Материалдар / "Алтын сақа" интеллектуалды ойын-сайысы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алтын сақа" интеллектуалды ойын-сайысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын сақа ойыны. 7-сынып оқушылар арасындағы сайыс. Логикалық есептер шешу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ









Shape1



(интеллектуалды ойын-сайысы)

7-сынып





Пән мұғалімі: Қаймолдина Д

2023-2024 оқу жылы Picture 1


«АЛТЫН САҚА» ойыны


Мақсаты: оқушылардың арқасында «Алтын сақа» ойынын ұйымдастыра отырып олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, білімдерін, ой – өрістерін дамыту және халқымыздың салт – дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Мұғалім: Құрметті оқушылар мен ұстаздар!

Біздің болашақ жастарымыз жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты, бабаларыңның игі дәстүрін сақтайын, өз елінің патриоттары болу үшін білім өрісін кеңейтетін «Алтын сақа» телеойынын біздің мектебімізде бастауға рұқсат етіңіздер.

Кіріспе:

-Мұғалім: Ал, кәне балалар, кім қазақтың ұлттық ойындарын айтады?

-Сіздер білесіздер қазақтың ұлттық ойындары: Теңге алу, Көкпар тарту, Ақ сүйек, Көрші, Алтын сақа т.с.с.

Алтын сақа ойының аталарымыз қалай ойнағанын айтып берейін.

Асық ойыны баланың жастайынан нерв жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тербиелеу. Асық ойынында тізілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойларды асығы болып келеді.

Алтын сақа ойыны сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет. Ойын басталар алдында ойын жүргізуші барлық ойыншылардың сақаларды жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін, сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол бірінші асық ататын болады. Атқан кезде сақасы мен асығы бір жақты түссе, атқан асығын алып, әрі қарай ата береді.

-Ал енді Алтын сақа ойынын ойнайық

-Бүгінгі сабаққа математика пәніне икемделген түрі.

2. Екі топқа бөлінеміз.

3.Әділ қазылар мүшелерін сайлайық.

Оқу ісінің меңгерушісі: Оспанғалиева Э

Математика мұғалімдері: Бөлтекбаева Г


І. «Алтын сақа»


1) Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалдан ауыр. Қайсысы ауыр – алмұрт па әлде шабдал ма? (Алмұрт)

2) Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар. (6 бала)

3) Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар. (50 саусақ)

4) Үш ат шегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15 км/сағ)

5) 1 – ден 99 – ға дейінгі барлық сандар қатарынан жазылған 5 цифры қанша рет кездеседі? (12 рет)

6) Төрт бүтін санның (әр түрлі болуы шарт емес) қосындысы мен көбейтіндісі 8 – ге тең. Бұл қандай сандар? (1; 2; 4; 1)

7) Ұлу күн сайын қабырғамен 7 м жоғары өршелеп шығады және түнде 4 м төмен түседі. Ол биіктігі 19 м үйдің төбесіне, жерден бастағанда, қанша күнде жетеді? (6 күн артық)

8) Себеттегі алма саны 100 – ден кем. Оларды екі, үш, бес балаға тең бөліп беруге болады, бірақ төрт балаға тең бөлуге бөлмайды. Себетте қанша алма бар еді? (90 алма)



ІІ. «Бәйге»

1.Алты 7-ден 100 жаз

Жауабы: = 100 ( 55 ұпай )

2. 2 мен 3арасына бір таңба қойғанда 2-ден артық 3-тен кем, сан шығады.

Жауабы: 2,5 ( 5 ұпай)

3. = 6 дәлелде

Жауабы: =6 (60 ұпай)


ІІІ. «Көкпар» ойыны

  1. Үш дос: Әуез, Елнар және Мырзатай бір сыныпта оқиды. Олардың біреуі мектептен үйіне автобуспен, біреуі – трамваймен және біреуі троллейбуспен қатынайды. Бір күні сабақтан соң Әуез досын автобустың аялдамасына дейін шығарып салды. Қастарынан троллейбус өтіп бара жатқанда досы терезеден: «Елнар, сен мектепте дәптеріңді ұмытып кетіпсің?» - деп айқайлайды. Кім үйіне немен барады?

(Елнар – автобус, Мырзатай – троллейбус, Әуез - трамвай)

  1. Бір мектепте оқыған үш дос: дәрігер, мұғалім, ақын. Олардың фамилиялары: Боранбаев, Иманбаев, Саматов. Дәрігердің інісі де қарындасы да жоқ, ол достарының ішіндегі ең кішісі. Саматов мұғалімнен үлкен және Боранбаевтың қарындасына үйленген. Дәрігердің, мұғалімнің, ақынның фамилияларын атаңдар.

(Дәрігер – Иманбаев, мұғалім – Боранбаев, ақын - Саматов)

  1. Шылаушын (құрт) ағашқа өрмелеп барады. Түнде ол 4 м жоғары көтеріледі, ал күндіз 2 м төмен түседі. Сегізінші түнде шыллаушын ағаштың төбесіне шықты. Ағаштың биіктігі қандай. (16 м)

  2. Бір құймадан 6 тетін жасайды. Алты құймадан қалған қалдықтардан бір құйма алуға болады. 36 құймада қанша тетін алуға болады.

(36 * 6 + 6 = 222)


ІV. «Ақ сүйек» ойыны / формула құрастыру/


1.(а - в)2

А) а3 + в3

2.(а – в)(а + в)

Ә) (а - в)(а2 + ав +в2)

3.а2 – 2ав + в2

Б)а2 – в2

4.( а + в)2

В)а2 – 2ав + в2

5.(а + в)(а2 – ав + в2)

Г) а2 + 2ав + в2

6.а3 – в3

Ғ) (а – в)2

7.(а + в )3

Д) (а – в)3

8.а3 – 3а2в + 3ав2 – в3

Е) а3 +3а2в + 3ав2 + в3



V. «Киіз үй» тапсырмалары

1. Егер күндізгі 12 сағатта жаңбыр жауса, 36 сағаттан кейін күннің көзі шығуы мүмкін бе?

Жауабы: (Жоқ, түн) (10 ұпай)

2. Үстел басында 2 әке және 2 бала отыр. Олар ыдыстағы 3 жұмыртқаны өз ара бөлісіп, әрқайсысы бір-бірден жұмыртқа жеген. Сонда қалай?

Жауабы: (Атасы, баласы, немересі) (10 ұпай)

3. Мотоциклші поселокқа келе жатыр. Жолда 3 жеңіл және бір жүк машинасымен кездесті. Осы поселокқа барлығы неше машина барды.

Жауабы: 1-ден артық емес машина (10 ұпай)

4. Көптеген күткен қаңтар ай да келді.

Бірінші 1 алма ағашы гүлдеді де содан кейін 3 өрік ағашы гүлдеді. Қанша ағаш гүлдеді?

Жауабы: (қыста ағаш гүлдемейді) (10 ұпай)

5. Жолда бір қыз бен ер азаматты кездестірген кісі, «Сіздер бір-біріңізге кім боласыздар?», – деген Сұрағына қыз былай деп жауап берген. «Бұл кісінің шешесі, менің шешемнің енесі болады». Сонда олар бір-біріне кім болғаны?

Жауабы: (әкесі мен қызы) (10 ұпай)



VІ. «Кім жылдам» сұрақтар

Әділқазылар алқасының қорытындысын айтады. Оқушылар марапатталады.






1) Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалдан ауыр. Қайсысы ауыр – алмұрт па әлде шабдал ма? (Алмұрт)

2) Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар. (6 бала)

3) Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар. (50 саусақ)

4) Үш ат шегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15 км/сағ)

5) 1 – ден 99 – ға дейінгі барлық сандар қатарынан жазылған 5 цифры қанша рет кездеседі? (12 рет)

6) Төрт бүтін санның (әр түрлі болуы шарт емес) қосындысы мен көбейтіндісі 8 – ге тең. Бұл қандай сандар? (1; 2; 4; 1)

7) Ұлу күн сайын қабырғамен 7 м жоғары өршелеп шығады және түнде 4 м төмен түседі. Ол биіктігі 19 м үйдің төбесіне, жерден бастағанда, қанша күнде жетеді? (6 күн артық)

8) Себеттегі алма саны 100 – ден кем. Оларды екі, үш, бес балаға тең бөліп беруге болады, бірақ төрт балаға тең бөлуге бөлмайды. Себетте қанша алма бар еді? (90 алма)







(а - в)2



а3 + в3

(а – в)(а + в)



(а - в)(а2 + ав +в2)

а3 – в3



а2 – в2

( а + в)2



а2 – 2ав + в2

(а + в)(а2 – ав + в2)



а2 + 2ав + в2

(а + в )3



(а – в)3

а3 – 3а2в + 3ав2 – в3



а3 +3а2в + 3ав2 + в3







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!