Материалдар / Алматы облысы аумағын экологиялық туризм тұрғысынан аудандастыру және баға беру.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алматы облысы аумағын экологиялық туризм тұрғысынан аудандастыру және баға беру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Алматы облысының экологиялық турызміне аналған материал. Алматы облысының керемет табиғаты туралы жазылған. Болашықта дамытуға болатын туризм орталықтарын кездестіруге болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
811
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


География пәнінің мұғалімі Сембаева Ляззат Балтабекқызы


Алматы облысы аумағын экологиялық туризм тұрғысынан аудандастыру және баға беру


Территорияны аудандастыру географиялық зерттеу әдістерінің бірі бола отырып, ол жорамалдау мен басқарудың тиімділігін жоғарылату территориялық жоспарлаудың негізін білдіреді.

Аудандастыру проблемасына арналған жұмыстардың көбі қажетті рекреациялық потенциалы бар территориялар ретінде рекреациялық аудандарды түсінуге негізделеді. Бұл ең алдымен, табиғи немесе антропогендік сипаттағы рекреациялық ресурстары бар туризм мен демалысты ұйымдастыруға жарамды жерлер.

Аудандардың экологиялық таза территорияларындағы адамдардың үдемелі қажеттіліктері мен оларды қанағаттандырудың ресурстық мүмкіндіктері туралы ақпарат жинау мүмкіндігін береді.

Сонымен қатар, аудандастыруға аталған жердің табиғи, мәдени - тарихи көрікті жерлер туралы экскурсиялық ақпаратты шоғырландыру және түрлендіру мүмкіндігін береді.

Аудандастыру бір немесе екі басымды критерийлерді пайдалану арқылы жүргізіледі. Мысалы, Румыния территориясын аудандастыру критерийлері болып табиғи және антропогенді рекреациялық ресурстар табылады. Табиғи -рекреациялық потенциал бойынша аудандастырудың тағы бір мысалдары шетелдік тәжірибеде сонымен қатар Ресей ғалымдары мен Қазақстан ғалымдары айналысуда.

Әрбір елдің тәжірибесін пайдалану арқылы біз туристік қызмет көрсету объектілерімен жабдықталу және рекреациялық ресурстармен (табиғи және антропогендек қанығу деңгейі бойынша) Алматы облысының территориясын аудандастыру талпынысын жасадық.

Рекреациялық ресурстарды талдауға негізделген аудандастыру тек игерілген емес, сонымен бірге экологиялық туризмнің даму жоспарларындағы перспективті территорияларлы да қамтиды. Ол Алматы облысының әкімшілік -территориялық шекаралары шегінде жүргізіледі.[21]

Олар әкімшілік бөлуді тегін таңдаған жоқ. Біріншіден, ол статистикалық ақпаратты талдау үшін қажет. Екіншіден, әкімшілік-аудандар шегінде халықтың жұмысбастылығы есепке алынады. Сондықтан, қазіргі өнеркәсіп немесе ауылшаруашылығын дамыту мен орналастыру жағдайлары сол аудандарда болмағандықтан, экологиялық туризмді экономикалық даму үшін ынталандыру болып, еңбекке жарамды халықтың жұмыс бастылығына себепші болады. Үшіншіден, экологиялық туризмді дамыту үшін, қолайлы жағдайларға ие аудандарды бөліп көрсету жергілікті билеушілерге оларды сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге мүмкіндік береді. Төртіншіден, Алматы облысындағы экологиялық туризмді дамыту үшін бөлінетін ақша құралдары әкімшілік аудандар шегінде таратылып бөлінеді.

Рекреациялық жүйелердің ғылыми зерттеуі мен жобалауда рекреация үшін табиғат жағдайларын есепке алу мен көрсету әдістері жиі қолданылады. Рекреациялық ресурстардың сандық есебі мен бағалау аудандастыру жол береді. Осы аудандастырудың әдістемесінің мәні бағалау шкаласын әзірлеуде. Н.С.Мироненко, И.Т.Твердохлебов айтқандай, бағалау шкалаларын әзірлеу синтетикалық-сипатқа ие, себебі осы шкалалар бағалауды білдіреді. Бүгінгі күнде шкалалардың: 4 түрі әзірленген: классификация шкаласы (номиналды шкала, реттік, интервалдар, қатынастар шкаласы).

Жұмысымызда біз интервалдар шкаласын пайдаландық. Интервалдар шкаласындағы аралықта ерікті түрде алынады, бірақ белгілі бір территория шегінде максималды және минималды мән айқындалады. Осы есептеулер арасындағы айырмашылық әрбір градация үшін бөлу интервалын көрсетеді. Градациялардың бөлінген санындағы ақпараттық максималды көлемі шкаланы интервалға бір қалыпты бөлгеннен алынады.[20]

Әрбір объектіге 1 балл берілетіндігін атап өтейік. Әрбір объектіге және ландшафтты картаны зерттеуден анықталған баллдар жиынтығы облыстың әрбір аудандарының табиғат жағдайын бағалайтын баллдар санын көрсетеді.

«Алматы облысындағы экологиялық туризмнің табиғи рекреациялық ресурстары» картасы бойынша жүргізген зерттеу нәтижесінде «Территорияларды табиғи рекреациялық ресурстармен қанығу деңгейі бойынша бағалау» картограммасы жасалды . балл саны 65 және одан жоғары 4 аудан (Қарасай, Жаркент, Райымбек, Талғар); 45-тен 65-ке дейін 6 аудан (Алакөл, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Кербұлақ, Сарқанд, Ақсу); 25-тен 45-ке дейін 3 аудан (Балқаш, Жамбыл, Үйғыр); 25-тен төмен 3 аудан (Іле, Көксу, Қаратал) анықталды. Сәйкесінше, баллы жоғары аудандар экологиялық туризмді дамыту үшін өте қолайлы табиғат жағдайларына ие. Олар жоғары категорияға жатады, ал балл саны 45-65 аралығындағы аудандар - орта, 25-45 балл жоғары емес категориямен, ал балл саны минималды аудандар төменгі категорияларға жатады.

«Алматы» облысының экологиялық туризмінің антропогенді рекреациялық ресурстары картасын талдау территориясы мәдени тарихы рекреациялық ресурстармен қанығу деңгейі бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Балл саны 18 және одан жоғары 3 аудан (Кербүлақ, Еңбекшіқазақ, Үйғыр); 12-18 балл 5 ауданы (Ақсу ,Жамбыл, Сарқанд, Райымбек, Талғар); 6-12 балл 5 аудан (Алакөл, Ескелді, Қаратал, Қарасай, Жаркент); 6—дан төмен 3 аудан (Іле, Балқаш, Көксу). Сәйкесінше Кербұлақ, Еңбекшіқазақ және ¥йғыр аудандарының баллы жоғары болғандықтан экологиялық туризмді дамыту үшін өте қолайлы. Олар жоғары категорияға жатады, ал балл саны 12-18 –ді құрайтын аудан орта категорияға; Іле, Балқаш, Көксу төменгі категорияға; 6-12 балл жоғары емес категорияға жатады. Адам осы аудандарды аз игергендіктен, қолайсыз табиғат жағдайының болуы салдарынан мұнда тарихи-мәдени обьектілер аз.

«Алматы облысының туризмнің инфрақұрылымы» картасын талдай отырып, территорияны туристік қызмет көрсету обьектілерімен жабдықтауы бойынша бағалау жүргізілді: балл саны 18 және одан жоғары аудандар - Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ; 13-18 балл - Райымбек, Панфилов , Жамбыл; 7-13 балл Ескелді, Ақсу , Сарканд, Алакөл, Іле; 6- дан төмен – Ұйғыр, Кербұлақ, Көксу, Балқаш, Қаратал. Сәйкесінше, экологиялық туризмді дамыту үшін ең қолайлы аудандарға Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ жатады, олардың туристік инфрақұрылымының тармақталған желісі бар. Олар жоғары категорияға жатса, 13-18 балл- орта категорияға, 7-13 балл- жоғары емес, ал 6-дан төмен категорияға жатады.

Әрбір ауданның туристік рекреациялық потенциалы келесі факторларға байланысты айқындалады.

- табиғи рекреациялық ресурстар:

  • антропогендік рекреациялық ресурстар:

  • туристік қызмет көрсету обьектілерімен қамтылу бойынша:

Әрбір котегорияның жиынтық туристік-ресурстық потенциалын есептеуге қолайлы болуы үшін, өсу тәртібі бойынша 1-ден 4-ке дейінгі балл беріледі. Ереже бойынша, бір немесе бірнеше рекреациялық ресурыстың кез-келген сандық бағалауы олардың жалпы (сомалық) потенциалын есептеуге кетірілуі керек. Жалпы немесе жиынтық туристік - ресурстық потенциал Алматы облысы территориясындағы экологиялық туризмді дамыту мүмкіндіктерін сипаттайтын соммалық көрсеткіштер кешені. [1]

Әрбір ауданның туристік рекреациялық потенциалы (ТРП) туристік инфрақұрылыммен жабдықталу және антропогенді рекреациялық, табиғи ресурстармен қанығу дәрежесі мен анықталған баллдар сомасы ретінде анықталады . Жиынтық ТРП есебі 1-кестеде көрсетілген.

Жүргізілген жұмыс нәтижесі болып бағалау кестесі мен картограмма табылады. Картограммалар экологиялық туризмді дамыту үшін потенциалы жоғары аудандарды анық көрсетеді.

Жиынтық ТРП-ны бағалау кезінде жалпылау шкаласы сонымен қатар интервалдарға рангіленген шкала және Экологиялық туризмді дамыту үшін жиынтық туристік - ресурстық потенциал картограммасы құрылды.

Рекреациялық ресурстарды жалпы бағалау нәтижесінде экологиялық туризмді дамыту үшін өте жақсы табиғат жағдайлары Райымбек, Талғар, Қарасай, Жаркент, Еңбекшіқазақ аудандарында екендігі анықталды.


1- кесте. Алматы облысындағы экологиялық туризмді дамытудың жиынтық туристік-ресурстық потенциалдың есебі.[16]

Аудандар


Баллдар

Табиғи рекреациялық

ресурстармен қанығу деңгейі бойынша

Антропологиялық рекреациялық ресурстармен қанығу деңгейі бойынша

Туризм инфрақұрылымы-мен жабдық-

талу деңгейі бойынша

Сомасы

1

Еңбекшіқазақ

3

4

4

11

2

Талғар

4

2

4

10

3

Қарасай

4

3

3

10

4

Райымбек

4

2

3

9

5

Жаркент

3

3

2

8

6

Ақсу

2

3

3

8

7

Жамбыл

3

3

2

8

8

Сарқант

3

4

1

8

9

Кербұлақ

3

2

2

7

10

Алакөл

3

2

2

7

11

Ескелді

2

4

1

7


Осылайша, Алматы облысы экологиялық туризмді дамыту үшін үлкен потенциалға ие екендігін айтуға болады. Бұл көптеген рекреациялық ресурстардың болуымен және территорияның таулы жағымды табиғи жағдайымен түсіндіріледі.

Бүгінгі күнде Алматы облысының экологиялық туризмі туризмнің перспективті түрі ретінде танылу және қалыптасу кезеңінен өтуде.


Әртүрлі елдердің тәжрибесі көрсеткендей , туризм индустриясы кез-келген экономиканың ажырамас бөлігі болып табылады.

Өзіне тән ерекшеліктерге байланысты Алматы облысы бәсекеге қабілетті туризм индустриясын құру үшін үлкен потенциалды мүмкіндіктерге ие. Оған келесі аталғандар себепші болады:

- облыстың тиімді геосаяси жағдайы халықаралық туристік және коммерциялық ағындардың өтуіне қолайлы;

- экологиялық туризмді ұйымдастыру үшін фаунаның, флораның, табиғи ландшафтардың алуан түрлілігі;

- еркін еңбек ресурстарының болуы;

- экологиялық туризмнің обьектісі болып табылатын мәдени-тарихи рекреациялық ресурстардың әртүрлілігі;

- Саяси тұрақтылық, экономикалық реформалар жүргізу;

Осыған қарамастан, экологиялық туризмнің дамуында көптеген проблемалар бар.

Алматы облысындағы экологиялық туризмнің дамуындағы ең басты проблема – облыстың экотуризмді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаның болмауы, яғни туризмнің осы түріне мемлекеттік қолдау көрсетілмейді. Бірақ облыстың экологиялық туризімі дамымаған деп те айтуға болмайды.

Алматы облысындағы туризмді дамытудың кешенді бағдарламасы бірқатар проблемаларды атап көрсетеді:

- Туризмнің материалдық базасы жағдайларының деңгейлерінің төмендігі, перспективті аудандарда дамыған коммуникация жүйелерінің болмауы;

- Халықаралық нарықта бәсеке қаблетті туристік ұсынысты қалыптастыру тәжрибесінің болмауы;

- Саяхатушылардың назарын аударатын материалды мәдениет ескерткіштерінің нашар жағдайы.

Оларды қалпына келтіру мен көрсетуге дайындау үшін көптеген ғылыми-зерттеу және қалпына келтіру жұмыстарын жасау керек .

Осылайша, экологиялық және туризмді дамыту сипатындағы роблемалар бірін-бірі өзара толықтырып, шешуге кешенді тәсілдерді талап етеді.

Туризмнің басқа да түрлері сияқты, экологиялық туризмді дамыту қонақ үйлерді, туристік базаларды, тамақтандыру пункттерін салу үшін және жарнамалық өнімді әзірлу және басқада мақсаттар үшін қажетті қаржылық және материалдық-техникалық құралдарға байланысты болады.

Қорғалатын табиғи територияларға бүгінгі таңда қаржылық және материалдық көмек керек.

Алматы облысындағы экологиялық туризмді дамытудың ғылыми негізделген бағдарлама оның жүзеге асуын мемлекеттік әлеуметтік -экономикалық саясаты шегінде қарастыру керек. Экологиялық туризмді дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың экономикалық тиімділігін анықтау күрделі мәселе. Оның күрделілігі мынада: әртүрлі деңгейдегі (республикалық аймақтық) шаруашылық механизмдерінде табиғатты пайдаланушылардың табиғат ресурстары мен табиғат жағдайларын рациональды пайдаланудағы мүделерін қамтамасыз ететін жағдай жасалмаған, экотуристік қызметтің экономикалық нәтижелері есепке алынбайды.

Алматы облысын дамытудың жаңа экономикалық жағдайында бұл проблема шиеленісіп кетті, себебі рекреациялық қызметтің жаңа сапасы- экотуризм мен оның кәсіпорындары өзінің пайдасы мен рентабельдігіне оң әсер ететін шараларды (жобалар, сызба, жоспарлар, т. б.) ғана жүзеге асыруға тырысады.

Алматы облысындағы туристік қызметтің даму перспективаларын қарастыру кезінде туристік қызмет қандайда бір стратегия мен бағдарламасыз дамыса, онда интенсивті туризм қоршаған ортаға теріс әсер етеді.

Біздің зерттеуіміздің нәтижесінде экологиялық туризмді дамыту көзқарасы тұрғысынан қолайлы аудандар анықталды. Оларға жататындар: Райымбек, Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Жаркент. Бұл аудандардағы экологиялық туризмнің дамуы Алматы облысының табиғи шаруашылығы тұтас кешенінің сәтті дамуына, елдің басты әлеуметтік- экономикалық мақсаты - қоғамның тұрақты дамуы мен салауатты өмір салты үшін қоршаған ортаның жағымды жағдайымен қамтамасыз етуге қол жеткізуге себепші болады.



Резюме


В данной статье рассматриваются проблемы районирования и оценка туристского-рекреационного потенциала на примере Алматинской области.


Summary

Given article deals with the issues of zoning and evaluation of tourism and recreational potential of Almatinskiy region.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!