400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кенжина Салтанат Мухитовна

Биология пәні мұғалімі

48 жалпы білім беретін мектебі

Қазақстан Республикасы, Орал қаласы

Ұзақ мерзімді жоспарлар бөлімі: Тұқымқуалаушылқ пен өзгергіштік заңдылықтары

Мектеп: №48 ЖОББМ

Сынып: 10 «а»

Пәні: Биология

Пән мұғалімі: Кенжина С.М.

Сабақ тақырыбы

Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.4.3 аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру

Сабақ түрі

Жаңа материялмен танысу

Сабақ мақсаттары

  1. «Аллель», «Аллельді гендер», «аллельді емес гендер» ұғымдарының мағынасын анықтау;

  2. Гендердің өзара әрекеттесуінің түрлерін анықтау;

  3. Аллельді гендердің өзара әрекеттесу түрлерін сипаттау;

  4. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу түрлерін сипаттау;

  5. Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру;

  6. Генетикалық таңбаларды және терминдерді қолдана отырып, есептер шығару

Бағалау критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:

  • Аллельді және аллельді емес гендерді ажырата білу.

  • Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу түрлерін тізімдеу және сипаттау.

  • Әр түрлі гендердің өзара әрекеттесуіне мысалдар келтіру.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін түсіндіру үшін тиісті терминологияны пайдалана алады.

Тақырыпқа бағыттарған лексика мен терминология:

Комплементарлық, эпистаз, толық доминантылық, толық емес доминантылық, полимерия, көп аллельділік, аллельді гендер, аллельді емес гендер, доминанты және рецессивті эпистаз.

Диалогтар мен жазбаша жұмыстар үшін пайдалы фразалар:

Аллельді гендер деп аталады ...

Аллельді емес гендер деп аталады ...

Аллельді гендерінің өзара әрекеттесуі ...

Аллельді емес гендердің өзара әрекеті ...

Толық доминантылықта байқалды …

Толық емес доминантылық ұсынылған ..…

Құндылықтарды дарыту


Мәңгілік ел» бесінші қадамы, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.Патриоттық сезімді дамыту. Өзіне және бір-біріне деген құрметті, топтық жұмыста ынтымақтастықты қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Генетикалық есептің фенотип пен генотипін анықтау кезінде математикамен байланысады

АКТ қолдану дағдылары

Білімнің қайталануы мен жинақталуы үшін Интернет-ресурстарды пайдалану, РР құру, брошюралар, флеш-анимация.

Бастапқы білім


Тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын өзгергіштік, хромосомалар, мейоз, негізгі генеткалық түсініктер, моногибридті будандастыру туралы алдыңғы білімдері пайдалы болады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

1-мин.


2- 6 мин.






  1. (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім сабақтар бар немесе жоқ оқушыларды тексереді.

  2. Үй тапсырмасы сәйкестендіру тапсырмасы арқылы орындалады, оқушылар жұптарымен алмасып, бір-бірін тексереді;

  3. Топқа бөлу:

Гендердің өзара әрекеттесуін анықтайтын генетикалық символдар арқылы 4 топқа бөлініп, сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтайды. Табысқа жету критерийлерін талқылайды.


Топқа бөлуге арналған генетикалық символдар;


Сабақтың ортасы

6-10 мин.



10-30 мин.

















30-38 мин

  1. 4 топқа жаңа тақырып бойынша тапсырма беріледі.

1-топ: Аллельді емес гендер

2-топ: Аллельді гендер

3-топ: Комплементарлы және эпистаз

4-топ: Көпаллельді, полимерия

4 топ бір-бірін бағалау парағы арқылы бағалайды;

Бағалау критерийлері

5- баллдық кесте:

(5 – өте жақсы, 4 – жақсы, 3 – қанағаттанарлық, 2 – нашар, 1 – өте нашар

  • Толық ақпараттың берілуі


  • Постердің дұрыс жасалуы


  • Постердің құрылымы нақты


  • Қорғаушының шеберлігі


Бағалаушы топ:

Бағаланушы топ:




















  1. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын оқулықтың 59-бетіндегі №1 есепті шығару;

Шығарылған суреттер, бағалау парағы























(ҚБ)

Сабақтың соңы

38-40мин.






Рефлексия.

Сабақ кезінде мен жұмыс жасадым

Белсенді / төмен

Сабақ кезіндегі өз жұмысыма

Ризамын / көңілім толмады

Бүгінгі сабақ мен үшін

Ұзақ өтті / тез өтті

Сабақ кезінде мен

Шаршамадым / шаршадым

Сабақ кезіндегі көңіл күйім

Көтерілді / түсіп кетті

Үй тапсырмасы

Оңай / қиын

Сабақ кезінде берілген мәлімет

Түсінікті / түсініксіз

Пайдалы / пайдасыз

Қызықты / қызықсыз


Оқушының аты-жөні:________________________________________

Үй тапсырмасы: 59 беттегі,№ 2 есепті шығару;


Рефлексия

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
13.02.2023
558
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі