Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№36 қазақ орта мектебі бастауыш
сынып мұғалімі
Избасарова Айсулу Канатовна
(Патша сарайының уәзірлері мен
ханшайымдары ертегілер әлемінің табиғатын тамашалап
келеді.)
1-уәзір: Уа. Уәзірлер, қараңдаршы!
Үлкен мереке болғалы жатыр ғой деймін, көп қонақтар
отыр.
2-
уәзір: 1-сыныпта үлкен қуаныш екен,
«Әліппемен қоштасу ертеңгілігі болады» деп
естідім.
3-
уәзір: Ой, неге тұрмыз, патшамызға
хабарлайық!
Ханша: Уәзірлер, қараңдаршы! Осында патшамыз да келе
жатыр.
Уәзірлер: Патшамыз, төрлетіңіз,
отырыңыз.
Патша: Уа, уәзірлерім, ертегі
әлемінде не болғалы жатыр?
1-уәзір:Қымбатты патшамыз, бүгін
1-сыныптың ертегілер еліне келіп ән айтып, би билейтінін, Әліппемен
қоштасатынын, сауаттарын ашып, әріп танып алғандарын ұзынқұлақтан
естідік.
Патша: Не дейді? (Ашуланып
қолындағы алтын таяғын 2-3 рет қатты ұрып) -Осыны ұйымдастырған кім
екен, шақырыңыз!
Уәзірлер: Құп, тақсыр! (Екі уәзір
ұйымдастырушыны қолдарынан жетектеп ортаға патшаға
әкеледі)
Патша : -Менің рұқсатымсыз неге
Әліппемен қоштасқалы жатырсыздар ?
Ботагоз:1- жүргізуші:
Иә, білім патшасы, кешіріңіз.
Сіз бүгін бізді тоқтата алмайсыз. Менің достарым сіздің еліңіздің
барлық әріптерін танып, біліп, үйреніп, жазып оқу алатын жағдайға
жетті. Осы қуанышымызды мына жұрттың алдында паш етеміз. Одан да
ашуыңызды басып 1 «А» сынып оқушыларының өнерлерін тамашалаңыздар.
Мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Патша: -Жарайды , онда рұқсат
берейін, өнерлеріңді көрейін.
Нурсултан:
2- жүргізуші: Рахмет, білім патшасы!
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Естімеген естіңіздер,
Тыңдамаған тыңдаңыздар.
Қазір бізде «Әліппе тойы» басталады.
Ботагоз:
1-жүргізуші:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға..
(оқушылар кіреді)
2 –жүргізуші: Нурсултан
Армысыздар аналар,
Бармысыздар балалар,
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр, әніміз!
1 -
жүргізуші:
Ботагоз
Армысыздар, құрметті ұстаздар!
Ардақты ата-аналар !
2-жүргізуші:Нурсултан
1 «в» сыныбы оқушыларының
«Әліппеге рахмет !» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер
!
1-жүргізуші: Ботагоз
Міне, бүгін біз барлық
ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі - Әліппені бітіріп
отырмыз.
2-жүргізуші: Нурсултан
-
Достар, білім алу үшін ең алғаш қайда келеміз?
-
Мектепке
1-жүргізуші: Ботагоз
Мектеп туралы қандай мақал – мәтел білеміз?
-
Мектеп – кеме, білім – теңіз / Ділмұхаммед/
-
Мектеп – білім ордасы /Дильназ/
-
– жүргізуші: Ендеше, «Мектебім» әнін орындап жіберейік.
1 – жүргізуші:Нұрсұлтан, бүгінгі Әліппе сабағын кім бастайтынын білесің бе?
-
– жүргізуші: - Білемін, Айсулу апай.
-
– жүргізуші: - Жоқ, қателестің? Бүгінгі Әліппе сабағын тіл бастайды.
Тіл: Тілімізде неше әріп бар? – деген сұрақпен бастады бүгінгі сабағын.
Қ.: - Қырық екіміз? – деп қопаң ете қалды.
Ш : - Иә, саған ... – деп міңгірлеп қарсы шықты. – Қырықпыз.
Қ: - Жоқ, қырық екіміз.
Ш: Қырықпыз.
Тіл жай басып, Ш – ның жанына келді. Кекілінен сипады.
Тіл: Неге олай дедің?
Ш: ъ (айыру белгісі) мен ь (жіңішкелік белгісі) бізге қосылмайды.
Тіл: Себеп.
Ш: Олар мылқау.
Сол кезде ъ (айыру белгісі) мен ь (жіңішкелік белгісі) қорс – қорс жылап отырады.
Тіл: Не болды?
Ж: Мыналар ғой. Оларды шет қақпайлап жүр.
Тіл: Не дейді?
Ж: Дыбысқа жатпайсыңдар, біздің арамызда неғып жүрсіңдер? – дейді.
Тіл: Біреуді өйтіп кемсітуге болмайды. Олар да әріпке жатады. Дыбыс болып таңбаланбайтыны рас. Алайда, әркімнің қабілетіне қарай лайықты қызметі болады. Дауыссыз дыбысқа қызмет ететін боласыңдар. Олардың жіңішке айтылуын қадағалайсыңдар, ажырату қызметін атқарасыңдар.
Ь,Ъ: - өмірде лайықты өз орның болғанға не жетсін!
Тіл: Жеке жүріп береке таппайсыңдар. Біріксек қана құдіретті күшке айналамыз. –
Қане, қалай бірігеміз?
М: Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстар бірігіп буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрайды.
Тіл: Осылардың бәрін қайдан білдіңдер?
Оқушылар: Әліппе оқулығынан.
Мұғалім: Олай болса балалар, Әліппе оқулығын ортаға шақырайық.
Оқушылар: Әліппе, Әліппе, Әліппе
Ортаға Әліппе оқулығы шығады.
Әліппе:
Армысыздар , жас достар!
Армысыздар, ата –ана !
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім-көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық !
1 - жүргізуші:Балалар,
Әліппеге арнаған өлеңдерімізді айтып
берейік.
Жаннұр:
Қолыма кітап тигеннен,
Таудай болып үйге енгем.
«Анашым», - деп жазуды
«Әліппеден» үйренгем.
Маржан :
Әріптің біліп қанығын,
Өмірдің көрдім анығын.
«Әке», - деп те жазуды
«Әліппеден» таныдым.
Жайнагүл:
Жаттап өсіп өлеңді,
Білем қазір көп әнді.
«Әліппеден» үйрендім
«Рахмет!» -
дегенді
Дильназ
Б:
Білем байтақ даланы,
Білем үлкен қаланы.
«Әліппеде» бәрі тұр,
Білем жақсы
баланы.
Алдаберген:
Әсем ою өрнекпен,
Көмкерілген Әліппем.
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп пе ем.
Тагир:
Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып саған жүреміз,
Сүйікті біздің әліппе.
Айсана:
Шеше аламын жұмбақты,
Ажыратам жан – жақты,
Білім беріп «Әліппем»,
Жүрегіме шам жақты.
Динара :
Қолымнан мен тастаман,
Артық көрем басқадан.
Барар жолды білімге
«Әліппеден» бастағам.
Диас:
Неткен ғажап көрікті ең,
Көп нәрсе ұқтым әріптен.
Бастап берген білімді,
Қош боп тұр, менің «Әліппем!»
Ән:
Әліппе
Ботагоз:
-Достар, біз 42 әріпті түгел
жаттап алдық. Оқуды , жазуды үйрендік. Әліппемен қоштасу тек біздің
ғана мектепте ғана емес, бүгін біздің еліміздің мыңдаған балалары
«Әліппе» кітабын бітіргендерін
мерекелеуде.
2 -
жүргізуші: Әліппеден өткен әріптер
туралы қандай өлеңдер білеміз ?
Бақыт:
Алфавитің «А» тұрады басында ,
Маржан:
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында
Фарида:
Байқайсың ба «Б» тұрады үшінші
Ал, осының сыры неде ?
А-деген ол аналар ғой ардақты,
Ә-деген ол әкелер ғой салмақты
Б-деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі
Хормен:
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
1 - жүргізуші: Әріптер туралы жұмбақ жасырамын. Қане, кім тапқыр?
екенін байқайық.
-
Әріппін мен дөңгелек,
Кетем сайға дөңгелеп. / О /
-
Екі қазық қақтым,
Беліне жіп тақтым. /Н/
-
Өркешіне түйенің
Ұқсағанды сүйемін. /М/
-
Сұлумын ба, қандаймын.
