Материалдар / Алоэ өсімдігінің пайдасы,тарихы

Алоэ өсімдігінің пайдасы,тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Алоэ өсімдігінің адам өміріндегі маңызы ,Практиалық зерттеу жүргізу ,Салыстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2023
419
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Жұмыстың мазмұны:

I.Кіріспе

1.тарау:Әдебиеттерге шолу

1.1.Алоэнің тарихи отаны.

1.2.Алоэ-ол туралы біз білмейтін сырлары

II тарау.Зерттеу бөлімі

2.1.Алоэ сорттары

2.3.Медицинада қолдануы

Практикалық бөлім

3.1 Алоэ өсімдігінің қасиеттері туралы оқушылар мен ересектердің пікірлерін зерттеу ,сауалнама жүргізу.

3.2Алоэ шырынымен тәжірибе жүргізу

3.3.Дәстүрлі медицинада қалай қолданамыз.

III .Қорытынды

IV Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Ұсыныс





















Кіріспе

Мен бөлме өсімдіктеріне қызығып ,сыныбымыздағы гүлдерге су құйып жүріп ,кенет алоэ өсімдігіне көзім түсті бұл өсімдік ерекше болып көрінді .Өзі гүлдемейді, жапырақтары тікенекті бұл өсімдік не үшін қажает деп ойладым.Сосын жетекшіме келіп мына гүлдің пайдасы барма бұл не үшін гүлдемейді деп сұрадым.Ал жетекшім маған бұл өсімдіктің пайдасының ұшан теңіз екенін айтты.Менің қызығушылығым одан әрі арта түсті .Жетекшім кел оданда осы өсімдіктің құпия сырларын бірге зерттейік деген ұсыныс айтқанда мен қуана келісе кеттім.Сомен мен зерттеуімді ары қарай бастап кеттім. Алоэ өсімдігі даражарнақтылар класының Лалагүлділер тұқымдасына жатады.Табиғатта 400 ден аса түрі бар.Алоэ үй ішінде өсірілетін әсем де пайдалы әпі кең таралған өсімдік.Бұл өсімдік халықтық және медициналық тәжірибеде кең қолданады.Алоэ өсімдігін қандайда бір себептермен олар жүз жылда гүлдейді ,содан соң өледі деп есептейді.Бұл гүлдің ежелгі атауы -Агава .

Куприннің «Жүз жылдық »романтикалық ертегісінде былай- дейді, қатпарларында қара барқыт реңдері бар сирек кездесетін сұлулық Кашмир раушанына ғашық болған Авага былай- дейді.

Менен бас тартпа,патшайым!Мен ұсқынсыз екенімді білемін,бірақ мен сені жақсы көремін.Құпиямды тыңда .Мен жүз жылда бір рет гүлдеймін,тек үш сағаттан кейін өліп тамырымнан өсетін және алғашқы гүлденуден жүз жыл бұрын өмір сүретін басқа өсімдікке өмір беремін.Ал мен өзімді гүлдейтіндей сезінемін.Менен бас тартпа!

Бірақ тәкаппар ханшайым ұзақ күндер үндемей жауап қатпады.Бір уақытта найзағай жарқылынан ханшайым қатты қорықты .Агаваның айтқаны орындалды.Таңертең ол гүлдеді .Адамдар таңғажайып сұлулыққа таң қалды,ал гүлдер сүйсініп жан-жақа тербелді.Жарты сағаттан кейін Агаваның ақ қаралы шоқтары қызғылт түске боялып ,соңында қара түске айналып қурап қалды.Агаваның өзі күн сәулесінің астында қайтыс болды.Ал хош иісті ханшайым Раушан басын иеді..Агаваға жеткенде бірақ рет гүлдейді.Жүз жыл өткен соң Гейне өзінің «Грацқа »саяхат эсселерінде де жазды.Агава өсімдігін қазіргі таңда алоэ ,алоэ вера деп атап кеткен.Арабтар Алоэні құрғақшылық пен қарапайымдылыққа төзімділігі үшін шыдамдылықтың сиволы деп санады.Буланған шырын сабу деп аталады (араб тілінен сабыр )дегенді білдіреді.Бұл атау бүгінгі күнге дейін сақталған .Гүлдің шыдамдылығы шынымен мені таң қалдырды Саяхатшы .И.А.Горчаров Үміт мүйісінен топырақсыз өскен алоэ гүлін көрді . «Оны бос стаканға,құмыраға отырғызыңыз , терезеге және қабырғаға іліп қойыңыз және оны ұмытыңыз –ол өседі ,қурамайды,кеуіп кетпейді .Осылайша ол дәрігермен бірге өсті , қабырғасын айналасын екі жыл ішінде орап алды »Бір таң қалдырғаны Африканың тұрғындары туған жерінен алыс болсада қасиетін жоғалтпай ,бізен бірге тамырласып кетті .

Бірақ жүз жылда бір рет гүлдейтін алоэ туралы аңыз қайдан шықты?Оңтүстік және тропикалық Африканың құрғақ аймағындағы өз отанында ағаш алоэ жылда гүлдейді.Ал үй жағдайында агава дерлік гүлдемейді.Айтайын ,дегенім агава егер бағбан сүйіспеншілікпен қамқорлықпен күтім жасаса ,агава мейрімділікке жауап беріп сөзсіз гүлдейді.Сонымен бастаған ертегімнің ары қарай оның қасиеттерімен маңызына тоқталайын.

Білесіз бе,айдай әлемге әйгілі ханшайым Клеопатра ханшайымның өзі алоэдан жасалған кремді жаққан екен.Дәрігер Диоксид «Алоэ жараларды емдеп ,ұйқыны тынышталдырады »деп жазып кеткен.Алоэ шырыны иммунетті нығайтып ,пайдаланған өндіріс бұйымдарын бастапқы қалпына келтіріп,бактерияға қарсы күресе алады.Басқа өсімдіктер сияқты алоэ де көмірқышқыл газын сіңіріп,оттегі шығара алады.Сондықтанда оны жатын бөлмеге немесе адам көп жүретін жерге қою керек.

Алоэ –емдік қасиеттерімен бөлме өсімдіктерінің патшайымы атанған .Олар мәңгі жасыл өсімдіктер олардың шөптесін,бұта,ағаш тәрізді түрлері кездеседі.Сукклентті жапырағының жиегі тегіс немесе ара тісті .

Жапырағының ішінде қоймалжың сұйық шырын болады.Олар қарапайым және шөл жағдайында да тез өседі.Бірақ олар бүйірлік,вегетативті,жапырағы арқылы да көбейтеді.Алоэ үйде сирек гүлдейді,негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымнан кейде өсімді(вегетативті)жолменде көбейеді. Ол гүлдегеге дейін жүз жыл өседі деп есептейді.Алоэнің отаны-тропикалық Африка.Ерте замандарда да шөлді далалаларда ұзақ жорықтар жасаған жауынкерлер аз тамақпен ұзақ уақыт өмір сүруге мәжбүр болды.Ыстықтан қажыған олар көптеген жұқпалы аурулардан болатын ауруларға оңай шалдықты.Олар ішек ,асқазан аурулары мен ауырды..Жауынкерлер әбден қажыды.Ежелгі афикалық емшілер тамағы мен сусындарына алоэ өсімдігін қосты.Жаралар мен сызаттар тез жазыла бастады.Аборигендік қаралардың арасында баланың тууы алоэнің жаңа өркенінің пайда болуымен бірге жүрді.



