Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әліппе сабақтарында оқушылардың ұсақ қол моторикасын дамыту
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мигрант балаларға білім беру: түсіну және үйрету
Біз барлығымыз бір ауамен тыныс аламыз, бір аспан
астында өмір сүреміз және бір жерде жүреміз. Ұқсамау,
басқаша болу-бұл кемшілік емес. Әлемнің алуан түрлілігі-
бұл біздің толыққанды өмір сүруге деген ортақ құқығымыз.
Н. Г. Осухова, М. Р. Битянова зерттеулері бойынша, біз инклюзивті білім беру мәселелері туралы айтқан кезде, біз ең алдымен ерекше балалар, мүмкіндігі шектеулі балаларды еске түсіреміз. Бірақ баланың ерекшелігі басқа факторлармен байланысты болуы мүмкін, мысалы, баланың басқа мәдениет өкілі (мигрант, оралман балалар, саны аз ұлттар) балалар. Аутист баланың алдында қоғамға бейімделу міндеті тұрса, мигрант балалардың алдында да дәл сондай міндет тұрады.Олар үшін жаңа және кейде түсініксіз өмір ережелеріне бейімделу басты міндет болып саналады. Әр бала өмірінің әртүрлі кезеңдерінде, әлеуметтік мәселелерге байланысты қиын өмірлік жағдайға тап болуы мүмкін және сәйкесінше әр түрлі дәрежеде көмек пен қорғауды қажет етеді. «Сыртқы әсерлердің немесе ішкі өзгерістердің кесірінен баланың өмірге бейімделуінің бұзылуы пайда болады, нәтижесінде олардың өмірлерінің өткен кезеңдерінде қалыптасқан мінез құлықтары мен өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру қиынға түседі».[1]
Мәжбүрлі көші-қон кезінде қатты қиынға соғатыны адамның әлеуметтік бейімделуі: бір табиғи және әлеуметтік қоршаған ортадан басқа жерге ауысуы, көптеген табиғи антропологиялық байланыстарды үзіп, жаңа жерде жаңа байланысқа түсуі. Босқындардың балалары ата-аналарының, жақындарының өліміне куә болған жағдайларда, қатты психикалық жарақат алады. Ал бәріміз білетіндей жан дүниесіне қатты әсер ететін оқиғалар баланың есінде ұзақ уақыт сақталатын терең із. Мұндай балалар, психологиялық күйзеліске түскен болса , кейін оның зардаптарынан жапа шегуі мүмкін.Қиын жағдайда қалған балаларға өз бетінше қиындықтан шығудың қолайлы жолдарын табу оңайға түспейді. Осы фактіні ескере отырып, әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеудің көмегі арқылы қиын жағдайға тап болған балаға көмек көрсетудің орынды жолдарын болжау мен анықтау керек. Осыдан шығатын баста мақсат баланың өмірі мен тәрбиесі үшін ең оңтайлы жағдайлар жасаудың жолдарын іздестіріп, ортаға бейімделуі үшін көмек көрсету.