Жаңа туған айдаймын!/ С /
-
Тіктеп қойсаң – балғамын,
Бірақ та жоқ салмағым. / Т/
-
Қайсы әріппін ал, қара
Ұқсап тұрмын балтаға. / Г/
-
Екі бүйірімді таяндым,
Қайсы әріппін аяулым? / Ф/
Ән: Әліппем
-
Біздерд і Әліппемен достастырған кім?
-
Ол – ұстаз.
-
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,-деп Абай атамыз айтқандай , 42 әріпті үйретіп, білімге жетелеген алғашқы ұстазымызға алғысымызды айтып, әнімізді арнаймыз.
-
Әбілмансұр Достастырған өзіңмен
Ұстазыма мың алғыс.
Иландырған сөзіне
Қамқоршыма мың алғыс.
-
Асар Ата – анаңнан кейінгі
Екінші адам өмірде.
Бала бол деп зейінді
Мейір құйған көңілге
Тәрбиелі білікті
Ол ұстазың сүйікті.
-
Томирис Р Көрсетіп бізге әз үлгі,
Шырқатып асқақ, наз үнді.
Үйреттің бізге ең алғаш,
Әріпті қалай жазуды.
-
Гүлназ Салмақты әрі ұстамды,
Жан – жақты әрі ықпалды.
Үйреттің бізге ең алғаш,
Қаламды қалай ұстауды.
-
Томирис Өмірді әсем тануды,
Қосу мен сан, алуды
Үйреттің бізге ең алғаш
Суретті қалай салуды.
-
Сұлтанбек Болсын деп бізді білімді,
Шарлаттың небір қиырды.
Үйреттің бізге ең алғаш,
Отанды қалап сүюді.
ӘН: Жарқын жүзді ұстазым
Ботагоз: Біз Әліппенің арқасында жазу
жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз, сөйлем құрауға дағдыландық.
Ендеше Әліппеге не деуіміз керек ?
Хормен:
Әліппеге рахмет !
Ділмұхаммед :
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
Әліппе:
-Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын, сау
болыңдар !
Хормен:
Қош, қош Әліппем!
Мұғалім:
-Міне біз белгілі білім еліне саяхат жасап, білімімізді көрсеттік.
Әліппені оқу барысында ата-аналардың қосқан үлесі өте мол. Бақытты
балалық шағы үшін, ата-аналар сіздерге көп рахмет !
Мұғалім :
Енді «Сиқырлы
дорба» ойын
ойнайық.
Би:
Ботагоз:
Біз 1 «А» сынып оқушылары
-Нені үйрендік ? /
Ботагоз/
1. -Оқуды
2- Жазуды
3- есеп шығаруды
4- ән айтуды
5- би билеуді
6- үлкенді сыйлауды
7- кішіге қамқор болуды
8- елімізге жақсылық
жасауды
Біз нені ажырата білеміз ?
/ Нұрсултан/
9-
жақсылық пен жамандықты
10- ақ пен қараны
11- арамдық пен
адалдықты
Біз нені сүйеміз ? /
Ботагоз/
12- Отанды
13- ата-ананы
14- халқымызды
15- достарымызды
16- ұстазымызды
17- мектебімізді
Біз кім боламыз ? /
Нұрсултан/
адал азамат, - ақылды ару, -
оқымысты ғалым
Хормен : елін сүйген ер «боламыз»
Мұғалім:
Қымбатты балалар ! Мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен
құттықтаймын. Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ,
сендерді бір-біріңмен достыққа , мектеп ережелерін орындайтын
тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген
сапарларың сәтті болсын. Тәуелсіздігіміз баянды болсын
!
Жиналған қауым таң қалсын
Ән бимен шашу шашылсың
Мың бұралған Жаннұр
Бименен кешті жалғасын.
2.Көрініс:
Дүниеде не ақылды?
Дүниеде біздің қызыл сиыр ақылды.
Қалай ша?
Өйткені ол күнде кешкісін іздетпей өзі келеді.
Мен бүгін ешкім жауап бере алмаған мұғалім сұрағына жауап бердім.
Бәрекелді ол қандай сұрақ?
Сабақты кім оқымай келді? –деп сұрады.
Мен,мен деп қол көтердім.
Абылай , маған қаламынды бере тұршы, үй тапсырмасын жазып алайын.
-Өзіңдікімен неге жазбайсың?
-Менің қаламым жаман, қатені көп жібереді.
-Сен неге формаңды киіп келмейсің?
