Материалдар / Алкогольдің адам ағзасына әсері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алкогольдің адам ағзасына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Эксперимент арқылы спирттердің қасиеттерін зерттей отырып, қасиеті негізінде алкогольдің ағзаға әсеріне анализ жасайды және алкогольдің өте зиян екенін дәлелдеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2024
174
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Тобы:

Оқытушы: С.Тиллаходжаева

Тақырыбы:

Алкогольдің адам ағзасына әсері

Оқу мақсаты:

спирттердің адам ағзасына уытты әсерін зерделеу

Сабақтың мақсаты

Эксперимент арқылы спирттердің қасиеттерін зерттей отырып, қасиеті негізінде алкогольдің ағзаға әсеріне анализ жасайды және алкогольдің өте зиян екенін дәлелдеу

Тілдік мақсат:


Оқушылар:

- Тақырып бойынша терминдер мен сөз тіркестерін сабақтың барысында қолданады. Сөйлеу, тыңдау, жазу дағдыларын дамыту.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: спирт, метил спирті, метанол, этанол, тотығу, альдегид, улы, денатурация, алкотестер.

Бағалау критерийі

- Тәжірибе нәтижесінде әр түрлі заттарға спирттердің әсер етуін бақылайды және соның нәтижесі негізінде адам ағзасына уытты әсерін болжап, түсінеді

Дескрипторлар


  • этанолдың суда ерігіштік және онда басқа заттардың ерігіштік қасиеттері негізінде алкогольдің қанға сіңу ерекшелігін анықтайды

  • ақуыз денатурациясы нәтижесінде алкогольдің жоғары концентрациясы ағзаға түскенде, ағза жасушалары қандай өзгеріске ұшырайтынын анықтайды

  • алкотестердің нәтижесі неліктен жасыл түс көрсететінін анықтайды

  • спирттердің адам ағзасына уытты әсерін ажыратады

  • талқылау барысында кілтті сөздерді тиімді қолданады

Құндылықтармен байланыс

Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар.

Алдыңғы білім


Органикалық химияға кіріспе

Алкендер

Биологиядан алған білімдері.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер


Басы

1-4 мин



І.Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу.

Сыныпта ынтымақтастықтық атмосферасын және қалыпты оқу ортасын қалыптастыру

ІІ. Үйге берілген тапсырманы «Сұрақ – жауап» сұрақтары арқылы тексеру:

  1. Спирттер дегеніміз не?

  2. Спирттердің жалпы формуласы қандай?

  3. Метил спиртінің формуласы қандай?

  4. Этил спиртінің физикалық қасиетін сипаттаңдар.

  5. Этил спиртінің организмге әсері қандай?

  6. Метил спиртінің физикалық қасиеті?

  7. Этил спиртінің химиялық қасиеттерін сипаттаңдар.

  8. Этиленгликоль формуласы?

ІІІ. Жаңа түсінік беру.



Қызығушылықты ояту.

Тапсырма №1

Оқушылар слайдта берлген суреттер бойынша алкогольдің пайдасы мен зиянын сипаттайды.


Заттарды не біріктіреді?


Құрамында этил спирті бар


Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады?


Сабақтың мақсаты мен тақырыбы нақтыланады.

Бағалау критерийі:

Тәжірибе нәтижесінде әр түрлі заттарға спирттердің әсер етуін бақылайды және соның нәтижесі негізінде адам ағзасына уытты әсерін болжап, түсінеді

Дескрипторлары түсіндіріледі

Шараптың шығуы жайында хикаят

Ертеде бір патшаның есігінің алдына лашын құсы дән тастап кетеді. Оны уәзірлеріне беріп ескертеді. Ол өсімдік болып жайқалып өседі. Келесі жылы одан да әдемі болып өседі. Үш – төрт жылдан кейін жеміс береді, таң қалады, күтеді. Күзге таман әдемі мөлдір жемісті жеп көруге жүрексінеді. Сонан соң патшаның әмірі бойынша шыны ыдысқа салып қойып, біраз күннен кейін көріп, одан да мөлдір сұйық пайда болғанын көрген уәзірлер патшаға көрсетеді. Патша тұтқында жатқан бір сорлыны әкеліп, соған ішкізеді. Бір кесе ішеді, екіншісін береді. Үшіншісі сұрап ішеді. Соңында ән салады. Бейжай күйге түседі. Ең соңында патшаның тағын сұрайды. Шаршап қалжырап ұйықтап кетеді.

Ертеңіне әлгіні шақырып сұрағанда, рахатқа батқандығын айтады. Сонда патша ішіп, ең алғаш «Патша шарабы» шыққан екен деседі. Оқушылар ол сұйықтың не екенін, оның ағзаға әсерін айтып өтеді.


