Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Алтын күз» ертеңгілік құрылымы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Алтын күз» ертеңгілік құрылымы
Жүргізуші :
- Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі
Алтын күз қайта келді
берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс -береке, ала келді.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша - «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Балалардың тақпағы
Орындарына отырады.
1 . Жүргізуші :Тыныш ,тыныш балалар ! Мен бір дыбыс естіп тұрмын .
Біреу асығып келе жатқан сияқты.
Есік ашылып , Орманшы атай кіреді
Орманшы атай : Мен ормандағы жеміс жидектерді, ағаштарды күзетемін. Балалар !Сендерге орманнан көптеген жұмбақтар , ойындар әкелдім. Ал қане, бәрің тыңдандар да шешуін бірге ойланыңдар.
Жұмбақтар шешу
Алтын ,сары , қызыл, көк,
Алуан ,алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Орманшы атай : Балалар , жарайсыңдар! Енді мен сендерге қызықты ойын дайындадым.
Ойын «Қолшатыр»
Жүргізуші :
Орманшы атай, сіз кереметсіз ! Жақсы ойын ойлап тауыпсыз .
Ал қазір, біздің балалар «Не өседі бақшада» әнін шырқап бермекші.
(Хоровод)
Орманшы атай : Жарайсыңдар балалар!Әнді жақсы айтады екенсіңдер!
Жүргізуші: Орманшы атай,айтыңызшы , Күз ханшайымы қайда?
Орманшы Атай:Ойынға беріліп кетіппін ғой , қалайша ұмыттым .
Қазір келіп қалар
Жүргізуш : Жарайды , олай болса Күз ханшайымы келгенше тақпақ айтайық.
Тақпақтар
Жүргізуші :Балалар, тынышталыңдар, естисіңдерме , біреу есікті қағып тұр.
Музыка ырғағымен залға «Күз ханшайымы» билеп кіреді.
Күз ханшайымы : Сәлеметсіңдер ме , балалар ! Мен - Күз ханшайымымын. Сендермен кездескеніме қуаныштымын.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе , Күз ханшайымы! Төрлетіңіз!
Күз ханшайымы : Мені күткендеріңе өте қуаныштымын.
Жүргізуші : Күз ханшайымы біздің бүлдіршіндеріміздің сізге арнап көрсететін өнерлері бар, соны бірге тамашалайық.
Күз ханшайымы : Жақсы балалар, өнерлеріңді ортаға салыңдар.
Жүргізуші:
Біз кішкентай балдырған
Сескенбейміз жаңбырдан
Төбемізде қол шатыр
Алдымызда жол жатыр
«Қолшатыр биі»
Орманшы атай : Күз ханшайымы, қыздар биді билейді екен . Ал мынау отырған саңырақұлақтар – менің орманымнан. Қане саңырауқұлақтар, бидің сәнін келтірейік.
Саңырауқұлақтар биі
Күз ханшайымы:Тамаша билейді екенсіңдер!
Жүргізуш і: Күз ханшайымы, енді біздің балалар сізге арнап «Жаңбыр» әнін шырқайды.
Ән: Жаңбыр
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге қызықты ойын дайындап алып келдім.
«Жеміс – жидектерді жина» ойыны
«Жұппен би»
Жүргізуші:Орманшы атай, Күз аншайымы!Көрдіңіздерме, мұның бәрін балабақшада үйретеді.Қазіргі тыңдайтын әндеріңіз
«Бақшаға келемін»
Орманшы атай: Балалар ,сендерге алғысымызды білдіреміз . Бәріміз бірге көңілді ойындар ойнадық , ән айттық , би билегендерің ұнады.
Біздің орманға қайтатын уақытымыз келді.
Күз ханшайымы : Сендерге әкелген сыйлығымыз бар. Себетке салынған жемістер таратылды
КМҚК «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы
«Отан қорғаушылар мерекесі»
(Ортаңғы «А» тобы )
Музыка жетекшісі:Гиният Ф.С
2016 ж
Жаңа жылдық ертеңгілік құрылымы
Балалар музыка залына қол ұстасып кіреді.
«Би
орындалады»
Жүргізуші:
Төрле – төрле жаңа
жыл.
Айналамыз тебірене жаңа
жыр.
Төрле – төрле құтты
жыл.
Халыққа әр күн төгіп
нұр.
