Материалдар / «Ана өмір – ана бақ».
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Ана өмір – ана бақ».

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналарды құрметтеу, қастерлеу, еңбегін бағалау
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ана өмір – ана бақ».

Мақсаты: Оқушылар бойына 8 наурыз мейрамымен құттықтап, аналарды құрметтеу, қастерлеу сезімін дамыту. Оқушыларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру жалпы барлық аналарға деген, қыздарға деген сыйластыққа тәрбиелеу.Оқушылардың бойындағы өнері мен талабын арттыра түсу.

Күтілетін нәтиже: Аналарды құрметтеу, қастерлеу, еңбегін бағалау.

Көрнекілігі: Мереке өтетін орын шарлармен безендіріледі. Қабырғаларда ана туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар («Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды», «Ана - өмірдің тірегі», «Ана - өмір бастауы»), Компьютер, видеопроектор т.б.

Барысы:

Кіріспе сөз. Мұғалім.

Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!

Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, қыздарға арналған, сыныбымыздың оқушылары дайындаған «Ана өмір – ана бақ» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер! Ал ендігі кезекті оқушылардың өздеріне берсек!

Жүргізуші:

Уа, ағайын, ағайын.

Көктем келді жайнаған.

Бау - бақшада бүгін той.

Қош келдіңіз ағайын.

Раушан гүлдер жайнаңдар.

Гүлдей жайнап тұрыңдар.

Құттықтаймыз сіздерді.

Мерекеңмен бүгінгі.

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

Хор: «Анашым»

Жүргізуші: Ал ендігі кезекте оқушылардың аналарына деген ыстық лебізін тамашалауға назарларыңызды экранға аударуларыңызды өтінеміз.

(Оқушылардың аналарына деген ыстық лебізін, тілегін, жасалынған бейне фильмді видеопроектордан тамашалайды.)

Жүргізуші:

Ақ анашым, аппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.

Еркін Жамал:

Алтын анам жасымнан аялаған

Мен үшін игілікті аямаған

Сабақтан шаршап үйге келгенімде

Бал сөзі - жаным деген, сая маған.

Құтты болсын, ардақты ана

Асыл анам мерекең,

Құтты болсын теңдік алған.

Қуанышты берекең.

Әбілда Назерке:

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.

Келтірген дүниеге нелер дана

Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

Бал бөбегін баптаған.

Мамам үшін мақтанам!

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын жақсы адам.

Мұғал Ербол:

Менің әжем, гүл әжем

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін

Нағыз ана тілі - әжем.

Ақ қабақты анашым

Күн көкірек мамашым

Ақ сүтіңнен суардың

Бөбегіңнің санасын.

Әбсат Бекзат:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Әлпештеген баласын,

Ана-бақыт,ана-күн.

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын!

Жүргізуші:

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,

Жылытар жүрегіңді көз көп дейін

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық Оқушылар биін

Би: «Көктем вальсі»

Төлбасы Мәди:

О, анам, Алатаудай асқарымсың,

Жазылмаған өлеңім, дастанымсың,

Кеудеме сыймай жүрген жұмбақ сырым

Әрдайым өзің үшін ақтарылсын.

Мен үшін орның бөлек бұл өмірде,

Анашым, нұр шашасың жүрегімде.

Сен болмасаң осылай бақытты боп,

Жарқылдап, шалқып, тасып, жүремін бе?

Ақберді Арман:

Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан.

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан ,

Бар жақсылық аналардан тараған

Жер бетіне өмір нәрін себуші

Ана алдында борышты ғой бар адам.

Орынбасар Аружан:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың,

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Сымбат:

Аналарды ардақтайық мәңгілік

Сіздер үшін жыр жазамын ән қылып

Барлық ана қамқор болған балаға

Құрметтемей аналарды болама?

Алдымен сүй ардақты ата анаңды

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда

Мейірімінен ата ананың жасалады

Жүргізуші: ендігі кезекті «Гүл теру» ойыны.

Ойынның шарты: 2 – ана, 1 ұл, 1қыз қатысады. 1ұл бала жердегі гүлдерді жинап жүріп анаға деген жылы лебіз сөздерін айтып, гүлдер теріп береді. (белгілі уақыт бойынша) 1қыз баланың анасы қызына еркелетіп жылы сөздерін айтып, жердегі гүлдерді жинайды.

Жүргізуші: Ендігі кезекте сынып оқушыларының орындауында би

Би: Қазақ ұлттық биі

Әбсат Бекзат:

Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Жұмаділлә Мейіржан:

Ерлік еңбек атқарған,

Еңбегімен мақталған,

Ел сенімін ақтаған,

Айналайын, ақ анам!

Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсақ шаттанған,

«Алтыным» деп мақтаған,

Айналайын,ақ анам!

Сатыбалды Әзірет:

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан – алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты ар намысты сақтаған,

Мен анамның сонысымен мақтанам.

Ерлік, еңбек атқарған,

Еңбегімен мақтанған.

Ел сенімін ақтаған,

Айналайын ақ мамам.

Кәдір Береке:

Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен,

Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.

Төрлесін елдің берген бақыт бағы,

Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

Мұғалыш Ақерке:

Қанаттанса балапан,

Қалайынша ұшпайды.

Әрбір қыз, әр бала,

Анасын ұқсайды.

Ақ қабақты анашым

Күн көкірек мамашым

Ақ сүтіңнен суардың

Бөбегіңнің санасын.

Бал бөбегін баптаған.

Мамам үшін мақтанам!

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын жақсы адам.

Рысбай Сағдат:

Әже деген көп шығар,

Әжелердей жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

Ана – бақыт, ана күн,

Ана – өмір тірегі.

Ана – өмір себуші,

Ана – сарқылмайтын бұлақ.

Әбсат Арай:

Бастадым сөзімді «Ана» деп мен,

Себебі анам ғой мені адам еткен.

Өмірдің бар асылын бойына жиған,

Дүниенің ардақтысы анам екен.

Құрметтейік, о адамдар аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі, ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істейтін әр қадамды.

Досымбек Жұлдыз:

«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,

«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.

«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,

«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!

Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен!

Жүргізуші: Қонақтардан «осы мейрамның шығу тарихы білесіздер ме?» деп сұрайды. Залдан жауап болмаған кезде озі жауап береді:

Аналар мейрамы – адамзат мейрамы.Тарихқа көз жіберсек, 1910 жылы Копенгагенде социалист әйелдердің халықаралық 2-ші конференциясында Клара Цеткин халықаралық әйелдер күнін атап өтуді мәселе етіп көтерді.Содан кейін де, яғни 1911 жылы Германияда , Австрияда және Данияда, ал біздің елімізде 1913 жылы Петербургте аталып өтті.

Жүргізуші: «Соқыр ана» көрінісі

(«Соқыр ана» атты көріністің сценарийі

Жалғыз көзді соқыр ана, Жәйіменен басып ғана, Баласының сабағына келеді. - Анау отырған менің балам, айналайын мұғалім, баламның сабағы мен тәртібін білуге келіп едім. -А, мына отырған бала ма? Сыныптас жолдасы:, сенің анаң соқыр екен ғой, неге айтпадың осы уақытқа дейін? Деген кезде баласының түсіп кетті қабағы Анасына ол айуан көзбен қарады. Ыза буып, бөлме есігін тарс жауып, Шығып кетті бетке ұстап даланы. Анасы жүр бәйек болып, ас әкеп, Баласының қамын ойлап аш қалған. - Тамағыңды ішпеймін, Сен неге келесің менің сыныбыма? Мен сенен ұялам, өйткені сенің көзің соқыр. Айтшы, неге, көзің соқыр? Жылады ана, еңіреді, егілді, Қайғы шерге толды ананың жүрегі, Шын жылады, соқыр көзден жас шықты, Көкірегіне бар құпия көмілді. Баласы: Тезірек оқу бітіріп, қалаға кетсем екен, мына соқыр анамнан құтылып, тезірек оны ұмытсам екен! Иә, дәл солай, болды жігіт, сол кісі, Екінші рет болмады онда енді ісі Содан бері ол оқуды қуалады, Одан бетер суық болды анаға. Оқимын деп әрі қарай жиналып,

Тартып кетті шетел асып қалаға. Айтқандай ақ ол анасын ұмытты, Жұмыс тапты, маман болды білікті, Әйел алды, бала сүйді баласы Есіне алып, ойлады, қазір анасын. Сұр күз келді, жауын сілкіп жауып тұр, Жігіт үйі сән-салтанат тауып тұр, Құлақ салды әйелі де, өзі де, Есіктерін біреу келіп қағып тұр Бітті әңгіме, болмас қайта бас сауға, Қалды ана демеу болар дос бар ма, Төпелетіп ақ жауынын төккен күн Күңіреніп анаменен бір батты. Уақыт зырғып, айлар өтті, жыл өтті, Өткен әр жыл жиырма түлек түлетті, Ауылға кел, сағындық деп достары Хат жіберіп шақыртыпты жігітті. Көп ойланды жігіт біраз қиналды, Дегенменен барамын деп ұйғарды, Әйелді алып, баланы алып сол күні, Жол жүрмекке отбасымен жиналды. Келді ауылға ,ойлап кетті ананы, Келген ойы басқа арнаға ауады. Балалықты еске алсам деп жаяулап, Туған үйдің есігін кеп қағады. Көршісішығып, баласына анасының бақилық болғандығы туралы хабарды айтады. Анасының баласына табыстап кеткен хатын береді. Балам, ботам, айым, асылым, Айтылмаған бір сыр бар еді жасырын Кеудемді өртеп барады сол күрең ой, Жазам хатқа, оқып қалқам, біле ғой. Әкең бар еді жаны жайсаң балаға, Үйден шықтық қыдырсақ деп қалаға Өзіменен бірге кетіп арманы, Жол апаты жан әкеңді жалмады. Зақым келді сенің оң жақ көзіңе, Алас ұрдым, амандық тілеп өзіңе, Қатты зақым алған екен ұлыңыз, Сау көз тауып салу керек, дереу, тез. Деген сөзін дәрігердің естіп ап, Өссін, өнсін, бақытты әр кез болсын деп, Балам үшін құрбан еттім өзімді, Саған бердім сап-сау тұрған көзімді. Міне, балам, содан бері соқырмын, Содан бері таңылмайды шешімім, Осы көзбен мен ұялтсам өзіңді, Кешір ботам, кешір қалқам, шешеңді.

Өкініштен өзегі өртенген бала аһ ұрып жылайды ,бірақ, бәрі де кеш еді...

Жүргізуші:

Ананың берген тағылымымен ешқандай бақ-дәулетте хан қаһары да, батырдың айбары да теңесе алмайды.Осындай құдіретті паш ететін ұлылардың сөзіне назар аударайық:

Ұлы жазушы Абай Құнанбаев: «Әйел сұлу болмайды көркіменен, Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме». (Сағдат)

Орыстың педагог демо

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!