Материалдар / АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ ПӘНІ мен КОНТЕКСТТІК ОҚЫТУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ ПӘНІ мен КОНТЕКСТТІК ОҚЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Контекстіқ оқытудың мән-мағынасы және өзектілігі айтылады. Аналитикалық химия пәні бойынша контекстік оқытудың үлгілері көрсетілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2021
641
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ ПӘНІ мен КОНТЕКСТТІК ОҚЫТУ

Химиялық білім беруді реформалаудың маңызды себебі ретінде көптеген химиялық оқу бағдарламаларына деген наразылықты көрсетуге болады. Оқу бағдарламалары оқушылардың қызығушылығынан, қоғам мен технология мәселелерінен және қазіргі заманғы қоғамдық проблемалардан қашық болғанын байқаймыз. Көптеген студенттер үшін аналитикалық химияны үйрену қызығушылық тудырмайды, өйткені оқудың өзектілігі мен контексттік мәні айтылмайды. Химияны үйренушілердің көпшілігі химиялық білім мен жаратылыстану ғылымдары және де баска салалармен байланысы туралы хабары болмай қалады. Өміріміздегі функционалдылыққа, яғни үйге, қоршаған ортаға, болашақ жұмыспен қамтылуға және, ең алдымен, болашақта болатын өзгерістер мен дамуға байланысты мәліметтер ескерілмейді.

Осы проблеманы азайту мақсадында контексттік оқыту технологиясына тоқталып көңіл бөлуіміз керек. Осы оқыту технологиясы -оқушылардың химиялық курстарына деген қызығушылығын артыратын, ғылым мен студенттердің күнделікті өмірін байланыстыратын, жаратылыстану ғылымдарын тиімді меңгеретін, мұғалімдердің іс-тәжірибесіндегі өзгерістерге әсер ететін, оқушыларды тиімді бағалайтын технологиясы болып табылады. Контексттік оқыту технологиясы байланыстырып оқытуға негізделген болады. Химиялық пәндерді оқыту кезеңінде табиғат, денсаулық, қоршаған орта, әлеуметтік мәселелер, өмір өндіріс және басқа да салалар туралы оқыту мен оқуды білдіреді. Контексттік химия нақты өмір мен ғылыми мазмұн арасындағы байланысты орнатуға бағытталғандықтан, студенттер химияны өз өмірлеріне анағұрлым сәйкес деп қарай алатындықтан мектеп білімі мен күнделікті өмір арасындағы байланысты жақсартудың тиімді әдісі болып табылады. Мұндағы басты мәселе - мазмұнды (контексті) оқудың өзектілігін көрсетіп және өзекті аспектілер мен байланыстырып химиялық білімді игеру.

Контекстік оқыту үшін мазмұн мен салалар: технология, өндіріс, экология, шаруашылық және күнделікті өмір мен байланыстыруға болады. Бұлардың ең маңыздыларының бірі өндірістік өнеркәсіп пен байланыстыру болып табылады. Химияны өнеркәсіп аспектілерімен қоспай оқыту мен қазіргі өмірдің маңызды ерекшеліктері ескерілмей болады. Өнеркәсіпке контексттелген оқытудың бір ерекшелігі - бұл өндірістегі бейорганикалық және органикалық материалдарды өндіру схемасын, суреттерін, бейнелерін және фигураларын қолдана отырып олардың сипаттамалары туралы білім алып үйрену. Осы тұрғыда химиялық пәндерді соның ішінде аналитикалық химияны осы контекстік оның ішінде өнеркәсіпке контексттелген технология бойынша оқытуды қарастырған да жөн. Осы тұрғыда аналитикалық анализ немесе химиялық талдау сабағында кейбір аналитикалық талдау әдістерін күнделікті өмір мен калай байланыстырамыз деген сұрақтар туады. Осы сурақтарға жауап ретінде Актау қаласындағы Ш.Есенов атындағы университеттің ғылым және технологиялар факультетінің оқушыларының қатысуымен аналитикалық химия курсы өткізілді. Осы курсты оқыту барысында күнделікті өмір мен өндіріс салаларына байланысты кейбір талдау әдістері қарастырылды. Бұл әдістер алкалиметрия, ацидиметрия, иодиметрия, перманганометрия және комплексометрия болды.

Ацидиметрия әдісі бойынша нарықта сатылатын өнімнің қышқылдық деңгейін анықтау үшін осы әдіс қолданылды. Маркетте сатылатын шырындар, дәрі-дәрмектер және сірке суы сияқты тағамдар аналитикалык тұрғыдан тексерілді. Нарықтағы сірке суы мен кейбір шырындарың қышқылдық деңгейі талданды. Бұл деңгей өнімнің көрсетілген қышқылдық мөлшерімен салыстырылды. Иодиметрия әдісімен бассейндегі судың ішіндегі белсенді хлорды өлшеуге болады. Осына қоса иодометрия белгісіз қоспадағы мыс массасының анықтау үшін, ал мангонометрия белгісіз ерітіндідегі темір ионын анықтау үшін қолданылды. Комплексометрия аркылы ауыз судың және маркетте сатылатын әр түрлі сулардың жұмсак немесе қаттылығын тексеріп талдау жасалды.

Химия пәні жалпы әлеуметтік және этикалық мәселелер жөніңде, әсіресе экологиялық салдармен объективті түрде күресуге азаматтарды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Осындай қызықты өтгізілген сабақтар арқылы контекстіқ оқытудың орындалуы үрдісін дамытты деп ойлаймын. Осыған байланысты контекстік химия сабақтары оқушылардың қызығушылығын, ынтасы мен жетістіктерін арттыруда маңызды рөл атқарады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!