Материалдар / Ана тілі-асыл қазына
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ана тілі-асыл қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл мерекесі қарсаңында өткен "Ана тілі-асыл қазына" тәрбие сағаты. Ұстаздарға және жас мамандар үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
542
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ана тілі-асыл қазына
Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Міндеттері:
1. Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. 
2. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
3. Өз ана тілін қастерлеуге, басқа тілдерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тіл туралы жазылған ойлы сөздер, тілге байланысты мақалдар, сынып сағатының көрнекі етіп жазылған тақырыбы.

Барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Егеменді мемлекетіміздің басты белгілерінің бірі- тіл. Қазақстанда тұрған әрбір азамат мемлекеттік тілді құрметтейді. 
Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ана тілімізді қадірлеу керек. 

III.«Ұйқасын тап!» ойыны.
Тіл туралы мақалдың жалғасын табу керек.
1. Ана тілін білмеген адам...........
(Ештеңені сезбейтін надан.)
2. Тіл тағдыры.-..................
(ел тағдыры )
3. Тіл тас жарады..............
(тас жармаса бас жарады )
4. Бас кеспек болса да..........
(тіл кеспек жоқ )
5. Өнер алды..........
(қызыл тіл)

IV. Оқушылар тіл туралы жаттаған өлеңдерін айтады.
1-оқушы: Аяжан

Туған тілім. Дихан Әбілов
Туған тілім – бабам тілі өз тілім
Туған тілім – анам тілім өз тілім
Туған тілім – далам тілім өз тілім
Туған тілім – адам тілі өз тілім.
2-оқушы: Дильназ
Туған тілде сыры терең жаным бар
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
3-оқушы: Амина
Мұқағали Мақатаев.
Үш бақытым.
Ең бірінші бақытым – халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін
Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
4-оқушы: Аружан
Ал екінші бақытым – тілім менің.
Жас жүректі тіліммен тілім дедім.
Кей-кейде дүниеден түңүлсем де.
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
5-оқушы: Аяулым
Бақытым бар үшінші-Отан деген.
Кім мықты?-десе біреу,-Отан дерем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба ?
Оланбай-ақкел дағы от ал менен.
6-оқушы : Фархат
Туған тілім –тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
7-оқушы:Әділ
Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің,
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе менің де бүлінгенім.

V. Қорытындылау.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!