Материалдар / Алгоритмді программалау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алгоритмді программалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика сабағында қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
3592
29 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.5 – Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Күні:

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы

Алгоритмді программалау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.2 – программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компоненттерін білу және қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін:

программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компоненттерін біледі;

Оқушылардың басым бөлігі үшін:

программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компоненттерін қолдана алады;

Кейбір оқушылар үшін:

программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компоненттерін қолдана отырып, программа құра алады (C/C++, Python, Delphi, Lazarus).

Бағалау критерийі

Программаны өңдеуде компоненттерді ажырата алады.

Программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында жұмыс жасай алады.

Программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компоненттерін саралап, программа құра алады (C/C++, Python, Delphi, Lazarus).

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика мен терминология:

Алгоритм – Алгоритм – Algorithm;

Программалау – Программирование – Programming;

Программалау тілі – Язык программирование – Language programming;

С/C++ тілі – язык С/C++ – ­­­­language С/C++;

Блок-сызба ­– блок-схема ­– block-diagram.

Құндылықтарға баулу


Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

Экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі осыған тікелей байланысты.

Біздің басты міндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-индустриялық кластерді дамыту. Сондықтан елімізде ғылым саласының шешуші реформалары, білім беру жүйесін жаңғырту жүргізілуде, техникалық және кәсіби мамандарды даярлаудың жаңа тиімді жүйесі жасалды.

Пәнаралық байланыс

Математика, ағылшын тілі, орыс тілі, сызу, бейнелеу өнері

Алдыңғы білім

Алгоритм құрады. Программалау тілдерінің жіктелуін біледі. Cызықтық, тармақталу, кіріктірілген шарттарды, құрама шарттарды программалай алады.



Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


18 мин








































































































Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)



Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Қара жорға» би-жаттығуы.

Интернеттен «Қара жорға» әні іздестіріледі. Интерактивті тақта арқылы бүкіл сынып оқушыларына музыкалық ырғақ арқылы әсемдік пен бұлшық еттерінің дамуы мен дене сымбатының дұрыс өсуіне ықпал етеді.




Топқа біріктіру (2мин)



(Ұ.) Топқа біріктіру. «Мозайка» тренингі арқылы «Программа», «Алгоритм» деген сөздерді құрастырып, топқа топтастырылады.

Жасырылған парақтардағы әріптерді біріктіру арқылы 2 топ болып топтасады.





Үй тапсырмасын сұрау (6 мин)



(Ұ.) Үйге берілген тапсырманы сұрау, қайталау. «Ғажайып жетілік» әдісі (интелектуалдық ойыны). Өткен сабақты еске түсіре отырып, әр топ кезек-кезек сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін пысықтайды.

Оқушылар интерактивті тақтадағы 1-7 сандардың артында тұрған жасырынған сұрақтарға жауап береді.



Бағалау критерийі

Дескриптор

ҚБ

Алгоритмді құрастыруды біледі

Алгоритмнің шығу тарихын біледі

1 Смайлик

Алгоритмге анықтама береді

1 Смайлик

Алгоритмнің қасиеттерін атай алады

1 Смайлик

Алгоритмді жазу мен берілу тәсілдерінің түрлерін ажырата алады

1

Смайлик

Блок-сызба дегеніміз не екенін және қанша топқа бөлінетінін біледі

1 Смайлик

Алгоритмдік тіл мен программалық тілді ажырата алады

1 Смайлик

Программаның құрылымы қандай болатынын біледі

1 Смайлик




Тақырыпты ашу (Проблема) (7мин)



(Т.) «Ребус» әдісі. Оқушылардың қызығушылығы мен зейінін сабаққа аудару, сабақтың тақырыбын мен мақсатын анықтау мақсатында топқа 2 ребус салынған плакаттар ұсынылады.

Топ бойынша берілген плакат бойынша ребусты шешеді, жауабын параққа жазады.

Әр топ басшысы топ мүшелерінің ойларын қорытындылап жеткізеді.

Жауаптары:

1-топ – Программалау;

2-топ – Алгоритмді.

Тақырып аты: Алгоритмді программалау.



(Д.) «БББ» әдісі. Табылған жауап бойынша әр топ мүшесіне таратылған БББ әдісінің қағаз парақтарының «Білемін» бөлігін толтыру арқылы талқылау ұсынылады. Топ оқушылары әр қайсысы өз ойларын айтып, ортаға салып, мысалдармен дәлелдей алады.



Білемін


Білдім

Білгім келемін














Интерактивті тақта, интернет, колонка

















Әріп қиындылары бар парақшалар











Интерактивті тақта, слайд

































































Плакат, А4 парағы, фламастерлер



















БББ әдісі бойынша қағаз таратылады



Сабақтың ортасы

(19 мин)







































































































Оқушыларға сараланған тапсырмалар:



Барлық оқушылар үшін:



(Т.) Алгоритмді қалай программалауға болады?

