Материалдар / "Ана тілім -айбыным"

"Ана тілім -айбыным"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2022
386
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Picture 1







Ақтөбе қаласы, № 6 “Орман ертегі” балабақшасы

Капашева Райгуль Жардемовна, тәрбиеші



Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Ана тілім-айбыным»
Мақсаты:
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: тіл туралы ұлылар ойлары, балалар суреті.

Тәрбиеші: Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. Тіл туралы сөз қозғалған кезде барлығымыз қазақ тілін бірінші қойып шыр-пыр болатынымыз анық. Олай болса дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын «Тілімізді неге тенейміз?» деген сұраққа жауап іздеп күннің шуағын толықтырайық.

  • Мәдениетіміз

  • Арымыз

  • Қарым-қатынас

  • Байлығымыз

  • Әдебиетіміз

  • Ұлттық қазынамыз

Қуан халқым, күшіне енді тіл заңы,
«Сүйінші» деп ақындарың жырлады.
Ел елдігі сыналады тілімен
Сол арқылы жайқалады гүл бағы,- дегендей, Тіл апталығы аясында өткізіліп отырған «Ана тілім-айбыным» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!

Бүгінгі жас ұрпақ - мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы - туған Отанын, туған тілін сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту. Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.
Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:

  1. Отан дегеніміз не?
    Әр адамда Отан бар. Отан, туған жер, атамекен – біз туып – өскен жер. Менің Отаным –Қазақстан Республикасы. Отан – кең мағыналы, қасиетті ұғым. Отанымыз туралы, оның тарихы, салт – дәстүрі, тілі өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз керек.

2 Мемлекеттік тіл туралы өз ойларынмен бөлісіңдер?
Менің Отанымның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ол Алтай тілдік тегіне, Түркі тілдер тобына жатады. Мен мемлекеттік тілді сүйіп оқимын, себебі, ол - менің ана тілім, оны білу – Қазақстанның әр азаматына міндет. Мемлекеттік тіл маған келешегім үшін қажет. Оны терең білу – біздің борышымыз.Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса, адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді, біреудің ойын түсіне де алмайтын еді.Тіл арқылы біз білім аламыз, мамандыққа үйренеміз. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдеп – ғұрыптары, дәстүрлері бізге тіл арқылы жетеді. Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Қазақ тілі – өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Ол Қазақстанда 1989жылы мемлекеттік мәртебе алды.

Диалог. «Көп тіл білу үшін...» тақырыбында диалог құрыңдар. Диалогте
тіл туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді қолданыңдар. Сөздеріңе
кемекші есімдерді кірістіріңдер.

Мыс: -Сәлем, досым!

-Сәлем!

-Көп тіл білу үшін не істеу керек?

-Көп тіл білу үшін, тіл үйірмесіне баруға болады.

Рақмет, сен қандай тіл білесің?

Мен ағылшын,қазақ,орыс тілдерін білемін, ал сен ше?

-Мен ағылшын тілін үйреніп жүрмін, орыс және қазақ тілін білемін.

-Тіл туралы қандай мақал мәтелдер білесің?

-Малға кедей жарлы, ал тілге кедей сорлы.

-Сау бол!

-Сау бол!

«Сөз тапқанға қолқа жоқ»  кезеңіне де жеттік, бұл кезеңде ортаға ситуациялық сұрақтар яғни жағдаяттар беріледі. Бір топ ақтаса, екінші топ жақтайды. Бұл жерде сіздердің ой-пікірлеріңізді білеміз. Кезеңнің аты айтып тұрғандай өз ойларыңызды қаншалықты дәрежеде ашып жеткізе отырып, шешендіктеріңізді көрсете аласыздар.

-Сіз балабақшада қазақ тобының тәрбишісіз. Топтағы Айнұр есімді бала қазақ тілінде онша сөйлей қоймайды,сол себептен балабақшаға барғысы келмейді. Сол баланың ата-анасы сізге «менің баламмен үнемі орыс тілінде сөйлесіңізші. Қазақша сөйлескенің қалаймын бырақ, қызым сол үшін балабақшаға барғысы келмейді. НЕ істем болады?....» Сіздің жауабыңыз?

Психологиялық тренинг:

«Болмысымның бәрі - тілімде, Тілімдегінің бәрі - түсімде» дейтін жәйттердің бәрі адамның бет және дене құбылыстары (мимика және пантомимика) арқылы бейнеленіп көрсетіледі.

Арнайы тапсырманы орындау: Топ жетекшілеріне ішінде мақал жазылған үлестірме ұсынылады. Сол мақалдың мазмұнын топ мүшелерінің бірі денесінің қимыл – қозғалісі мен бет әлпетін өзгерту арқылы көрсетеді де, оның шешімін қарсы топтан талап етеді.

1 Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

2 Тіземнен сүріндірсең, сүріндір, тілімнен сүріндірме.

Кокология тесті

1 Шөл дала. Жалғыз, шөлдеп келе жатырсың, алдыңда құмыра жатыр.

Неден жасалған?

Ішінде не бар?

Кім алып келеді?

Кім алмайды?

2 Су көрдіңіз.

Кім бірден сүңгіп кетеді?

Кім қолын, бетін жуады.

3 Келесің – келесің жол кездесті.

Бір жол бар – қысқа

Бір жол бар – ұзын.

Қайсымен жүресің?

Жауап.

Құмыра – сенің серігің, ішіндегі затқа қарай ойлау керек.Бос болса қуыс кеуде.

Суға сүңгіп кету – кез-келген істі бірден орындау. Қол жуу – асықпай ойланып орындайды.

Қысқа жол – тез шешім қабылдағыш, ұшқыр ойлы. Ұзын – асықпаушылық, шешімді асықпай ойланып қабылдайтын адам.

Қорытынды сөз:

Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік болсын. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер - ол ана тіліміз. Ана тілімізді құрметтейік. Сау болыңыздар



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