Материалдар / Аман болшы, Анашым!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аман болшы, Анашым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздарына көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2018
945
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Аман болшы, Анашым»

1. Білімділік.
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы мазмұнын бейнелеу. Анаға деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. Нәзік сезіммен, мазмұнын сезініп орындауларын көру.
2. Дамытушылық.
Сюжеттік - рольдерді ойнау арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін көру.
3. Тәрбиелік.
Ана деген сөздің мазмұнын кеңірек ашу арқылы бала бойынан ізгілік, мейірбандық, адамгершілік қасиеттерді бойына қаншалықты сіңіргендігін байқау.
Кейіпкерлер:
1. Қызыл телпек
2. Көктем
Әсем безендірілген залда "Анашым" әні баяу естіліп тұрады. Ер балалар қыздардың қолдарынан ұстап кіреді де, ілтипат білдіріп қыздарды жайғастырады.
Жүргізуші: Сегізінші Наурыз! Аяулы аналарымыздың мерекесі Бұл мереке жылдың басқа мезгілінде болуы келіспейтін секілді. Өйткені Ана - әлемнің жан дүниесі, өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Бұл қасиетті сөз бізге жылылық шуақ сездіретін сөз. Құрметті аналар – мерекеңіз құтты болсын. Өмір сыйлаған Сәбилеріңіз сіздерге тек қуаныш пен шаттық сыйласын.
Жүргізуші: Бәрімізге осынау өмірді, әлемнің жарығын сыйлаған кім?
Балалар: Ол - ана!
Жүргізуші: Дүниеде ең қымбат кім?
Балалар: Ол әрине анамыз!
Жүргізуші: Дүниеде ең тәтті не?
Балалар: Ол - ананың сүті.
Жүргізуші: дүние ең жұмсақ не?
Балалар: Ол - ананың алақаны!
Олай болса осыншама сыйлаған аналарымызға гүл сыйлайық.
Балалар ол гүлдерді қайдан алсақ екен?
Осы кезде музыка әуенімен Қызыл телпек кіреді.
Қызыл телпек:
Сәлеметсіз бе? Мен қайда келдім?
Жүргізуші:
Сәлеметсіз бе! Балалар, бұл кім, сіздер таныдыңдар ма?
Балалар:
Қызыл телпек.
Жүргізуші:
Дұрыс айтасыңдар балалар бұл сол ертегідегі Қызыл телпектің өзі ғой. Қызыл телпек сен бізге қалай келдің?
Қызыл телпек:
Мен орманда әжемнің мерекесіне гүл шоғын сыйлаймын деп көп гүлдер іздеп адасып кеттім.
Жүргізуші:
Ендеше Қызыл Телпекті ренжітпей оған көмектесейік. Солай ма, балалар?
Балалар:
Ия, көмектесейік.
Қызыл телпек:
Олай болса балалар барлығымыз сол әдемі гүл шоқтарын бірге іздейік, сендер келісесіңдер ме?
Жүргізуші:
Әрине аналар мерекесінде аналарға гүл сыйлауға біздің балаларда дайын. Гүлді табу үшін өнерден шашу шашсақ гүл шоқтары тез табылып қалар. Ал біздің балалардың мерекеге арнап дайындаған өнерлерін тамашалайық.

АйаруЕ:

Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе дана әжем

АйаруҚ:
Менің әжем жыр әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем
Ертегі айтап бер десең
Айтап берер тағы әжем
Саят:
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам

Нуртас:
Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың сегізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
Сене өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар!

Ару:
Менің әжем бұл әжем
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем

Ұлпан:

Менің әжем нар әжем
Көп жасаған кәрі әжем
Ауырғанда мен үшін
Әр сүйгені дәрі әжем


Айжурек:

Әжем өрнек тереді
Сырмақ сырып оюлап
Басы аура береді
Шай ішпесе қоюлап
Еркенур:

Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Санжар:

Әлпештеген баласын
Ана бақыт, ана күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын
АйаруС:


Жамандықтан сақтандырып
Жақсы ісімді мақтан қылып,
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
Ерсін:

Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Ақжурек:
Айналайын анашым
Әлпештеген баласын
Еміп өскен бөбекпіз
Анамыздың мамасын
Ақниет:
Менің Әжем мейірбан
Мені жақсы көреді
Қажетіне жарасым
Жас балаша күледі.

Ғалым:
Анам менің әдемі
Анам менің тірегім
Анам менің жүрегім
Анамды мен сүйемін

Хор:Ана жыры
Жургізуші:

Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі. 
Ән:"Әжемнің шәйі"
Жүргізуші:

Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен! 
Еркенұр:»Бақа бақа балпақ»
Жург: Құрт пен майын жинаған,
Балаларға сыйлаған.
Бұл әжемнің өміі,
Таусылмайтын жыр маған. 
Би Топ топ

Осы кезде әдемі әуен естіліп, ішке Көктем келеді.
Көктем:
Сәлем, сәлем балақайлар,
Әзиз әже назды апайлар.
Мен шуақты ала келдім,
Қуаныңдар алқайлап,
Жерге кілем жаба келдім,
Құстар әнін ала келдім.
Жан бітіріп табиғатқа,
Әсем әнді сала келдім.
Әп - әдемі шоқ гүлдерді,
Даладан мен жинай келдім.

Қызыл Телпек: - Ой, балалар қараңдаршы қандай керемет гүлдер! Ал мен болсам гүлдерді іздеген болатынмын - деп мұңайып қалады.
Жүргізуші: - Сен мұңайма Қызыл Телпек, бұл көктем гүлдері. Ал көктем гүлдерін ең алғаш Көктем береді, олай болса біздер сол әдемі гүлдерді көктемнен сұрайық. Көктем сен біздің балаларға және Қызыл Телпекке әдемі гүл шоқтарын бересің бе?
Көктем: - Әрине беремін. Осы гүлдер мына отырған аналарға, әжелерге арналады. Қызыл Телпек кәрзенкенің ішіне үңіліп қарап: - Ой қандай әдемі гүлдер:?

Қызыл Телпек мына гүлдерден сенде ала ғой.
Қызыл Телпек: Ой балалар мен қуанып тұрмын. Осы гүл шоқтарын мен ұзақ іздедім. Сол гүлдерді бізге Көктем ала келді. Ендеше бәріміз Көктемге рахмет айтайық.
Балалар: Рахмет! - дейді.

Жург: Менің анам шуағым,
Айтқандарын ұғамын.
Мен өскенде анамдай,
Ақылды боп шығамын

Ән: Айға аттанам
Көктем: - Ал балалар, сендер өз әжелеріңді, аналарыңды қуантыңдар. Менің енді басқа да баратын жерлерім бар, сендер сияқты басқа балаларға да көмектесейін.

Қызыл телпек:Балалар мен де әжемді қуантайын. Сау болыңдар, рахмет сендерге


Ән: "Құттықтаймын мама, туған күніңмен!"

Қолдарыңдағы гулдерін аналарына сыйлау
Жүргізуші:
Аналардың жанарында
Тұратындай таң күліп
Барлық бала өз анасын
Сүйіп өтер мәңгілік.
Ендеше осындай балаларды дүниеге әкеліп, жарық күн сыйлаған аналарымызға бәріміз бас иейік.
Осымен аналар мерекесіне арналған "Аман болшы, анашым!" атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сау саламатта болыңыздар! Аналарымыз аман болсын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!