-Ылғи формамды киіп жүрсем, басқа киімдерімді қалай тоздырам?
Үй жұмысы:
Үй жұмысын неге орындамағасың Нұрлан?
-Орындадым.Кешке дейін ағаш жарып, су тасыдық.
Құлақ:
-Құлақ не үшін керек?
-Есту үшін...
-Дұрыс..
-Ал, мұрын ше?
-Ұйықтағанда пысылдау үшін керек.
Күн:
-Самат, күн ашық болғанда төбеңнен не көресің?
-Көк аспанды, Күнді, бұллты.
-Ал, ауа райы бұзылғанда нені көресің?
-Жаңбырға ұстайтын шатырды.
Бұлт:
-Бұлт деген не?
-Ой, соны да білмейсің бе, ол трактордың түтіні ғой.
«Әліппе»
1.Әліппе, әліппе
Алғашқы әріппен
«Ана» деп қазір біз
Жазуға әзірміз.
2.Әліппе, әліппе,
Екінші әріппен
«Бала» деп қазір біз
Жазуға әзірміз
3.Әліппе, әліппе,
Талай бір әріппен
«Отан» деп қазір біз
Жазуға әзірміз.
Мектебім
1.Ашық жарқын жүзін,
Ұстазымның көзі
Мейірімі төккен
Аялайсын бізді.
Қайырмасы:
Әріптерді танып,
Білімге біз қанып
Мол сырынды ұқтық
Жанға ляззат алып
2.Сен болмасан мектеп
Мақсатқа кім жеткен
Қойынында өстік
Қызғалдақтан көктеп
Қайырмасы:
Қоңырау
1.Сыңғыр-сыңғыр қоңырау,
Сыңғырлаған көңіл-ау.
Алып-ұшып жүректер,
Гүлге толды омырау.
2.Қоңыраудың жаңғырған,
Тәтті әуені ән-думан.
Әлдилеген әсем үн,
Біз бақытты балдырған.
Тақырбы:Әліппем менің Әліппем.
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнінен игеру барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата-аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін-өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Түрі: Ертеңгілік
Көрнекілігі:Әліппе макеті ,Ыбырай Алтынсариннің портреті, шарлар, рәміздер, мақал-мәтелдер, сандық.
Барысы:
-Құрметті, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар, бүгін сіздер 1-сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына қалам ұстап, әріп таныған оқулығы « Әліппемен» қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар, Қош келдіңіздер дей отырып, мерекемізді бастайық.
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тартатын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға!
Мектеп вальсі
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Жүргізушілер: Солдатхан Аян мен Уйгарды Харашаш.
Харашаш :
Өлшеулі ар-намысы халқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың.
Армысыздар, аяулы ұстаздарым,
Сенері сендерсіңдер халқымыздың!
Аян:
Өмір берер ертеңгі бағаларын,
Әліппемен қоштаспақ бүгін балаларың,
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,
Қош келдің, әкелер мен аналарым!
Харашаш: Аян:
Әліппе Білім бұлағы,
Әліппе Өмір шырағы
Әліппе Білім көзі,
Әліппе Ұстазымның сан айтқан ақыл сөзі
Харашаш: Олай болса «Әліппем, менің Әліппем » атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Аян: Құрбым, мына күй екеуіміздің мектепке қалай келгенімізді есімізге түсіретін сияқты.
Харашаш: Иә, 1 қыркүйекте бәріміз кіп-кішкентай болып, қорқа-қорқа мектеп есігін ашып, алғаш ұстазымызды көріп, мектеп табалдырығын аттағанымыз есімде.
Аян: Алғашқы қоңырау кім соғып еді?
Харашаш: Мен соқтым емес пе?!
Аян: Сол қоңыраудың үнін сабақ арасында күнде естіп жүрміз біз.
Харашаш: Бұл біздің мектептегі ең естен керпес кездеріміз ғой.
Харашаш: «Мектебім » әнін қабыл алыңыздар!
Аян: Сыныптас достарымызға жұмбақ жасырсақ қайтеді?
Харашаш: Жасырайық.
Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан?
Оқушылар:
Болашаққа жол бастар,
Ол сүйікті Әліппе.
Харашаш: Олай болса, бәріміз қымбатты досымыз Әліппені ортаға шақырайық.
Оқушылар: Әліппе,Әліппе,Әліппе!