Төрле, төрле құтты
жыл.
Қуаныштан айналады әлем –
жыр.
Балалардың балалардың қуанышында шек
болмай.
Жүректері қуаныштан толқып
тұр.
Құрметті ата-аналар және тәрбиешілер. Барлығыңыздың бүгінгі жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Келе жатқан мешін жылы бәріңізге бақыт, шаттық, береке, бірлік, несібе әкелсін. "Қошақан" тобының "Келді, міне жаңа жыл" атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
Тақпақтар.
Балалар орындарына отырады
Шыршаның артынан Сауысқан
жүгіріп шығып, аяз атадан хабарлама оқиды.
- Асығамын деп жүріп
Сыйлықтарды шашып алдым.
Бұтаққа мен қабымды
Іліп алып, тесіп алдым.
Сыйлықтарды жинағанша
Сендерге мен немеремді
Жіберемін асыға
Қорғап сендер Ақшақарды
Жүріңдерші өтінемін.
(Осы кезде Ақшақар болып киінген Мыстан кемпір кіреді).
Мыстан
кемпір: Міне менде келіп
қалдым.
Жүргізуші: Кімсің
сен?
Мыстан
кемпір: Қалай кім? –Мен
Ақшақармын.
Жүргізуші: А-а Аяз атаның немересі
боласын ба?
Мыстан
кемпір: Әрине мен. Мені қарсы
алыңдар.
Жүргізуші:Сен Ақшақар болсаң, Аяз ата
қайда?
Мыстан
кемпір: Сендерге асығамын деп,
санамақтарды шашып алды.
Жүргізуші: Қандай
санамақтар?
Мыстан
кемпір: Қаптың түбі тесіліп,
санамақтар шашылып қалды.
Жүргізуші: Ешқандай да сен Ақшақар
емессің, кет кәне осы жерден.
Мыстан
кемпір: Аяз ата сендерге мені
қорғасын деді ғой.
Жүргізуші:Балалар! мүмкін ол шынымен
Ақшақар шығар.
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Сонда кім
болғаны
Балалар: Мыстан
кемпір.
Мыстан
кемпір: А-а ойланып мені кім екенімді
таптыңдар ма. Ақшақар менде, жібермеймін мен
оны.
Жүргізуші: Қане босат сен
ақшақарды.
Мыстан
кемпір: Мен Ақшақарға пештегі отымды
жаққызамын.
Жүргізуші:Енді не істейміз? Ол еріп
кетеді ғой. Не керегін сен айтшы, бірақ Ақшақарды
босат.
Мыстан
кемпір: Мен мерекеге қатысқым
келеді.
Жүргізуші:Жарайды біз келісеміз, қала
ғой.Бізбен бірге көңілді ән шырқа.
«Ән: Жаңа
жыл»
Мыстан кемпір аппақ
киімге орап тастаған Қарақшыны алып
келеді.
- Міне сендердің Ақшақарларын.
Жүргізуші:Ақшақар, сен неге сонша оранып
алғансың. Дауысында өзгерген.
Қарақшы: А - а мен қатты жел тұрғанда
ауырып қалғанмын.
- Оданда жұмбақ жауабын табындар.
Жұмбақ: Қыста ғана
болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)
Қарақшы:дұрыс таптыңдар.
Жүргізуші: Балалар мен таң қалып тұрмын
Ақшақардың досы Мыстан кемпір ме?
Қарақшы: Әрине жоқ...( Аузын жабады).
Оданда билейік.
«Ақшақар мен Мыстан кемпірдің биі»
Қарақшы би билеймін деп, ұмытып. Үстіндегі ақ киімін шешіп
тастайды.
Жүргізуші: Балалар қараңдар бұл Ақшақар
емес қой! Қане екеуін байлап
тастайық.
Мыстан
кемпір: Жоқ-жоқ кешіріңдер
бізді.
Жүргізуші: : А-а қорқып
қалдыңдар ма. Айтыңдар Ақшақар
қайда?
Мыстан
кемпір: Қазір біз алып
келеміз.
( Босатып жібереді)
Жүргізуші:Балалар қане Ақшақарды
дауыстап шақырайық, адасып кетіп жүрмесін.
Балалар шақырады: Ақшақар - Ақшақар
Ақшақар көңілсіз болып кіреді
- Жаңа жылдарыңмен
Тәрбиеші: Не болды? Неге сен көңілсізсің?
- Неге сен мұңайып тұрсың?
- Енді не істейміз?
- Балалар мүмкін тақпақ айтып, би билеп
берерміз.
«Жұппен
би»
Ақшақар:
Көңілім көтеріліп қалды,
рахмет балалар!Бірақ біздің Аяз атамыз көрінбейді ғой.Қане, олай
болса бәріміз қосылып, Аяз атаны шақырайық.
(алыстан аяз атанын дауысы естіледі)
Аяз
ата: Құтты болсын,
балалар
Келген Жаңа
жылдарың
Алаңдамай
өсіңдер
Еркелеп қыз,
ұлдарым
өткен жылы келіп
ем
Бәріңді де көріп
ем
Жыл өткізіп келем
деп
Уәдемді беріп
ем
Ойларың мен бойларың
да
Бірдей өсіп қалдыңдар
ма?
Ал, мен кіммін
айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар
ма?
Балалар:Аяз ата!
Жүргізуші:Аяз ата!Қош келдіңіз! балалар
өзіңізге арнаған әнін шырқап
бермекші.
«Ән:Аяз
ата»
Мыстан кемпір кіріп Аяз
атаның таяқшасын алып
кетеді.
Аяз ата:Бәрекелді, жарайсыңдар балалар!Менің де сендерге дайындаған қызықты ойыным бар.Қане, бірге ойнайық.
«Ойын:Кім пиманы тез киеді?»
Ойын шарты:Ортаға екі бала шығады, музыка басталғанда екеуи жүгіріп пиманы бір аяқтарына киіп, шыршаны айналып келулері тиіс.Бірінші жеткен бала жеңімпаз атанады.
Жүргізуші:
Аяз ата!Біздің шыршаның шамдары жанбай тұр.
Қане қолыңыздағы таяқшамен
жағып жіберіңізші.
Шырша шамы жанады
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды
қараса.
Қане балалар, олай болса «Шырша» әнін бірге шырқайық.
«Ән:Шырша»
Аяз ата:Жарайсыңдар балалар!Олай болса, тағы да бір қызықты ойынға кезек берейік.
«Ойын:»
Аяз ата:Жарайсыңдар балалар!
Жүргізуші:
Ұлдардыңбиші аяғы
Би дегенлде тұра алмас
Алдарыңда би билесе
Қандай адам қуанбас
«Би:Пингвиндер»
Ақшақар: Аяз ата сіз сыйлықтарды беруді
ұмыттыңыз.
Аяз
ата: Қазір таяғымды алып. Әй Мыстан
кемпір! сен тағы өз өнеріне кірістің
бе?
(Мыстан кемпір Аяз
атанын артына тығылып
қалады.)
-
Балалар!Мыстан кемпір қайда?
- А-а-а міне сен, қазір мен сені қатырып
тастаймын .
Мыстан кемпір:
Ой жоқ керегі жоқ деп, күлкілі қимылда қатып
қалады.
Жүргізуші:Балалар қараңдар, Мыстан
кемпір қатып қалды.
Аяз
ата:Балалар, қане Мыстан кемпірге
сиқырлы жылтырауық шашайық.Сонда ол жақсы істер жасайтын
болады.
Аяз ата Мыстан кемпірді қалпына
келтіреді.
Мыстан
кемпір: Ой не болды маған, мен бір
жақсылық жасағым келіп түр.
Аяз
ата: Қандай жақсылық жасағын
келеді?
Мыстан
кемпір: Сыйлықтар сыйлағым
келеді.
Аяз
ата:Ал, олай болса балаларға
сыйлықтар таратайық.
« Би:Жаңа жыл»
Аяз ата:Ал балалар, олай болса біз Ақшақар екеуміз қайтайық.
Қош сау болыңдар балалар!
Мыстан Кемпір:Иә балалар, бізге де қайту керек.Сау болыңдар балалар!
КМҚК «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы
«ЖАҢА ЖЫЛ»
(Ортаңғы «А» тобы)
Музыка жетекшісі:Гиният Ф.С
2016 ж
Ахмет Жұбанов
Жұбанов Ахмет (1906-1968)- композитор, дирижер, музыкатанушы, этнограф, ҚазССР-нің халық артисі, өнертану ғылымының докторы, ҚазССР ҒА-ның академигі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.1932 ж. Ленинград консерваториясының тарихи теориялық факультетін бітірген. 1932-1933 жж..- өнертану Академиясының аспиранты.
1934 ж. қазақтың халық аспаптары оркестрін ұйымдастырды (қазіргі Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі). Жұбанов Алматы мемлекеттік консерваториясын басқарды, оған Жамбыл атындағы қазақтың мемлекеттік филармониясын ашу миссиясы жүктелді. Ол республикалық Ғылым Академиясының негізін салушылардың бірі, кейін М.О.Әуезов атындағы өнер мен әдебиет институтының құрамына енген өнертану секторын ұйымдастырды. Жұбановтың ұйымдастырушылық, шығармашылық, ғылыми, педагогикалық, қоғамдық қызметі Қазақстанның музыка мәдениетінің қалыптасу тарихында тұтас бір кезеңді қамтиды.
Ол кәсіби музыкалық білім берудің, музыкалық шығармашылық пен музыкалық ғылымның ірге тасын қалады. Академик- композитор Жұбановтың есімі қазақ музыка мәдениетінің негізін салушы тұлғалардың көш басында тұр. Ол Л.Хамидимен бірлесіп, “Абай” және “Төлеген Тоқтаров” операсын, “Құрманғазы туралы естелік маршын”, “Жез киік” симфониялық шығармаларын, қазақтың би сюитасын, “Саранжап”, “Көроғлы” фортепьяналық шығармаларын, хорлар, әндер, романстар, театр мен киноға арналған музыкалар, “XIXғ. мен XXғ. басындағы қазақ халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы”, “Ғасырлар пернесі”, “Замана бұлбұлдары”, “Мұқан Төлебаев”, “Құрманғазы” этнографиялық зерттеулерін жазды. А.Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі ұшан - теңіз.
I ші кіші тобына арналған ертеңгілік құрылымы
Балалар музыканың ырғағымен кіріп, жартылай шеңбер құрып тұра қалады.
Жүргізуші:Армысыздар, ақ жаулықты аналар мен асыл әжелер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі «Ана»деп соқса, бүгінгі мерекелік ертеңгілік де аналарға арналады.
Жүргізуші:Ендеше, біздің балалардың орындауында
«Айналайын ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.
Балалар орындарына жайғасады.
Жүргізуші:Балалар,естисіңдерме,бізге біреу келе жатқан сияқты.
Музыканың ырғағымен «Сайқымазақ» кіріп келеді.
Сайқымазақ:Сәлем, сәлем!барлықтарыңа сәлем!Мені таныдыңдар ма?
Мен-Сайқымазақпын!Жақын маңда өтіп бара жатыр едім, сендердің дауыстарыңды естіп, бірден осы жаққа қарай жол тарттым.
Жүргізуші: Иә, біздің балаларға қандай сыйлық әкелдің?
Сайқымазақ:Мен ба?Мен қазір сендерге би билеп беремін.Ал кеттік,
(Сайқымазақ биі)
Жүргізуші:Иә, Сайқымазақ!Биің жаман емес, бірақ біздің балалар сенен де жақсы билейді.
Сайқымазақ:Мынадай кішкентай ғана балапандар ма?Жоқ, сенбеймін.
Жүргізуші:Олай болса, қара.
Би: «Гүл шоқтарымен»
Сайқымазақ:Иә, хе хе хеее,,,, Тамаша билейді екенсіңдер.Ал тақпақ айту білесіңдер ме?
Жүргізуші:Әрине, біледі.Қазір балаларымыз өздерінің аналарына, әжелеріне деген тақпақтарын айтып береді.
Балалар тақпақтарын айтады
Сайқымазақ:Бәрекелді, жарайсыңдар!Ал енді менімен бірге ойын ойнауға дайынсыңдар ма?Бүгін қыздарымыздың да мерекесі болғаннан кейін,
«қыз қуу» ойынын ойнаймыз.Ортаға 2 қыз, 2 ұл шықсын.
КМҚК «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы
«Анашым мерекеңмен»
Музыка жетекшісі:Гиният Ф.С
2017 ж
Өз білімін жетілдірудің жоспары
№ 33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК 2015-2016 оқу жылы
Музыка жетекшісінің аты – жөні: Ғиният Фарида Серікқызы
Тақырыбы: Бала бойындағы музыкалық қабылетті дамыту.
Айлар |
Балалар |
Педагогтар |
Ата - ана |
Жинақ сандықша |
Қыркүйек |
Диагностика. Балалардың меңгеру көрсеткіші |
|
|
Диагностика Қорытындысы |
Қазан |
«Алтын күз» |
«Алтын күз» сценариін құру. |
Осы жұмысқа ата –аналарды тарту. |
«Алтын күз » ертеңгілік сценариі |
Қараша |
«Аңшы мен қояндар» музыкалық – дидактикалық ойыны |
Дидактикалық ойындар туралы түсінік беру. |
|
Жинақ сандықшаны толтыру. |
Желтоқсан |
«Жаңа – жыл» ертеңгілігі |
Ертеңгілік сценариін құру. |
«Жаңа –жылға дайындық» |
Дискілер мен бейнетаспалар- ды жинау. |
Қаңтар |
«А.Жұбанов шығармашылығы» |
Композитордың өмірбаянымен таныстыру. |
|
А.Жұбанов шығармашылық жолы. |
Ақпан |
«Бөбегім» әнін үйрену. |
Шығарма туралы түсінік беру. |
Әннің сөзін жаттату. |
Шығарма нотасы
|
Наурыз |
«Анашым - мерекеңмен» ертеңгілігі |
Аналар күніне арналған ертеңгіліктің сценариін құру. |
Ертеңгілікке ата – аналарды қатыстыру. |
Ертеңгілік сценариі |
Сәуір |
«Вальс» би қимылын үйрену. |
Би туралы қысқаша мағлұмат беру. |
|
Би қимылдары көрсетілген бейнежазбаны салу. |
Мамыр |
«Жеңіс күні» ертеңгілік |
«Жеңіс күні туралы» түсінік беру. Сценариін құру. |
«Жеңіс күні туралы» түсінік беру. Ата –аналарды ертеңгілікке шақыру. |
Ертеңгілік сценариі |
Тұрақты мәселе бойынша жеке жұмыс жоспары
Тақырып атауы: Бала бойындағы музыкалық қабылетті дамыту.
Мақсаты: Музыка өнері арқылы баланың өмірге деген көзқарасын, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, өз халқының өнерін, салт - дәстүрін жоғары бағалай білетін парасатты азамат тәрбиелеу.
Міндеттері: Шығармашылық белсенділігін арттыру.
Балалардың қабылеттерін музыкалық – ырғақты қимылдар арқылы, ән айту, және музыкалық аспаптардың көмегімен жүзеге асыру.
Шығармашылық ойлау қабылеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
Шығармашылық қабылеттерін дамыту, балалармен жүйелі жұмыс, шығарманы байыппен, түсініп тыңдауға үйренеді. Балалардың ынтасын дамыту, эстетикалық қабылеттерін дамыту.
Әр кезеңінің орындалу мерзімі:2015-2016 ж
Тақырып бойынша жұмыс барысында жүзеге асырылатын іс- әрекеттер мен іс – шаралар :Музыкалық – дидактикалық ойындар, ойын – сауық, ертеңгіліктер.
Атқарылған жұмыс нәтижесін көрсететін әдісі:Балалар музыка сабағында алған білімдерін ертеңгіліктерде, музыкалық сайыстарда, ойын - сауықтарда жақсы көрсете білуге талпынулары тиіс.
Атқарылған жұмыс туралы қорытынды есебі:Осы ескерілген мақсат пен міндет нәтижесінде мен музыка жетекшісі ретінде балаларға барынша мәлімет беруге, білмегендерін үйретуге тырыстым. Аспаптардың көмегімен, ән айту, би қимылдарын игеру барысында балалармен шығармашылық бағытта жұмыстар жүргізілді.Дарынды балалармен жеке жұмыстар, ата – аналармен костюм, балалармен қосымша дайындық туралы жұмыстар атқарылды.
Жалпы мәліметтер
1.Музыка жетекшісінің аты – жөні: Гиният Фарида Серікқызы
2.Туған жылы, күні, айы:09.08.1993 ж
3.Білімі:Жезқазған музыкалық колледжі, 2013 ж
4.Еңбек өтілі: 2 жыл, 7 ай.
5.Жұмыс орны: «№ 33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК
6.Лауазымы:Музыка жетекшісі