400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алгоритм түрлері. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Алгоритм түрлері. 6а сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Мерзімі: 16.11.16ж Пәні: Информатика

Сынып: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм түрлері

Мақсаты:

Білімділігі: алгоритм түрлерімен таныстыру, сызықтық және тармақталған алгоритм құруды үйрету; 
Дамытушылығы: алгоритм түрлерін , сызықтық және тармақталған алгоритм анықтамасын, тармақталған алгоритм шарттарын анықтаудың блок- схема элементін, толық  және толық емес тармақталған блок- сызба құрылымын айыра білу; Тәрбиелілігі: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар алгоритм түрлерімен танысады, сызықтық және тармақталған алгоритм құруды үйренеді.

Ресурстар: оқулық, АКТ, слайд, суреттер, үлестірмелі карточкалар, маркерлер, стикерлер.

Әдіс- тәсілдер: «Тілектер» ,« Билет сұрақтары», «Сұрақ-жауап» , «Жигсо» әдісі, «Бармақ», «Жұмбақ шешу», «Компьютермен жұмыс», «Құлыпты аш» ойыны.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеттері

Оқушының әрекеттері

І. Проблема айқындау (Қызығушылықты ояту, Мотивациялау, Қажеттілік тудыру)

10мин


1) Кіріспе . Сәлемдеседі. Ынтымақтастық атмосфераны «Шаттық шеңбері» арқылы қалыптастырады, оқушыларды жанындағы оқушының бас әріпінен басталатын жылы лебіз айтуды тапсырады, төртбұрыш және ромб фигураларының бірін таңдау арқылы топқа біріктіреді. Смайликтер арқылы оқушының қай деңгейде дайындалып келгенін анықтайды.

Балалар біз бүгін Шымкент қаласынан Астана қаласына EXPO көрмесіне жол тартамыз. Ол үшін біз жолда кездескен кедергілерден өтуіміз керек. Алдымен, пойызға билет алып алайық. Әр оқушы өз деңгейіне қарай билет таңдасын.

Үй жұмысы.

Жалпы вагон сұрақтары (А-деңгей)

1-билет Мына жұмыс түрлеріне сәйкес орындаушыларды ата?

А) аяқкиім жөндеу

В) тісті пломбылау

С) көлікті жүргізу

2-билет

Алгоритм орындаушыларына жатпайтынын көрсетіңдер?

А) жазу үстелі С) ыдыс жуатын машина

В) адам Д) робот

3-билет Төмендегі құжаттың қайсысы алгоритм?

А)техника қауіпсіздік ережелері С) аспаздық рецепт

В)сабақ кестесі Д)сынып тізімі

4-билет Ұсынылғандардың ішінен алгоритм формаларына жатпайтынын көрсетіңдер?

А)сөздік С) графикалық

В)алгоритмдік тілде Д)ағылшын тілінде

Плацкарт вагон сұрақтары (В-деңгей)

6-билет

Алгоритм дегеніміз не?

7-билет

Алгоритмді орындаушы?

8-билет

Кез-келген алгоримт қандай бұйрықпен басталады?

9-билет

Кез-келген алгоримт қандай бұйрықпен аяқталады?

Купе вагон сұрақтары (С-деңгей)

9-билет

Алгоритмді графикалық түрде қалай кескіндейді?

10-билет

Алгоритмнің қасиеттерін ата?

11-билет

Алгоритмді кескіндеу тәсілдері қандай?

12-билет

«Алгоритм» сөзі қайдан шыққан?

13-билет

Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтіріңіз?

Ал енді, осы билеттерімізбен пойызға мініп, орындарымызға жайғасайық.

«Сұрақ -жауап» әдісімен алгоритм түрлеріне мысал келтіру арқылы арқылы жаңа сабаққа ой қозғайды.


1) Кіріспе.Сәлемдеседі. Ынтымақтастық атмосфераны «Шаттық шеңберін» құрады. Оқушылар жанындағы оқушының бас әріпінен басталатын жылы лебіздерін айтады. Мысалы: Сабина сыпайы бол, Нұрдәулет нұрлы бол т.с.с. Төртбұрыш және ромб фигураларының бірін таңдап, төртбұрыш 1-топқа «Сызықтық алгортим» тобына, ромб 2- топқа «Тармақталған алгоритм» тобына бірігеді.

Оқушылар қай деңгейде дайындалып келгенін смайликтер арқылы білдіреді. Үй жұмысы. Оқушылар деңгейіне қарай билет таңдап, «Билет сұрақтарына» жауап береді.































«Ой қозғау» арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады

ІІ. Проблема шешу

(Операционалдық кезең: материалмен танысу, оны игеру, сол бойынша жұмыс жасау, мағынаны ашу)

20мин

Балалар, біз Астанаға жеткенше жаңа тақырыпты меңгеріп алайық. «Алгоритм түрлері» тақырыбына қысқаша ақпарат беріп өтемін.

