Материалдар / Алтын қақпа ойыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алтын қақпа ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
700
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алтын қақпа» ойыны

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! «Алтын қақпа» интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілейміз.
Ойынымызды бастамас бұрын  әділқазылар алқасымен таныстырсайық .

 Ұлы Абай атамыздың «Адам ата – анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескере жақсы – жаманды таниды. Сондайдан білгені, көргені, тоқығаны көп болған адам білімді болады»- деген нақыл сөзін ескере отырып, ойынымызды бастайық.

Негізгі ойын шарты жылдам, ұтымды және сұраққа толық жауап беру керек. Кім де кім берілген сұрақтың жауабын біліп тұрса, қолын  жылдам көтеру керек. Орнымыздан тұрып, сұраққа толық жауап қайтару керек. Сол кезде ғана жауап саналады.
Алтын сандықты ашпас бұрын, алдыңғы турлардан яғни тас қақпадан, темір қақпадан ,күміс қақпадан, алтын қақпадан өтіп, алтын сандықты ашуға тырысады. Егер де алтын сандықтың ішіндегі сұраққа жауап бере алмаса, алтын сандық ашылмай жабулы күйінде қала береді.

Ойынның шарты: Жылдам, ұтымды және ұраққа толық жауап беру керек. Ойын 5 кезеңнен тұрады. «Тасқақпа», «Темірқақпа»,«Күмісқақпа», «Алтынқақпа», «Алтын сандық». Әрбір дұрыс жауап арқылы алтын сандықты алуға ұмтылыс жасау керек. Алтын сандықтың сұрағына жауап беруші жеңіске жетеді. Егерде алтын сандықтың ішіндегі сұраққа жауап бере алмаса, алтын сандық ашылмай жабулы күйінде қала береді.

Қатысушылар өздерін таныстырды. «Алтын қақпа ойынының алғашқы сатысы «Тас қақпа» сұрақтарына жауап беруін тамашалаймыз»

  1. І. «Тасқақпа» сұрақтарға жауап беру.

I-топ

1. Қазақстанда өсімдіктердің қанша мыңға жуық түрі кездеседі? Ж:15мың

2.«Биология» ұғымын ашқан ғалым? Ж:Жан Батист Ламарк

3.Өсімдіктер қай ағзаға жатады? (Автотрофты)

4. Мүктерді зерттейтін ғылым (бриология)

5.Сиыр цепенінің аралық иесі (балық)

ІІ топ

. 1. Митохондрияның қызметі? Ж:жасушаның энергия орталығы қызметін атқарады.

2. Балықтардың миы қанша бөліктерден тұрады? (бесеу)

3.1981 жылы биология саласында қандай жаңалық болды? (өсімдіктерге арналған қызыл кітап)

4. Жирафта қанша мойын омыртқа бар? (жеті)

5. Бунақденелілерде қанша жұп аяқ бар (алты жұп)



ІІІ топ.

1.Өсімдіктерді танып білудің негізін қалаған кім? Ж:Теофраст

2. Құрттарды зерттейтін ғылым? (гельминтология)

3. Сабақтың түрлерін ата... (шырмалғыш, өрмелегіш, қысқарған, т.б)

4. Асқорыту мүшелерінің құрылысы. (асқазан, жұтқыншақ т.б.)

5.Екінші Қызыл кітап қай жылы шықты? (1981ж)

ІІ. «Темірқақпа»

Ғалымдардың жетістіктері. (постер қорғау)

ІІІ. «Күмісқақпа» 3 мақал , 2 жұмбақ

1..Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы.
2.  Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса,' жан азады.
3.  
Айдалада атқан оқ
Ажалдыға тиеді.
  1. Жеңіл барып, ауыр қайт,
Аман барып, сау қайт.
2.  Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.
3.    Күлегештің көңілі азбас,
Күтіншектің өзі азбас.
Қырықта қылау,
Сексенде шылау.
 1.Ұрынарға қара таппай,
Емдетуге жара таппай...
   2.  Лас адам — кіршіл,
Надан адам — діншіл.
3. Боранын бұрқыратқан қыстан,
Сай-сүйегіңді сырқыратқан
Сары уайым жаман.
 Күлкі — ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.

Жұмбақтар

  1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым. Ж:Жеміс

2.Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар? Ж:Мақта

1.ӘКеміз ала баспақ асырады,

Күз келсе соямын деп асығады.

Баспағым бойын шөпке жасырады,

Еті қызыл, терісі жасыл әлі. Ж:қарбыз

2.Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)

1.Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)

2.Үстіне тігіп көк шатыр,.....................

IV. «Алтын сандық» сұрақ

  1. 1871 жылы туған «адам маймылдан шықты» деп тұжырымдады. Адамның дамуындағы әлеуметтік фактордың ролі « Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» атты еңбекті жазды. Бұл кім ( Ч.дарвин)

  2. «Типографиялық анатомия» атты еңбек кімнің еңбегі? ( Николай Иванович Пирогов)

  3. едицина саласын жан-жақты зерттеген ғалым әрі дәрігер... (ГИППОКРАТ)

V. «Алтын сандық» есептер

1. Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады?- деп атасы немересіне қарады. Ж: Бір пұт, себебі түйеқұстың салмағы өзгермейді.

2. Балықтың ұзындығы 30 қарыс. басының тұрқы құйрығының ұзындығына тең. Егер басы екі есе ұзарса, онда басы мен құйрығының ұзындығының қосындысы қара кесек етінің ұзындығына тең болар еді. Балық басының, құйрығының және қара етінің ұзындығын табу керек.

Ж. 6 қарыс.Қарыс бас бармақ пен шынашақтың керіп ұстаған арасы.

Талдан ұшты топ торғай,

Емес бірақ көп торғай.

Алдында оның бастаушы,

Артында төртеу қостаушы.

және тағы қарасаң,

қайта оны санасаң,

Соңында біреу қап келеді,

Алдында төртеу топ келеді.

Үшеуі қатар жарасқан

Тізіліп үшеу қалыспан.

Ойың жүйрік болса егер,

Торғай нешеу есепте? Ж: (бесеу)






















І. «Тасқақпа» сұрақтарға жауап беру.

I-топ

1. Қазақстанда өсімдіктердің қанша мыңға жуық түрі кездеседі?

2.«Биология» ұғымын ашқан ғалым?

3.Өсімдіктер қай ағзаға жатады?

4. Мүктерді зерттейтін ғылым

5.Сиыр цепенінің аралық иесі



ІІ топ

. 1. Митохондрияның қызметі?

2. Балықтардың миы қанша бөліктерден тұрады?

3.1981 жылы биология саласында қандай жаңалық болды?

4. Жирафта қанша мойын омыртқа бар?

5. Бунақденелілерде қанша жұп аяқ бар



ІІІ топ.

1.Өсімдіктерді танып білудің негізін қалаған кім?

2. Құрттарды зерттейтін ғылым?

3. Сабақтың түрлерін ата...

4. Асқорыту мүшелерінің құрылысы.

5.Екінші Қызыл кітап қай жылы шықты?





ІІ. «Темірқақпа»

Ғалымдардың жетістіктері. (постер қорғау)









ІІІ. «Күмісқақпа» 3 мақал , 2 жұмбақ

1..Жарлының байлығы —........................
2.  Жан ауырса тән азады,....................
3.  
Айдалада атқан оқ..............................

ЖҰМБАҚ

1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым. ......................

2.Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар? ....................................



ІІ топ

1. Жеңіл барып, ауыр қайт,..................................
2.  Бас аманда мал тәтті,........................................
3.    Күлегештің көңілі азбас,......................................

ЖҰМБАҚ

1.ӘКеміз ала баспақ асырады,

Күз келсе соямын деп асығады.

Баспағым бойын шөпке жасырады,

Еті қызыл, терісі жасыл әлі. ...................................

2.Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады
. ..............................



ІІІ топ

 1.Ұрынарға қара таппай,.....................................
2.  Лас адам — кіршіл,...................................
3. Боранын бұрқыратқан қыстан,..........................
 
Жұмбақтар

1.Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді. ............................

2.Үстіне тігіп көк шатыр,...........................




IV. «Алтын сандық» сұрақ

  1. 1871 жылы туған «адам маймылдан шықты» деп тұжырымдады. Адамның дамуындағы әлеуметтік фактордың ролі « Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» атты еңбекті жазды. Бұл кім


  1. «Типографиялық анатомия» атты еңбек кімнің еңбегі?


  1. Медицина саласын жан-жақты зерттеген ғалым әрі дәрігер...




  1. V. «Алтын сандық» есептер



1.Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады?- деп атасы немересіне қарады.



2.Балықтың ұзындығы 30 қарыс. басының тұрқы құйрығының ұзындығына тең. Егер басы екі есе ұзарса, онда басы мен құйрығының ұзындығының қосындысы қара кесек етінің ұзындығына тең болар еді. Балық басының, құйрығының және қара етінің ұзындығын табу керек.


3.Талдан ұшты топ торғай,

Емес бірақ көп торғай.

Алдында оның бастаушы,

Артында төртеу қостаушы.

және тағы қарасаң,

қайта оны санасаң,

Соңында біреу қап келеді,

Алдында төртеу топ келеді.

Үшеуі қатар жарасқан

Тізіліп үшеу қалыспан.

Ойың жүйрік болса егер,

Торғай нешеу есепте?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!