Материалдар / Алысқа жол тартқан Ақ Ордам
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алысқа жол тартқан Ақ Ордам

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызылорда облысы Шиелі ауданы 45 " Ақ Орда" мектеп-гимназиясының 100жылдық мерейтойына арналған ғылыми жұмыс . Ғылыми жұмыста Ақ Орда мектеп гимназиясының тарихы жеткен жетістіктері қамтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2022
396
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы

















ҒЫЛЫМИ ЖОБА







Тақырыбы: Тұғырлы мектеп – алтын діңгек

Жетекшісі: Ақмарал Бегайдарова

Сыныбы: 7- «А»

Қорғаған: Мұханбетияр Аяулым



















Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………5

II Негізгі бөлім

2.1.« Ақ Орда» мектеп-гимназиясының тарихы, жетістіктері мен жаңарулары ………………………………………………..6

2.2. Кітапхана – рухани қазына ордасы. Мұражай – мектептің мәдениетін , тарихын танытатын құндылық……………….8

III Қорытынды………………………………….. …………….10

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………. ………..12



































Аннотация

Бұл ғылыми ізденіс жұмысы, 100 жасаған мектебіміздің тарихын , жүріп өткен сара жолындағы құнды мәліметтерді жинақтауға арналған. Сонымен қатар, мектептің 100жыл ішінде жеткен жетістіктері мен жаңарулары туралы басты мәліметтерді беру. Осы 1 ғасыр ішінде өз біліктілігімен, көшбасшылығымен мектеп басқарған директорлардың атқарған ісі жөнінде, мектептің даңқын шығарып, биік асулардан көрінуіне себеп болған түлектер және сол түлектерге білім беріп , тәлім-тәрбие беріп биік асулардан көрінуіне үлкен септігін тигізген ұлағатты ұстаздар жөніндегі ізденіс жұмысы.

Зерттеудің өзектілігі: Ғасыр тұлғалы мектептің тарихын анықтап , осы күнге дейінгі жағдайын зерделеу

Зерттеудің мақсаты: 100жылдық мектеп тарихын, мектептің қоғамға қосқан үлесін айқындау.

Зерттеудің міндеттері:

  • Ғасыр жасаған мектептің тарихы

  • Жаңа ғасырдағы Ақ Орда асулары

  • Болашақта өз өлкесінің дамуына үлесін қосу









45 «Ақ орда» мектеп-гимназиясы

коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің 7- «А» сынып оқушысы

Мұханбетияр Аяулымның «Тұғырлы мектеп – алтын діңгек» атты ғылыми жұмысына











ПІКІР

45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының «Тұғырлы мектеп – алтын діңгек» атты ғылыми жобасы қазақ қоғамының білім саласына өскелең ұрпақтың мектеп табалдырығынан алған білімін жетілдіру мектеп қабырғасынан басталатынын зерттеп – зерделеуге арналған.

Зерттеудің өзектілігі: Ғасыр тұлғалы мектептің тарихын анықтап , осы күнге дейінгі жағдайын зерделеу

Зерттеудің мақсаты: 100жылдық мектеп тарихын, мектептің қоғамға қосқан үлесін айқындау.

Зерттеудің міндеттері:

  • Ғасыр жасаған мектептің тарихы

  • Жаңа ғасырдағы Ақ Орда асулары

  • Болашақта өз өлкесінің дамуына үлесін қосу



































Кіріспе

Жылдар жылжып артта қалды. Жас ұрпақ, жаңа буын XXI ғасыр есігін ашты.

Жыл сайын алғашқы қоңырау үнімен басталған қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мектеп өмірі бүлдіршін жаңа ұрпақтармен толығып, қанаты қанаты қатайған қарлығаштарын өмір жолына аттандырып жатты. Осы қым қиғаш шулы өмір ортасында тарихтың барлық бұралаңында қоғамның жетекші күші болған , істері сырт көзге елеусіз болса да , ұстаздар қауымының атқарған жұмыстары өлшеусіз зор еді.

Мектепті осы уақытқа дейін, өмірін халыққа білім беру ісіне арнаған 19 адам басқарды. Олар басшы ғана болып қоймай, ұстаздардың ұстазы әрі оқу мен тәрбие жүйесінде бағдар беріп , барлық нәтижелі істердің ұйытқысы бола білген азаматтар. Өз істерінде әр кезеңдегі қоғамның талабына сай білгірі бола білгендер.

Мектеп 100 жылдық тарихында, есею мен өрлеу үстінде, дамылсыз ізденіс жолында биіктерден көріне білді. Тек білім мен ғылым негізін беріп қана қоймай, ұрпақ тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлді. Мектепте жиі өтетін кездесулер, өнегелі, үлгі сабақтар, тәрбие сағаттары, кештері мен зерде дамыту ойындары бала жүрегіне адамгершілік, қайырымдылық, тапқырлық, сыпайылық сияқты ізгі қасиеттерді ұялата білді. Іскерлікке тәрбиелеп, еңбек етуге, өзін және өзгелерді рухани материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға қаруландыра отырып, терең ғылым қағидаларын, теорияларын үйретіп, бағдар беруге көмектесті.

Зерттеудің өзектілігі: Ғасыр тұлғалы мектептің тарихын анықтап , осы күнге дейінгі жағдайын зерделеу

Зерттеудің мақсаты: 100жылдық мектеп тарихын, мектептің қоғамға қосқан үлесін айқындау.

Зерттеудің міндеттері:

  • Ғасыр жасаған мектептің тарихы

  • Жаңа ғасырдағы Ақ Орда асулары

  • Болашақта өз өлкесінің дамуына үлесін қосу









НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. 45 « Ақ Орда» мектеп-гимназиясының тарихы, жетістіктері мен жаңарулары

100жылдық тарихы бар 45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы бүгінгі таңда Шиелі ауданында ғана емес, күллі облыс мектептерінің көш бастаушылары қатарында келе жатқанына көпшіліктің көзі жетіп отыр.

Білім ордасының тарихына аз-кем үңілсек, мектептің іргетасы 1922жылы Шиелі қыстағы(бұрынғы Скоболев болысы) қазіргі «Бидайкөл» ауылында екі кластық сауат ашу мектеьі болып, Айтбай деген кісінің үйінде қаланды. Бұл мектептің негізін Мырзахметов Мүсілім, Ерназаров Әлібектер салған болатын.

Қазақ АССР-нің Орталық Атқару Комитеті мен халық комиссарлар Советі партия партияның бастауыш білім туралы директивасына сәйкес 1930 жылы 27тамызда «Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру туралы» қаулысына орай 1930-31 оқу жылынан бастап мектеп 4 кластық бастауыш мектепке айналды.

Бастауыш мектептің меңгерушісі болып Құлымбетов Камал(кейіннен ҚазССР Министрлер Совет Советінің іс жүргізу бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды). Мұғалімдері: Шохаев Ибрагим, Баймаханбетов Әли, Құлымбетова Жамал, Құлымбетова Рәния, Сәтбеков Әбілқайыр, Давыдов Александр т.б. кісілер қызмет атқарған.

Ол кезде арнайы салынған мектеп үйі болмағандықтан 1925-30жылдар аралығында Айтбай деген кісінің сарайы мектепке пайдаланылған.

Айтбай сарайында оқыған алғашқы оқушылар: Қонаев Жәлел, Жазықбаев Қалтай, Ермағанбетов Ыбырай , Құрымбаев Иманбек, Ахметов Төлен, Байжанов Қамбар, Өмірбаев Кемелбек, Жанғабылов Әбсаттар, Ерназарова Ұлтай, Байсейітов Дүйсен, Қоңыратбаев Әбілхайыр, Жүсіпова Перуза, Мырзахметова Гүлжауһарлар бастауыш мектепті бітірген.

1931-32 оқу жылында мектеп Айтбай сарайынан шығып, жаңа мектеп үйіне ауысқан. Осы жолы мектепке «Октябрьдің 14 жылдығы» деген ат берілді.

Мектеп 1936-37 оқу жылынан бастап орталау мектепке, 1939-40 жылдан бастап орта мектепке айналды.

Орта мектепке айналған 1941-42 оқу жылында Шиелі қыстағының орталығына көшірілді.

Бірақ бұл кезде ел басына ауыр да, қайғылы күн туған кез еді. Фашистік Германияның қанды ылаңы бұл мектепті де шарпып өтті. Ересек балалар мен ұстаздар майданға, ФЗО-ға жұмысқа аттанды.

1941-44 оқу жылдар аралығында осындай себептерге байланысты мектеп бітірушілер болған жоқ .

Тек 1945 жылы ғана 10 оқушы мектеп бітірді. Олар: Ахметов Ә., Мұсабеков М., Әбдіқазғанов К., Бекжанов Т., Мұхамедәлиев З., Мансурова Н., Әбдіғаппаров А., Дүйсенбаев Н., Дүйсенов Н., Оразова К., Әбішевтер еді.

Осы кезде ұстаздық еткен: Еспенбетов Нұрділда, Әйтпенбетов Әлтен, Шәріпов Әбдірахман, Мырзалиев Жұмабай, Әбілов Құрманғали, Қосаев Камал, Тұрахметов Құрбан майданнан оралмады.

Бұлардың есімі жас ұрпақтың есінде мәңгі қалады. Мектеп мұражайында арнайы тақтаға есімдері жазылып , оқушылар келіп , гүл шоқтарын қояды, еске алу сабағы ұйымдастырылып тұрады.

Мектеп 1959-60 оқу жылынан бастап өндірістік білім беретін он бір жылдық білім ошағына айналып, 45 қазақ орта мектебі деп аталды. Он бір жылдық мектепке айналуына байланысты 1962жылы мектеп бітірушілер болған жоқ. Мектепті 1961-66 оқу жылдары Сейдахметова Әйбибі басқарды. 1965жылға дейін 458оқушы мектеп бітірді.

1965-66 оқу жылында қайтадан жалпы білім беретін он жылдық мектепке айналды. Бұл жылы мектеп директоры болып, соғыс ардагері , білікті ұстаз Есенгелдиев Ертай тағайындалды.

Тәуелсіздігіміздің таңы атып, білім жүйесіне жаңаша бетбұрыс және білім беру құрылымдарына жаңа өзгерістер әкелді. 1944 жылдың 18тамызында аудан әкімінің 210 қаулысымен мектеп-гимназия болып қайта құрылды. Гимназия директоры болып тәжірибелі маман Баян Сейтенова тағайындалды.

Мектеп – білім ордасы. Оны басқару – күрделі де қиын іс. Болашақтың шаңырағы биік болсын деген жанашыр азаматтар жаңа заман талабына сай игілікті жұмыстардың ұйымдастырушы бола білді. Олар қарапайым нәрседен күрделі жұмыстарға дейін басы-қасында болып, әрбір ұстаздың ерекшелігі мен методикалық, теориялық сапасына баға бере отырып, жаңа істерге шыңдады. Оқушыны жанымен түсініп, оларды жүрек нұрымен сүйе отырып, ұстаз қауымына бала тәрбиесінің қыры-сырына терең бойлауға бағыт берді.

Жылдар өткен сайын еліміздің күш-қуатымен бірге мектептің де сыртқы келбеті өзгеріп отырды. Алғашқы мектеп үйінің қандай болғанын қазір тіпті көзге елестету қиын. Онан бері бірнеше рет кеңіді, жаңаланды. Бірақ өмірін халықтың ең қымбатты қазынасы бала тәрбиесіне арнаған ұстаз – мектеп басшыларының өмір жолы ұқсас еді.

Октябрьдің 14 жылдығы атындағы 45 қазақ орта мектебі 1994жылдың 18 тамырының аудан әкімінің 210 қаулысымен мектеп-гимназия болып қайта құрылды . Мектеп-гимназияға 1996 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Ақ Орда» аты берілді.

Ақ Орда – ХІІ–ХV ғасырда Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс Қазақстанды мекендеген түркі тайпаларының басын қосқа, қазақ болып қалыптасудың негізі болған одақтың киелі аты.

Екінші мағынасы – үлкен үй , үлкен шаңырақ . 45 мектеп-аудан орталығындағы қазақ орта мектептерінің ішіндегі 100жыл тарихы бар іргелі мектеп, әрі талай-талай өнегелі ұл-қыздар мен ұлағатты азаматтарды, көрнекті қоғам қайраткерлерін, ұлы кісілерді тәрбиелеп шығарып отырған қасиетті қара шаңырақ болғандықтан Ақ Орда символдық атауымен аталған .

2.2. Кітапхана – рухани қазына ордасы. Мұражай – мектептің мәдениетін , тарихын танытатын құндылық

Өмірде де, ғылымда да барлық халықтарға бірдей тура келетін тәрбие жүйесі жоқ екені баршаға аян . Ұлттық тәрбиенің жан-жақты дамуы әр салаға байланысты.

Мектеп-гимназияда оқушылардың тәрбие ошағына айналған орындардың бірі – кітапхана мен мұражай.

Кітапхана 1954жылдан бері жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Ожанова Күлжамал апай мектептің кітапханасында 40 жыл кітапханашы болып қызмет атқарды. Қазір кітапханада 71119дана әдеби, 6642 әдістемелік кітап, 23752 дана оқулық бар. 1988жылдан бері кітапхананы арнаулы мамандығы бар Жолдиева Роза басқарып келеді.

Мұражай 1982 жылы 20 қазанда мектептің 60 жылдық мерей тойына орай ашылды. Негізін қалаған – Ожанова Күлжамал.

Тақырып бағыты: Мектеп тарихы, мектепте еңбек еткен ұстаздар мен түлектердің өмір жолын зерттеу және насихаттау . Осы бағытта көптеген құнды деректер , альбом, буклет, стенділер , әр түрлі бұйымдар жинақталып , экспонат қоры молайған . Келген қонақтар қолтаңба қалдыратын арнайы альбомының өзі – бір шежіре . Мектеп мұражайында Ожанова Күлжамал апайдан кейін Оразбаева Пернекүл, Оспанова Айнаш қызмет атқарды. Бүгінде жоғары білімді Рысбай Гүлжім жетекшілік етеді.

Мұражайдың мектеп-гимназия оқушыларына берер тәрбиелік тағылымы мол, қара шаңырақтағы қасиетті орынның бірі.















































III Қорытынды

Тәуелсіздігіміздің баянды болып, өркениетті ел болуға ұмтылыс жасап , бағыт-бағдарымызды таныған шақта, рухани болмысымызды танып-білу керек болып отырған кезде , облысымыз ерекше орны бар, бұрынғы Октябрьдің 14 жылдығы атындағы 45 қазақ орта мектебінің, бүгінгі «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының ғасырға жуық өткен тарихын қағазға түсіріп, 100 жылдық мерейтойына тарту етуді бүгінгі ұрпақ парызым деп отыр.

Ұмыту өткен тарихты –

Болашақ үшін қауіпті, –

деген екен ақын М.Әлімбаев . Сол айтқандай, тарихтың үлкен-кішісі жоқ. Сондықтан, мектебіміздің алғашқы іргетасын қалағаннан бүгінгі мектеп-гимназия болып қайта құрылды, жаңаша мазмұнмен жұмыс жүргізіп жатқан мектеп өмірінен толық болмағанмен, қуанарлық тұстары мен өнегелі өмір жолын ұсынуды жөн көрдік . Бүгінгі ауқымды тәрбие істерімен бірге , оқу процесіндегі кейбір жаңаша бетбұрыстарды да қағазға түсіруді лайық деп отырмыз. Әрине, бұл кітапша зерттеу немесе ерекше тұжырымдар жасалған еңбек емес.

Тарих – бір ғаламат алтын көпір ,

Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын,-

деп Жұбан ақын жырлағандай, мектебіміздің өткен өмірі мен бүгінгісінен сөз қозғайтын осы еңбекті келер ұрпақтың оқыған мектебінің қандай тарих белестерге өткенін, кімдер еңбек етіп, кімдердің оқығандығын, қандай өнегелі істердің атқарылғандығын білу үшін аз да болса, тарихи тағылым алар дүние болады деп ойлаймыз.

Өркениетті елдің болашағы – қазіргі мектеп оқушылары. Мен солардың өте білімді, мәдениетті болуын қалаймын. Білім алудың жолдары көп . Соның бірі – әдебиетті сүйіп оқу, тарихыңды зерделей білу . Тарих деген өз отбасыңның, өз әулетіңнің, өз Отаның мен халқыңның өмірін білуден басталады.



Алтын ұя мектебі туралы талантты түлектері әлі талай шежіре – еңбектер жазам, дегенмен оларға осы жазба негіз болатындығы басы ашық шындық. Өткенді түгел тізіп жаза алмасақ, алдыңғы ұрпақ бүгінгі қауым кешірер деп сенеміз.

Не дұрыс шығар, не теріс,

Әйтеуір, өткен – аяулы,–

деп Мағжан айтқандай, өткен тарихын сүйіп өскен бүгінгі ұрпақ болашақтан зор үміт күтеді . Жақсы дәстүр жалғасын табады деген сенімдеміз.

Сөз соңында, бір ғасырға жуық тарих беттерін парақтап шығу оңай емес. Дегенмен ауданымыздың «Шежіре кітабын» , мектеп мұражайындағы сарғайған қағаздарды оқып, тірі тарихтармен тілдесіп, сурет жинап, біраз жұмыс жасаған болдық.

Енді жақын күндері «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтеді. Қазір бұл тойға жан-жақты дайындықтар жүргізіледі, әр жылғы түлектердің басын қосып , кездесулер өткізілуде. Олар кезінде өздері білім алып , үлкен өмірге қанат қақтырған оқу орнына алғыс сезімін қайта-қайта білдіру үстінде.

45 қазақ орта мектебін бітіріп шыққан белгілі азаматтар өте көп. Олардың алды академик, белгілі қоғам қайраткері . Өз басым осы мектепте оқитынымды мақтаныш етемін.

Мектептің атын « Ақ Орда» деп қойған азаматтарға үлкен рахмет . Ұлағатты ұстаздары бар, дүние жүзіне жайылған түлектері бар білім ордасынан әлі де талай атақты жастардың шығатыны шығатынына сенімім мол.

Мектеп-гимназия ұжымына, әрбір мұғалімге, әрбір шәкіртке мықты денсаулық тілеймін. Адал еңбек етсеңіз, еңбегіңіз жанады. Еңбектеріңіз жансын, абыройлы болыңыздар! 100 жылдық мерей той құтты болсын!























Ұсыныс: Менің ғылыми жоба бойынша ұсынысым оқушылардың мектеп тарихына деген қызығушылығын арттыру мақсатында интеллектуалды және зияткерлік сайыстар ұйымдастыру.

































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

А 37 «Ақ Орда» 80жыл: 45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы.-Алматы, 2003.–328бет.

http://www.shieli-akorda45.narod.ru/Mektviz.htm

https://schools.kundelik.kz/school.aspx?school=1000001861279&view=members

https://osken-onir.kz/kogam/4974-aytbaydan-a-ordaa-deyn.html

http://45-shieli.mektebi.kz/

http://bylym-shyely.narod.ru/4.1.html



11

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!