Алғашқы әскери дайындық сабағы арқылы ер балаларды әскери мамандыққа баулу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алғашқы әскери дайындық сабағы арқылы ер балаларды әскери мамандыққа баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
АӘД сабағы арқылы ер балаларға патриоттық тәрбие бере отырып, әкери мамандыққа оқуға түсуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ш ҚО, Аягөз қаласы

" Қалалық қазақ мектеп-лицей" КММ

АӘД пәнінің мұғалімі:

Казбеков Даурен Бимуратович.









Алғашқы әскери дайындық сабағы арқылы ер балаларды әскери мамандыққа баулу.

Жастардың  және оқушылардың әскери-патриоттық  тәрбиесі – біздің мемлекет қызметінің ең маңызды саласының бірі. Әскери-патриоттық  тәрбие  алғашқы әскери дайындықпен  тығыз байланысты  және төтенше жағдайларда жастардың қорғаныс тәсілдерінің құралдарын, әскери істі меңгеруіне әсер етуі тиіс.

Мектептегі алғашқы әскери дайындық барысында жастар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің даму тарихымен, мінездемесін, ерекшеліктерімен танысады, «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет» туралы т.б.заңдармен, әскери ант пен әскери жарғылардың талаптарын оқып үйреніп, атыс қаруларының үлгілерімен жете танысып, азаматтық қорғанысқа қажетті мәлеметтер мен іс-қимылдарға үйренеді. Мұнымен қатар қыз балалар дәрігерлік - санитарлық іспен айналысады. Мұғалім сабақ мақсатын анықтап, оны жүзеге асыру  құралдарын  іріктейді. Ең алдымен оның мазмұнына көңіл бөледі.

Оқу үдерісінде  оқушылардың бойында Отанды қорғауға дайындық  қалыптастыру жөніндегі  қызметті  тиімді жүзеге асыру   үшін  әр оқу пәнінің  мазмұнында, сабақтар жүйесінде және  нақты сабақтарда дүниетанымдық мұраттар, білім, іскерлік пен дағдылар орын алуы керек.

Әсіресе   әдебиет, музыка, кино, сурет,  шығармашылық  жұмыстың сан алуан түрлері оқушылардың  сезімдеріне   әсер етеді. Сондықтан  оқу үдерісінде  атақты суретшілердің туындылары; шағын музыкалық шығармалардың, азаматтық және  Ұлы Отан соғысы әндерінің  грампластинкадағы және магнитофон лентасындағы жазбалары, зерделетін оқиға  қатысушылардың  естеліктері, іздестіру қызметінің материалдары  қолданған жөн. Барлық осы құндылықтардың оқушылардың санасы мен сезіміне «енуі»   сабақта  шығарамашылық ахуал туғызу, өз жадын адамзат жасаған барлық байлықтармен» байытуға ұмтылу болып табылады.

Дербес, ересек өмірге енердің алдында әр бозбаланың алдында қандай мамандықты таңдау керектігі жөнінде мәселе тұрады. Өз тілегі мен қабілеттерін айқын сезінген  кейбіреулері колледж, кейбіреулері жоғары оқу орындарының  есігін ашады, кейбіреулері мектептен кейін бірден  зауыт пен фабрикаларға жұмысқа кетеді.Жас адамдардың арасында  өз өмірін әскери қызметке арнағысы келетіндер де аз емес.

Жыл сайын мыңдаған сарбаздар мен сержанттар, матростар мен старшиналар, мектеп пен колледж  түлектері офицер мамандығын таңдап, жоғарғы әскери оқу орындарына оқуға түседі. Осы бозбалалардың көбі үшін  алғашқы емтихандар маңызды сынақ, мектеп бағдарламасын терең және жан-жақты меңгерген және әскери оқу орыны туралы түсінігі бар  бозбалалар  емтихандарды табысты тапсырады.

Қазіргі таңда Ішкі істер министрлігінің ведомстволық басқаруында үш жоғары және үш орта кәсіптік оқу орны бар. Олар: ҚР ІІМ Академиясы; Қарағанды және Қостанай заң институттары; Ақтөбе, Семей және Шымкент заң колледждері. Жоғары оқу орындарында мамандар даярлау «Юриспруденция», және колледждерде «Құқық қорғау ісі» мамандықтары бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ келесі жоғары оқу орындарында да әскери мамандық алып шығуға мүмкіндік бар: Құрлық әскерлерінің әскери институты (Алматы қаласы), Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты (Алматы қаласы), Шетел тілдері әскери институты (Алматы қаласы), Әскери-теңіз институты (Ақтау қаласы), Әуе Қорғаныс күштерінің әскери институты (Ақтөбе қаласы).

Кешегі мектеп оқушылары жас жауынгерлер көз алдымызда шыңдалады, жасқаншақ бозбала нағыз кәсіби шыныққан ерлерге айналады, оларға флот пен әскердің тағдырын және оны қорғауды сеніп тапсыруға болады.Жоғарғы әскери оқу орындарының түлектері – іскер және жігерлі офицерлер, жеке құрамның беделді басшылары, біздің қарулы күштерді қайта құрудың сенімді күрескерлері.

Сондықтан мектептегі алғашқы әскери дайындық оқытушылары жоғарғы әскери оқу орындарына түсу үшін оқушыларды іріктеуде  ерекше көңіл бөлуі тиіс. Бұл жұмыстарды  қалалық және облыстық білім бөлімдері мен қорғаныс істер бөлімдері жүргізеді.







 









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1024
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі