Материалдар / Алғашқы әскери дайындық 10 сынып Саптық дайындық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Алғашқы әскери дайындық 10 сынып Саптық дайындық

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы әскери дайындық сабағында оқушыларды саптық дайындыққа үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2021
1305
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алғашқы әскери дайындық 10 сынып


Негізгі тараудың аты: 4 тарау. Саптық дайындық.

Сабақтың тақырыбы: Саптық тұрыс, «Саптал», «Түзел», «Тік тұр», «Еркін тұр», «Баскиімді шеш», «Баскиімді ки» пәрмендерін орындау

Сабаққа бөлінетін уақыт: 1 сағат (40-45 мин.)

Сабақтың түрі: Көрсете отырып әңгімелеу.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Оқытулық: ҚР ҚК Саптық жарғысы талаптарына сәйкестендіре бұрылу

элементтерін көрсете отырып үйрету, әмірлердің дұрыс берілуіне

назар аудару.

  1. Дамытулық: Өздіктерінен үлкен айна алдында дұрыс бұрылыстар жасауға

дағдыландыру.

  1. Тәрбиелілік: Саптың талаптарының қатаңдығы мен тәрбиелік маңыздылығын

түсіндіру. .

Пән аралық байланыс : Дене тәрбиесі. Құқық.

Көрнекіліктер: ҚР Конституциясының 15 жыл толуына арналған әскери шеруден

көрініс, бейнетаспа -15-20 мин.

Сабақ өтілетін орын: Оқу кабинеті

Қолданылатын әдебиеттер: 10 сынып оқулығы, деректер. АӘД журналы.

Сабақтың өтілу барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сабақ алдында взвод бойынша саптануы. Взвод

командирлерінің сабаққа қатысушылар мен дайындықтары туралы

баяндамасы. Оқушылардың сыртқы бейнесі (әскериленген киінуі мен

тазалығын, үтіктелуін тексеру, ер балалардың шашы, аяқ киімдерінің

тазалығы, жағалықтары мен

.

2. Қайталау сұрақтары : Сап және оларды басқару. Сап элементтерінің атаулары мен берілетін әмірлері және олардың орындалуы.

3. Жаңа материалмен таныстыру: Саптық тұрыс. «Саптал!», «Түзел!», «Тіктел!»,

«Еркін тұр!», «Жинақтал!» пәрмендерін орындау.

Саптық тұрыс «Саптал!» немесе «Тіктел!» пәрмендері бойынша қабылданады. Осы пәрмен бойынша тығыздалмай, тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшептің сызығы бойынша, оларды табанның еніне қойып түзеу керек

«Еркін тұр! » пәрмені бойынша оң немесе сол аяқтың тізелерін бос ұстап, орнынан кетпей, сөйлеспей еркін тұру керек.

«Жинақтал!» пәрмені бойынша саптағы әз орнын тастап кетпей, қаруын, киімдерін, жабдықтарын түзеу керек. жинақталу бас киімнен басталады.

«Жинақтал!» пәрменінің алдында «Еркін тұр! » пәрмені беріледі.

Бас киімдерді шешу немесе кию үшін «Бас киімді шеш», «Бас киімді ки» пәрмендері беріледі.

Шешілген бас киім күнқағарымен алға ұсталып, еркін түсірілген сол қолға ұсталады.

Қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң, ал қарумен «бауға», «кеудеге», «аяққа» күйінде сол қолмен шешіледі

4. Сабақты қорытындылауға, тақырыпты қамтуға арналған сұрақтар: Орнында және қозғалыста бұрылыстар қалай жасалады? Саптық және жорықтық адымдар қай кезде пайдаланылады? Бұрылу кезіндегі әмірлерді ата және түсіндір. Жекеленген сарбаздар үшін әмірлер қалай беріледі? 5. Үйге берілетін тапсырма: т.6.2 тарау бойынша әмірлерді жаттау, 273- 275 бет.

6. Бағалау.Ескертпелер мен көңіл аударуды қажет ететін сұрақтар:


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!