Материалдар / "Аман болсын қарттарым!"

"Аман болсын қарттарым!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қарттар күніне арналған әзірлеме. Әзірлеме бастауыш сынып оқытушыларына арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2018
857
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: "Аман болшы қарттарым!"Сценарий мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. 1-Жүргізуші: Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар, Ақыл кенін арқалаған аталар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар Армысыз ауылымның асылдары Жайнасын көңілдердің жасыл бағы Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би Сіздер үшін мереке шашулары 2-жүргізуші:Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, мерекесі күнімен құттықтаймыз. Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған, Зейнет емес бейнеттен арылмаған. Тәңірімдей табынып өтем мәңгі, Қариялар өзіңді ел сыйлаған. 1-жүргізуші:Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Ақылды қария- ағып жатқан дария» атты кешімізге хош келдіңіздер. Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Каскаева Ляззат Байсеркеқызына береміз. 2-Жүргізуші: Ал, балалар жұмбақ шешуге кім шебер екен?Айтары мол ғұлама,Көп жасаған бұл адам.Әкесі ол әкеңнің,Білер оны сұраған.Ол кім? (ата)1-жүргізуші: Айналайын "күнім" деп,Мейірімді жүзі күлімдеп."Тәтті-ақ" дейді немере,Бал шырындай үнің деп.Ол кім? (әже)Олай болса бүгінгі ата-әжелерімізге арналған кешімізді 2-сынып оқушыларының дайындаған биімен ашамыз. 2-жүргізуші: Көкке өрмелеп көңілің Нұрға толсын өмірің Бақытты бол жан әке Ұзақ болсын өмірің Кезекті 2"а" сынып оқушыларының ата-әжелеріне дайындаған тақпақтарына кезек берсек.1-Жүргізуші:Ауылымыздың ардагері, қарт зейнеткер .................................атаға сөз береміз. Жадыраймын жадырайын, Көңілденіп күлемін. Жанар ма деп талабым, Ата ақылын тыңдаймын. Манас пен Айшаның орындауында ән: "Қошақаным" 2-Жүргізуші: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше 2"ә" сынып оқушыларының ата-әжелерімізге арнаған тақпақтарына кезек береміз.1-Жүргізуші: Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама, Аспанымдай мәңгі жаса, құлама Ер жетсем де еркелігім қалмайды, Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!Бүгінгі кешке ауылымыздағы асыл аналарымыздың бірі,қазір зейнеткер ......................................әже келіп отыр. Анамызға рахметімізді айта отырып сөз кезегін берейік. 2-жүргізуші:Тұра – тұршы есейгенде ұл – қызың Жүре тұршы жалғанғанда үзігің Маған бақыт неге керек ақ әже – ау Өзің бірге көре алмасаң қызығың Анамызға арнап 2- сынып оқушысы Әсеттің орындауындағы "Ақ мамам" әнін қабыл алыңыздар.1-жүргізуші:Той деп бүгін халқым шашу шашады. Той деп бүгін әлем сырын ашады. Қарттар күні мейрамына арналған Бишілер өнерлерін шашады "Қара жорға" биіне кезек береміз. 2- жүргізуші: Арманым едің аңсаған Әке сен бақыт мен саған Ұрпағым болып жалғадым Қуаныш әке сен маған Аяулымның орындауында ...............................1-жүргізуші:Абырой амандығың арта берсін Бақ дәулет қызығымен қатар берсін. Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп, Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін. Адияның орындауындағы "Қамажай" биін қабыл алыңыздар.2-жүргізуші: Тыныштық елімізге бере берсін. Молшылық жерімізге ене берсін. Соғыстан ел жұртымыз аман болып Қызығын бейбіт өмір көре берсін Ән:"Менің анам алтын" 1-жүргізуші:Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін Тап-таза абыройлы болғаныңды Алтынның орындауында ән: "Бал балалық"2-жүргізуші:Бүгінгі кешімізге арнаулы келіп отырған ата-әжелерімізге оқушыларымыздың дайындаған сыйлықтарын тарту етулеріне рұқсат етіңіздер. 1-жүргізуші:Қазіргі ел билеген жастар көрсін - деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