін үй өсімдіктерін дәптерге суретін салу.
Практикалық жұмыс: сынып бөлмесіндегі гүлдердің атын атап, қағазғат жазып қою. Гүлдерді суару, топырағын қопсыту, қураған жапырақтарынан тазарту. Үйдегі өсімдіктерді күтудегі ережелер түсіндіріледі. Гүлдің жапырақтарына шашыратқымен су себу жұмыстарын істейді. Өсімдіктердің ішінде улы түрі болатыны, жапырағы улы болатын өсімдіктер кездесетінін. Оны ажырата білу керектігі туралы айтылады.
Қорытынды. Улы жапырағы бар өсімдіктерді ата.
Үйге тапсырма: Үй өсімдігі туралы мәлімет қарап келу.
Сабақтың тақырыбы: Отбасы. Отбасы мүшелері.
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: отбасы мүшелерінің өздеріне кім болып келетінін туысқандардың аталуын білу, өз отбасы туралы әңгімелей білуге үйрету. Сыйластық қарым-қатынас қалыптастыру.
Түзетушілік: Есте сақтау, жалпы моторикасын дамыту.
Сөздік: Отағасы, отанасы, қарындас-сіңлі, аға-іні, ата, әже, туысы, нағашы.
Көрнекілігі: слайд, суреттер.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тыңдау. Жаңа сабақ бастамас бұрын слайд көрсетіледі. Слайдтағы суреттер бойынша әңгімелеп берулерін сұраймын. Отбасы мүшелері, аға-іні, қарындас -сіңлі, нағашы туралы. Өздерінің әр түрлі туыстарына кім болатындарын білу мысалы: нағашысына жиен болады, атасы мен әжесіне немере болады, әкесі мен анасына баласы болады. Ағасына іні немесе қарындасы болады, іні-қарындасына аға немесе апа болады. Осы қатынастарды айта білу, айыра білу керектігін айтамын. Бұл сөздердің барлығы туыстық қатынасты білдіреді.
Ойын. «Отбасы» рольджерге бөліну. Олардың атқаратын қызметтерін, міндеттерін айта білу керек. Рольдермен ауысу.
Қорытынды. Өздерінің туыстарын атап беріңдер
Әр бала отбасы туралы қысқаша мәлімет немесе отбасылық суреттерден ширма жасап келу.
Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы міндеттер.
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Қыз балалар мен ер балалардың үй ішіндегі міндеттерін білуіне, өздеріне міндеттелген жұмыстарды орындауға баулу, үлкен-кішілерді сыйлауға, тыңдауға үйрету.
Түзетушілік: қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Көрнекілігі: «Настольная книга для девочек 21 века», киім үлгілері, жұмыстың түрін көрсету таблицасы.
Барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға үйдегі міндеттері туралы әңгімелеп беру сұралады. Қыздардың міндеттері, ұлдардың міндеттері туралы айтылады. Отбасы мүшелерінің бәрінің де міндеті болатынын, бірінші әр адам өзіне өзі қызмет ете білу керектігі туралы айтылады. Киіну, аяқ киім бауын байлау, тамақтану ,өз орнын, бөлмесін, төсегін жинау. Оқушыларға сұрақтар қойып, жауап алу. Ата-аналарың сендердің қандай істеріңді мадақтайды? Ата-анаңмен қандай жұмыстар атқарасың? Сен ата анаңа көмектесесің бе?
Қорытынды. «Үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің маған жақсы» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
Үйге тапсырма: «Менің отбасымдағы міндеттерім» эссе жазу.
Сабақтың тақырыбы: Отбасы бюджеті. Ақша, оның адам өміріндегі мәні.
Мақсаты:Білімділік-тәрбиелілік: Отбасына кіретін кіріс туралы түсінігін қалыптастыру, ақшаның қалай жасалатыны, қалай табу керектігі, купюрлар туралы түсінік беру.