Мигранттардың ерекше қажеттіліктері
Қазақстан Республикасында Мигранттардың, оралмандардың балаларының білім алуына қол жеткізуді қамтамасыз ету тұрақты түрде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Республикада білім алуға конституциялық құқық қамтамасыз етіледі. Мигрант балаларға ерекше білім беру көзқарас идеясы мүлдем қисынды емес сияқты көрінеді: олар, керісінше, жаңа мәдениетке ену, жалпы ережелерді меңгеру керек, бұл жерде қандай ерекше білім беруді қажет ету жайында айтуға болады? Әрине, баланың қабылдаушы қоғамның құндылықтары мен нормаларын игерместен әлеуметтік-мәдени бейімделуі мүмкін емес.«Осы ретте мигранттардың бейімделуінің сәттілігі олардың өздерінің мәдени құндылықтарынан бас тарту және басқа мәдениетті толық қабылдау емес, әртүрлі құндылық жүйелерін, жаңа нормалар мен ережелерді игеру арқылы екі мәдени ортаны біріктіру мүмкіндігі және жеке тұлға ретінде қалыптасу» [2]. Мигрант баланың алдында қиын міндет тұрады: жаңа мәдениеттегі өмір ережелерін түсіну және қабылдау, басқа мәдениет пен нормалары арасында тепе-теңдік сақтау арқылы жаңа сәйкес нормалар құру. Сонымен қатар, оның бейімделу кезінде кездесетін қиындықтары бұл процесті айтарлықтай қиындатады. Әрине, бұл мәселенің айқын шешімі бар: мигрант балаларды бөлек оқыту, оқушылар үшін қазақ тілі ана тілі болып табылмайтын сыныптар құру . Алайда, бұл жағдайда, ерекше балалар жағдайындағыдай, әлеуметтенудің қиындауы салдары болуы мүмкін, қабылдаушы оқушылармен байланыстың азайюы, тек өз мәдениет өкілдермен қарым-қатынас жасау секілді қиындықтарға алып келеді.Бұл жағдайда қандай әлеуметтік мәдени бейімделу туралы айтуға болады.
Ең оңтайлы шешім ол мигран балалар мен қабылдаушы тараптағы балаларды біріктіріп оқыту.Сонымен қоса осы тұста мигрант балалармен жұмыс мүмкіндігінше нәтижелі болады: бірінші тараптан, интегративті оқыту арқылы баланың жалпы ережелер мен нормаларды игеруіне бағытталған болса, екінші жағынан инклюзивті, жеке көмек көрсету жұмыстары атқарылады. Алайда, мигрант балалар бірқатар сипаттамалары бойынша біртекті емес топ болып табылады: тіл, дін, әлеуметтік мәртебе, мәдени орта бойынша әр тарап. Олардың білім беру қажеттіліктерінің ерекшелігі де бірқатар факторлармен анықталады: Ана тілі, өмір тарихы, еліндегі жағдай, оқу тәжірибесі. Сондықтан біртекті емес оқушылармен көмек көрсету нұсқалары олардың білім беру қажеттіліктерінің ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Қажеттіліктердің бес сипаттамасы
Біз белгілі бір баланың нақты қажеттіліктерін анықтауға және дамытуға көмектесетін бірқатар кеңестерді ұсынамыз. Бұл модель күш - жігерді үнемдеуге және балаға артық жұмыс жасатпай-ақ қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен, мигрант баланың ерекше білім беру қажеттіліктерінің сипаттамаларын бес тобқа бөлеміз: тіл, негізгі білім, эмоционалдық күй, әлеуметтік дағдылар, мәдени ережелер мен нормалар. Біз ерекше білім беру қажеттіліктерінің әр тобын талдаймыз және оларға білім беру мекемелерінің көмек беруі мүмкін жолдарын белгілейміз.[4]
Тіл
Қазақ тілінің екі маңызды функциясын дамыту қажет. Бір жағынан, тіл-сыныптастарымен және мұғалімдерімен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін байланыс құралы. Екінші жағынан – тіл білім берудің маңызды құралы болып табылады оның барысы мен қарқынына әсер ететін негізгі фактор.Тіл қиындықтарын диагностикалау қиын жағдайлар туғызады. Мысалы, бала Молдова тілінде оқыды, ал үйде орыс тілінде сөйлейді. Ол Қазақстанға қоныс аударады және қазақ тілінде оқуға мәжбүр, бұл ол үшін жаңа мәселеге алып келеді: жаңа тілді өмірлік жағдайға ауыстыруға тура келеді және жаңа лексиканы игеру керек болады. Мұнда көмек ретінде қазақ тілінде қосымша сабақтар болуы мүмкін, логопедпен және психологпен сабақтар, сабақта жұмыс істеудің арнайы әдістері (мысалы, егер бала қазақ тілін бұрын үйренбеген болса, тапсырманы орындау уақытын ұлғайту тиімді әдіс болады)
Білім және жалпы хабардарлық
Егер мигрант бала бұрын басқа елде оқыған болса, ол пәндерді көбінесе әртүрлі бағдарламалар негізінде білім алған, ал кейбір пәндерді мүлдем оқымауы мүмкін. Мысалы, әртүрлі мемлекеттердегі Математика бағдарламалары айтарлықтай ерекшеленеді, ал әр елдің тарих пәні бағдарламалары өте ерекше : Сегізінші сыныпты бітірген бала Ресей мектебінде Қазақ емес, Ресей тарихын оқыды. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін білім деңгейі немесе бағдарламалардағы айырмашылықтары мектеп жасындағы балаларға сияқты өте қатты қиын емес, алайда, жалпы хабардарлық, фольклор, ертегілер , ойындар, сондай-ақ қазіргі балалар субмәдениетінің элементтері сәтті бейімделу үшін өте маңызды. Қолдау стратегиялары ретінде бірнеше әдістерді пайдалануға болады: жеке оқу жоспары, қосымша сабақтар, сабақта оқытудың және білімді бақылаудың арнайы әдістері. Бастауыш мектеп жасындағы балаларға көмек көрсету кезінде ата-аналармен жұмыс істеу үлкен маңызға ие: кітаптарды таңдау және бірге үйде оқу, мультфильмдер және кинофильмдерді бірлескіп қарау және кейін оны бірге талқылау.
Эмоционалды күй
Мигрант балалардың эмоционалды жағдайларын зерттеу тәжірибесі олардың көбінесе сенімсіздік пен оқшаулану жағдайы болатынын көрсетеді . Егер бала көші-қону жағдайын бастан кешірсе, әсіресе мәжбүрлі көші-қону, ол белгілі бір дәрежедегі психологиялық жарақат алуы мүмкін. Кейбір жағдайларда мұндай балаларда өздерін мойындау қажеттілігінің қанағаттанбауымен байланысты күшті эмоционалды реакциялар (мысалы, бұрынғы мектепте ол өте жақсы оқыса және жаңа жерде оқу қиынға соғады). Сәтсіздік жағдайы немесе бейімделу қиындықтарының нәтижесінде балаларда қорғаныс реакцияларының болуына әкеліп соғады: оппозиция, басқалар алдында маңыздылығының жойылуы, агрессия. Бұл жағдайда балаға психологпен жеке жұмыс көрсетілу керек. Қолдау үшін маңызды ресурс эмоционалды қиындықтар жағдайында мигрант оқушы үшін қосымша білім беру жүйесі бар. Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жүргізуде жас ерекшеліктеріне байланысты табысты жағдайларды (Баланы өз жасынан кіші сыныпқа орналастыру) қалыптастыруған болады.
Әлеуметтік дағдылар
Бұл саладағы қиындықтарды екі типтік топқа ажыратуға болады . Біріншіден, табысты оқу және әлеуметтену үшін қажет әлеуметтік дағдыларының болмауы (қалыптаспауы) , (мысалы, бала бұрын-соңды болмаған сынып бойынша кезекшілік етуді білмеу, топта жұмыс істемеу). Екіншіден, әдеттегіден өзгеше әлеуметтік дағдылардың болуы (айталық, бала құрдастарымен арасындағы жанжалды отбасы мүшелерін араластыру арқылы шеше алады, бірақ бұл жағдайды келіссөздер арқылы қалай шешу керектігін білмейді). Әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру үшін үлкен маңызға ие сабақтан тыс жұмыс және қосымша білім беру, кіші мектеп жасындағы оқушылары үшін рөлдік ойындар және драмалық терапия элементтері де нәтеже береді[3].
Мәдени ережелер мен нормалар
Бұл топтар нақты білім беру қажеттіліктері мен отбасының білім беру жүйесінен күтеті ерекшеліктерімен байланысты (мысалы, ата-аналар баланың өздерін тыңдағанын, тәртіпке бағынғанын қалайды, ал мектепте оларды тәуелсіздікке, еркін әрекет жасауға дамытуға тырысады), отбасының мәдени нормалары мен ережелерінің өзіндік ерекшелігімен бала (айталық, көптеген Кавказ мәдениеттерінде тазалық жұмысы –қыз баланың жұмысы деп санайды, сол себепті сыныпта ұлдар кезекшіліктен бас тартады ). Басқа этномэдени ортада тәрбиеленген бала жаңа білім беру ортасына түскенде, бұл, ең алдымен, жаңа ережелер жүйесін меңгеру қажеттілігін тудырады. Бұл жағдайдың күрделілігі, көп жағдайда мұғалімге бұл ережелер әдеттегідей болып көрінеді. Мұғалім "үлкендерді құрметтеу керек" десе, ол үшін оның бұл талапқа салған мағынасы айқын, алайда басқа этномәдени ортадағы бала бұл құрметті басқаша түсінуі мүмкін. Басқа балалар сияқты өзге мәдениет ортасында тәрбиеленген бала, мектеп өміріне қатысу арқылы, және ересектермен қарым-қатынас жасау барысында жаңа мәдениеттің құндылықтары мен ережелерімен танысады. Тек мәдениетті тасымалдаушы бала үшін бұл оның құндылықтары және олар отбасында көрсетілгенге азды-көпті құндылықтармен сәйкес келеді, ал мигрант бала үшін бұл жағдай күрделене түседі: жаңа ережелер түсініксіз, айқын емес болуы мүмкін, олар үйде үйретілгеннен мүлдем өзгеше болуы мүмкін. Бұл топтың білім беру қажеттіліктері ең қиын болып табылады және олар көп еңбекті қажет етеді, ең алдымен, ата-анасымен және баланың өзімен кеңесу жұмыстарын жүргізу керек.Сонымен қатар өз мәдениетінен бастартпай, жаңа ережелер мен нормаларды ұштастырудың жолдарын бірге талқылануы керек.Бұл тұрғыда ата-аналрмен тыңғылықты жұмыс жүргізілуі қажет.
Қорытынды
Бұл мақаладағы негізігі алға қойылған мақсат тек денсаулығында ақаулары бар балалармен ғана емес, әлеуметтік жағдайларға байланысты білім беруді, қолдау мен түсінуді қажет ететін балалардың өмірі мен тәрбиесі үшін ең оңтайлы жағдайлар жасаудың жолдарын іздестіріп, ортаға бейімделуі үшін көмек көрсету. Осы мақсат негізінде олардың қажеттіліктерін бірнеше топ бойынша жіктеп көрсету арқылы, негізгі туындайтын мәселерді мысалға ала отырып, олардың шешудің жолдарын ұсына алдым деп ойлаймын.Көбінесе Мигрант балаларда кездесетін психологиялық және педагогикалық тұрғыдан туындайтын кедергілерді шешуге көңіл бөлу болашақта қоғам тұрғысынан кең ретте қозғалып, басқа да оңтайлы жолдар мен әдістер пайда болады деген үмітпен бұл мәселені қозғауды ұйғардым. Әлемдік жағдайлардың әр түрлілігі балалардың толық қанды өмір сүруі мен жеке тұлға ретінде қалыптасыуына кедергі болмауы керек деп ой қортындылағым келеді. Мүмкіндігі шектеулі балалармен бірге әлеуметтік жағдайлырға байланысты қолдауды қажет ететін балалар біздің қоғамда бар - бұл шындық! Және әрбір ата-ана өз баласының дамуы қалыпты балалармен бір қатарда көргісі келеді. Сондықтан, инклюзивті білім беруді жүзеге асырушы, ата - ана арманын жүзеге асырушы - біздер, ұстаздар!
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Н. Г. Осухова [1]
Г. Солдатов [2]
М. Р. Битянова [3]