Әліппе әнімен ортаға Әліппе шығады.
Ән: Әліппе
Әліппе: Жамила
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар ата –ана !
Болашаққа жол ашар,
Әліппе келді ортаға.
Білім деген ғаламның,
Әіппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім-көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Мұғалім:
Рақмет әліппе.Енді балалардың білімін байқайық.. Ортаға келіп отырыңыз.
Ендеше Әліппеге арнаған өлеңдерімізді айтып берейік.
Мерей:
Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Басқа оқулық доспаспақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Акниет:
Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат, танып, сауатымызды ашқан әліппені бітірдік.
Аслан:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертек те,
Үйреткен оны Әліппе.
Аяулым:
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе!
Мейрамбек:
Алғаш рет өзіңнен,
Білім алды балалар.
Оқу сырын өзіңнен,
Біліп алды балалар.
Медет:
Мынау менің Әліппем,
Көгілдір туым түсіндей.
Ақылшы жақын досымдай,
Қымбатты маған кісімдей.
Бірінші беттен елімнің.
Елтаңбасын таныдым.
Көк байрақты қазақтың
Ұрпағымын, сәнімін.
Жібек:
Бізді үйреткен білімге жалықпастан.
Рахмет ұстазыма көзімді ашқан.
Біз-шәкірт, біз –Отанның болашағы,
Білімнің басқышына қадам басқан.
Мейрамбек:
Алғаш ретөзіңнен,
Білім алды балалар.
Оқу сырын өзіңнен,
Біліп алды балалар.
Аян:
Көлге айналған бұлақтың,
Қайнар көзің көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың
Басы болар Әліппең.
Мұғалім:
Ал балалар бүгін біз екі топқа бөлініп білімімізді сайысқа саламыз.
1-топ « Алғырлар » тобы
2-топ « Тапқырлар» тобы
Ал, балалар айтыңдаршы, қазақ тілінде қанша әріп бар?
Оқушылар: 42 әріп бар.
Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?
Қазақ тілінде қанша дауыссыз дыбыс бар?
Мұғалім: Әліппе оқу мен жазуға үйрететін тұңғыш оқулық.ендеше, ең алғаш әліппені жазған кім?
Оқушылар: Ахмет Байтұрсынұлы
Мұғалім: Олай болса қазақ балалары үшін алғаш мектеп ашқан кім?
Оқушылар: Ыбырай Алтынсарин
1-тапсырма: Әріптер әлемі. Қай әріпті алады сол әріптің қандай дыбыс екенін айтамыз.Сол әріпке сөйлем құраймыз.
2-тапсырма: «Адасқан буындарды орнына қою » Буындардың орындары ауысып берілген сол буындарды тауып қою керек.Дыбыстық талдау жасау керек.
Буындардан сөз құрап,дыбыстық талдау жасау.
3-тапсырма: Сурет бойынша әңгіме:
Тақтаға үш сурет берілген. Олар аязата, сыйлық, қысқаша әңгіме құрастыру.
4-жұмбақтар әлемі. Әріпке байланысты жұмбақ шешу.
Түйенің өркешіне қарайық
Ұқсайды оған қай әріп? /м/
Білезікке қарайық
Ұқсайды оған қай әріп? /о/
Күн мен түн сөзі немен аяқталады? /н/
Мынау доғаға қарайық,
Ұқсайды оғаг қай әріп? /л/
Сақинаға қарайық ,
Ұқсайды оған қай әріп? / о/
Кемпірауызға қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? /я/
Қызықты математика
Өлең есептер.Ауызша есептеулер.
1.Саянда болды 8 алма
Сайранға берді 4 алма
Ойланып,кәне, көрейік-
Саянда қалды қанша алма? / 8-4=4/
2. Сегіз қияр базардан
Сатып алды Сәлімжан
Бес қиярды алғанда
Қанша қалды дорбада? /8-5=3/
3.Далада жүр 3 түйе
Қосылды тағы 2 түйе
Болды неше түйе? /3+2=5/
4.Айжанда болды 5 алмұрт
Әселге берді екі алмұрт
Айжанның қолында қалады неше алмұрт? / 5-2=3/
Балдырған журналынан мәтіндер оқу.
Тақтада сөйлемдер жазу.
Жамила: Қош бол,Әліппем!
Нұрлан: Әліппеге рахмет.