Түзетушілік: Ойлау қабілетін дамыта түзету.
Көрнекілігі: түрлі ақша купюрлары, калькулятор.
Жаңа сөздер: валюта, купюр, монета.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: Купюрларды тану, ақша санауды білу, ақшаны есептеп алу, беруді білу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Жаңа сабақ. Слайд. Әңгімелеу. Балалардың білімдері бақыланады. Сұрақтарға жауап алынады. Купюрлардағы белгілерді, суреттердің мағынасы түсіндіріледі. Отбасына кіретін кірістерге: еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы жатады. Купюрлардың атауы – Қазақстанда теңге, Ресейде рубль, өзбекстанда сом т.б айтылады. Бірнеше заттардың құны жазылады, заттардың жалпы соммасын есептеу сұралады. Кім тез есептейді? Отбасы бюджеті дегеніміз не? Ол отбасындағы жұмыс істейтін, ақша табатын адамдардардың тапқан еңбекақысы. Оларды кіріс дейді. Отбасындағы қаржының шығындалуы шығыс деп аталады. Отбасы бюджетін қалай үнемдеуге болады? Проблемалық сұрақтар қойылады. Калькуляторды пайдалана білуі тексеріледі. Есептеу. Ақшаның адам өміріндегі мәні қандай ? Ақшаң болмаса киім, тамақ ала алмайсың, ауырғанда дәрі сатып ала алмайсың, пайдаланып отырған жарық пен жылуға төлей алмайсың, телефон ақылы хабарласа алмайсың, көлікті пайдалана алмайсың. Сол себепті ақшаны жоспарлы, тиімді шығындау керек.
Ойын. «Отбасы бюджеті». Кімнің отбасында таразы басы қалай тартады екен? Берілген сөздерді екі бағанға орналастыру керек. Көлікке төлеу, жалданған пәтерге, электр энергиясына төлеу, киім-кешек, жиһаз, той, театр, музей, демалуға бару, дәрі-дәрмек, репиторлық қызмет көрсету, сыйақы, тамақ алу, шөп, жем сату, мал азығы, малдан түсетін: май, ет, сүзбе, қаймақ, құрт, сүт, айран
Шығыстар: Кірістер:
.............................. ......................................
Қорытынды. Тақтаға есептер ілінеді. Тез ауызша есептердің айырма мәнін ата. Кім тез есептеп береді?. Мадақтау.
Үйге тапсырма: есептер, заттың құнын қою арқылы шығару .
Сабақтың тақырыбы: Теміржол транспорты. Вокзал. Поездардың кестесі.
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Көліктердің түрлерімен, жол кестесімен жұмыс істей білуге, маршруттарды түсінуге, билет алу, билет құнын білуге, поездға мінуге , вагондардың ретін білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін түсіндіру.
Түзетушілік: Есте сақтау қабілетін арттыру.
Көрнекілігі: слайд, суреттер.
Сабақ барысы. Ұйымдастыру. Ойын «Поезд».
Транспорт не үшін керек? Транспорттың қандай түрлерін білесің?
Теміржол транспорты туралы әңгімеленеді. Поездардың кестесімен таныстырып, олардың қандай мәліметтер беретінін, поездардың бағыттары түсіндіріледі.
Поездың бірнеше вагондары болатынын, соның ішінде өз аулымыздың темір жолынан өтетін «Орал –Озинки» арасындағы поездың жүру кестесімен, қандай станцияларға тоқтайтынын, қанша уақыт аялдап тұратынын айтып түсіндіру.
Вокзалға саяхат жасау. Вокзалдың ішіне, сыртына саяхат жүргізу. Поездың келуін күтіп алып, шығарып салу. Кассадан билет алушылардың, билет сатушының әрекеттерін бақылау. Бұл адам таситын көлік түрі екені айтылады.
Қорытынды: Қандай транспорт түрімен таныстық. Ол қандай жолмен жүреді.
Үйге тапсырма: Тақырыпқа сурет салу.
Сабақтың тақырыбы: Теміржол кассасы. (Презентация)
Сабақтың мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Теміржол кассасы туралы, билет алу, қазіргі электронды билет сатып алу туралы түсінік беру.
Түзетушілік: Ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: слайд.
Жаңа сөздер: рейстер, маршрут, жолсерік, темір жол стансасы- Бекет (Станция), поезд , вагон, купе, жолаушылар, билет, касса
Сабақ барысы: Ұйымдастыру: Үй тапсырмасын тексеру.
Слайд арқылы көлік түрлері көрсетіліп, түсіндіріледі. Пассажир адамдарға арналған көлік, жүк таситын, арнайы жерасты, әуе, су көліктері туралы айтылады.
Тапсырма: Бағандарды толтыр.
Жер астымен жүретін көлік |
Сумен жүретін көлік |
Әуе көлігі |
Тас жол, темір жол көліктері |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басқа елдердегідей Қазақстанда да теміржол, әуе билеттерін интернет арқылы сатып алу технологиясы енгізілген. Бұл электронды билеттер жол жүру құжаты болып табылады.
Ойын. Мұғалім интерактивті тақтадан көлік түрлерін көрсетеді, оқушылар алдарындағы түрлі түсті карточкалар арқылы көрсетіп отырады. Мысалы, ұшақ көрсетілгенде ақ түсті карточканы көтерсе, қоңыр түсті тас жолмен жүретін көліктерді көрсеткенде, көк түсті су көлігі көрсетілген кезде көтереді.
Кассадан билет алу ережелері, кезекке тұру, жол жүру кестесін білу, поездардың бағыты мен номерін білуі тексеріледі. (сұрақ-жауап арқылы). Билет алу үшін міндетті түрде әр адамның жеке құжаты болу керек.
Проблемалық сұрақ. Поездға, самолетке кешіксе не істеу керек? Оқушылар жауабы тыңдалады.
Қорытынды. Үйге тапсырма: көлікке қатысты жұмбақтар жазып келу.
Сабақтың тақырыбы: Автомобиль түрлері.
Сабақтың мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Автомобиль түрлерінің техникаға қажеттіліктерімен таныстыру, ауыл қаладағы көлік түрлерін ажырату, пайдалану жолдарын білуге, көлікте өзін мәдениетті ұстауға баулу.
Түзетушілік: ойлау қабілетін, қол моторикасын дамыту.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру.
Тақырыппен таныстыру. Автомобильдің түрлері туралы айтылады. Әзір (раскраска) суреттерді түрлі түсті бояумен бояу тапсырылады. Көліктің атын, маркасын тауып келу ұсынылады.
Кроссворд шешу.
-
Дөңгелегі темірден, темір үстімен жүгерген.
-
Жердің бетін тегістер, құрылыста пайда тигізер.
-
Ақ қанатты сұлу құс, судан ұшып кете алмас.
-
Аяғы резеңкеден, киімі темірден, жүйткиді тас жолмен.
-
Резеңкеден аяғы, аялдама тұрағы, адамдарды тасиды.
-
Жүйткіп дала, қаланы, апарады халықты, керек деген қаладан шығарып сені салады.
-
Толған адам ақ құста ұшып кетіп барады.
-
Қандай ауа райы болса да, керек жерге апарар, жер астымен зуылдап,мезде сені жеткідер.
-
Екі аяқты дырылдақ, қырылдап, жаяу жүрген адамға жеткізбейді зуылдап.
-
-
-
-
Т
Р
А
М
В
А
Й
Б
У
Л
Ь
Д
О
З
Е
Р
Я
Х
Т
А
М
А
Ш
И
Н
А
А
В
Т
О
Б
У
С
П
О
Е
З
Д
С
А
М
О
Л
Е
Т
М
Е
Т
Р
О
М
О
Т
О
Ц
И
К
Л
-
-
-
Оқушыларға бұл көліктерді кейбір жерлерде пайдаланбайтынын, құмды жерлерде түйені, есекті көлік ретінде пайдаланады.