2.1 Алоэнің сорттары

Алоэнің тағы бір ерекше сорты:Aloe aborescens (алоэ абросенсес) сәндік үшін пайдаланады.Қазақстанда осы түрі Aloe aborescens ағаш тәрізді түрі қолдан өсіріледі. Сондықтан ол басқаларға қарағанда жиі өсіріледі.Сәндік өсімдік үшін ғана өспейді ,үй жағдайындада өсіруге болады.Бұл өсімдіктің отаны Солтүстік және Оңтүстік-Батыс Африкада өседі.Бірқатар алоэ түрлері бұталы жүзім түрлеріде кездеседі.Ең көп таралған алоэ суккулент Оңтүстік Африкада өседі.Бұл өсімдіктің жапырақ тақтасы жалпақ болып келеді.Діңі тармақталған биіктігі 6 метрге жетеді,жақын маңдағы бұталар мен ағаштарға жабысып өседі.Қазіргі таңда сұранысқа ие Барбадос немесе Алоэ Вера көпжылдық шөптесін өсімдікке жатады.Бұл шырынды өсімдік кактусқа ұқсайды ,бірақ шын мәнінде лалагүл тұқымдасына жататын алоэ вера өсімдігі.Бұл гүлдің пайдасы өте көп медицинада ,сәндік үшінде өсіреді . Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар. Сондықтан Алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.Ең көп тараған түрі базальды розетка ақ жолақта жапырақты сәндік түрі болады. Олардың арасында биіктігі 40см жететінде түрлері бар. Бүгінде алоэнің ғылымға белгілі 180-дей түрі бар.Алоэ гүлі үйде тек декоративті мақсатта ғана емес ,емдік мақсатында өсіріледі.Алоэ әсіресе оңтүстік-шығыс жаққа қараған терезе алдында жақсы өседі.Қалыпты мөлшерде суарып тұру керек.Гүлдеу уақыты :қысқы айлар,әр жылда емес.Қолдану бөлігі:жапырағы сөлі.




Aloe aborescens Суккулент



Shape1

Барбадос немесе Алоэ Вера Алоэ вераның Розетка

шалғындық түрі

Алоэні қалай өсіруге болады.

Алоэні көбінесе шілде мен тамыз немее көктемде көбейтеді.Жас өсімдікті жыл сайын отырғызады,ересектері әр 3-4 жылда жақсы құнарлы топыраққа отырғызады.Бір тәулік ауада ұстаған жылы топыраққа 1 см тереңдікте,бөліктер арасын 3-5 см –дей етіп отырғызады.Тамыры пайда болғанда отырғызады.алоэны тұқымы менде отырғызуға болады.Тұқымын ақпан наурыз айларында себеді.Температурасы 25 С тен төмен болмау керек.

Химиялық құрамы:Ең құндылығы құрамынды 20% эфир майы,фементтер мен микроэлементтер ,витаминдер,фитонцидтер кездеседі.Құрамында 22 аминқышқылының 20- сы адам организмінде кездеседі.Ал жақында ғалымдар оның құрамынан сирек кездесетін күрделі көмірсу-ацеманнан тапты.Ацеманнан тұмау мен қызылшаны және ісік ауруларын емдеуге қолданады.Бүгінде ол затты СПИД-ті емдеуге қолдануда.

2.3.Алоэні медицинада қолдану.

Алоэ өзінің ғажайып емдік қасиеттерімен бүкіл әлемге әйгілі.Алоэнің емдік қасиеттері ерте заманнан белгілі және он мың жыл бұрын ежелгі мысырлықтар,гректер,римдіктер үндістер мен қытайлар кеңінен қолданған.Ұзындығы бір-екі футқа жететін алоэ жапырақтары емдік мақсатта қолданады.Алоэның құрамында В дәрумендері,С және Е дәрумендері және ағзада А витаминіне айналатын бета-каротин түріндегі антиоксиданттар бар.Бұл қоректік заттардың барлығы сау тері үшін өте маңызды.Алоэ қымбат тұратын бетті ылғалдандыратын кремдер мен күнге күйіп кетуден сақтайтын өнімдерінің қоспалары ғана емес .Ол сондай-ақ сансыз косметологияда және шаш күтіміне арналған өнімдерде қолданады.Дегенмен,бұл кактус тәрізді өсімдіктің жапырақтарын табиғи түрде де қолдануға болады.Алоэ жапырағының ішінен шығатын шырын керемет ылғалдандыратын қасиетке ие.Оны күйік шалғанда,кесіп алғанда терінің қабынуын болдырмау үшін деру теріге жағуға болады.Алоэ шырыны жүйкені тынышталдыратын қасиеті бар.Сонымен қатар әжімдерді тегістеуге және жәндіктердің шағуынан кейінгі қышуды,ісінуді басу үшін алоэні теріге басуға болады. Ол қабынуды жеңілдетеді және дезинфекциялаушы бактерияға қарсы әсер етеді.Сондай-ақ тұмау ауруына,жара мен кесілген жерлерді жазады.Мидың үлкен ми сыңарларындағы тітіркену мен тежегішті реттейді.Жапырағынадағы сөлі тәбет ашады,асты қорытады..Әр түрлі микроптарға қарсы тұралады.Өсімдіктің жаңа сөлі әсіресе қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданады..Алоэ су тұнбасы тәбетті толықтай ашады

Өсімдіктің шырыны шырышты қабығын тазарту үшін мұрынды мұрынға қарсы күресте тиімді (мұрыннан су ағу үшін Алоэ Вераны қалай қолдануға болады?).Конъюнктивит кезінде көз тамшылары ретінде қолданылады.

Шырын ішу арқылы қан қысымын тұрақтандыруға және қан айналымын жақсартуға болады.Бұл ас қорыту процестеріне оң әсер етеді және метаболизмді жеделдетеді. Жұмсақ іш жүргізетін әсері бар, токсиндерді денеден шығарады.

Ол қантты төмендету қабілетіне байланысты қант диабеті сияқты ауруларға қолданылады. Алоэ Вера кремі - ең жақсы табиғи және фармацевтикалық өнімдер. Алоэ шырынының құрамында биологиялық белсенді қоспалардың, микроэлементтердің, және әртүрлі дәрумендердің көп болуына байланысты бұл шырынның адам ағзасына пайдасы мол.Ол ас қорыту бездерінің  секрециясын жақсартады

Гастрит, созылмалы колит және ас қорыту жүйесіне байланысты басқа да көптеген аурулардың жағдайын жақсартады

Ол ағзаның қорғанысын қалпына келтіріп, жалпы әл-ауқатын жақсартады

Онкологияны емдеуде жаңа піскен шикізатты таза күйінде қолдану жақсы нәтиже береді. Ол үшін үш жастағы алоэнің орта және төменгі жапырақтарын қолданыңыз, дымқыл шүберекпен сүртіңіз, ұнтақтаңыз, содан кейін дәке арқылы сүзіңіз. Алоэ шырынын дәрігердің бақылауымен алыңыз! Үйде өсірілген өсімдік 3-4 жаста болуы керек екенін ескеру керек.

Ұсынылатын доза күніне 3 рет 100 мл құрайды.

Алоэ өсімдігін қандай жағдайда қолдануға болмайды.

Алоэ вера шырынын ішу сияқты, алоэ вера инъекциясы онкологиялық науқастарға да ұсынылмайды. 1990-ші жылдары көптеген онкологиялық науқастар қатерлі ісік терапиясының бөлігі ретінде Алоэ вера (ацеманнан) инъекциясын алғаннан кейін қайтыс болды. Демек, алоэ вера шырынын ішпес бұрын ықтимал жанама әсерлерін ескеріп, дәрігермен кеңесу керек. Әр түрлі ауруларды емдеуде алоэнің дұрыс қолданылуы денеге тек пайда әкеледі, бірақ өздігінен емделуге болмайды, сізге дәрігермен міндетті кеңес қажет.Алоэ екіқабат әйелдер, бүйрек, өт қабы, цистит, геморой ауруларымен қиналатын адамдарға кері әсер етеді. Сондай-ақ, қан қысымында ауытқушылығы бар адамдарға да алоэға жақындауға кеңес берілмейді.

Зерттеу бөлімі:

3.1 Алоэ өсімдігінің қасиеттері туралы мектеп оқушылары мен ересектердің пікірлерін зерттеу ,сауалнама жүргізу.

Мен мектеп оқушылары арасында сонымен қатар ересек адамдар арасында сауалнама жүргіздім.сауалнама келесі сұрақтадан тұрады.

Сауалнама:

1.Аты-жөні :

2.Жасы:

3.Алоэнің пайдалы қасиеттері туралы білесіз бе?

4.Бұл туралы газеттер мен жураналдарда жарияланған мақалаларды көрдіңізбе?

5.Осы өсімдік туралы көбірек білгіңіз келе ме?

Бұл сұраққа жауап берулер әртүрлі болды,барлық нәтижелерді оқып ,талдап шығып мынадай кесте жасадым.

Сұрақ

Нәтиже



Ересектер

Оқушылар

1

Алоэнің пайдалы қасиеттері туралы білесіз бе?


70%

20 %

2

Бұл туралы газеттер мен жураналдарда жарияланған мақалаларды көрдіңізбе?


60%

20%

3

Алоэ туралы пайдалы қасиеттерді пайдалансыз ба?

80%

10 %

4

Осы өсімдік туралы көбірек білгіңіз келеме?

100%

100%



Сауалнама нәтижелерімен танысқан соң мен өз сыныптастарыма түсіндір ме жұмыстарын жасадым.Оларды қызықтырған сұрақтарға жауап таптық.Сыныптастарым мен ересектердің алоэ өсімдігіне деген қызығушылығы 100% екені белгілі болды.

Тәжірибе алаңы.

3.2Алоэ шырынымен тәжірибе жүргізу

Жұмыстың мақсаты:Алоэ өсімдігінің тұқымынң өнуіне пайдасы бар ма?

Керекті құрал-жабдықтар: Алоэ шырыны ,су,алты күнбағыс дәні,мақта және үш пластикалық ыдыс қажет.

Жұмыс барысы:3 пластикалық ыдысты аламыз.Бірінші ыдыстың түбіне суға малынған мақтаның бір бөлігін қойдым,екінші ыдысқа өсімдік майына малынған мақта қоямыз,ал үшініші ыдыстың түбіне алоэ өсімдігінің шырынына малынған мақтаны қоямыз .Әрбір ыдысқа 10 дана күнбағыс дәнінін саламыз.

Бірнеше күн өткен соң ыдыстағы тұқымдар шыға бастады.Су құйылған ыдыста кішкене өскін пайда болды,өсімдік майына салынған тұқым өсімі өте баяу болды,үшінші ыдыстағы алоэ шырынына салынған ыдыстағы тұқымдар шығып өскіндер пайда болды.Алоэ шырынынындағы өскін үлкеніріек болды.Тәжірибе барысында алоэ шырыны тұқымның өнуіне жақсырақ әсер ететіні байқалды.

Қорытынды:Тәжірибе барысында алоэ суға немесе өсімдік қорегіне қарағанда өнуіне жақсы әсер ететіні байқалды.Бұл диаграммада анық көрсетілген.

Күнбағыс тұқымының өну диаграммасы

3.3.Тұрмыста пайдалануға бола ма?

Ежелгі заманда адамдар авага шырынынан қант жасаған.Шатырларын жапырақтарымен жапқан.Агава тікенектерінен түйреуіш,инелер,иілгіштер ретінде пайдаланды.Ал талшықтарынан жіптер жасады,тіпті қағаз жасау үшінде пайдаланылды.Мексикада сіз әлі күнге дейін базардан пісірілген авага сабақтарын сатып ала аласыз,бұл дәмді тағам.

3.4.Дәстүрлі медицинада қалай қолданамыз.

Халық арасында алое –жасыл дәрігер атанып кеткен бірден бір өсімдік.Адамдар ерте замандардан бері алоэ өсімдіктің құпиясын білген,әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер құолданып келген.Оның дәлелі халық даналығын жинақтаған менің сіздерге ұсынып отырған қоспаларым:

Алоэнің 10 түрлі қоспасын ұсынғым келеді.

1.Суық тигенде .Бұл қоспаны дайындау үшін бізге 300грамм алоэ жапырақтары,3 ас қасық бал және 3 ас қасық спирт қажет.Жапырақтарды еттартқыштан өткізіп,бал және спиртті қосып жақсылап араластырыңыз.Күн сайын бір шай қасықтан 3 мезгіл қабылдау керек.

2.Мұрын бітелген кезде.Алоэнің балғын сығындысына 1/10 қатынасында қайннаған су құйып,ертіндіні науқастың жағдайы жақсарғанша2-3 реттен тамызуға болады.

3.Гайморитпен ауырған кездеде қолдануға болады.Бірдей мөлшерде алоэ шырынын , сүйелшөп және бал керек.Бәрін араластырып ,күніне 5-10 тамшыдан үш мезгіл тамызып ,шайып тастау керек.

4.Жөтел кезінде .Жарты стакан алоэ шырынын 3 ас қасық бал және 50 грамм тұздалмаған сары маймен араластырамыз .Күн сайын екі рет тамақ алдында бір қасықтан қабылдаңыз.Емдеу курсы бір аптадан кем болмауы керек.

5.Тамақ ауырғанда .Калонхоэ гүліде әр үйден табылатын бөлме өсімдігі.Оның шырынын тура сол мөлшердегі сумен араластырып ,күне бірнеше рет тамағыңызыды шайыңыз.Тамақ ауруы бірден басылады.

6.Құлақ ауырғанда .Ауырған құлаққа 1-2 тамшы алоэ шырынын тамызу керек.Жаңа сығылған шырынға мақтаны тампонын малып,құлаққа 20минут қоямыз.Кемі 5-7 күн,күніне 2 рет қайталау қажет.

7.Көзге теріскен шыққанда .Алоэнің орташа жапырағын 5г ұсақтап тураймыз.Оны қайнаған жылы суға салып,6-8 сағат қалдырамыз.Сүзіп алып мақтаны осы тұнбаға малып,теріскен шыққан көзге басу керек.

8.Көз ісіп,қызарғанда.Компьютер ,экранға ұзақ қарау салдарынан көз қызарып,жанары бұлдырай бастаған кезде алоэ шырынын көзге 1-2 тамшыдан күне 3-4 рет тамызса нәтиже көреді.

9.Жара жарақаттар кезінде .Алоэ жапырағын кесіп алып,жараның үстіне таңып қою керек.Бірнеше сағаттан кейін Жара кішірейе бастайды.Жапырақтарын бірнеше рет ауыстырып таңып отырамыз.

10.Күйік шалғанда.Кесілген алоэ жапырақтарына бал қосып,30 күн қараңғы жерге қоямыз.Дайын болған кезде жапырақтарын одан да ұсақ етіп турап,қайтадан бал қосып компресс түрінде қолданамыз.Оны әр 8-10 сағат сайын ауыстырып тұрған жөн.Ал оның шырынына жұмыртқаның ағын қосып,күйік шалған жерге жақса тез жазылады.

Алоэнің тағы бір ерекше қасиетері бірі-Алоэ жапырағының ішінен шығатын шырын керемет ылғалдандыратын қасиеттерге ие.Оны күйік,кесу,сызат және терінің қабынуы үшін дереу сүртуге болады.Алоэ теріге емдік әсерімен ғана емес ,оны ылғалдандырады және жұмсартады.Алоэ шырыны көгерген жерлерді ,безеулерді ,ұсақ тері ауруларын дерматиттерді және тері жараларын емдеуге көмектеседі.Алоэ сонымен қатар варикозды тамырлар сияқты ауруларды емдеуге көмектеседі.

Табиғи алоэ жапырақтарын қолданғанда және шырынын сығу кезінде ,алоэ қурап қалуы мүмкін және кесілген жапырақтары 4 сағаттан соң тотығатынын есте сақтаңыз.Кесілген жапырақты пайдаланып көріңіз.Егер бұл сіз үшін қолайлы болса , аллергиялық жағдай туындамаса 98-99%таза алоэден жасалынған дәрілерді қолдансаңыз болады.

























































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