Материалдар / Әмбебап оқу моделінде үш өлшемді әдістеме жүйесінің технологиясын таратуда анимациялық фильмдерді элемент ретінде қолдану.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әмбебап оқу моделінде үш өлшемді әдістеме жүйесінің технологиясын таратуда анимациялық фильмдерді элемент ретінде қолдану.

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогиалық идея,Үш өлшемді әдістемелік жүйе технологиясы дегеніміз – оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Оқушының нәтижелі білім алуында үш өлшемді әдістеме жүйесінің ықпалы арқылы есте сақтауының, ойының, тілді үйренуінің, қиялының қалыптасуы мен даму процесін көру. Осы технологияға анимациялық көрсетілімдерді қосып, тақырыпты ашу оның ішінде жаңа сөздерді үйрену балалар үшін жеңіл болады, әрі қызықты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Сәуір 2022
223
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырып: Әмбебап оқу моделінде үш өлшемді әдістеме жүйесінің технологиясын таратуда анимациялық фильмдерді элемент ретінде қолдану.

Мақсаты:

Оқушының нәтижелі білім алуында үш өлшемді әдістеме жүйесінің ықпалы арқылы есте сактауының, ойының, тілді үйренуінің, қиялының қалыптасуы мен даму процесін көру

Міндеті:

  • Адамның когнитивтік ортасының, атап айтқанда оның қабылдауының, есте сактауының, ойының, тілінін, қиялының қалыптасуы мен дамуы процесі.

  • Балалардың алғашқы қызығуларының ерекшеліктері, мотивациялық сфера қалыптасуындағы ойынның рөлі.

  • Эмоциялық интеллектінің оқушының нәтижелі әлеуметтік- психологиялық бейімделуіне ықпалын зерттеу.


ХХІ ғасыр жаңа ақпараттық технологияның

дамыған заманы.

Кез келген ғылым саласында,

масс-медиа, менеджмент саласында техника

мен гаджеттің алар орны бөлек.

Әлемдік әдіскерлердің тілді үйретуге

арналған замануи әдістері күннен күнге артуда.

Сондай-ақ бұл әдістердің белгілі бір тілді

үйретудегі нәтижесіне де көзіміз жетіп жүр.



Бұл даулы мәселе. Сондықтан да әдіскердің алдында үлкен міндет тұр: 1) белгілі бір тіл үйренушімен немесе топта өткізетін сабақтардың алдын ала лексикалық минимумы мен грамматикалық минимумын бекіту; 2) белгіленген деңгей курсының қанша уақытқа созылатынын, қандай форматта өтетінін жоспарлау (яғни сабақтың сценарийін құрып алу қажет).

«Тілді жоспарланған уақыт ішінде үйретемін», – деп мақсат қойған әдіскер қолда бар әдістердің көмегіне сүйене отырып, өзіндік инновацияға құрылған әдісті ойлап табуы керек. Ал бұл мақсатқа қол жеткізу үшін жаңа ақпараттық технология көмегіне жүгінеміз. Бұл технологияның артықшылығы, аудио-визуалды дағдыға негізделуі.

Сонымен тіл үйретуде жаңа ақпараттық технологияны қалай пайдаланамыз?



Қазіргі білім беру жоғары технологиялық деңгейге көтерілуде, өмірге көптеген жаңа білім беру технологиялары келді. Технология дегеніміз не? Білім беру технологиясы жөнінде мынадай түсініктер бар.

Білім беру технологиясы – бұл:

  1. Оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үрдісін суреттеу. (И.П. Волков)

  2. Өнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды өзгерту, қайта өңдеу әдістерінің жиынтығы. (В.М. Шепель)

  3. Педагогикалық технология дегеніміз тәжірибеде жүзеге асырылып, нәтиже беретін белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы. (В.П. Беспалько)


Соңғы жылдары кеңінен пайдаланылып жатқан технологияның бірі – Ж.Қараевтың “Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі” педагогикалық технологиясы. Бұл технологияның мазмұнын, ерекшеліктерін түсіну үшін дәстүрлі оқытумен салыстырайық.

Егер дәстүрлі оқытуда оқу-тәрбие үрдісінде басыңқы рөл мұғалімде болса, қазір белсенді қызметті оқушы атқарады, оны оқытпайды, ол өзі оқиды.

Дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыға дайын, дұрыс ақпаратты берген, оқушы тек тыңдап, ақпаратты қабылдап отырған. Сабақта көбінесе репродуктивті әдістер қолданылған (лекция, сұрақ-жауап, жаттығулар орындау, т.б.). Қазіргі кезде оқушы өзі ізденіп, өзі оқып, өзі үйренеді. Сабақта проблемалық оқыту іске асырылады (жағдаятты шешу, балаға ой тастау, “миға шабуыл”, дебаттар, т.б.). Мұғалім сабақта басқарушылық міндеттер атқарады, оқушыға бағыт-бағдар беріп тұрады. Негізгі көңілді әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауға бөледі.

«Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын қолдану арқылы сыныптағы оқушылардың білім сапасын көтеруге болады. Бұл технологияны негізінде оқушының жеке басының қабілетіне сәйкес ой белсенділігі мен шығармашылығы қарапайымнан күрделіге бағытталады.

Бұл әдістеменің тағы бір ерекшелігі, оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандырып, арттыратын құрал ретінде «ашық журналда» қолдану аталмыш технологияның оқушыларды бағалаудың ынталандыру  жағын күшейтетін ұтымды бөлігі болып табылады.

Үш өлшемді әдістемелік жүйе технологиясы дегеніміз – оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Бұл технология үш деңгейде берілген. Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасайды. Әр түрлі деңгейдегі балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік туады.

Сонымен қатар дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға толық мүмкіндік береді. Өйткені ол оқушының ойлау, елестету мен есте сақтау қабілеттерін, ынтасын, белсенділігін білім сапасын дамытуға көмектеседі.

«Үш өлшемді әдістемелік жүйе»– технологиясымен жұмыс жасауда мұғалімнің теориялық деңгейі нығайып, шығармашылық ізденісі жан – жақты дамиды.

Нәтижесінде шынайы жарыс рухы пайда болады, тәжірибе көрсеткендей, оқушы өзінің ілгерілеу динамикасын басқа адам табыстырақ оқушылармен салыстыра отырып олардан қалғысы  келмейді, оның табысқа итермелейтін ынта жігері артады.

Технологияның тиімділігі:

1. Баланың жеке қасиеттерін, оның темпераментін, оқу материалын қабылдау ерекшеліктерін ескеру.

2. Мұғалім технологияны жұмыс барысында қолдануда үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.


«Тілді жоспарланған уақыт ішінде үйретемін», – деп мақсат қойған әдіскер қолда бар әдістердің көмегіне сүйене отырып, өзіндік инновацияға құрылған әдісті ойлап табуы керек. Ал бұл мақсатқа қол жеткізу үшін жаңа ақпараттық технология көмегіне жүгінеміз. Бұл технологияның артықшылығы, аудио-визуалды дағдыға негізделуі.

Сонымен тіл үйретуде жаңа ақпараттық технологияны қалай пайдаланамыз?

Жоғарыда тақырыпта көрсеткендей, үш өлшемді әдістемелік жүйені қолдана отырып анимациялық фильмдерді қолдансақ тақырыпты ашу оның ішінде жаңа сөздерді үйрену балалар үшін жеңіл болады, әрі қызықты. Менің өз тәжірибемде жаңа сөздермен жұмыс кезінде осы тәсіл әсерлі нәтиже берді. Жаңа сөздермен жұмыс нәтиже бергеннен кейін сабақ құрылымының мазмұндылығы мен жүйелілігі реттеліп,  тақырыпты меңгеруде оқушыда өз бетіндік іс – әрекет белсенді жүреді. Мұғалім әр оқушының білім – білік дағдысын зерттеуге мүмкіндік алады.Анимациялық фильмдер көрген соң эмоциялық интеллект деңгейлеріне сәйкес оқушылардың әлеуметтік- психологиялық бейімделу ерекшеліктерін арттыруға болады. Эмоциялық интеллектісінің деңгейі жоғары жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық бейімделу үдерісі жүзеге асады, құндылықтар жүйесімен және психикалық ерекшеліктерімен де байланысты болуы.




Сабақтың негізгі кезеңдері:

І кезең. Ұйымдастыру кезеңі .

ІІ кезең. Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп көруге мүмкіндік туғызу.

ІІІ кезең. Әр оқушының қалыптасқан құзіреттілік деңгейін айқындап бағалау кезеңі.

   Сабақтың негізгі кезеңдері, олардың бірізділігі және логикалық байланысы, сабақ құрылысының оның мазмұны мен мақсатының сәйкестігі, әрбір сабақ кезеңдеріне уақыттың бөлінуі сақталған.  


Оқушылық деңгей:

1)      Жаттап алуға лайықты болу керек.

2)      Өткен сабақта меңгерген білімді қайталап пысықтау

3)      Жаңа тақырыптағы тапсырмалар өмірмен байланысты болуы керек

Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызығушылық жақтарына көңіл бөлу керек.

Алгоритмдік деңгей:

1)  Өткен сабақтағы оқу материалдарын жүйелеуге берілген тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырамаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдаланады.

2)  Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Бұлар логикалық сұрақтар, ребустар, сөзжұмбақтар.

Эвристикалық деңгей:

Мұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа сөздерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.

1)     Өздігінен мысалдар құрастыру және оны өздігінен жұмыс барысында қолдану

2)     Оқушылардың белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, икемділігін байқататын дүние жасауы (сөздік арқылы жаеңілден күрделіге өтіп, мәтін құрауға жету).

Шығармашылық деңгей:

1)   Жаңа сөздерді өмірмен байластыра алу;

2)   Берілген тақырыпқа өз бетімен мәтін, тезис, эссе дайындайды.

Демек, бұл тапсырмалар оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.

Күнделікті сабақ жоспарының барысын төмендегідей үлгіде жасаған тиімдірек.

Сабақ барысы:

І кезең

  1. Ұйымдастыру сәті

  2. Жаңа тақырыпты меңгеруге қажет болатын өткен материалдарды қайталау

(жаңа сөздерге өту)


Қала-город

Жасыл-зеленый

Таза-чистый

Әдемі-красивый

Үлкен-большой

ІІ кезең

1)Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп көруге мүмкіндік туғызу.

(анимациялық фильм көрсету)


Shape2 Shape1

Жасыл- зеленый

Қала - город


  1. Мұғалімнің көмегімен

Shape11

Сөз

Shape10

Сөз тіркесі

Shape9

Сөйлем

Shape8 Shape7 Shape4 Shape6 Shape5

жасыл қала

Shape3

Дидактикалық матрица

Бұл жасыл қала

қала

Дидактикалық матрица

Мәтін

(дидактикалық матрица арқылы жеңілден күрделіге өту)Shape12


ІІІ кезең

  1. Қорытындылау

Осы тәсілді қолдана келе, оқушыларымның сабаққа деген қызығушылығы артып ,есте сақтау ,ой-өріс қабілеттері дамып. Өздіктерімен сөздіктің көмегінсіз сөзден ,сөз тіркесін ,сөйлем құрауға, анимациялық фильм жасауды үйренуге деген ынталары ашылып, ұсыныс жасады.








Ұсыныс:

1) Оқытудың қай түрін қолдансақ та ең бастысы – оқушыға деген сенім, сондықтан оқушының өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, оған деген сенімді арттыру.

2) Жаңа технологияның талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып табылады, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет.

Бұл айтылғандар жаңа педагогикалық технологияның барлық мүмкіндіктерін әлі толық ашпайды. Оның басқа да талай тиімді тұстарын күнделікті ұстаздық тәжірибемізден анықтай беретінімізге сенеміз.

   Қорыта келе, « Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі » педагогикалық технологиясы арқылы төмендегі көкейтесті мәселелер шешімін табатынын айтуға болады:

1. Оқушылардың білім сапасы көрсетіледі олар әрбір пән бойынша мемлекеттік стандарт деңгейінің ең аз қажетті көлемін 100% үлгеріммен қамытуына кепілдік алады;

2. Қабілеті жететін пәндерден жоғары деңгейлерге дейін жете алатын болады;

3. Әр оқушыға үй жұмысы жеке басының қабілетіне сәйкес сараланып берілетін болады. Сол арқылы артық жүктемені жою мәселесі шешімін табады.

4. Дарынды балалар дер кезінде анықталып, дами алады.

5. Оқу сапасының мониторингісі және диагностикасы оқушы білімін бағалаудың әділеттілігі қамтамассыз етіледі.

6. Оқытуды ақпараттық технологиялар тиімді пайдаланады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!