Алманың пайдасы.Реферат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алманың пайдасы.Реферат

Материал туралы қысқаша түсінік
Рефератта алманың пайдасы туралы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Алманың пайдасы

Жеміс (лат. Fructus)-жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де  (гүл кіндігі, гүл серігі, т.б) дамиды. Аналықтан дамыған жемісті жалған жеміс деп те атайды. Жеміс тұқымынан және жемісқаптан тұрады. Жемісқаптың ішінде бір немесе бірнеше тұқым болады, партеногенездік жолмен дамыған жеміс тұқымсыз болады. Өсімдік түріне байланысты жемістің пішіні, көлемі, түсі әр түрлі болады. Жеміс құрғақ жеміс және шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Шырынды жемісті көп тұқымды алма.

Алма латынша (мalus) – раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы. Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасыНедзвецкийқырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы  20-100 жыл, биіктігі 3-10 метр  болады. 3-12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100-300 центнер өнім алынады.   Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді.  

Қызыл алма, көк алма, сары алма. Алманың қай түрі болмасын адам ағзасына тигізер пайдасы орасан.  Негізінен, алманың Отаны – Орталық Азия. Уақыт өте келе алманың түр-түрі осы жерден Египетке және Палестинаға жеткізіле бастаған. Біраз, яғни кейінірек Ежелгі Грекия жерінде, Римде, Еуропада да алма пайда бола бастаған екен.

Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сінің шаруашылықтық маңызы бар.

 

Құрамы


 Алма  құрамында 83-88% су 7,5-16 % қант, 0,2-0,8% қышқыл,

9,5-18,5 % құрғақ қалдық , 0,28-1,0% илік заттар. А1,В1,В2,В6,РР дәрумендері көптеген минералды заттар бар. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз,дәрігер қажет емес» -деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар,алма шырыны адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға,қан бұзылу және жүрек ауруларын  емдеуге қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды. Алма жемісінен шырын,тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ тамақ,кондитер  және иіс су өнеркәсібінде қолданады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады. Шырыннан шарап, сусын дайындалалды,жемісін емдік дәрі ретінде  де, адам ағзасын  ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылуы және жүрек ауруларын емдеуге қолданады. Алманың зиянкестері: алма жегіші,алма биті, шие бізтұмсығы,гүл жегіш. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі,т.б.         

Қолданылуы       

Алма. Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің  4/5-бөлігі-алмалар. Оны ежелден ем-дәмдік тағам ретінде және ас қорыту бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы.

Алматы апортына жеке тоқталып кетуге болады.  Алманың бір сорты-алматы апорты. 19 ғасырдың аяғында Воронеж губ-нан (Ресей) әкелінген апорты жергілікті алма сортымен будандастыру арқылы шығарылған. Жемісінің салмағы 350 гр,шырынды, түсі қанық қызыл,дәмі сәл қышқылтым әрі тәтті, ерекше хош иісті. Негізінен алманың жаздық,күздік,қыстық сорттары бар. Мамандардың айтуынша,жақсы алманың құрамында   83-88% су 7,5-16 % қант, 0,2-0,8% қышқыл,9,5-18,5 % құрғақ қалдық , 0,28-1,0% илік заттар. А1,В1,В2,В6,РР дәрумендері көптеген минералды заттар болады екен. Ал біз айтып отырған апорт-кеш пісетін түрге жатады., қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. Апорт –алматы облысының  Еңбекшіқазақ,Талғар, Қарасай аудандарында өседі. 

Алма жемісінің адам ағзасына пайдасы

Алма, басқа да жемістер сияқты, құрамында майлылығы мүлдем жоқ деуге болатын жеміс. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес», – деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар, алма шырыны адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды. Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.

             

Қазақстанда өсетін алмалар және олардың көптүрлілігі

Ерте пісетін қызыл алма – жемісі орташа (70-90 г), нәзік шырынды, қышқыл-тәтті.

Россошан алмасы – жемісі орташа және ортадан жоғары мөлшер. Етті, түсі ашық жасыл, шырынды, қышқыл емес тәтті дәмі бар.

Мелба – шырынды оңтүстік алмасы, дәмі қышқыл-тәтті дәмді, хош иісі бар. Жемісі тамыз айының ортасында піседі.

Шілделік черненко – жас ағаш жемісінен салмағы (80-100 г.) алма алынады. Дәмі қышқыл-тәтті, бұл жазғы сұрып. Тамыз айының ортасында жеміс береді

Кинга – жемісінің салмағы 115 г. Түсі жасыл-сарғыш, сақталған сайын сары түске айналады. Еті тығыз, шырынды, дәмі тәтті.

Алманың зиянкестері: алма жегішіалма битішие бізтұмсығыгүл жегіш. Алма аурулары: алма қотырыақ ұнтақжеміс шірігі, т.б.

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2023
422
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі