Материалдар / Анам және мен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Анам және мен

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
518
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Анам және мен

Мақсаты: Халқымыздың асыл мұрасын, отбасылық тұрмыс – салтын,

жақсы үлгі өнегесін, ізгілікті сән- салтанатын, кіші мен үлкенді

сыйлауды, мейірімділікті, парасаттылық сияқты тәрбиеге

қатысты қағидаларды аналардан үйрену, қазақ халқының

салт – дәстүрін насихаттап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, слайдтар

Түрі: сайыс

Әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, ойын


Мұғалім сөзі:

Бүгін біздің класта дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп.

Қош келдіңіздер аналар, сергісін бой

- Армысыздар, ардақты аналар және қыр гүліндей құлпыр ған қыздар, бүгінгі “Анам және мен” сайысына қош келдіңіздер!


Бала деген бал екен,

Бал дегенің бала екен.

Балалардың бойында,

Бар тәттілік бар екен- деп ортаға аналарымыз бен қыздарымызды шақырамыз.

  1. Бойында мейірім ақ жүрек,

Жақсылыққа толы ақ тілек.

............... Ана келді, міне,

Баласына бақ тілеп.

2. Еміреніп “қозым” деп, 4. ........... Деп үнемі,

Мейіріммен қарайтын Оған артып бар үміт.

Балам аман болсын” - деп Сыздайтұғын жүрегі,

Ай мен күнге балайтын. Құлап қалса сүрініп.

3. ......... Ана бүгінде, 5. Қызғыштай қорғап,

Баласының мақтаны. Бала деп жанын.

Кім сүймейді анасын, Қамқор болып жанына

Бола білсе бақ сәні. Балалардың бәрін жиятын

Мақтаудың бәрі сыятын

Балаға жанын қиятын.

6.Жердегі бар тағамнан.

Ана сүті нәрлі екен.

Бұл жалғанда анамнан

Сүйікті адам бар ма екен? –деп ортаға --------------- анасымен



Сайысты бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

Сайыстың жоспары:

  1. Таныстыру

  2. Құлақтан кіріп бойды алар....

  3. Мақал қуаласпақ” ойыны

  4. Жақсы сөз жарым ырыс

  5. Ойнайық та ойлайық” ойыны

  6. Тапқырлық “ сайысы

  7. Ұлттық тамақ түрлерін көрсету.


  1. Таныстыру сайысы

Өзін таныстыру сайысымен бастайық,

Көрерменді бір селпінтіп тастайық.

Ата – анаңмен, жеті атаңды атап шық,

Аналарды ду қол соғып қостайық.


2. “Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй” – деп Абай атамыз айтқандай келесі

кезекті аналар мен қыздардың өнерін тамашалайық.


3.“Мақал қуаласпақ” ойыны.

Ойынның ережесі бойынша қызы мақалды бастайды, анасы келесі жолын табады. Анасы бастайды қызы келесі жолын табады.

  • Балалы үй-базар, баласыз үй – қу мазар

  • Әке – асқар тау, ана – жағасындағы бұлақ

  • Анасын көріп, қызын ал, Аяғын көріп асын іш

  • Бала – тілі бал

  • Шешеге қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер

  • Қыз – қуыршақ, ұл – құлыншақ

  • Балалы үйдің ұрлығы жатпас

  • Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер

  • Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

  • Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі- шүберек

  • Жақсы бала- сүйеніш, жаман бала- күйеніш

  • Ана сүтін ақтамағанды, ешкім жақтамайды.


4. Жақсы сөз жарым ырыс.

Қой асығы демеңдер,

Қолыңа жақсы сақа тұт.

Жасы кіші демеңдер.

Ақылы асса аға тұт, - дегендей ақыл – ой сайысына береміз.

1 – сұрақ Екі түсті жүннен жасалған төсеніш.

Дастарханға әкелетін ең қадірлі ас

2 – сұрақ. Бағалы аң терісінен тігілетін сырт киім?

Ұлттық тағамды атаңыз.

3- сұрақ. Ауруға ем, сауға қуат беретін қандай сусын?

Ұлттық ойындарды ата.

4 – сұрақ. Қолмен тігілетін тігіс түрі.

Ұлттық мерекелерді атаңыз.

5 – сұрақ. Жесең жеміс болады, қыздардың атау есімі.

Салт -дәстүрлерді ата.

6-сұрақ. Наурызда дайындалатын көже қалай аталады?

Жыл басына таласып, жеңіп алған не?


5“Ойнайық та ойлайық” ойыны.

Жақсы көретін тамағың?

Қандай түсті ұнатасың?

Кіммен көп сырласасың?

Бос уақытта немен айналысасың?

Анасы мен баласының жауаптары салыстырылады. Бірдей жауапқа бір ұпай.


Тапқырлық” сайысы

  1. Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің,

Білер оны сұраған.

Ол кім? / атаң /


  1. Аймалайды күнім деп,

Мейірімді жүзі күлімдеп.

Тәтті – ақ дейді немере,

Бал шырындай үнің деп.

Ол кім? / әжең /


  1. Өресің шашын да,

Қарайсың басында.

Бас көз боп жүресің,

Сен кімнің қасында.

Ол кім? / сіңлің /

  1. Көмекші шешеге,

Құйттай қыз кешегі.

Сіңлісін уатып,

Қамқор болып өседі.

Қазақта ол жайлы.

Кімісі деседі.

Ол кім? / әпкесі/


  1. Тілден ұшып, құлаққа қонады.

/ Сөз /


  1. Әкеміздің анасы

Ақ жаулықты данасы

Сені жақсы көретін,

Бар тәттісін беретін

Ол кім? / әже/


6. Ұлттық тамақ түрлерін көрсету. Үйден дайындалған тамақ түрлерін таныстырып өтеді.


Аналардың жүрегінің қалауы-

Әлемде бейбіт күн болсын!

Баласын сүйген ананың,

Жанұясы қуанышқа толсын! - деп мерекелік сайысымызды аяқтаймын.





























  • Балалы үй-базар, баласыз үй – қу мазар







  • Әке – асқар тау, ана – жағасындағы бұлақ









  • Анасын көріп, қызын ал, Аяғын көріп асын іш



  • Бала – тілі бал



  • Шешеге қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер



  • Қыз – қуыршақ, ұл – құлыншақ



  • Балалы үйдің ұрлығы жатпас



  • Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер



  • Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен



  • Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі- шүберек



  • Жақсы бала- сүйеніш, жаман бала- күйеніш













  • Ана сүтін ақтамағанды, ешкім жақтамайды.


1 – сұрақ Екі түсті жүннен жасалған төсеніш.

Дастарханға әкелетін ең қадірлі ас




2 – сұрақ. Бағалы аң терісінен тігілетін сырт киім?

Ұлттық тағамды атаңыз.




3- сұрақ. Ауруға ем, сауға қуат беретін қандай сусын?

Ұлттық ойындарды ата.




4 – сұрақ. Қолмен тігілетін тігіс түрі.

Ұлттық мерекелерді атаңыз.




5 – сұрақ. Жесең жеміс болады, қыздардың атау есімі.

Салт -дәстүрлерді ата.




6-сұрақ. Наурызда дайындалатын көже қалай аталады?

Жыл басына таласып, жеңіп алған не?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!