Біздің ең көп пайдаланатын көлігімізге не жатады?
Үйге тапсырма: көлік суретін салу.
Сабақтың тақырыбы: Мәдениет. Қонаққа шақыру, күту. Қонақта өзін ұстай білу.
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Мәдени орындар, қоғамдық орындарды айыра білуге, мәдени орындарда өзін мәдениетті ұстауға үйрету.
Түзетушілік: Балалардың ойлау қабілетін, ұсақ моторикасын дамыту.
Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардан мәдени орындар туралы не білетіндерін сұрау.
ЗЗМЗЗЗӘЗДЗЗЕЗЗЗЗНЗЗИЗЗЕЗЗЗТЗЗЗЗЗ
Осы әріптердің ішінен «З» әрпін алып тастап, қалған әріптерден бүгінгі жаңа тақырыбымыздың атын шығарайық. «Мәдениет» сөзі шығады.
Сұрақтар: Қандай адамдармен сөйлескенде ұнайды. Сыпайы, әдепті, ыңғайлы, жағымды,жайлы.т.б. Бұл сөздер қандай адам екенін білдіреді? Әдепті мәдениетті адам екенін.
Сіздерді қонаққа шақырды ма? Қонақ үстінде өзін қалай ұстау керек? Қонаққа қалай киініп бару керек? Қонақты қалай күтеді? Қазақтың қонақжайлылығы туралы не білесіңдер?
Ережелерді атап беріңіздер. Шынтақты үстелге қойып отырма. Тез тамақ ішпе. Аузыңды сүлгімен сүртіп отыр. Аузыңда тамақ болғанда сөйлеме. Аузыңа тамақ толтырып жеме. Айқайлап сөйлеме. Алыста тұрған тағамға қолыңды созып, қасыңдағыларға кедергі келтірме, алып беруін сұра. Үлкендердің сөздерін бөлме, араласпа. Үлкендерден жоғары шықпа. Үйге кетерде рахмет айтуды ұмытпа.
Ойын. «Қонақта». Екіге бөлініп, бір топ қонақ қарсылаушылар, екінші топ қонақтар болады. Бірінші топ үстел безендіреді. Екінші топ түрлі түсті картоннан, жылтыр қағаздарды пайдаланып сыйлық жасайды. Тапсырмалар орындалады. Орындалу барысы бақыланады. Жіберілген қателерін түзеп отыру. Үстел үстін безендіру. Тарелкелерді қасық, шанышқыны орналастыру. Сүлгілерді әдемілеп орналастыру. Қонақ қарсылайды. Қонаққа келушілердің іс-қимылдары бақыланады. Қателері ескертіледі. Ойын барысында нені білді нені үйренгендерін айтып беру ұсынылады.
Қорытынды.
Үйге тапсырма: «Әтеш пен қоянның асханада тамақтануы» тақырыбында ертегі құрастырып келу.
Сабақтың тақырыбы: Мәдениет орындарына экскурсия.
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік:Мәдениет орындарында, қоғамдық орындарда өздерін мәдениетті ұстау, ережелерді сақтауға баулу. Сөйлеу этикетін сақтауға үйрету. Түзетушілік: Есте сақтау қабілетін арттыру, сөздік қорын дамыту.
Ұйымдастыру. Алдын ала келісіліп, баратын орындардың маршруты жасалады. Маршрут бойынша мәдениет үйіне, аудандық кітапханаға, музейге барады. Жолда жүру ережелері, қауіпсіздік ережелері естеріне салынады. Мәдениет орындарына барған кезде бас киімдерін шешу, амандасу, мекеменің ішкі тәртібін сақтау керектігі айтылады.
Ішкі бөлмелерімен танысу, жұмыс жасау орындарымен танысады. Музейдің ішінде бұйымдарды қолмен ұстауға болмайтыны ескертіледі. Өздерінің сұрақтарын қояды. Аралайды. Рахмет айтылып, қоштасады.
Қайда болғандарын, не көргендерін айтады.
Үйге тапсырма: «Тәртіпті бала-әдепті бала» тақырыбына әңгіме әзірлеп келу.
Сабақтың тақырыбы: Үйдегі дәрі қобдишасы. (Аптечкасы). Термометр.
Мақсаты:Білімділік-тәрбиелілік: Оқушылардың дәрігер, медициналық құралдар туралы түсініктерін кеңейту. Үй аптечкасында болатын дәрілер мен құралдар туралы, оны үй жағдайында сақтау ережелерімен таныстыру. Үй аптечкасында болатын адам денесінің қызуын өлшейтін құрал- термометр туралы толық түсінік беру. Термометр тарихы туралы түсіндіру. Алғашқы көмек көрсетуге үйрету.
Түзетушілік: Ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Слайд. Аптечка. Термометр.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Фиксики. Термометр» мультфильмін қарау. Жаңа тақырыптың атын оқушылар өздері табады.
Термометр-градусник құрылысы, оны кім тапқан, ойлап шығарғаны туралы түсінік беріледі. Үй аптечкасында болатын дәрілер мен құрылғыларды көрсету.
Слайд арқылы термометр түрлері туралы айтылады. Онымен қалай өлшейді, қандай жағдайда өлшейді. Үй аптечкасының қай жерде сақталатыны, балалардың қолы жетпейтін жерде тұруы керектігі айтылады. Алғашқы көмекті қалай көрсету керектігі айтылады. Көрсетіледі. Мектеп медбикесімен бірге дәрігер бөлмесіндегі құралдар таныстырылады.
-
Проблемалық сұрақтар: Адам өзін әлсіз сезінгенде, мазасы кеткенде дене қызуы көтеріледі, қатты тоңады, дәрігерге жолықпас бұрын немесе дәрігер келгенше не істеу керек?
-
дене қызуын өлшейді.
Егер дәрігер көмек көрсетсе, оны қалай атайды? (дәрігерлік)
Егер біз өзімізге, жақындарымызға, досымызға дәрігерлік көмек көрсете алсақ, оны қандай көмекке жатқызамыз? (дәрігерге дейінгі алғашқы көмек). -
Сұйықтық өлшем бірлігі – литр
-
Көліктер немен жүреді? –бензин
-
Солярка қандай көлікке құйылады? – трактор
Жазу құралы – қаламсап
Әуе көлігі – самолет
Ең қиын пән – математика
Хабарласу құралы – телефон
Монитор, клавиатура, тышқан– бұлар- компьютер
Зымыранның орысшасы - ракета
-
-
-
-
Т
Е
Р
М
О
М
Е
Т
Р
-
-
-
-
Термометр – адамның дене қызуын өлшейтін құрал. Ол не үшін керек? Адам ауырып тұрғанын сезгенде, біріншіден, дене температурасын өлшейді. Дене температурасы – адам организмінің жылылық жағдайы.
-
Дене температурасын өлшеу - адам ауырғанда бірінші жасайтын әрекеті, Дене қызуының көтерілуіне бірнеше себептер болады. Дене қызуының жоғары болу - адам организмінде аурудың жүріп жатқанын, асқынып жатқанын көрсетеді.
Мысалы, тамақ ауырып, іскен кезде дене қызуы көтеріледі.
Дұрыс өлшенген және уақытылы өлшеніп, қағазға дене қызуының тұрақтылығы, төмендеуі, көтерілуін анықтау арқылы дұрыс ем жасау жолдары қарастырылады.
Кей жағдайда денесін немесе басын қолымызбен ұстап дене қызуы бар деу көбіне қателік туғызып жатады. Ең нақты температураны көрсететін құрал - термометр -
Ал осы термометрді ойлап тапқан кім? Қай уақытта тапқан екен? Тарихқа көз жүгіртейік. Әр түрлі термометрді қалай пайдалану керек? Оның ішіндегі сұйықтық – сынаптың зияны туралы айтылады. (сынып қалған кезде).
Емдеуші дәрігерлер |
Нені емдейді? |
Терапевт |
Үлкен адамдардың ішкі ауруларын емдейді. |
Педиатр |
Балалардың ішкі ауруларын емдейді |
лор |
Құлақ, мұрын, тамақ |
окулист |
Көз аурулары |
дерматолог |
Тері аурулары |
хирург |
Операция жасайды |
ортопед |
Омыртқа |
невропатолог |
Жүйке аурулары |
кардиолог |
Жүрек |
фтизиатр |
Өкпе |
психиатр |
Психикалық зақымдалуы |
ТЕРМОМЕТР ТҮРЛЕРІ - инфрақызыл термометр, сынапты медициналық термометр, электрондық термометр
Қорытынды.
Үйге тапсырма: «Дені саудың-жаны сау» тақырыбына эссе жазу.
Сынып: 6 «И» Бекітемін______________
Күні: 22 .01.20ж
Сабақ 2
Сабақтың тақырыбы: Оқушының сыртқы келбеті, көркі.
Мақсаты: Білімділік: талғаммен, таза, сәнді киінуге үйрету.
Тәрбиелілік: Шаш үлдгісін, мойын орамалды тағу үлгісін жасай білуге, эстетикалық талғаммен киінуге, аяқ киім, киім тазалығына көңіл бөлуге баулу.
Дамытушылық: ақ киімді өз бетімен тазалауына көңіл бөлу
Түзетушілік: Өзіне-өзі қызмет ете білуге баулу
Көрнекілігі: фотоматериалдар, шаш үлгілері.
Сөздік: келбет, сән, щетка, аяқ киім кремі, сылау, майлау.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: дұрыс күн режимін құру, ттиімді тамақтану ережелері туралы түсінігі болу,- адамның сыртқы көркі мен келбетіне әсері барын ұғыну.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын бақылау, шығармаларын тыңдау.
Жаңа тақырыпты таныстыру. Әр адам әдемі киініп, сәнді бұйымдар тағуды, шашын әдемілеп қойғысы келеді. Ол адамның сыртқы келбеті, көркі әр адамға байланысты екенін айту. Тиімді тамақтану, түрлі спорттық ойындарға қатысу адамның денесін әдемі етіп көрсетеді. Ал сыртқы киім киісі, шаш үлгісі адамның сыртиқы келбетіне көрік береді.
Түрлі киім киген балалар, ер бала, қыз балаларға арналған суреттер интерактивті тақтамен көрсетіледі.
Оқушыларға арналған шаш үлгілері, шашты өру, жинау, тарау, бөліп тарау,, ұзын, қысқа шаштарға сән үлгісінің түрлерімен таныстыру. Оқушы шашына жасалатын шаш үлгілері туралы айту.
Практикалық жұмыс:
Шаш үлгісін жасап көрсету. Өздерінің шаштарын өріп үйрету. Бір бірінің шаштарына сән үлгілерін жасату. Лента, бантты байлауды үйрету. Мектеп оқушысының сыртқы келбетін келтіретін шаш үлгісін жасау.
Рефлексия. Тақырып бойынша білім деңгейін бақылау. Таза, әдемі киініп жүру керек пе? Не үшін керек? Кім үшін керек? Тазалық дегенді қалай түсінесің? Талғаммен киінудің, шашқа түрлі лента, бант тағу мектеп оқушысына неге керек?
Үйге тапсырма: Шашты күтуге арналған құралдардың суретін салу.
38