Балалар біз қазір «Тараз бекетіне» келіп тоқтадық. Ары қарай жүру үшін біз мына тапсырманы орындауымыз керек екен:

« Жигсо» әдісі арқылы тақырып бойынша мәлімет жинақтауды тапсырамын:

3-тапсырма

І топ. Сызықтық алгоритм

ІІ топ. Тармақталған алгоритм

Топтық тапсырма: Шымкенттен Астанаға жету алгоритмін құрыңдар.

1-топ Сызықтық алгоритммен, 2-топ Тармақталған алгоритмде сөздік алгоритм түрінде құрамыз.

«Бармақ» әдісі арқылы екі топ бір-біріне кері байланыс беруін ұсынамын.

Сергіту сәті: «Жұмбақ шешу»

Қане балалар, мына жасырылған жұмбақтарды үш тілдегі нұсқасымен шешейік.


1.Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар  көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын

(тышқан – мышка – mouse)

2.Қанша тетік тізілген
Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды
Компьютерге енгізген

(пернетақта – клавиатура –  keyboard)

3.Барлық сурет, мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жерін де
Компьютерден өшірген

(мәтіналғы – сканер – scanner)

4.Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.

(басып шығарғыш – принтер – printer )

5.Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады.

(меңзер – курсор – mouse pointer)

6.Өзі темір, жаны жоқ.
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан.

(компьютер – компьютер – computer)


Балалар біз қазір «Қарағанды бекетіне» келіп тоқтадық. Ары қарай жүру үшін біз мына тапсырманы орындауымыз керек екен:

Компьютермен жұмыс

Paint графикалық редакторын ашыңдар

І топқа

Сызықтық алгоритм блок-схемасын салыңдар.

ІІ топқа

Тармақталған алгоритм блок-схемасын салыңдар.



«Жигсо» әдісі арқылы тақырып бойынша мәлімет жинақтайды , жариялайды, көрші топтардың пікірімен танысыды, өз ойларын , пікірлерін айтады.


Топтар берілген тапсырманы орындайды. «Бармақ» әдісі арқылы екі топ бір-бірінің жұмыстарына кері байланыс береді.




Оқушылар берілген жұмбақтарды үш тілде нұсқасын айту арқылы шешеді.






























Берілген тапсырманы топпен компьютерде орындайды.


ІІІ. Проблема шешімін қорытындылау (білгенін ортаға салу, қандай ой, пікір, әсер туындағанын талқылау, талдау, қорытындылау)

10мин


Міне Астана қаласына да келіп жеттік, енді EXPO көрмесіне кіру үшін біз мына құлыпты ашуымыз керек.

«Құлыпты аш» ойыны

1.Алгоритм дегеніміз не?

2.Алгоритм түрлері қаншаға бөлінеді?

3.Алгоритм командаларының басталуы мен аяқталуын көрсету үшін қандай түйінді сөздер қолданылады?

4.Шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайтын алгоритм ?

5.Командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм?

6.Шартты тексеру блок схемада қандай фигурамен таңбаланады?

7.Тармақталған алгоритмнің қандай түрлері болады?

8.Тізбектеле орындалатын алгоритм қалай аталады?

Үлгерімі төмен оқушылар үшін кеңейтілген тапсырма (жеке жұмыс)

1-тапсырма

Paint графикалық редакторын іске қосу алгоритмін жаз

2-тапсырма

Үй жұмысын орындау алгоритмін құр

3-тапсырма “Кестені толтыр”

Дарынды оқушылар үшін кеңейтілген тапсырма (жеке жұмыс)

4-тапсырма

72 санына келтірілген төмендегі алгоритмнің нәтижесі қандай?

Басы, 21-ді қос, 75-ті алып таста. Егер алынған нәтиже 10-нан кіші болса, онда 15-ті қос, ал егер 10үлкен болса, 2-ні алып таста. Нәтижені жарияла. Соңы. (Келтірілген алгоритмге блок-сызба құрыңдар.)

5-тапсырма

10санына келтірілген алгоритмнің нәтижесі қандай?

Басы, 5-ті қос, нәтижені 2-ге көбейт. Алдыңғы бұйрықты 2рет орында. Алынған нәтижені 3-ке бөл. Егер алынған нәтиже 130-дан кіші болса, онда 5-ті алып таста. Нәтижені шығар. Соңы

Жарайсыңдар балалар, міне біз барлық кедергілерден өтіп, EXPO көрмесіне де келіп жеттік. Яғни, біз мақсатымызға жете алдық. Шымкентен Астанаға жету алгоритмін орындай алдық!

Оқушылар «құлып сұрақтарын» өздері таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.















Дарынды және үлгерімі төмен оқушылар өздеріне берілген тапсырманы жеке орындайды.

ІV.Бағалау. Рефлексиялық-бағалау кезеңі:

3мин

Бағалау: оқушылардың не үйренгендігін айқындайды, рефлексия тудырады.

Оқушыларды мадақтайды. Бағалайды.

V.Кері байланыс.

1мин

« Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс береді.


Оқушылар өз ойын жазып, сенім ағашына іледі.

VI.Үйге тапсырма.

1мин

Алгоритм түрлері (сызықты және тармақталу алгоритмдеріне мысал есептер шығарып, блок-схемаға салу)

Оқушылар күнделіктеріне жазады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
625
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі