Материалдар / "Ана тілім-ардағым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ана тілім-ардағым"

Материал туралы қысқаша түсінік
тілім менің тірегім
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2019
662
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балабақшадағы тіл мерекесі.

«Ана тілім – ардақтым»

Жүргізуші: Қуаныш бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Өнердің түскен жолына,

Жас досым саған мың сәлем.

Құрметті балалар, қонақтар бүгін сіздер тіл апталығына арналған ертеңгілікке қош келіпсіздер!

Ертеңгілігімізді әнұраннан бастайық.

Әнұран: барлық балалардың орындауында.

Қонақ (Германиядан келген)

- Гутэн таг! Мен Германиядан келдім! Кешіріңіз мен қазақша сөйлей алмаймын. Қазақша үйренуге келдім.

Жүргізуші:Балалар, амандасайық қонақпен!

Жүргізуші: Сіз бізге өзіңіздің туған жеріңіз туралы айтып беріңізші?

Қонақ: Германия өте әдемі, шағын мемлекет. Бас қала – Берлин деп аталады.

Табиғаты өте әдемі. Мен өзімнің туған жерімді сүйемін.

Жүргізуші: Рахмет, Сіз қазақ тілін үйреніп жүрсеңіз бізде тіл мерекесі өтіп жатыр. Қонақ болыңыз! Біздің балалар Қазақстан туралы сізге айтып береді.

Жүргізуші: Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?

- Бас қала қай қала?

- Біздің қаламыз қалай аталады?

- Қай балабақшаға барамыз?

- Нешінші топқа барамыз?

Жүргізуші: Балалар, адамға тіл не үшін керек?

(Балалардың жауабы)

- Дұрыс, тіл адам бір-бірімен тілдесуге керек. Адамдар сөйлеу үшін керек.

Жүргізуші: Біздің Республикамызда көп ұлттар тұрады. 150 ден астам әртүрлі ұлттар тұрады.

-Балалар қандай ұлттарды білесіңдер?

(Балалардың жауабы.)

Жүргізуші:

- Дұрыс. Осы халықтар өз тілдерінде еркін сөйлесе алады. Бірақ біз Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін, біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып есептеледі. Осы тілді біз білуіміз, құрметтеуіміз керек.

Жүргізуші: Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,

Бірақ оған адам аз бас иетін.

Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,

Кейбіреулер түсінбес қасиетін.

Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,

Орыс тілі сіңген ғой санамызға.

Неге олар «тілім» деп қуынбайды,

Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?

Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.

Өз тілімде керемет ақыл –ойым.

Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі,

Ол тарих, сенің, менің абыройым!

Жүргізуші: Ал қазір, балалар, тіл туралы, біздің Отанымыз туралы тақпақтарды, мақалдарды тыңдайық.

Ана тілім – менің

Әлдилеген әнім.

Ана тілім – демім,

Ана тілім жаным.

Отан – жерім,

Отан – суым.

Отан қуат, нәр береді.

Отан – ұран

Отан – туым

Отан – мәңгі гүлденеді.

Жүргізуші: Қазақстанда көп ұлттар турады, олар барлығы тату-тәтті өмір сүріде деп айттық. Ал, қазір өзіміздің балабақша туралы бір ән тыңдайық.

Өлең: « Біздің балабақшада» Орындаушы қазақ тобының балалары.

Отан – сенің ата-ананаң,

Отан – досың бауырың.

Отан - өлкең астанаң

Отан – аудан, ауылың

Ана тілің, арың бұл.

Ұяттың боп тұр бетте.

Өзге тілдің, бәрін біл.

Өз тіліңді құрметте.

Жүргізуші: Балалар, біз кішкене бойымызды жазып ойын ойнайық.

Қазақтың ұлттық ойыны: «Қыз қуу».

Жүргізуші: Мерекемізді жалғастырайық. Өздерінің тақпақтарын оқып береді:

Ана тілім – елім,

Қажыр, қайрат, күшім.

Ана тілім – менің,

Баста бақыт құсым.

Жанымнан да қымбат,

Ана тілім маған.

Ана сөзін тыңдап,

Үлгі, өнеге алам.

Ана тілім – анам,

Аппақ қардай арым.

Мұра еткен бабам,

Жарқыраған шамым.

Елтаңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Мұнда да бар ерлігім,

Мұнда да бар жер күнім.

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Жүргізуші: Тілді дамыту үшін біз әрдайым мақал-мәтелдерді жаттаймыз.

Для всестороннего развития языка большую роль играют пословицы и поговорки.

Мақал мәтелдерді қазақ ересек тобының балалары дайындап келді.

Талаптыға нұр жауар

Ақыл - азбайды, білім - тозбайды.

Оқу білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.

Туған жер – алтын бесік

Жүргізуші:

Әр ұлттың өзінің билері бар. Ал біз бүгін өзіміздің қазақ биін тамашалаймыз!

Қыздар тобы. Қазақ биі

Қонақ: Маған өте ұнады. Жарайсыңдар балалар! Сендердің өнерлеріңді көрдім. Ал, балалар, келіңдер мен сендерге неміс ойынын үйретемін.

Жүргізуші: Мерекеміздің соңында балалар «Мектеп ана» деген бір өлең айтады.

Жүргізуші: Осымен біздің мереке аяқталды. Қонақпен қоштасайық! Сау болыңыз!





Жүргізуші:
Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.


Армысыздар, құрметті көрермендер ! 
Елбасымыз Н. Әбішұлы Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын!





Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы



Тіл - халықтың жаны, сәні, адамды мұратқа жетелейтін – ана тілі мен ата дәстүрі. Олардың барлығы бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүруі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасы екені даусыз. Сіздер Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігінің, қазақ ұлты мен тіліне деген құрметінің куәсі боласыздар. Ендеше сөзді тағы да достарымызға берейік.

Орыс (Гүлаз)

Мен орыспын, сыйлаймын қазақ ұлтын,
Қастерлеймін тарихын, салт - дәстүрін.
Өйткені мен өркендеп осы жерде,
Топырағын қазақтың басып өстім.

Өзбек (Құрмантай)

Мен өзбекпін, сүйемін қазақ жерін,
Қазақ жері - ол менің туған жерім.
Сағынамын шет шықсам қазағымның
Тау - тасын, өзен - суын, асқар белін

Ағылшын (Райхан )

Мен ағылшын, сүйемін қазақ тілін,
Қаймағы бұзылмаған ғажап тілің.
Қазақ тілі лайық деп білемін,
Болуға ортақ тілі халықтардың. 



Тілмен ғана қызық менің тірлігім
Тату еткен ел мен елдің бірлігін.
Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім,
Туған тілде алып жүрміз біз білім.



Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.

Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар

Ана тілім туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

Назерке: Қуан анам! Ұстазыңнан сүйініп,
Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.
Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді
Пір тұтамын мен алдыңа иіліп.
Хормен: Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай,
Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!



«Қазақ тілі»
Авторы: М.Жұмабаев

Күш кеміді, айбынды ту құлады, 
Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады. 
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, 
Қан суынған, жүрек солғын соғады. 

Қыран құстың кос қанаты кьірқылды, 
Күндей күшті күркіреген ел тынды. 
Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ, 
Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды! 

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың 
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... 
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, 
Нүрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың! 

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім, 
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, 
Таралған түрік балаларын бауырыңа 
Ақ қолыңмен тарта аларсын сен, тілім!



«Қазақ тілі»
Авторы: С. Торайғыров

Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, «құлыным», «жаным» деген
Сол тілменен бірінші білгізілген:
«Ана» деген сүйгендік сөз әм менен
Қылжықтап, алып қашып құрбы бөркін
Сол тілменен ойнадым далада еркін
Сол тілменен бірінші сыртқа шығып
Өмірде ен далада ұққан көркім.



Қазақ тілі – қазақтың ана тілі, 
Бірақ оған адам аз бас иетін. 
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі, 
Кейбіреулер түсінбес қасиетін. 
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды, 
Орыс тілі сіңген ғой санамызға. 
Неге олар «тілім» деп қуынбайды, 
Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба? 
Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым. 
Өз тілімде керемет ақыл –ойым.
Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі, 
Ол тарих, сенің, менің абыройым! 

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім, 
Туған тілім-анам тілі-өз тілім. 
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім. 
Туған тілде сыры терең жаным бар, 
Туған тілде әнім менен сәнім бар. 
Туған тілім тіл болудан қалса егер 
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. 
Сүйемін туған тілді – анам тілін, 
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. 
Шыр етіп жерге түскен минутымнан 
Құлағыма сіңірген таныс үнім. 
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты, 
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім



Үш бақытым
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста,
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
(М. Мақатаев). 



Тіл деген – алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.

Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.

Тіл деген – адастырмас темірқазық,

Өрісі магнитінің өмірге азық.

Қадірін тілдің сұра кереңдерден,

Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.





Тарихы бар дастанымдай ерліктің,
Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің.
Қазақстан – алтын бесік Отаным,
Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің





«Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы», - деген Шыңғыс Айтматов. Сондықтан, әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті.

Тәуелсіздік тірегінің бірі – тіл. Тіл – халқымыздың қазынасы, сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың шежірсі. Былайғы жерде егемендігіміз баянды болсын десек, ұлттық рухымызға өріс тілесек, туған тілімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек.



«Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» тақырыбындағы «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген фестиваль.



Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.

Әдіс - тәсілдер: Сұрақ – жауап, мың бір мақал, жүз бір жұмбақ ойыны, ой - толғау, полиглот, жат оқу т. б.

Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар портреті, кітаптар мен рефераттар, интерактивті тақта..

Өтілу барысы:



Мұғалім: қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестік жетекшісі А. Полатова.

Қымбатты ұстаздар мен оқушылар міне біз бүгін бүкіл Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлағалы отырмыз. Бұған дейін «Тіл мерекесіне» байланысты 17 қыркүйектен бастап жоспар бойынша іс – шаралар жүргізілді. Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек.



Бүгінгі өткізгелі отырған «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» тақырыбындағы іс – шарамыз 22 - қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес. Бірақ біз ана тілімізге деген сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз. Олай болса,

Балалар, құтты болсын тілің бүгін,

Ашатын жан сарайын білімдінің.

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,

Тіліне зер салыңдар бұрынғының, - дей келіп, бүгінгі «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» тақырыбындағы фестивалін бастауға рұқсат етіңіздер.

Облыстық «Қоңыраулы қошақан» байқауының бас жүлдегері «Сыр сұлуы» бишілер тобының орындауында «Шашу» биі.

1 - жүргізуші:

Кенің бай, келімің мол туған тілім!

Дыбыстың теріп сөз ғып буған гүлін.

Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,

Мен қосып, құтыла алмас қусам білім.

Ассалаумағалейкум құрметті тіл жанашырлары, бүгінгі «Қасиетті ана тілім» атты тіл мерекесіне қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші:

Қонып тұр ордаң міне, жаңа жұртқа,

Салып тұр ұлың «Қазақ» көзін сыртқа.

Жау болсаң, жақындама, аулақ жүр деп,

Ел болсаң есігім бос, ен деп ұлтқа.

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар.



1 - жүргізуші:

Еліміздің болашағы – жасөспірімдер тәрбиені ұлттық мектептен алады. Өкінішке орай, оны көптеп жабу, қысқарту орын алғаны белгілі. Соңғы 30 жылда 700 - ден астам қазақ мектебі жабылды. Қазақ мектебінің тағдыры Сәбит Мұқановты қатты толғандырды. Ол өз сөзінде былай деді: «Мен ұлттық қазақ мектептерінің жабылуына үзілді – кесілді қарсымын. Менің партиялық ар ожданым мұндай идеялық тұрғыдағы қателікке төзбейді».



Тіл тағдыры шешуін күтті. Көпшілік ойы айтыла бастады. Басқа мәселелерде кезекте тұр еді. Ақыры 1986 - ның желтоқсаны тығырық кезеңнен құтқарды. Соның лебімен 1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы қаулы қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22 - і күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер» Заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Кейін 1993 жылы қаңтардың 28 - і күні бұл статус Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында тұрақталып, Тіл туралы Заңы 1997 жылы шілденің 11 - күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.

11 - сынып оқушысы Б. Бекболаттың орындауында Амандос Сабыровтың «Ана тілім ардақтым» жыры.

Несіне мен қазақпын, өз тілімді білмесем.

Өз елімде жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.

Құт мекенім қасиетті ата - бабам жерінде,

Нағыз қорлық - деп білемін, басқа тілде тілдессем.

Ана тілдің қасиетін айта білген түсінер,

Өз тілінде сөйлейді өмір көрген кісілер.

Жойған күні тіліңді, жойылады қазақ та,

Жоя білген адамдар - құлдыққа да түсірер.

Мансап үшін өз тілін құрбан еткен адамдар,

Басқа тілді қастерлеп, ана тілін жамандар.

Ондай жандар ортадан аулақ болса сол дұрыс.

Қазақ емес шіріген жұмыртқа деп санаңдар!

Ана тілін сатқандар опасыз - деп білемін,

Білген жанға өз тілің - қуанышың, тірегің.

Қазақ тілі қор болса, қор болғаным менің де.

Ол жойылса мәңгілік тоқтап қалар жүрегім.

Керек емес байлығын, керек емес алтының,

Менің жалғыз тілегім, тілін сақта халқымның.

Ана тілім бар жерде сақталарын білемін

Қазақ үшін қасиетті ата - дәстүр салтымның.

Ана тілін тартқылап0салып жүрген көкпарға.

Ойлаңдаршы қазағым, осы бізде бет бар ма?

Ана тілін ту етіп, көтер қазақ көгіне.

Айқасқа түс, сол үшін айтыс болса шегінбе.

Ана тілді сыйламай, өгей бала болмайық.

өз тіліңде сөйлемей, өзің туған жеріңде.

2 - жүргізуші:

Білеміз шаттық хабар қайдан ұшты,

Бәрі енді өзімізге байланысты.

Қаумалап, тік көтеріп әкетейік,

Қанатын жаңа ғана жайған істі!

Осы заң талаптарынан соң 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі болып аталып өтілуде. Қазір іс қағаздарын тек мемлекеттік тілде жүргізетін мекемелер көбейді, жоғарғы оқу орындарындағы қазақ тілінде өтетін сабақтар саны бұрынғыға қарағанда көп өсті. Мекеме, ұйымдар Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасымен жұмыс істеді. 2011 - 2020 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы шықты.

1 - жүргізуші:

Тарихқа, баяғы заманның деректеріне жіті көз жіберсек, өзге түркі халықтары сияқты қазақтың да жазу тарихы әріден басталатынын, жазудың алуан түрлерін жазудың арғы тегі суреттен басталғанын көреміз.

2 - жүргізуші:

Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады, атадан балаға жеткен ұлы құбылыс. Ол талай тарих сынынан өтті. Ғасырлардан - ғасырларға сүрінбей жетті. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті кең тіл ретінде саналады. Қазіргі таңда ана тіліміз жан – жақты зерттеліп, уақыт талабына сай ғылыми үлгіде жүйеленді. Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық игілігі болумен қатар, әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтырған көне тарихы бар, кемел тіл ретінде танылуда.

2 - жүргізуші:

Өткен ғасырдың өзінде француз ғалымы Жорри де Манси «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» деп тамсанған.

1 - жүргізуші:

Орыстың әйгілі ғалымы Василий Васильевич Радлов «Ең сауатсыз деген қазақтың өз тілін жете меңгергендігі сондай, ондайды біз Европада француздар мен орыстардан ғана байқаймыз. Егер олар әңгіме айта қалса сөз оралымдары көркем де сүйкімді, тілі өткір әрі майда шешен де тапқыр» деп әділ бағасын беріпті.

2 - жүргізуші:

Әлем даналарын тамсандырған халқымыздан туған Асан қайғы сияқты бабаларымыздың өсиетін тыңдайық. 5 - сынып оқушысы Әдепхан Аяулым.

1 - жүргізуші:

- Тәңірі ортақ жаратқан,

Аузына халқын қаратқан.

Қара қылды қақ жарған.

Алдынан топты таратқан,

Мөңке, Төле, Қазыбек

Әйтеке, Алшын, би Кебек.

- Белгілі шешендер мен шешен билердің сөздері жазылып сақталмағандықтан, тек бізге ұзын - ырғасы, желі - жұрнағы ғана жеткен. Ауыздан ауызға көше жүріп, сырланып, бүкіл халық қазынасына айналған. Олар халық даналығын, тіл байлығын көрсетеді.

2 - жүргізуші:

Көрініс. «Үш би». 5 - сынып оқушылары.

Төле би: Уа, халқым, сөз қадірін білесің;

Жаңбыр жауса жер жетім,

Басшысы болмаса жер жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім...

Атың жақсы болса

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.



Қазыбек би: Аты жаманның арманы кетер.

Баласы жаманның дәрмені кетер.



Әйтеке би; Биікке шықсаң, көзің ашылады

Жақсымен жолдас болсаң, көңілің ашылады

Төле би: Сөз танығыш жастарға айтар он түрлі жұмбағым бар,

Әйтеке би: Айтыңыз ұлы аға.

Төле би: Айтсам он түрлі жұмбағым мынау; бір, екі, үш, төрт, бес, алты,

Жеті, сегіз, тоғыз, он.

Дауыс: Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ бола ма?

Қазыбек би: Ұлы аға! Бұл жұмбағыңызды мен шешейін, рұқсат етіңіз.

Төле би: Рұқсат, қаз дауысты Қазыбегім, рұқсат»



Қазыбек би: Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман.

Екі дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман.

Үш дегеніңіз - үш бұтаққа бөлінген ағайын жаман.

Төрт дегеніңіз - төсектен безген жас жаман

Бес дегеніңіз - белсеніп шапқан жау жаман.

Алты дегеніңіз - асқынып кеткен дерт жаман

Жеті дегеніңіз - жесір қалған жас жаман.

Сегіз дегеніңіз - серпілмеген қайғы жаман.



Тоғыз дегеніңіз - торқалы той, топырақты

Өлімге бас көрсетпесе, сол жаман.

Он дегеніңіз - оңалмас кәрілікке дауа болмас - деген

сөзіңіз, ұлы аға!



Төле би: Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің...



Әйтеке би: Суалмайтын суат жоқ.

Тартылмайтын бұлақ жоқ.

Тамыры суда тұрса да,

Уақытысы жеткенде

Құралмайтын құрақ жоқ...

Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.



Төле би: Дұрыс айтасың, Әйтеке. Ал, қаз дауысты Қазыбек би, мынау жиылған халайыққа не айтасың?



Қазыбек би: Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма -

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең,

Өршіл болма -

Өшкеніңді өшірерсің.

Басына іс түскен пақырға

Қастық қылма -

Қайғысы көшер басыңа

Жанашыры жоқ жарлыға,

Жәрдемші бол асыға

Қиын - қыстау күндерде

Өзі келер қасыңа.

Бүгін сағы сынды деп,

Жақыныңды басынба.



Төле би: Сөзің асыл, қаз дауысты Қазыбек!

Уа, халайық!

Көсіре шабар жерің бар,

Тау көтерген ерің бар!

Қол боларлық елің бар,

Атадан қалған сара жолың бар!

Сөз қадірін біліңдер!



1 - жүргізуші:

Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,

Аралыммен,

Арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау - парызым бүгін менің.

2 - жүргізуші:

Әуезов, Абайды өткен дәріс тілі,

Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тілі

Қанша Заң қабылдаймыз, жетер енді,

Етілсін мемлекеттік әр істе үні!

Біздің мектеп ұлт мүддесін қорғаушылардың ең алдынғы сапында келе жатқан қайсар, тұлғалы ұлы ақын М. Шаханов есімімен аталған. Оның тіл төңірегіндегі көкейтесті ойларымен қатар елімізге сіңірген еңбегі қаншама.



М. Шаханов «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы». Оқитын М. Жүсіпәлі.

Жаһандану рухсыздығы өз жеңісін тойлауда.

Содан қазір қаншама адам бейім былай ойлауға:

Мен қай тілде еркін сөйлеп, оқи алам, жаза алам,

Білім, жұмыс, нан таба алам, сол тіл - менің өз анам”

Бірақ қарсы тұжырым бар осы адасқан байламға:

Біз жалқыны мойындамай, ұға алмаймыз жалпыны.

Тіршілікте бір адамды шексіз сүю арқылы

Адамзатты тану әрі сүюге жол табасың.

Және әркім шын қадірлеу арқылы өз анасын,

Ұғар оның сатылмайтын сезімінің бағасын.

Өз ұлтыңның тілін, салтын, парқын сүю арқылы

Күллі әлемдік биікке өрлеп, ардақтайсың жалпыны.

Сан түрлі тіл меңгереміз, айдындап ой қарқыны.

Ал ғаламдық ортақ тілсіз -

Бірлік – гүлсіз, сенім – нұрсыз,

Бірақ ана тіліңе оның түспеу керек салқыны.

Бұл табиғи жолдан айну қырсық қаупін өсірер.

Тарихың тұр санаңа өткел тастап,

Өз тіліңе ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап

Бүкіл баба рухымен

Ұлттық, гендік - ақпараттық байланысың кесілер.

Тағдырыңнан ата мұра шамын солай өшірер.

Өз тіліңді жерсінбеудің,

Өз анаңды менсінбедің

Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?

Ол – рухи мүгедектік әрі ұлттық сатқындық?

Аз қайғы ма, талабыңды түсінігің алдаса?..

Мейлі он тіл,

Тіпті жүз тіл меңгергенің далбаса

Өз ұлтыңның тілі менен рухы

Ой - санаңа іргетас боп қалмаса.

1 - жүргізуші:

... Тіл жоғалса жоғалар ұлтың бүгін,

Тілің барда нұр шашып атар күнің.

Сөзімнің ұғар болсаң түп төркінін

Жүрек жырын жазар ем таппай тыным...

Жастарға айтар, бастарға айтар жырым бар,

Жоғалтпақ болды ұлтымның тілін залымдар.

Жаутаң қағып жетпіс жыл жүрдік боданда,

Содан да қалған тілімізде жұғын бар.

Қадір тұт өз тіліңді намыс болса,

Көзіңді сал көк аспан алыстарға.

Тілім десе екпіндеп тоқтамайтын

Құрмет көрсет Мұхтардай арыстарға.

2 - жүргізуші:

Туған тіліңді қорғау - туған отаныңды қорғаудан да маңыздырақ. Отаныңды жау басып алса, оны ерте ме, кеш пе, әйтеуір, азат етеріңе сенесің. Ал тілің жауланса - бітті. Басқа тілге көшіп, туған тілін ұмытқан және өз ата байлығына қайта оралуға мойны жар бермейтін жалқаулар мен ұлттық рухын жоғалтып үлгерген, өзіңе түрі ғана ұқсайтын қандастарың жаудан бетер қарсыласады. Олардың үлкен бөлігінің ана тілін мойындамай, өзге тілдің мүддесін ашық түрде қолдауының арқасында ұлт жойылуға бет алады. Әлгі бейшара ұлт үшін бұған теңдес қасірет болмақ емес.

1 - жүргізуші:

Көрініс. «Асыл мұра» сомдайтындар 5 - сынып оқушылары.

Сахна сыртында Махамбет:

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку - еңку жер шалмай,

Ерлердің ісі бітер ме...

(Батыр отырған баланың қасына келеді. Бала әдеппен иіліп сәлем береді).





Бала Құрманғазы: Армысыз аға?

Махамбет батыр: Қай ұлансың, қарағым?

Бала Құрманғазы: Мен, Қызылқұрт Сағырбайдың баласы Құрманғазымын.

Махамбет батыр: Көзіңде өшпес жалын бар, болғалы тұрған ұлмын де, иә!

Қабырғасын сөксе де қайыспас қайсар нар болатын түрің бар ұлым!



Бала Құрманғазы: Өзіңіз кім боласыз аға?

Махамбет батыр: Мен де, ұлан, мен болам,

Ағатай – беріш ел болам,

Исатайдың серігі,

Ел жұртым деп жанымды

Шүберекке түйген ер болам

Халық жауы хандардың,

Қарны жуан билердің

Басын кессе - дер болам,,,

Жайықты малға толтырып

Халыққа теңдік әперсем -

деп, арманға қол созған,

Махамбет батыр мен болам!



Бала Құрманғазы: Ақын аға Махамбет, мені өзіңмен ала кет,



Батыр: Жоқ қарағым, ертерек, қабырғаң әлі қатпаған, томағаң әлі толмаған. Әзірге жассың, ертерек! Мынау не қарағым?



Бала Құрманғазы: Домбыра жасап алмақпын, ел кегін егіз шектен еңіретіп төгетін.



Батыр: Мақұл, балам, әзірге қош. (батыр кетеді, бала Құрманғазының орнына шал Құрманғазы келіп отырады. Жәймен күй ойнап тұрады. )

Қария Құрманғазы: Айналайын, қыз да болсаң мұрамды ұстарлық болып туыпсың. Көп жаса, қызым, көп жаса!

Жан шошыр бастан өтті талай майдан,

Шыққан жоқ атқан оғым терең сайдан.

Екпінді кек күш беретін,

Ұл туар дәл өзімдей ана қайдан.

Бұл тартқаның қандай күй?



Дина қыз: Бұл күйді «Көбік шашқан» деп атайық, ата.



Құрманғазы: Тауып айттың, қарағым. Күйдің аты «Көбік шашқан» Атың кім шырағым.



Дина қыз: Атым Дина,



Құрманғазы: Мерейлі бол, Динажан, мен кек күйшісі, Құрманғазымын. Тәрбиешім - Махамбет ақын - Исатай ердің серігі. Мұрамды саған тапсырдым, халыққа жеткіз күйімді.

(домбырасын Динаға ұсынады)



Дина қыз: Егер де маған, атажан, шынымен сеніп берсеңіз, кек ұрандас күйіңізді халыққа ойнап беруге жас жүректен ант етемін( тізерлеп отырып домбыраны сүйеді).



2 - жүргізуші:

Міне күй атасы Құрманғазы мен Динаның кездесуі жөнінде ел осылай аңыз етеді. Дина апа осы антын адал орындады. Ол күй атасы Құрманғазыдан алған асыл мұрасын алтындай сақтап, қазынасына табыс етті.

1 - жүргізуші:

Халықаралық байланыста әлемдік деңгейде қолданылатын 6 тіл бар. Олар: ағылшын, француз, орыс, испан, қытай, араб тілдері. Жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстан үшін бүгінгі жағдайда біздің көп тіл білуіміз қажет. Бірақ өзге тілді білсек те, өз ана тілімізді ұмытпай, қастерлеп, құрметтей білуіміз керек. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» дегендей, өз тілімізді құрметтеп өсу біздің парызымыз.

2 - жүргізуші:

Мектебіміздің мақтаныштары ағылшын, орыс тілдерін жүйрік білетін жастарымызға сөз кезегін береміз.

Ән. «Прекрасная далека» орындайтындар 11 - сынып оқушылары.

Стихи. 6 - сынып оқушылары.

Ағылшын тілінде «You Are Not Alone» орындайтындар 11 - сынып оқушылары.

1 - жүргізуші:

Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.

Туған тіл - ақыл ой дамуының негізгі және барша білімдердің қазынасы.

Ия, бүгін біз ана тіліміздің құдіреті мен өміршеңдігіне біршама көз жеткізгендей болдық. Ана тілін ұлы мұхитқа баласақ, біз соның жағасына келіп екі алақанымызды қосып тұрып қос уыстап іліп алып ішкендей ғана болдық деп ойлаймын. Оның тереңіне бойлап түбіндегі інжу – маржанын ерінбей – жалықпай тере біліп өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз.

2 - жүргізуші:

Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл - қыздары бізге ғасырлар бойы ата - бабаларымыздан жеткен аманат.

1 - жүргізуші

Осымен «Тіл мерекесі» өз мәресіне жетті. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын, ағайын!



































«Тілді сүю-тал бесіктен»

Кеңейтілген оқу қызметі



Мақсаты: Балаларды елге,тілге деген сүйіспеншілігін,

сыйластық сезімін сақтап,мемлекеттік

рәміздердің бірі ретінде құрметпен қарауға

тәрбиелеу.Өз ана тілін жоғары ұстауға баулу.



Топ іші жарық,мерекеге сай безендірілген.Келген қонақтармен балалар түгел жайғасқан.

Сәлемдесу рәсімі

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәрінеде ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Сәлеметсізбе ағай деп,

Сәлеметсізбе,апай деп,

Есенсізбе,әжей деп,

Амансызба, атай деп

Біздер сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Балалар бірге: Сәлеметсіздер ме!

Алғашқы құттықтау сөз балабақша меңгерушісі Л.И.Оразаеваға беріледі.



Жүргізуші: Ең алғашқы бақытым- тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Дүниеден кейде мен түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.



Сырым:

Салтанатты күн бүгін,

Шырқалады әнұран.

Көк аспандай туымда

Қалықтайды жас қыран.



Жүргізуші: Ендеше,балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, мемлекеттік әнұранды орындаймыз.



Хор: Әнұран



Слайд:Қазақстан мемлекеті жайлы слайд көрсету.

«Менің елім - мақтанышым » ойыны

1.Елбасымыз кім?

2. Еліміздің бас қаласы қай қала?

3.Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

4.Біз қай ұлтпыз?

5.Біз қай тілде сөйлейміз?

6. Біздің елде тағы басқа қандай ұлттар бар?

7. Тіл мерекесі жылдың қай мезгілінде атап өтіледі?



Жүргізуші: Ендеше,осы мерекеге арналған тақпақтарымызға кезек берейік



Бақыткелді: Ана тілің – арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте



Айкөркем:Қазына бар тілімде

Анам айтқан жыр- әнін

Жоғалуы мүмкін бе?

Өлмейтұғын мұраның.



Ұлжан: Ақыл - ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның



Жігер: Өсірген ой білімді,

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.



Ән: Ерболат Сырымның «Қасиетті домбыра» әнін қабыл алыңыздар!



Муслима: Әркім тілін сүйеді

Қадірлейміз мұны біз

Қазақ тілін киелі

Мемлекеттік тіліміз.



Әбдіразақ Дидар: Ақ сүтінен жаралған

Ақ сүтінен нәр алған

Анаға бас иеміз

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп

Ана тілін сүйеміз!



Хор:«Қуыршақтар әні»

Орындайтын: топтың қыздары



Жүргізуші: Біздің балаларымыз тіл туралы мақалдар да біледі екен. Қане кім айтады?

Алихан: Өнер алды – қызыл тіл

Д.Нұрали: Тіл жүйріктен де озады.

Айжұлдыз: Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Нұрымжан: Бас кеспек болса да,

Тіл кеспек жоқ.

Бегімсұлу: Көп сөз – көмір,

Аз сөз – алтын.



Заңғар: Нұр шашады алтын күн,

Отанымда мереке

Қона берсін еліме

Бақыт, шаттық, береке



Ж.Айзере: Бар асылын халықтың

Құйған сана бойыңа

Туған тілім өркенде

Бола берші күшті көркемде.



Мансұр: Ана тілін біліп қой

Еркіндігің теңдігің

Ана тілін біліп қой

Мақтанышың елдігің.



Нұрайым: Әркім тілін сүйеді

Қадірлейміз мұны біз

Қазақ тілін киелі

Мемлекеттік тіліміз.



Парасат: Мейірімі мол балаға

Бар әлемде анаға

Басымызды иеміз

Бабамыздың тілі деп,

Даламыздың үні деп

Ана тілін сүйеміз.

Меймуна: Сыйласаң өз ұлтыңды,

Құрметтесең тіліңді

Ұнатсаң дәстүр салтыңды

Ұмытпайсың тілімді.

Би: «Қара жорға»

Бір топ жігіттер



Жайық: Мәртебесі тілімнің,

Биік болсын халайық.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!