ДЖИГСО әдісін қолдану арқылы топта жаңа ақпаратты өзара оқыту мен түсіну үшін



Шығармашылық жұмыс

(Д.) Ғаламтордан алгоритмді ауызша, графикалық түрде сипаттаудан программалау тілінде жазудың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар туралы ақпарат қараңыздар.



Бағалау критерийі

Дескриптор

ҚБ

Алгоритм мен программа ұғымдарына анықтама береді.

Алгоритм анықтамасын біледі

Shape1

Программа ұғымының анықтамасын біледі

Shape3 Shape2

Алгоритмді қалай программалауға болатынын түсіндіре алады

Shape6 Shape5 Shape4

Алгоритмдік тіл мен программалық тілді бір-бірінен ажырата алады.

Ғaламтордан іздеп таба алады

Алгоритмді ауызша, графикалық түрде сипаттаудан программалау тілінде жазудың қандай артықшылықтары бар екенін түсінеді

Алгоритмді ауызша, графикалық түрде сипаттаудан программалау тілінде жазудың қандай кемшіліктері барын екенін анықтай алады





Оқушылардың басым бөлігі үшін:



Мына берілген псевдокод арқылы алгоритм бойынша С/С++тілінде программа жазыңыздар.



Алгоритмдік тіл

С/С++ тіліндегі программа

Алг көбейтінді

бер а, Р

басы

Р:=1

a:=0

цб

әзір а<=20

P:=P*a

a:=a+2

кц

шығару Р

соңы




Бағалау критерийі

Дескриптор

ҚБ

Программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компоненттерін қолдана алады.

Программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компоненттерін қолдана алады

Жақсы

Программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компоненттерін қолдана отырып, нәтиже алады

Керемет



Кейбір оқушылар үшін:



(Д.) «Алтын сандық» әдісі. Оқушылар алдын-ала дайындалған қоржыннан жеке-жеке тапсырмаларын алып орындайды:

Берілген төрт таңбалы санның арифметикалық цифрларының қосындысын тауып, табылған санның жұп, не тақтығын анықтайтын программа құрыңыз (C/C++, Python, Delphi, Lazarus).



Бағалау критерийі

Дескриптор

ҚБ

Алгоритмді қалай програмалауға болатынын үйренді.

Берілген тапсырма бойынша дәптерге алгоритм құра алады

2 жұлдыз

Берілген төрт таңбалы санның арифметикалық цифрларының қосындысын таба алады

3 жұлдыз

Берілген төрт таңбалы санның арифметикалық цифрларының қосындысын тауып, табылған санның жұп, не тақтығын анықтай алады

4 жұлдыз

Берілген төрт таңбалы санның арифметикалық цифрларының қосындысын тауып, табылған санның жұп, не тақтығын анықтап нәтижеге қол жеткізеді

5 жұлдыз



Кері байланыс: оқушылар алдарында жатқан 3 түсті парақшалар арқылы бүгінгі сабақты түсіну деңгейін көрсетеді (ақ - түсінікті, қара - түсінбедім, сұр – түсініксіз жайттар болды).



















Компьютер, ғаламтор























































































































































Алдын ала дайындалған қоржын, тапсырмалар, компьютер, дәптер, қалам











































































Ақ, қара, сұр түсті дөңгелек парақшалар

Сабақтың соңы

(3 мин)




Рефлексия:

БББ әдісі бойынша қағаз таратылады.

  • Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша нені түсінді;

  • БББ кестесі бойынша таратылган қағаздың үшінші «Білдім», «Білгім келеді» кестесін толтырады.

Білемін

Білдім

Білгім келеді






Таратылған парақтарды толтырып береді; сабақ басындағымен салыстырамын, сол бойынша алдағы сабақты жоспарына кірісемін



Үйге тапсырма беріледі: 8.5. Алгоритмді программалау тақырыбын оқу; А, В, С деңгейіндегі тапсырмаларды орындау.



БББ әдісі бойынша таратылатын парақшалар



















Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?





Саралау тапсырмаларын оқушылардың деңгейлеріне байланысты таңдап алдым.

Осыған орай әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар таңдалып алынды. Белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, сатылап келесі тапсырмаға жетелеп отырдым.





Дескрипторлар арқылы әр тапсырманы қаншалықты деңгейде меңгергенін біліп отыру үшін, әр тапсырмадан соң, Блум таксономиясының деңгейлеріне байланысты түстермен белгілеп, оқушыларды сол деңгейдің түсімен формативті бағалап отырамын. Сабақ соңына қарай, қай оқушы қай деңгейге келгендігін сонда анық көремін.

Сабақта негізінен практикалық тапсырмалар көп орындалатындықтан, «Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі»-нің, Дербес компьютермен жұмыс кезінде тармағына жіті мән беремін.









Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!