Тәрбиеші: Армысыздар сүйікті аналар,
әжелер, әріптестер бүгін көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні
құтты болсын !
Баланың да
тірегі
Даланың да
тірегі
Шаншымасын
ешқашан
Аналардың
жүрегі
Демекші «Аналардың жүрегі»
атты мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға
шақырамыз.
Балалар әуенмен залға шар
ұстап кіріп шеңбер бойында би билейді.
Би «Аналар
жүрегі»
Тәрбиеші: рахмет балалар, ал енді
аналарымызға, әжелерімізге жақсы тілегімізді
айтайық.
Балалар: балалар ана, әжелеріне
тілектерін айтып шарды береді.
Тәрбиеші: балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
Балалар: көктем
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар балалар, ал
көктемде қандай мереке болады?
Балалар: аналардың, әжелердің, әпке,
қарындастың.
Тәрбиеші: ал сендер аналарынды,
әжелеріңді жақсы көресіңдер ме?
Балалар: ия
Тәрбиеші: ия балалар біз барлығымызда
анамызды жақсы көреміз. Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең
жақыны, жанашыры, қадірлісі. қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған.
Бойымыздағы жақсы қасиеттер бізге алдыммен анадан тараған. Ендеше,
балалар анамызды сыйлап құрметтейікші
балалар!
Құрметті аналар, әжелер біздің
балаларымыздың тақпақтарын қабыл
алыныздар.
Мұхаммедали, Айару. Ү ,
Нұрислам.Ү,Іңкәр, Айкүміс
Мұхаммедали:
Әжем менің
әліде,
Ұқсамайды
кәріге
Шай қайнатып
береді
Қажет болса
бәріне.
Айару:
Айналайын
анашым
Асқар таудай
панасың,
Күн көзіндей
күлімдеп.
Құшағына
аласың.
Нұрислам:
Ана-біздің
күніміз
Ана-біздің
гүліміз
Ұлыңды ана
қуантып
Ұзақ өмір
сүріңіз.
Іңкәр:
Ақыл құйған
санама
Күннең артық
расында
Күн алыста ал
мамам
Ылғи менің
қасымда
Айкүміс:
Аналарды
сүйеміз
Сөзін ойға
түйеміз
Аналарды
ардақтап
Әдеппен бас
иеміз.
Тәрбиеші: біздің балаларымыздың
аналарына арналған «Ақ
мамам» әнің бір
тамашалайық.
Тәрбиеші: ортаға Жансая, Нұрислам,
Айсезм, Севинч балаларымыздың өнерін
тамашалайық.
Жансая:
Менің әжем, ақ
әжем
Ұл мен қыздың бағы
әжем.
Ертегі айтып бер
десең,
Айтып берер тағы
әжем.
Нұрислам:
Сүйікті
анашым
Аштыңыз
көзімді
Бір сағат
көрмесем
Сағынамын
өзіңді.
Айсезім:
Баланың да
тірегі
Даланың да
тірегі
Құшағына
енемін
Мәпелеген
анамды
Қуантсам деп
келемін.
Севинч:
Келбетінде
ұлылық,
Даладай кең
пейілі.
Ана деген
жылылық,
Ана деген
мейірім
Тәрбиеші: қане аналар біз Сіздермен ойын
ойнайық
Ойын «Кім көп жұмыртқа
жыйнайды»
Ойының
шарты: Ортаға екі ана баласымен
шығады, жұмыртқаларды қасыққа салып, екінші ыдысқа жеткізеді.
Бірінші анасы апарады, екінші кезекте баласы жұмыртқаны екінші
ыдысқа жеткізеді.
Рахмет
аналар.
Тәрбиеші: Аяулым,
Жансерік, Айару. К, Әліби,
Румейса балаларымыздың өнерін тамашалайық.
Аяулым:
Ана-деген жүректегі сезім
ғой
Анам менің өмірімнің
қуаты.
Өмірімнің сырын айтам
анама,
Анасыз өмір жоқ қой еш
адамға.
Жансерік:
Анам, анам, ақ
анам
Мен өзіңдей ақ
балаң,
Айтқан тілінді
аламын
Жұмсағанда
барамын.
Айару:
Көгінде күн
болып,
Жұлдыздай
жанасың.
Аман бол
әрдайым,
Аяулы
анашым!
Әліби:
С праздником
весеннием
Светлый этот
час
Мамочки родные. Поздравляю
вас.
Румейса:
Балдай тәтті
баламыз
Ақылдымыз
данамыз
Аналардың
мейрамын
Бірге қарсы
аламыз
Тәрбиеші: Қобызшы қыз
Зерені ортаға шақырамыз.
Тәрбиеші: Ойын «Аналарды
сәндеу»
Құрметті аналар 3 ана
балаларынызбен ортаға шығыңыздаршы, қыздар аңаларыңды
сәңдеңдер.
Рахмет
сіздерге.
Ойын «Өз баланды
тап»
Ойын
шарты: Ортаға 5 ата-ана ортаға шығып,
көздерін байлап балалардың ішінең өз балаларын табады. Ұл балалар
шығады.
Рахмет
сіздерге.
Тәрбиеші: ән «Аяулы
Анашым»
Құрметті аналар, әжелер,біздің
балалар өнерлі ән де, би де билейді, ойындар да ойнайды, балалардың
қолдарынан бәрі келеді, өз қолдарымен жасаған сыйлықтары бар,
сыйлықтарын сыйласын.
Қымбатты да аяулы аналар,
ақ жаулықты әжелер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу,
ең мейрімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендерініз сау,
көңілдерініз шат болсын, әрқашан аман болайық!!! Осымен біздің
мерекелік концертіміз аяқталды. Сау
болыңыздар!
«№7 жалпы орта мектебі»
КММ
«АНАЛАРДЫҢ
ЖҮРЕГІ»
тақырыбында тәрбие
сағаты
Өткізген: шағын орталық
тәрбиешісі Акпарова Н.С.
2017-2018 оқу
жылы