Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әліппемен қоштасу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Қош, сүйікті Әліппем!»
Әліппемен қоштасу
ертеңгілігі.
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған
білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру
және өзін-өзі басқаруға үйрету.
Көрнекіліктер: Шарлармен
безендіру,слайдтар, нақыл
сөздер.
Жүргізуші мұғалім:
-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар!
Бүгінгі «Қош, сүйікті Әліппем!» атты мерекемізге қош келдіңіздер!
Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі
отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі
болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған
Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр.
-Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім
өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сонымен «Қош,
сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігіміздің кейіпкерлерін 1 «А, Б»
сынып оқушыларына қол соғып, қошемет
көрсетейік.
Мұғалім: Балалар,мен сендерге бір сұрақ қояйын....
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не ?
Оқушылар: Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: Олай болса,бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырамыз.
Әліппе: (Әліппе әнін айтып кіреді)
- Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Әліппеге арналған тақпақтар:
Еркебұлан:Рахмет саған,
Әліппе!
Көп нәрсені
үйреттің.
Таныстырып
әріппен,
Тақылдатып
сөйлеттің.
Камила:Бар кітапқа бас
болған
Әліппе - ғылым
анасы.
Әліппеден
басталған
Даналықтың
данасы.
Расул:Келгенде алғаш
мектепке,
Білмеуші едік
әріпте,
Оқимыз қазір
ертекте,
Үйреткен оны
Әліппе!
Ерке:Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерге.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Шыңғыс:Әліппе-білім бұлағы,
Әліппе –өмір шырағы.
Әліппе-білім көзі,
Әліппе – мұғалімнің асыл сөзі.
Томирис:Әке-шеше атын сен
Бізге үйреттің әліппе.
Бізге нағыз жақынсың
Сенен білдік әріпті.
Салауат:Келгенде алғаш
мектепке
Білмеуші едік
әріпте.
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны
«Әліппе».
Аяулым:Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің қасиетті әліппем.
Сенің арқаң, оқи, жаза аламын.
Сауатты адам санатына кіргенім.
Ән: «Әліппе»
Мұғалім: Ерте, ерте
ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі
қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар
тұрыпты. Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің
қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк
үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті. Мұны көрген Әліпби «Мен осы екі
үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып,
араластырыпты. Сөйтсе, ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей
жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөзден сөйлем пайда
болыпты.
Қазақ тілінде қанша әріп
бар?
(42)
4. У дыбысы қандай
дыбыс?
(Дауысты да, дауыссыз
да)
5. 2 дыбыстан тұратын әріптерді
ата
(ю,я,ё)
6. Дыбыс бермейтін
әріптер
(ъ айыру белгісі, ь жіңішкелік
белгісі)
Дыбыстар неше түрі бар?
(дауысты, дауыссыз дыбыстар)
Дауысты дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?
Дауыссыз дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?
Сөз неден
құралады?
(Буындардан, дыбыстардан,
әріптерден)
Ендігі кезекті осы әріптерге берейік.
Аружан:
Алфавитті үйрендік,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Әкежан:
А Еркежан:Атыраудың айдыны,
Алтай таудың айбыны.
Астанамыз - Астана,
Алматымыз - бас қала.
М Хасан: Мұғалім, мектеп,мекеме
Молда, мешіт, меккеде
М-әрпінен басталар
Мемлекет-мекен сөзі де.
Ғ Гүлім: Ұқсайды өзі
шалғыға
Елестет көз
алдыңа,
Қане, ойланып
табайық
Болды екен бұл қай
әріп?
Ж Абылай:Түн шымылдық
ашқаннан
Жымыңдайтын
аспаннан.
Көп шырақты
жұлдыздар
Ж әрпінен
басталған.
Қ Малика: Қаздан көре
аласың
Қағаздан да
табасың
Байқамасаң
анықтап
Үш екен деп
қаласың.
Й Мансұр:Ай, тай,
май,
Шай, жай, сай,
Ой, той, қой,
Сөз соңында кілең «Й»
Аты оның - «қысқа й»
Ө Айзере: Өрікте сөздің
басында
Бөрікте б - ның
қасында.
Бұл қай әріп
көріңдер,
Енді айтып
беріңдер.
Е Нұрәли:«Е» әрпінің үстіне
Екі нүкте қойғанда,
Қандай әріп шығады?
Жауабын айт, ойлан да.
Н Асия:Н әрпінде – екі тіреу,
Ортасында басқыш біреу.
П Ерсін:Әр үйде бір қақпа бар,
П - аумаған тап солар.
Т Сағыныш:Т – кәдімгі телеграф бағаны,
Кейде оған ұқсатасың балғаны.
Р Амир:Р әрпі жылқышының құрығындай,
Қарашы, құрыққа ұқсап тұруын-ай.
Ә Аяна:Таныстырар әріппен,
Мынау кітап әліппең,
Әліппе деген аты оның
Басталған ә әрпінен.
Ш Сұлтан:Ш әрпін айтсақ жасырмай,
Үш аша айыр басындай.
БАяулы:қызықтырып әркімді,
Суда жүзер жалтылдап.
Б әрпінен басталған
Сол жүзгіштің атын тап.
Ы Амерлан:Ф-ның екі көзі бар,
Футбол деген сөзі бар.
І Айгүлім:Ірімшікті жедің ғой,
Тәтті екен дедің ғой.
Ірімшіктің атауы
І әрпінен басталған.
Щ Алмас:«Щёткамен тазарт тісіңді»
Деп ағам маған бұйырды
Ақтан:О – кәдімгі
дөңгелек
Кетпесін ол
дөңгелеп.
Мұғалім:
- Рахмет, балалар! Міне, біз әліппені аяқтадық. Осы оқулықтан біз өз Отанымыз туралы көп оқып білдік. Ендігі кезекте Отанымыз туралы білгенімізді ортаға салайық.
- Балалар, біздің Отанымыз қай мемлекет?
- Біздің елбасымыз кім?
- Біздің еліміздің елордасы қай
қала?
- Астана қаласының
символы не?
- Рәміздерді білесің бе?
- Біз қай облыста тұрамыз?
- Ендеше Отан туралы қандай әндер, өлеңдер үйрендік, соны ортаға салайық.
Әсел:Отан- сенің ата-анаң
Отан-досың бауырың
Отан-өлкең, астанаң
Отан-аудан,ауылың
Диас:Отан-тарих, Отан –тіл
Жасаған ерің, ер халқың
Отан-өлең, Отан-жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Еңлік:Отан осы достарым
Көңілге мұны түйе біл.
Отан деп өс,жас қауым,
Оны ардақтап,сүйе біл.
Ән: «Отан»
Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан әліппені бітірдік.
Камила: «Әліппе»даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
Еркебұлан:
Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып.
Жақын тарттың өзіңе
Шәкіртім деп қуанып.
Томирис:
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан басталғанын түсіндім.
Малика :
Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі-әңгімені де өз бетіммен оқитын болдым. Осы үшін ұстазыма көп рахмет!
Абылай: Біз көп нәрсені – кітап оқуды, өлең жаттауды, ән айтуды, сурет салуды үйрендік. Осы үшін ұстазыма көп рахмет!
Ән: «Мұғалім ол біздің»
Әліппе:
Менің сендермен қоштасатын уақытым таяп қалды. Сендерге де рахмет балалар! Өздеріңдей тәртіпті, оқуға ынталы балалардың талабына қуанамын. Енді білімдеріңді жалғастырып, әрі қарай білімді болу үшін Ана тілі кітабымен таныстырайын. Ана тілі, мында келші!
Ана тілі:
Сәлеметсіздер ме балалар?
Туған елдің тілімін
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.Балалар,енді
бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Ынта қойып оқысаңдар көп
нәрсеге үйренесіңдер.
Әліппе:
Әр сөзімді жаттаған,
Балалар үшін мақтанам.
Рахмет айтып, шаттанам,
Риза болып аттанам.
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман есен болыңдар!
Ән:
«Рахмет саған,
Әліппе!»
Мұғалім:
Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға
ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізейік.
Ортаға 5 ата-ана шыға қойсын. Манадан бері балалар әріптердің сырын
ашуға тырысты. Ендігі кезек сіздердікі. Мен қойған сұрақтарға тек
оң қолыңызды көтеріп жауап бересіздер.
Ой ұшқырлығына құрылған
есептер
Ата-аналарға қойылатын
сұрақтар
1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы
2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта
отырмайды және ұшпайды.)
2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында
одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр?
(Үйеңкіде алма өспейді)
3.Тақта алдында 3 бала
тұр.Олар:Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай
қалай шетке тұрғызуға болады?
4.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы
бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1
қыз)
6.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың
аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (
1 тауық, 2 бұзау)
7. Екі адам қалаға келе жатып жолда тағы 5
ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (2
адам)
Мұғалім: Рахмет сіздерге, құрметті
ата аналар! Қазір балаларыңыз сіздерге өз алғыстарын айтып, әндерін
арнайды.
Хасан: Алфавит сыры
Ерке: «Мен кішкентай баламын»
Мен кішкентай баламын,
Айтқан тілді аламын.
Апам нанға кеткенде
Үйде ойнап қаламын.
Шкафтарды ашпаймын,
Кітаптарды шашпаймын.
Текшелерден үй жасап
Қызық ойын бастаймын.
Қарындашты аламын,
Қағазға сурет саламын.
Ән: «Ақ мамам»
Мұғалім:
Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» ертеңгілігіміз аяқталып келеді! рұқсат Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін және Әліппені аяқтағаны жөнінде сертификат табыстау үшін мектеп директорын шақырамыз. (Әліппені бітіргендері үшін куәлікті тапсыруға рұқсат етіңіздер.)
Куәлікті тапсыру.
Ата-аналар арасында ортаға шығып сөз сөйлеймін деушілерге сөз
кезегі беріледі.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
«Әліппеге мың алғыс!» әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.
Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру, алма ағашы.
Кейіпкерлер:ханзада,ханшайым,алма ағашы,
Жүргізуші мұғалім:
-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Әліппеге мың алғыс!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі,бірі әзірге жалғызы,ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр.
-Ендеше,кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!Сонымен «Әліппеге мың алғыс!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз!
-Ерте,ерте,ертеде бір жаһанда «Әліпби» атты ел болса керек.Бұл елде ханзада мен ханшайым ұзақ жылдар өмір сүріпті.Содан екеуі елдің орта шетіне көшет отырғызады. Оны күтіп бағады. Күтім жақсы болған алма ағашының тамыры кеңге жайылып,көкке шарлап өседі.Алайда ханзада мен ханшайымның алма ағашына көңілдері толмайды. Өйткені оның себебі де бар еді. Ал ол қандай себеп екен?
Ханзада: Е,ханшайым,біз отырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенмен неліктен жеміс бермейді?
Ханшайым: Ханзада,мұның да бір себебі болар-ау!
Алма ағашы: Уа, ханзада мен ханшайым,маған күн шуағы жеткілікті,суда бар.Бірақ жемістерім жоқ,неге екенін өзім де түсінбеймін.
Ханзада:Иә,солай шығар!Оның сырын тезірек ашу керек қой. Неліктен бүгін орман іші тып-тыныш?
Ханшайым:Бұл сұрақтың сырын сиқыршы қыздан сұрап көрейік.
Cиқыршы қыз: Бұл орманда неше жылдан бері ешқандай кеш,ешқандай сабақ өтпейді. Сол себептен осы ормандағы тіршілік есінің бәрі ұйқыда
Ханшайым :Онда оларды оятайық.Сен оған көмектесші.
«Ертегілер әлемі». Сиқыршы қыз ормандағы тіршілік иелерін оятады.
(Сахнада жайлы әуен ойналады. Ортаға Әліппе шығады)
Әліппе
Армысыздар,жас достар!
Армысыздар ата-ана.
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың
Айтары көп әріптің
Қуанышы халықтың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп.не білдік.
Қане.ортаға салайық!
-Амансыздар ма.ханзада мен ханшайым. Мен мұнда 40 әріп пен 2 таңбамды ертіп келдім.ендеше олар сізге көмек беріп қалар.
-Менің әр әрпімнің сыры бар.Іші толып толған ғажап.Қазір өздері де таныстырар.
(Әр әріп өздерін таныстырған сайын ағаш жеміс бере бастайды)
А әрпі:Ата,зейін салдың ба?бар әріптің алдында,
Неліктен А тұрады?
Деп бір күні сұрады?
Атам менің сауатты
Былай берді жауапты
Ата,ана,ақыл,ар,адам
А дан басталар,содан шығар құрбаным,
А ның алда тұрағаны.
О әрпі: Кәдімгі дөңгелек,ал Ө одан сәл бөлек,
Мұны да сал ерінбе,белбеуі бар белінде.
Т әрпі:
Көз тоқтатып бір қаралық,
Т тұрған әріп,Қоңыз секілді біреуі,
Біреуі аумаған үйдің тіреуі.
Н әрпі:
Қос тақтайға көлденең,бір тақтай қағылғанын,
Дедік көріп бұл деген,тақтайдан салынған,Н
Жүргізуші:Ханзада мен ханшайым міне,көрдіңіздер ме,Әліппенің арқасында алма ағашымыздың жеміс бергенін.Қандай сөз шықты? ОТАН
Ханшайым:Керемет! Ағашымымыз бірнеше жемісін берді. Әліппе,сізге көп рахмет!
Ханзада :Әріптер,көп-көп рахмет! Бізге үлкен көмек бердіңдер Әліппе,сенің әріптерің енді «Әліпби» елінің тұрғындар болсын. Алма ағашын да бірге қарап,жемісін бірге жемейміз бе?
Жүргізуші:Әліппе,біздің балалар,сізге ризашылығын,рахметін айтқысы келеді.
(Балалар тақпақтарын айтады)
Қыркүйекке келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып.
Қарсы алды ұстаз мейірмен
Қадамымды құп алып.
Бар білімнің бастауын
Әліппеден бастадым.
Үйренуге талпындым
Құлшынып балғын жас жаным.
Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым.
Көк байрақты қазақтын
Ұрпағымын,сәнімін.
Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте.
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны «Әліппе».
Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып,әріпке.
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе.
Әліппе: Барлық әріп бағалы
Сөзге тірек болады.
Жетелеймін білімге
Мені сүйген баланы.
Балалар,мен бүл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын.Жай
келмедім.Өзімнен бастау алатын,өздеріне даңғыл жол салатын жаңа
достарың «Ана тілін» шақыра келдім.
Ана тілі: Көңілді дауыстарыңды естіп келдім.Бұл балалар қандай өнер
көрсетеді екен деп, ойланап та келдім.Ал, балалар өнерге кезек
беріндер.
Әліппе: төрт айы не оқып не үйренгендеріңді ортаға
салыңдар.
1. «Қайдан келдің,бауырсақ? » Диолог.
Дастарқанда шашылып,жатты аппақ бауырсақ Бауырсаққа қызығып,қарап тұрып көзін сап,
Қуыршақ: Қайдан келдің бауырсақ?
Бауырсақ: Дүкеннен келдім нан сатқан.
Қ: Дүкенге келдің қай жақтан?
Б: Наубайдан келдім нан жапқан
Қ: Наубайға келдің қай жақтан?
Б: Диірмменнен келдім ұн тартқан.
Қ: Диірменге келдің қай жақтан?
Б: Даладан келдім кең жатқан?
Жер анам,меніәң көсілген,
Диқандар мені өсірген,
Арғы тегім ақ бидай
Тәттімін жеп көр.
Жесең өзің байқарсың?
Рақметіңді айтарсың
Айырылмас дос болайық,
Адамға достық лайық!
Менің атым-бауырсақ,
Сенің атың- қуыршақ.
2. Әріптерді атау.
3. Суреттердің ішінен үш буынды сөздерді атау.
4. «Жалғастыр»ойын .Т дыбысынан басталатын сөздерді атау
5. Өрнектердің мәнін табу.
2+2= 7- 6= 5+2= 10-3=
8-4= 0+5= 3- 3= 1+1=
Сұрақ жауап:
1. Біз қай Республикада тұрамыз?
2. Балаларға арнап алғаш мектепті ашқан кім?
3. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
4. Қандай әріптердің дыбысы жоқ?
5. Неше дауысты дыбыс бар ?
Әліппе:Тағы қандай өнерлерің бар?
Би «Түрік биі»
Би «Қамажай»
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым ағасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Әліппені алап қолыма
Білімнің аштым есігін.
Ақ ниет тілеп ,жолыма
Жазылды тұңғыш есігім.
Іші толы әріпке
Мынау әйбат Әліппе!
Барлық ілім білімнің
Әжесі осы Әліппе.
Ыстық әрбір беттерін
Жазуынды ұғамын.
Ақыл бердің Әліппе
Ақылды сен мұғалім.
Үйретті бізді әліппе
Қырық екі дербес әріпке.
Сөз,сөйлем құрап әріптен
Лайық болдық дәріпке.
Ән : «Әліппе»
Білімге жолды бастаған
Әліппем саған,мың алғыс!
Оқы деп ұран тастаған
Әліппем саған, мың алғыс
Хор: Әліппем саған, мың алғыс
Қош бол,құтты «Әліппе»
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
Қош бол құтты Әліппем!
Тіл тұсауын кестін сен.
Аяулы анам болып сен
Айыбынды кештің сен.
Хор: Қош бол,құтты «Әліппем»!
Әліппе:
Айналайын балғындар
Рахмет айтып,шаттанған.
Риза болып аттанып
Сізге айтар сөзім бар.
Оқуда зейінді болыңдар
Еңбекке бейімді болыңдар.
Ақ жол болсың, балаларым
Кір шалмасың қабақтарың.
Оқығандарың есте болсың,
Күнделіктерің беске толсын.
Енді сендердің жолдастарың
«Ана тілі» болсын.
Барлығы: «Қош бол, Әліппе»!
Ана тілі:
Ақыл ойын дананың
Ана тілден аласың
Ана тілін ардақты
Ақ сүтіндей ананың -
тілегін айтып балаларға «Ана тілі» оқулығын таратады.
Мұғалім: Балалар,сендердің «Әліппені» жақсы меңгеріп оқуларына ата
аналардың,әжелердің қосқан үлесі көп. Кәне бәріміз бірге рахмет
айтайық.
Хор: Аналарға мың алғыс!
Мұғалім: Құрметті ата аналар, сіздер де оқушылармен бірге
төрт айы әліппені оқып үйрендіңіз.Қазір сіздерді де тексеріп
қөрейік, қалай әліппені меңгердіңіз.
1. Балаңыздың бірінші жаттаған тақпағын айтып беріңіз.
2. Алдарыңызда балалардың көшіріп жазған тақпақтары жатыр.Өз
балаңыздың жазғаның табыңыз.
Құттықтау сөз ата аналар мен келген ұстаздарға беріледі.
Мұғалімнің тілегі:
Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы әрқашан мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.
Осымен бүгінгі 1 сыныбында өткен «Қош бол, құтты Әліппе» атты
ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп
рахмет
Әліппе:Рахмет,балалар!Әріптердің бәрін таныпсыңдар! Енді,сауатты жаздырып,мәнерлеп оқытатын Ана тілін оқитын боласыңдар! Ал,қош болыңдар! Әрдайым биіктерден көрініңдер!
Хормен:Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиеттті Әліппем!
Жүргізуші: Ханзада мен ханшайым,енді біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз!
Келген бізге қонаққа,
Биші балдар алыстан.
<