Жібек: Мен қуаныштымын.
Әріптер сөйлейді.
Мұғалім:
Қане, бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық.
Әріптермен танысу
Тақпақтарын бастайық.
Мейрембек:Ү-М
Ү - әрпі үкідей
Үлпілдеген үмітің.
М- мектеп берген біліммен,
Марқаясың –жас ұлан!
Жібек: Ы-Г
Ы- ырыс алды ынтымақ,
Ырысты болсын еліміз.
Г- гу алып алғаш бөбектер
Гуілдейді ақырын.
Нұрлан. Л-Қ
Л- Лайым үлгі іс болсын,
Лайықты шәкірт болсын.
Қ- Қасым қартқа қаладан.
Келді Қадір құдасы.
Мерей: Е-Д
Е- Есепке де кіремін
Әріпте боп жүремін.
Д- әрпінен бастасаң,
Дарқан, дария далам бар
Медет: Х-Ш
Х- Ажырамас достай-ақ
Қолтықтасқан қос таяқ.
Шахматшы болсаң келе ғой,
Шоқанды қане, жеңе ғой!
Аян: Ө-Ж
Ө- әрпі өрістер
Өмір атты дүниең
Ж-екі к кеп күресті
Арқаларын тіресті.
Аслан. І-Я
Інісіне бағалы,
Іңқәр ішік алғанды.
Кемпірауыз-қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп?
Аяулым:А-Б
Адегенің-ана ғой.
Ана деген дана ғой.
Б дегенің-бала ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой.
Әділет: Ә-К
Әжем әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады.
Кекікік-ау, кекілік,
Кетіп қалма секіріп.
Харашаш: Ф-Ж
Жыр алыбы Жамбыл ата,
Ардақтайды оны бала.
Футболға жастай құмартқан,
Фарид допты дәл қаққан.
Абылайхан: Ғ-Е
Ғалым, ғылым ғасырды
Ғ білімге асырды.
Елге есті ер керек,
Ер жет, өсіп ертерек.
Акниет:О-И
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Иба, әдеп, ақыл-ой, имандылық басы ғой.
Харашаш:
Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Ұстазым әнін қабыл алыңыздар.
Көрініс:Байлық, бақыт, ақыл.
Байлықтың рөлінде Әділет
Бақыттың рөлінде Медет
Ақылдың рөлінде Аслан
Данышпан рөлінде Акниет
Бала тілі балдай тәтті
Мұғалім: Бүгін сендер Әліппені бітірдіңдер. Қазір біз Әліппемен қоштасамыз.
Абылайхан:
Қош бол, құтты Әліппем
Көп нәрсені үйреттің,
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Аслан:
Таныстырып 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем.
Сенің арқан, жаза аламын,
Сауатты адам санатына кіргенім.
Нұрлан:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз
Мұғалім:
Балалар , сендерді осыншама өнер, білімді үйреткен кімдер?
Оқушылар: Мектеп, мұғалім, ата-ана,Әліппе.
Ендеше Әліппе сендерді оқуға жазуға үйретті. Сол үшін әліппе достарыңа не деу керек?
Оқушылар:
Бізгі оқу үйреткен
Бар уақытын бірге өткізген
Әліппеге рахмет.
Ән: Қош бол,Әліппе.
Әліппе: Дұрыс, балалар! Сендер мені оқып тауыстыңдар, әріптерді жақсы меңгердіңдер.Енді сендерге ары қарай білім беретін ана тілі болады.
Кітапханашы: Бүгінгі кештерің құтты болсын! Сендерге жаңа оқулық-ана тілін әкелдім.Ана тілі оқулығын құрметтеп, таза ұқыпты ұстаңдар.Жаңа оқулық-ана тілін қарсы алайық!
Ана тілі: Құрметті Әліппе! Бізде саған ақ жол тілейміз!
Ата-бабамыз ежелден 3 нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен.Ол –ел, жер және тілі. Ана тілі-әр халықтың төл белгісі.
Адам білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы үйренеді. Ана тілі деп атаудың себебі-анасындай қастерлесін дегені. Өз анасын сыйлайтұғын әр адам өз тілін де құрмет тұтып жүреді.
Мен ана тілі оқулықтарын боламын.Менде көптеген қызықты әңгімелер мен ертегілер, өлеңдер мен жұмбақтар, жаңылтпаштар бар.Мен сендерді дұрыс оқуға, әдеби тілде сөйлеуге үйретемін.
