"Алма" ертегісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алма" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: коммуникация

Білім көздері: көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Алма» ертегісі.

Мақсаты: ертегі ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту. Әртүрлі сөйлемдерді байланыстырып, сөйлем құрылымын сақтай отырып, талқылауды қалыптастыру. Антоним, синоним сөздерді табуға, сөздің мағынасын түсінуге жаттықтыру. Сөзді дұрыс құрастырып, мағыналас сөзді табуға жаттықтыру. Татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: жабайы, жер жаратын атағы.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Ынталандыру, сезімді ояту

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!


Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйіп не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын бірге айтып бір-біріне күлкілерін сыйлайды.

Ұйымдастыру, ізденістер

Оқу іс-әрекеті жұмбақ жасырудан басталады.

Көктемде ақ гүлге оранады,

Күзде қолға доп боп оралады.

(Алма)

Дұрыс, балалар, бұл жұмбақтың шешуі алма.

Тәрбиеші: кітап көрсетеді. Балалар, мен сендерге осы кітаптан алма туралы тақпақ оқып берейін.

Апорт деген алма бар.

Жер жаратын атағы,

Ондай алма қайда бар.

Алматы – оның Отаны

Әр ағаштың түбінде,

Жатыр алма қамбасы.

Баптап күтсең күніне,

Берер саған алмасын.

- Балалар, тақпақ не жайлы?

- Иә, балалар, апорт алмасы бізде ғана өседі. Осы алманың көп өнім беретінін жазып айтыпты. Мұндай өлең, тақпақтарды ақындар жазады. Ал жазушылар әңгіме мен ертегілерді жазады. Ертегілердің көбісі халық ертегілері.

- Ертегі үшке бөлінеді:

1) қиял-ғажайып

2) тұрмыстық

3) жануарлар

- Ертегі мен әңгіменің айырмашылығы неде?

Дұрыс екен.

Балалар, мен сендерге тақпақтың басын бастайын, сендер аяқтаңдар.

1. Алма кетті домалап,

Көше бойын жағалап...

2. Бақ ішінде алмалар,

Бар жемістен бағалы...

Балалдар, ал енді, Сутеевтің «Алма» ертегісін оқып берейін.

Ертегі желісімен сұрақтар:

1. Қоян ағаш басынан нені көрді?

2. Қоянға кім күлді?

3. Алманы кім қағып алды?

4. Төртеуі кімнен барып көмек сұрады?

5. Аю оларға қандай мақал айтты?

«Береке басы бірлікте» үш дауыспен айтады: жоғары, орташа, төмен.

Ертегі кейіпкерлерін салыстыруда кездесетін антоним, синоним сөздерді табу, айтқызу.


Балалар жұмбақты шешуге тырысады, шешеді.





Балалар қызыға қарайды.


Балалар тақпақты зейін қоя тыңдайды.







Балалардың жауабы.


Балалар мұқият тыңдайды.








Балалардың жауабы.

Бір-бірінің жауаптарын толықтырады.


Балалар жалғастырады.


Балалар ертегіні қызыға тыңдайды.


Балаардың жауаптары тыңдалады.


Аю – алып, үлкен, күшті, мықты. Жүні жұмсақ.

Кірпі – кішкентай, кіші, тікенді, т.б.

Қорытындылау, өзін-өзі бағалау

«Тосын сый»

Апорт алмасын себетпен кіргізу. Тосын сыйдан алған әсерлерін әңгімелету.

Жақсы қатысқан баларды мадақтау.


Алманы көрген кездегі алған әсерлерін айтады. Мысалы: «Ой, қандай тамаша!»


Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: ертегіні тыңдап, ерекшелігін біліп айта білуі.

Көрсете білуі: сөйлемді дұрыс құрауы.

Қабылдау: сөйлемдегі антоним, синонимді дұрыс айыра білуі. Алған әсерлерін дұрыс жеткізуі.

Технологиялық картаны толтырған педагог: Изенова Н.О.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2018
480
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі