Материалдар / "Әлсіз буын" интеллектуалдық ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Әлсіз буын" интеллектуалдық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен апталыққа арналған сыныптан тыс сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2019
680
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай орта мектебі










«Әлсіз буын»

зияткерлік сайысы












Өткізген: Шарипхан Б.











2016-2017 оқу жылы


«Әлсіз буын» зияткерлік сайысы

Мақсаттары:

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, тез ойлау қабілеттерін дамыту, теориялық білімдерін тексеру.

Көрнекілік, құрал: интерактивті тақта.

Сайыстың барысы:

Жүргізуші:

  • Құрметті оқушылар мен ұстаздар, « Әлсіз буын» интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!Сайыстың шартымен таныстырып өтейік. Сайыс бес раундтан тұрады. 2- сыныптың барлық 12 оқушысы қатысады. Оқушыларды 4 топқа бөлеміз. Төрт топқа тапсырмалар бере отырып, оқушылардың білімін тексереміз.


Сайысымызды бастаймыз.

1-кезең: «Сергіту».

Әр топқа 4 сұрақтан беріледі. Сұраққа жылдам жауап беру керек.


1-кезең. сергіту

  1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)

  2. Р қандай дыбыс? (дауыссыз)

  3. Екі жылда неше ай бар? (24 ай)

  4. Екі тәулікте қанша сағат бар? (48 сағат)

  5. Көкжиектің төрт тұсын айтып бер. (солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс)

  6. Сурет пен сұлбаның айырмашылығы? (сурет – бір заттың қағазға не басқа бір нәрсеге түсірілген нақты бейнесі, сұлба – заттың үстінен қарағандағы көрінісі.

  7. Қазақтың ғарышкерлерін ата? (Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев)

  8. Көмірлі қала? (Қарағанды)







2-кезең: «Жұмбақ сандық»

Қазақ тілі

10

20

30

40

Математика

10

20

30

40

Дүниетану

10

20

30

40

Әдебиеттік оқу

10

20

30

40

Қазақ тілі

10 – Бала сөзіне дыбыстық талдау жаса.

20 – 3,5,8. Реттік сан есімге айналдыр.

30 – Зат есімнің ережесі, сұрақтары, мысал келтір.

40 – Күрделі етістік қатыстырып сөйлем құрастыр.



Математика

10 – 2 жүзд. 5бірліктен тұратын санды ата. (205)

20 – 350 –ден 100 бен 50-дің қосындысын азайт. 350-(100+50)=200

30 – 120+х=520-100; (жауабы х=300)

40 – 15 алманы үш ыдысқа тең бөліп сал. Әр ыдыста неше алмадан болады.

Дүниетану

10 – орман емшісі аталатын қандай құс? (Тоқылдақ)

20 – Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін не қажет? (су, ауа, жарық, жылу, топырақ)

30 – Кактустың Отаны? (Оңтүстік Америка)

40 – Сексеуіл ағашының биіктігі мен тамырының ұзындығы қанша? (биіктігі – 9 м, тамырының ұзындығы – 20 м)



Әдебиеттік оқу

10 – Күй атасы - ? (Құрманғазы Сағырбайұлы)

20 – «Қазақ хрестоматиясы» кітабының авторы? (Ы.Алтынсарин)

30 – Айдадым жылқы қылып отыз түлкі,

Борсықты ұстап мінсең, аттың мүлкі.

Ішінде топ адамның тулап жығып,

Қылдың-ау, ойбай, қарсақ, жұртқа күлкі! Қай өлеңнен үзінді? (Өтірік өлең. Тазша бала)



40 – Ұлықпан хакімнің жеті өсиетін ата. (1 – ерте тұру, 2 – орта тазалығын сақтау, 3 – дене шынықтыру, 4 – үнемі денені таза ұстау, 5 – үнемі сергек жүру, 6 – артық тамақ ішпеу, 7 – көп ұйықтап, жалқау болмау.



3-кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»

  1. Қабат – қабат қаттама
    Ақылың боллса аттама. (кітап – книга - book)

  2. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч - ball)

  3. Жүз теңгең болғанша,
    Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)

  4. Жеті қазынаның бірі –
    Адамды қорып жүретін досы.
    (ит – собака - dog)

4-кезең: «Ойлан, тап!»

«Ойлан тап» сайысының мақсаты оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қабілетін, өз пікірін дәлелді жеткізуін бағалау. Сайыс әр сұраққа белгіленген бір ұпаймен бағаланады.

 

  1. Бес бұтақты ағашта

    Бұтақ сайын бес алма.

    Біреуін бер алашқа

    Қалады сонда қанша алма? (24)

2. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда 1 асық дорбада қалды. Бұл қалай?  (1 бала асығын дорбасымен алады)

3. Түйе, бота маң басқан

    Төрт аяғын тең басқан,

    Шұнақ құлақ бес ешкі

    Қос лақты, қос ешкі

    Төрт қозылы екі қой

    Бәрін бірге ойлап қой. (17)

  1. Жеті үйрек ұшып бара жатыр. Аңшы екеуін атып түсірді. Неше үйрек қалды. (2, өйткені қалғаны ұшып кетті)


5-кезең. «Санның сыры» сайысы. Мақалды жалғастыру.

Бұл сайыста қазақ халқының мақал -мәтелдерінде  әрбір санның тәрбиелік мәнін түсіне білуін қалыптастыру. Сайыс бес ұпаймен бағаланады. Мақалдың жалғасын табу керек.

 

1.  Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

2. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығар.

3. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.

4. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан  тоғыз.

8. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.

9. Жүз есе тырыссаң да, мезгілі жетпей іс бітпейді.

10. Он мың сөздің түйінін, он сөзбен шеш.


Қорытынды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!