Ән: Анамның тілі аяулы үні
Сазды бағдарлама
Харашаш:
Менің әжем,бұл әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем.
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем
Ән: Әже әнімен ортада Берикжан Жамила.
2.Көрініс:
Дүниеде не ақылды?
Дүниеде біздің қызыл сиыр ақылды.
Қалай ша?
Өйткені ол күнде кешкісін іздетпей өзі келеді.
Мен бүгін ешкім жауап бере алмаған мұғалім сұрағына жауап бердім.
Бәрекелді ол қандай сұрақ?
Сабақты кім оқымай келді? –деп сұрады.
Мен,мен деп қол көтердім.
Абылай , маған қаламынды бере тұршы, үй тапсырмасын жазып алайын.
-Өзіңдікімен неге жазбайсың?
-Менің қаламым жаман, қатені көп жібереді.
-Сен неге формаңды киіп келмейсің?
-Ылғи формамды киіп жүрсем, басқа киімдерімді қалай тоздырам?
Үй жұмысы:
Үй жұмысын неге орындамағасың Нұрлан?
-Орындадым.Кешке дейін ағаш жарып, су тасыдық.
Құлақ:
-Құлақ не үшін керек?
-Есту үшін...
-Дұрыс..
-Ал, мұрын ше?
-Ұйықтағанда пысылдау үшін керек.
Күн:
-Самат, күн ашық болғанда төбеңнен не көресің?
-Көк аспанды, Күнді, бұллты.
-Ал, ауа райы бұзылғанда нені көресің?
-Жаңбырға ұстайтын шатырды.
Бұлт:
-Бұлт деген не?
-Ой, соны да білмейсің бе, ол трактордың түтіні ғой.
3. Тұлпарым әнімен ортада ұлдар.
Мың бұралған биші қыздарымыздың Қазақ биін қабыл алыңыздар
4. Жібектің орындауында Көбелек әнін қабыл алыңыздар.
Ата-анамен ойын
Аян: Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналар мен сіздермен қызықы ойын ойнағым келіп тұр.3 ата-ананы ортаға шақырамын.
1. Сіз болашақта балаңыздың кім болғанын қалайсыздар?
2. Сіз осы кеште қандай сезімде болдыңыз?
3. Сіздің ең алғашқы ұстазыңыз қандай жан еді?
Ойын шарты бойынша шарды инені дәлдеп тигізу арқылы жару керек.Сол шардың ішінде сіздң балаңыздың болашақтағы кім болатыны жазылған.
Қошақаным әні орындайтын Акниет пен Нұрлан.
Аян:
Отан жерім,Отан суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Харашаш:
Қазақстан-елдің аты
Қазақстан жердің аты
Қазақстан-ер қанаты
Қазақстан жер жаннаты
Хор: Атамекен әні
Құттықтау сөз кезегін мектебіміздің төрайымы Нұрмағамбетова Айман Жаппарбердіқызына беріледі.
Құттықтау сөз кезегін оқу ісінің меңгерушісі Мөшке Аршагүл мұғалімге береміз.
Құттықтау сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі: Халым Төлеуіш мұғалімге береміз.
Харашаш: Ата-аналарға деген біздің көңіліміз, мейіріміз ұшан-теңіз. Ата анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз.Ата-аналар құттықтау сөз сөйлейді.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар ұстаздар бүгінгі біздің Әліппем,менің Әліппеам атты ертеңгілігімізді назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.
Мектебім
1Мектебім аяулы мектебім,
Өзіңсін өмірдің көктемі
Нәр алып, қолымды созамын
Арманға көктегі.
Мектебі, келеміз тағы да
Күн сайын өзіңді сағына.
Сынғырлап соғылды қоңырау
Бар бала бағына.
Қайырмасы:
Мектебім, аяулы, мектебім
Бағыңда гүлдей боп көктедім
Өзіңсің білімнің бұлағы
Нәр алып келемін.
2.Келеміз қуанып біз дәйім,
Мектебім, сен жайлы жыр дайын.
Айқара есігін ашады
Қарсы алып күн сайын
Мектебім,өзіңді сүйемін,
Білімді санама түйемін.
Аяулы ұстаздар алдында,
Басымды иемін!
Қайырмасы: