Материалдар / "Алғыр алтау" сыныптан тыс іс-шара 3-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

"Алғыр алтау" сыныптан тыс іс-шара 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал сыныптан тыс іс-шараларды өткізгенде пайдалы. Бұл материал 3-сыныпта өткен тақырыптарын қайталауға ынғайлы. Оқушыларға қызықты болады деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2018
757
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Алғыр алтау

Мақсаты:

1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.

2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

3. Тапқырлыққа, ұтқырлыққа баулып тәрбиелеу.Жылдамдық пен алғырлыққа үйрету.

Көрнекілік:  Интербелсенді тақта, презентация.

Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

 Ойын барысы:

І. Ұйымдастыру.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі «Алғыр алтау» интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер! Сайысымызда 3 сынып оқушылары қатысады.

Ойынға 6 оқушы  қатысады.

Ойын ІІІ айналымнан тұрады.

1. Белес

2. Өткел

3. Асу

Ойын ережесімен таныстыру.

Ойынды бастамас бұрын, әр оқушы өзін таныстырып кетсін. Болашақтағы  ұстанымын, өзіне ұнайтын, сүйіп оқитын пәндерін айтып кетсін.

Енді әділ бағалап отыратын әділқазылармен танысып отырайық:

1.Тәрбие ісінің меңгерушісі:Рахметова А.Е.

2. Еңбек пәнінің мұғалімі: Кулиман апай

3.Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі:Корпетаева С.С.




Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

І -айналым «Белес »

Бұл айналымда он сұрақ қойылады. Сол сұрақтар дұрыс немесе бұрыс екенін анықтайсыздар. Оны сіздер егер дұрыс болса жасыл түсті, бұрыс болса қызыл түсті көтересіздер.

Сұрақтары:

  1. Қосымша екіге бөлінеді.

  2. Баскетболда қақпаға гол соғады

  3. Қазақстанда 18 облыс бар.

  4. Бала дүниеге келгенде жасалатын ырым- тұсаукесер.

  5. 3 + 2 + 5 =10

  6. Көктемде ағаштар бұршақ жарады.

  7. 1991 жылы ғарышқа ұшқан ғарышкер Тоқтар Әубәкіров.

  8. Қожаның досы –Сұлтан.

  9. Алтын адам табылған жер – Отырар.

  10. Мектеп – кеме, білім –көл.


ІІ айналым «Өткел»

Бұл айналымда 10 сұрақ қойылады. Сол сұрақтарға екі жауап беріледі. Нақты жауабын табу керек. Алдарыңыздағы 1, 2 сандарын жауабына сәйкес көтеріп көрсетесіздер.10 ұпай беріледі.

  1. Ән (түбір, туынды)

  2. Жазушы (түбір, туынды)

  3. Ұлт (түбір, туынды)

  4. Ұлттық (түбір, туынды)

  5. Әнші (түбір, туынды)



  1. Ертіс (өзен, көл)

  2. Зайсан (өзен, көл)

  3. Іле (өзен, көл)

  4. Балқаш (өзен, көл)

  5. Шу (өзен, көл)

  6. Алакөл (өзен, көл)

ІІІ айналым «Асу»

Бұл кезеңде сөз айтылады сөл сөзге тән сөзді табасыздар.

  1. Екпе (емхана, дәріхана)

  2. Университет (оқушы, студент)

  3. Нұрғиса Тілендиев (композитор, ақын)

  4. Жыр (термеші, әнші)

  5. Құлын (жылқы, сиыр)

  6. Таң (оятқыш, сызғыш)

  7. Зымыран (ғарыш, мұхит)

  8. Тонна (салмақ, ұзындық)

  9. Теннис (ракетка, кий)

  10. Мұнай (жанармай, газет)

  11. Әріп (математика, әліппе)

  12. Жарық (күн, түн)

 

Қорытынды: Құрметті оқушылар осымен біздің «Алғыр алтау» интеллектуалды сайысымыз аяқталды. Қатысып, өз бақтарыңызды сынағандарыңызға көп рахмет. Алдағы уақытты осындай сайыстардан қалыс қалмай қатысып жүріңіздер. Еліміздің болашағы білімді ұрпағында демекші білімді азамат болып өсіңіздер.























Атығай жалпы орта мектебі













Интеллектуалдық сайыс





Тақырыбы: «Алғыр алтау»



3-сынып



















Жауапты: Карамсакова А.Т.





2017-2018 оқу жылы

Shape1

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!