Материалдар / Алтын балық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Алтын балық

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ертегі желісін сахналай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу шеберліктерін арттыру. Балаларды еңбекқор, қамқоршыл, қанағатшыл болуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Шілде 2018
1072
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алтын балықМақсаты: Балаларға ертегі желісін сахналай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу шеберліктерін арттыру. Балаларды еңбекқор, қамқоршыл, қанағатшыл болуға тәрбиелеу.Жұмбақбай ата келіп:-Сәлеметсіңдер ме, балалар!Мен ертегілер елінен келген Жұмбақбай атаймын. Ертегілер елі әр түрлі ертегіге толы, жұмбақтар мен жаңылтпаштарға толы, ән мен жырға да толы ғажайып әлем. Сол ғажайып әлемде ертегілер елінен қоржыныма көптеген жұмбақтар әкелдім. (Балалар жұмбақтың шешуін таба біледі)Автор: Ерте ерте ертеде бір үлкен өзеннің жағасында жаман күркеде шал мен кемпір өмір сүріпті. (шал мен кемпір шығады)Шал күнде өзенге барып балық аулап, балықты отқа қақтап пісіріп өмір сүріп жатады. Бір күні шал өзеннен ау тартса, ау зілдей ауыр екен, шал оны әрең дегенде өзен жағасына тартып шығарады.Шал: О,астапралла!Өңім бе, әлде түсім бе?Мынау өзі алтын балық қой!(балықты жағаға шығарады)Алтын балық балықшы шалға:-Өлтіре көрме мені, қария, үйіңе де апарма. Жөніме қоя бер, керегіңді сұрай бер!Шал: -Не сұраймын мен сенен, ғажайып балық? Басымда жөнді баспанам, ішер ас, киер киімім де жоқ.Алтын балық: Мен сені риза етем балықшы! Ештеңеге алаңдамай жүре бер,қария үйің де, тамағың да, киімің де болады.Автор: Шал балықты өзенге қоя береді, үйіне қарай жөнеледі. Үйіңе келіп баспанасын танымай қалады. Жаман үйінің орнында бөренеден қиылған ғажап үй тұр. Мұны көрген шал кемпіріне:Шал: -Көрдің бе кемпірім, қандай олжаға кенелгенімізді. Алтын балықты босатып жібергенім сол еді, бізді жарылқай салды. Жоқшылықтың азабы осымен бітті.Автор: Шалының сөзін ақырына дейін тыңдаған кемпірі қатты күрсініп басын шайқайды.Кемпірі: Әй-әй шалым-ай! Болмашы нәрсеге мәзсің! Күрішті жеп, киімді тоздырамыз. Ары қарай не істейміз? Қайта барда, балықтан патшаның сарайындай әдемі үй сұра.Автор: (Шалдың мүлдем барғысы келмей,)Амалы құрыған шал, кемпірімен жанжалдасқысы келмей, өзен жағасына барып, балықты шақырады.Шал: Шықшы бері, ғажайып балығым! Жағаға жүзіп келші, алтын балығым!Автор: Біраздан соң су толқынданып, алтын балық жағаға жүзіп келедіШал: -Тыңдашы, ғажайып балығым, менің сенен сұрағаным аз көрінеді. Кемпірім разы болмай жатыр. Кең сарайдай үйіміз, бес батырымыз, алтын әшекей, мол ақша болсын дейді.Автор: Бәрін тыңдап болған балық, құйрығың бұлғаң еткізіп:Балық: -Жарайды, солай-ақ болсын!Автор: Шал үйіне қайтады. Қараса, айнала сауыт сайманы бар батырларын, әшекей салынған алтын сандық, кең сарайдай зәулім үй. Осыдан былай кемпір мен шал уайым-қайғысыз бақытты өмір сүреді, бірақ кемпірі зарлауын қоймайды. Бір ай өтпей-ақ кемпір тағы да шалының мазасын алады.Кемпір: Осы да құрмет-сый болып па? Сен балыққа қайта бар, сені күллі әлемге махараджа етсін. Бар, шалым, жалынып сұра, әйтпесе кемпірім күн көрсейпейтін болды де...Шал: -Бармаймын, аш-жалаңаш тұрғанымызды қалайша тез ұмыттың. Тамақты да, зәулім үйді де берген осы балық емес пе! Бұдан артық не керек саған?Автор: Шал қанша керісіп таласса да, қарсыласса да, кемпірі бой бермеді. Бишара шал қайтсін, тағы да өзенге баруына тура келді. Өзеннің жағасына барып, балықты шақыра бастайды.Шал: -Жүзіп шықшы, ғажайып балығым! Жағаға келші алтын балығым!Автор: Бір рет шақырды, екінші, үшінші рет шақырды, бірақ су бетіне ешкім шықпады. Шал көпке дейін тосып отырды, бір күрсінді де үйіне қарай жылжыды.Үйіне келсе балық берген баяғы сәнді үйінің орнына жаман күркесі тұр екен. Ал кемпірі болса қайғырып жылап отыр екен. Шал оған тұрып былай дейдіШал:-Әй, кемпірім айтпадым ба саған мен. Көп сұраймыз деп, аздан айырылып қалдық. Сен мені тыңдадың ба?Автор: Я, осылай деп шал мен кемпір барға қанағат тұтпай, бұрынғы күйіне түскен екен.Жұмбақбай ата:-Балалар, ертегі сендерге ұнады ма? Қазақта мынадай мақал бар «Азға қанағат етпесең, көптен құр қаласың» деген. Әрдайым бар нәрсеге шүкіршілік етейік. Ертегілер елінен келген кішкентай түйме қызым сендерді өзінің «Ертегілер» әнімен биге шақырады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!