Этил спирті (C2H5OH) - өзіне тән иісі бар, түссіз сұйықтық, суда жақсы ериді, аузы ашық ыдыста қалса буланады. Этил спирті алкогольдік заттарға жатады, организмге зиянды әсер етеді. Әсіресе, орталық жүйке қызметін бұзады. Этил спирті медицинада, парфюмерияда, органикалық синтезде шикізат ретінде пайдаланылады. Медицина тәжірибесінде этил спиртінің резорбтивтік әсері сирек қолданылады, әйтсе де оны көбіне түрлі дәрілік заттардың еріткіші ретінде жиі пайдаланады; 70 % құнарлығы антисептик ретінде және уытсыздандыру үшін қолданылына алады; кейде оны қызба жағдайда қолданылады, өйткені ол теріні сүрткілеп, уқалағанда суыну әсерін береді; керісінше компресс түріндегі спирттік қымтап ораулар қыздыру шара-әрекеті ретінде де қолданылады; спиртті бронх демікпесінің ұстамаларын шеттету барысында көбіктенуді басатын зат ретінде; ойылымдарды болдырмау үшін науқастың терісін сүрту түрінде қолданады.

Зияны

Алкоголь — ол биологиялық у. Ол барлық органдарды зақым-дайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Ішкен арақты аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады.

Алкоголизм себептері

Алкоголизм себептерінің ішіндегі әсіресс айтарлықтай тұрмыс-тұрқының сұрықсыздығы, экономикалық жайсыздық, әлеуметтік тұрақсыздық, психологиялық, биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, санитарлық-гигиеналық топшылық адам тұрмысының ауырлауы, кәсіби сәтсіздік, медициналық-физиологиялық қолайсыздықтар (тендік-тектік) физиологиялық-биохимиялық және экологиялық факторлар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нормативі бойынша жан басына шаққанда алкогольдік ішімдіктерді 8 литрден көп пайдаланатын елдің генофонды деградацияға ұшырайды. Ал Қазақстанда жан басына шаққанда алкогольдік ішімдікті пайдалану көрсеткіші 12 литрді құрап отыр. Бұл көрсеткіш орыс ұлтының тағдырына алаңдап отырған Ресей еліндегіден 1,5 литрге артық екен. Дүниежүзілік сауда ұйымының тізімінде Ресей 22 -орында тұрса, Қазақстан бұл тізімнің алғашқы ондығына еніп, 8-орыннан көрініп отыр.

Мамандардың пайымдауынша, шөл басу үшін күнделікті бір шөлмек сыра ішу – маскүнемдіктің алғашқы белгісі. Өйткені екі-үш рет сыра ішкен соң адам ағзасы оған тез үйреніп, оны қажет ете бастайды. Яғни адамда психологиялық тәуелділік синдромы пайда болады. Соның нәтижесінде адам «шөл басу үшін ішіп отырмын» деп, психологиялық тұрғыдан соған өз-өзін сендіреді. Ал, шындығында, адамда алкогольдік ішімдікке деген тәуелділік пайда бола бастайды. Одан әрі адам физикалық тәуелділікке бой алдырады. Яғни адам ағзасы енді сыраны қанағат тұтпай, араққа көшеді. Ал одан әрі адамның сырадан араққа өтіп, ертең-ақ маскүнемге айналмасына ешкім де кепілдік бере алмайды. Яғни алкогольдік ішімдік ішіп бастау мен маскүнемдіктің арасы бір-ақ қадам.

Дескриптор:

- спирттердің адам ағзасына уытты әсерін ажыратады

- талқылау барысында кілтті сөздерді тиімді қолданады


Тапсырма №2 Эксперименттік тәжірибе орындалады. Топтық жұмыс.

III.Сабақты қорытындылау

Маскүнемдік туралы ғұламалар не дейді?


1.Мас болу-өз еркімен жындау деген сөз (Аристотель)2.

2.Бұзықтықтың көбі мастықтан болады (Л.Н.Толстой

3.Маскүнемдік-ақылдан ажырасуға жаттығу деген сөз (Пифагор)

4.Қыруар пәле шарап құйылған ыдыстың түбінде жатыр. (И.Вазов)

Ертедегі спирт ішімдігіне салынған тыйымдар дерегінен

1.Ежелгі мысырда арақты құлдар ғана ішкен.

2.Бай ырғы Қытай императорлары маскүнемдікке бой ұрғандарды өлім жазасына кескен.

3.Ежелгі Римде 30-ға толмағандарға арақ ішуге мүлдем тыйым салынған

4.Үндістанда маскүнемдерге сыйырдың қайнап тұрған зәрін ішкізіп өлтірген.

5.Ресейде 1Петр тұсында арақ ішкендердің мойындарына салмағы 17 фунт келетін медаль тағып қойған.

6.Америкада 1885 жылы “құрғақ қасық” заңын енгізген.

Арақпен достасқаның-денсаулықпен қоштасқаның


Есеп.

  1. 50г этил спирті натрий мен әрекеттескенде қанша метр (қ.ж) сутек бөлінеді?

  2. 4 грамм этил спирті жанғанда қанша көлем (қ.ж) көмірқышқыл газы түзіледі?

  3. Фенолдағы көмірсутектің массалық үлесі қандай?

  4. 0,8 моль глюкоза ашығанда қанша гр этил спирти түзіледі?

5.Реакцияны жалғастыр:

C2H5OH+ O2

CH3OH+ O2

C2H5OH+ Na→



IV.Үйге тапсырма:


Кестені толтырыңдар: «Тірі ағзаның әртүрлі деңгейлеріне этанолдың уытты әсері»

Рефлексия

VI.Бағалау




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!