Балалар күзгі әуенмен залға
кіреді.
Жүргізуші: Қарсы алайық
бәріміз, Жасымыз бен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күзге
бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел
іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі. Молшылықтың
жаршысы бола білді, Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала
келді.
Армысыздар ата-аналар, қадірлі қонақтар! Бүгін
біз жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Берекелі,мерекелі Алтын күз!» атты
ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
1-Елжас: Алтын,сары,
қызыл,көк
Алуан-алуан
жапырақ.
Күзгі бақта
күлімдеп,
Көз тартады
атырап.
2-Аяла: Түсті алтын
жапырақ,
Ағаштан үзіліп.
Ұшты ұзақ
сапарға,
Тырналар тізіліп.
3- Асия: Алқаптан
бидайды,
Қоймаға ел
жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.
Жүргізуші: Ал,
балалар,балалар,
Енді бері
қараңдар
бізге қонақ
келмекші
Сендерді бір
көрмекші
Әуелі жұмбақ
жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар
шешімін
Қонағымды ортаға
шақырамын.
Бұлттар төгіп жерге
шөгіп,
Дымқыл тұман
басады,
Шөп
сарғайып,өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай
алмай,
Денең мұздап
тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
,
Бұл қай кезде болады? -Жарайсыңдар, ендеше
қонағымызды қарсы алайық!
Күз ханшайымы: Сәлем менің
достарым,
Өмірге көп
қосқаным,
Күз сыйлығын
алыңдар
Сыйлығына
қаныңдар.
Молшылыққа
кенеліп,
Шаттық әнге
салыңдар.
Жүргізуші: -Ал, балалар
өнерімізді көрсетіп, мерекені
тойлайық.
4-Әмір С: Сарғайды
тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
5-Иназ: Жапырақ
ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Жүргізуші: Ән салыңдар
күліңдер
Жайнап гүлдей
жүріңдер
Күздің
тойын тойлайық
Би билейік,
ойнайық.
Би: «Себет » қабыл
алыңыздар!
Күз ханшайымы: - Рахмет,
балалар.
Жүргізуші: Күз ханшайымы,
біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын
білесізбе?
Күз ханшайымы: Білмейді
екем...
Жүргізуші: Ендеше
тамашалаңыз.(Ойын «Көкөністерді ажырат»
)
Жүргізуші: -Жарайсыңдар,
балалар! Көрдіңізбе, Күз ханшайымы, біздің балалар қандай
епті,жылдам.
Жүргізуші: Кезегімізді өлең
шумақтарға берейік.
6- Сафия: Берекесін
сыйлауға,
Өлкемізге күз
келді.
Жемістерін
жинауға,
Шақырады
біздерді.
7-Аңсар: Ай жапырақ- сары
алтын, Айналанын бәрі алтын.
8- Мерей: Қуандырып
біздерді,
Өлкемізге күз
келді.
9- С.Амир: Кел, жемісті алтын
күз,
Қуансын еліміз.
10-Зере: Жемісі мол
теретін,
Күз дос екен
бізбенен.
11- Омар: Бәрін тауып
беретін,
Жомарт екен күз
деген.
12- Айсезім: Күзде жауын,бұлт,
тұман,
Сары жапырақ
жауады!
Сары боран
ұйытқыған,
Сапырады ауаны.
Жүргізуші: Әсем әуен
салдырған Сәбилер де алғыр жан Бал дәуреннің
қызығын
Есте қалар балдырған. Ән:
«Жаңбыр»
Жүргізуші: Бүлдіршінмен
бәріміз,
Отбасындай бір
ұямыз
Береміз ендеше
Би өнеріне
кезегін.
Күз ханшайымы ,сізге арнап балалар би билеп
береді.
Би: «Балапандар»
Ойын: «Күн мен
жаңбыр!»
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай
әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын
уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі
кездескенше аманшылық болсын!
Жүргізуші: Күз ханшайымының
сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға
жиналайық. Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Берекелі,мерекелі
Алтын куз!» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі,
астықты болсын демекпіз. « Берекелі бақ дәулет, арта түссін
тойланып Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл
айналып.»