Материалдар / "Алты алаштың арысы" атты жоғары сынып оқушыларына арналған зияткерлік ойыны.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алты алаштың арысы" атты жоғары сынып оқушыларына арналған зияткерлік ойыны.

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алаш қозғалысының 150 жылдық мерейтойына арналған 9-11 сынып оқушыларына арналған зияткерлік сайыстың жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
588
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтау қаласы «№13 гимназиясы» КММ







Қазақстан Республикасының 25 жылдығы қарсаңында мемлекет және қоғам қайраткері Ә.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына арналған






«Алты Алаштың арысы» атты зияткерлік ойыны













Дайындаған: «№13 гимназиясы» КММ тарих пәні мұғалімдері

Шегебаева Гүлсим Токсанбаевна











Ақтау қаласы-2016 жылы


Қазақстан Республикасының 25 жылдығы қарсаңында мемлекет және қоғам қайраткері Ә.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Алты Алаштың арысы» атты зияткерлік ойыны


Мақсаты: Оқушылардың өз білімдері арқылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында Алаш Орда басшысы мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын атап өту барысында оқушы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты біліктілікке баулу.

Міндеттері: Оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи оқиғалармен құбылыстарды салыстырмалы талдау негізінде ой елегіне өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;

Отан мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру:

Көрнекілігі: «Алты Алаштың Арысы» атты кітаптар көрмесі. Презентациялар,


Сайыс оқушылардың Қ.Р Әнұран орындаудан басталады.

Жүргізушінің сөзі: Сәлемәтсіздер ме оқушылар мен ұстаздар.

Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Ә.Бөкейханов- Алты Алаштың арысы» атты зияткерлік ойынын өткізгелі отырмыз.

Зияткерлік сайысқа 9-10-11 сыныптары оқушыларынан жасақталған үш команда қатысады.

Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:

1. «Алты Алаштың Арысы» атты презентацияларды қорғау.

2. «Кім жылдам?» атты зымыран сұрақтарға жауап беру.

3. «Сұрақ бізден, жауап –сізден» атты арнай ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру.

4. «Менің ойымша.....» атты логикалық сұрақтарға жауап беру.

Енді әділқазылар алқасы мүшелерін таныстырып өтейін:

1________________________________________________________________________

2________________________________________________________________________

3________________________________________________________________________

1-кезең Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған «Алты Алаштың Арысы» атты презентациялар қорғаудан басталады. (Әр топқа 5-мин уақыт беріледі)

Әр топ өздері дайындап келген еліміздің қоғам қайраткері Ә.Бөкейхановтың тұлғасын жан-жақты ашуға бағытталған презентацияларға кезек берейік.

Бағалау критерийлері: (10 ұпай)

1.Тақырыпқа сәйкес болуы.

2.Оқушының шығармашылық қабілеті

3.Нақты,түсінікті түрде қорғалуы

4.Безендірілуі мен талапқа сай болуы

5.Уақытты үнемді пайдалануы.

Топтар өздері дайындап келген презентацияларды қорғайды.


2-кезең. «Кім жылдам?» атты зымыран сұрақтарға жауап беру.

(1 минут ішінде бірнеше сұрақтар қойылады. Әр топ сұрақтарға рет-ретімен жауап береді.Сұрақтың жауабын айту керек, егер білмесе келесі деп сұрақтарды жалғастыра береді)

1-топты ортаға шақырайық. (9-сынып)

  1. Семей ядролык қару сынағы полигоны қашан жабылды?

  2. Т.Әубәкіров қашан ғарышқа аттанды?

  3. ҚР өз тәуелсіздігін қашан жариялады?

  4. Қазақстан қашан БҰҰ мүше болды?

  5. Қазақстан жер көлемі бойынша дүние жүзінде нешінші орында?

  6. ҚР меншіктің түрі?

  7. Қазақ хандағындағы хандық жүйе қай ханнан бастау алады?

  8. Қазақстанның астаналары?

  9. Қазақстанда қанша облыс бар?

  10. ҚР Конституциясы күні?

  11. Абылай ханның неше аты бар?

  12. Қазақстан құрлықта неше елмен шектеседі?

  13. ҚР тұңғыш президенті кім?

  14. ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің көзі?

  15. Күнделікті қолданыстағы валютамыз теңгенің бетінде ҚР мемлекеттік нышандары бар ма?

2-топты ортаға шақырайық. (10-сынып)

  1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы қашан тойланды?

  2. Б.Момышұлына берілген атақ?

  3. Ұлы Абайдың 150-жылдығы қашан тойланды?

  4. ҚР Конституциясына 2005ж неше жыл толды?

  5. ҚР астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қашан қабылданды?

  6. Қазақстанның ғарышкерлерін ата?

  7. Қазақстанда автономия жоқ, сондықтан ол қандай ел?

  8. ҚР Туының авторы?

  9. Алаш қозғалысының атақты қайраткері?

  10. Қазақстан зайырлы мемлекет пе?

  11. ҚР Ұлттық валютасы қашан енгізілді?

  12. КСРО қай жылдары өмір сүрді?

  13. Керей мен Жәнібек қай мемлекеттен бөлініп шықты?

  14. Қыпшақтардыың мекендеген даласы қалай аталады?

  15. Алтын адам қай халықтың мәдениеті?

3-топты ортаға шақырайық. (11-сынып)

  1. Қазақстанда тұңғыш президент лауазымы қашан тағайындалды?

  2. Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды?

  3. Қазақстан Республикасы қай жылы егемендігін жариялады?

  4. Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылданды?

  5. Олимпиялық ойындардың екі дүркін чемпионы кім?

  6. ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл толды?

  7. 2010 ж наурызда Ш Уалихановтың неше жылдығы аталып өтті?

  8. Қазақстан, Ресей, Беларусь арасындағы Кедендік Одақ қашан жұмыс жасай бастады?

  9. 2007ж 21маусымда презижент Жарлыгымен Семипалатинск каласынын атауы қалай өзгертілді?

  10. ҚР Президентінің «Қазақстан 2030» стратегиясы қашан жарияланды?

  11. Аалматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі қашан ашылды?

  12. Ақмоланың аты Астана болып қашан өзгертілді?

  13. Референдум деген не?

  14. 1-желтоқсан қандай мереке?

  15. Ассамблеяның 20 жылдығы қашан тойланды?


3-кезең «Сұрақ бізден, жауап –сізден» атты келесі кезеңімізге көшейік.

Алдыңызда тұрған ұяшықтарды таңдайық. Мынадай 3 тақырыпты қамтиды:

Ұлы тұлғалар, Тарихи оқиғалар, Мәдениет.


«Ұлы тұлғалар» тақырыбы бойынша сұрақтар:

10- Дербес мемлекет құруды көздеген қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастырады. Артынша, 1917 жылы желтоқсан айында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш автономиясын жарияланып, алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады. Осындағы Алаш деген сөздің мағынасын «Түрік баласы» (лақап ат) 1913 жылы «Қазақ» газетінде: «Жошы ханды халық «Алаш» деп атап кетті. Бұл «Алаштың – алаш жұртының басшысы» екенін білдіреді»  делінген. Адамның әлеуметтік жағдайына немесе біліміне қарай қарым-қатынас жасамаған. Халықты біртұтастай көруге тырысқан. Ол Қазақстанда демократиялық сайлау дәстүрінің негізін қалаған тұлға десек артық болмас.

Сұрақ: Ол кім? (Ә.Бөкейханов)

20- 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді. 1993-94 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің бас директоры, Ғылым және жаңа технолгия министрінің орынбасары, 1994-95 жж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауыпсіздіқ комитетінің төрағасы болды. 1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. Нақ 45 жасында ғарышкер атанды... Ал, Кеңес Одағының батыры деген жоғарғы атақты 1988 жылы алды. Онда оған бұл биік мәртебе, зор қуаныш дыбыстан да шапшаң ұшатын, мүлде жаңадан жасалған, әлі сынақтан жөнді өтпеген, тағдыры беймәлім «МиГ» ұшақтарын сынауды және оларды кеме палубасына қондырып, одан ұшып шығуды қамтамасыз еткені үшін беріліп еді. А.И.Микоян атындағы авиаконструкторлар бюросының бір құжатында бұрынғы Одақтың 26 сынақшы-ұшқышы болғандардың ішіне Қазақстаннан жалғыз ол қана ілігіпті. Солардың 9-і сынақ кезінде апатқа ұшырап, қаза тапқан. Ал, қалғандары батыр атағына ие болған. Тоқтар солардың бірі болыпты.

Сұрақ: Ол кім? (Т.Әубәкіров)


30- 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы  Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.

Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы оның жүргізіп келе жатқан өзгерістер XX ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.

Сұрақ: Ол кім? (Н.Ә.Назарбаев)

«Тарихи оқиғалар» тақырыбы бойынша сұрақтар:

10- Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан қоғамында болған айтулы оқиғалардың бірі. Президент Жарлығымен басталып, бірқатар дайындық жұмыстарынан кейін іске асырылды. Ол туралы Н.Ә:Назарбаев былай дейді: «Біз Алатаудың баурайына симай кеткен жоқпыз, қайта жер жаннаты-Жетісуды қимай кеттік.Бірақ тарихтың қатал талабы осындай. Бірақ та ол халықтың жүрегіне жақын, аяулы қала болып қалал береді»

Сұрақ: Берілген мәтінде қандай оқиға туралы айтылады? Қай жылы болды?

(1997жылы астананы Алматыдан Ақмолаға көшірілді)

20-Қ.Р.Президенті өзінің кезекті Жолдауын Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жариялады. Онда Елбасы «Қазақстан-2030» стратегиясының орындалғанын, енді жаңа стратегияда ел алдындағы тұрған міндеттер сараланды. Жолдау бойынша осы жылға қарай дүниежүзінің дамыған 30 елінің қатарына қосылу көзделді.

Сұрақ: Бұл қандай стратегия туралы сөз болып тұр. Қай жылы қабылданды?

(2012жылы «Қазақстан-2050» стратегиясы)


30-Қазақстанның осы ұйымға төреағалыққа ұсынылуы жөніндегі шешімі осы ұйымға мүше 56 елдің 100 пайыздық келісімімен қабылданды. Осы ұйымға төреағалық ету Қазақстанның халықаралық ауқымда танылудың жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Жыл соңында Астанада халықаралық ұйымның саммиті өтті.

Сұрақ: Қазақстан қандай халықаралық ұйымға төреағалық етті. Қай жылы?

(2010жылы Еуропалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымына төреағалық атқаруы)

«Мәдениет» тақырыбы бойынша сұрақтары:

10- Осы олимиадада қазақстандық спортшылар үлкен табысқа жеткен болатын. Қазақстаннан барған 115 спортшы спорттың 20 түрі бойынша сайысқа түсті. Жерлестеріміз 13 олимпиада медалін (7-алтын) иеленіп, жалпы есепте 12 орын иеленді. Сұрақ: Бұл қай олимпиада? Қашан болды?

(ХХХ жазғы Лондон олимпиадасы. 2012жылы)

20- Бұл мемлекеттік бағдарлама Президент бастамасымен қабылданды. Бұл бағдарлама туған жер, ел және тарихы, мәдениеті туралы көлемі жағынан ауқымды, мазмұны кең, көптомдық энциклопедиялық басылымдар жарық көрді. Моңғолиядан Күлтегін ескерткіші көшірмесі әкелініп, Л.Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университетке қойылды.

Сұрақ: Қай бағдарлама туралы айтылып отыр? Қашан қабылданды?

(2004жылы қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасы)


30- Бұл кинофильм Тәуелсіздік жылдары шетелдік киностудияларымен бірлесіп түсірілген болатын. Бұл фильмде ұлттық мемлекеттің құрылу кезеңіндегі қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы ауыр күресі, саяси элитаның әректі, қатардағы сарбаздар ерлігі сипатталады?

Сұрақ: Сөз қай кинофильм туралы айтылып отыр? Режисерлерін ата?

(«Көшпенділер» кинофильмі. Режисерлері: Р.Ибрагимбеков пен Т.Теменов)


4-кезең. «Менің ойымша, .........» атты логикалық сұрақтарға жауап беру.

Топ мүшелерінің ақылдасуына 5-мин беріледі.

Логикалық сұрақтар:

  1. Отан тарихына шолу жасай отырып, бүгінгі күнде Қазақстанның көпұлттылығын қалай түсіндірер едік?

  2. Бүгінгі күнде Қазақстанның әлем тарихында алатындай өзіндік орны бар. Егер, кезінде Жапония, Қытай елдері сияқты оқшаулану не «жабық есік» саясатын ұстанса, еліміз қалай дамитын еді? (екіжақты пікір)

  3. Бүгінгі заманда еліміздің «автономиясын» армандаған Алаш идеясы іске асты ма? Қазақстан Республикасының 25 жылда қол жеткен табыстарымен қалай байланыстырар едің?

Жүргізушінің сөзі: Ендігі сөзді әділқазылар алқасына сөз берейік.

Сайысты қорытындылау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!