Еңбек жалпы орта білім беретін
мектебі
Т ақырыбы:
( ертеңгілік
)
( «Балапан» шағын
орталығы)
Өткізген:
Ж.С.Шәріп
Үлкен Еңбек ауылы
Күні: 02.03.2017ж
Тақырыбы: «Ананың жүзі-күлімдеген күн
көзі»
Мақсаты: Балаларға көктем туралы, 8
наурыз мерекесі туралы түсінік беру, отбасындағы ананың орнын,
анаға деген құрметті ұғындыру, ана мен баланың арасындағы
байланысты барлық жанрлар бойынша көрсету.
Әуенмен балалар залға
кіреді.
Тәрбиеші: Құрметті аналар, біздің
балабақша қызметкерлері! «8 наурыз-халықаралық әйелдер күні»
мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан мықты денсаулық, өмірдің
шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер
періштенің құлағына шалынсын... Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре
беріңіздер!
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.
Тәрбиеші:
Тойлаймыз біз
бүгін,
Мерекесін біздердің.
Айтыңдаршы балалар,
Ойланбай-ақ, балалар.
Балалар: « Ана, Ана,
Ана!»-дейді.
Тәрбиеші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ
шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай.
Абзал аналарымыз бен қырмызы
қыздарымыздың құрметіне «Балапан» ортаңғы тобының
орындауындағы «Ақ
мамам» атты әнді қабыл
алыңыздар.
Тәрбиеші: Балалардың аналарына арнаған
тақпақтарын тамашалайық.
Жанайым: Жарқын жүзді жан
анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Айым: Менің әжем, ақ
әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер жан әжем.
Ән: « Құттықтаймын
мама!»
Ақниет: Жанымызды
жайнатқан,
Сіздер сіз ғой аналар.
Зор денсаулық, мол бақыт,
Тілейміз біз балалар.
Ералхан: Баланың да
тірегі,
Дананың да тірегі.
Жаншылмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Тәрбиеші: Келесі кезекті ойынға
берейік.
Ойын: «Өз анаңды
тап»
Тәрбиеші:
Той пердесін
ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық,- деп
балалардың «Анашым» атты әнін қабыл
алыңыздар.
Рахман: Әртүрлі ән мен
күй,
Өмірде өте көп.
Ал біз болсақ сол әнді,
Әжеге арнап айтамыз.
Арсен: Мәпелейді, әлдилейді,
бағады,
«Құлыным» деп құшағына алады.
Өзгеге де, өзіне де жауапты,
Барлығына қалай уақыт табады?
Инкар: Үн қатасың бал
тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын, анашым,
Сегізінші наурызбен.
Би: «Вальс»
Мадияр: Құшағыңа
кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіне,
Мейірімді күннен де.
Даяна: Біз доспыз
гүлдермен,
Текке оны жумаймыз,
Той күні бір-бірден,
Анаға сыйлаймыз.
Тәрбиеші: Аналар адамды бесігімен
баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. Егер де бір
үйде қыз бала дүниеге келсе «Береке, молшылық, бейбітшілік болады,
ата-анасына қуаныш әкеледі» деп жорыған.
Би: «Көңілді
күн»
Тәрбиеші: Баларымыздың аналарына арнаған
сыйлықтарын қабыл алыңыздар! (Балалар сыйлықтарын
ұсынады)
-
Ана - барлық қиындықты жеңетін, сарқылмайтын күш, тіршіліктің
қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі
түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін
бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес
пе?
Бір өзіңнен бастап өмір
жолдарын,
Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде,
Ақ сүтіңді ақтап өту –
араманым.
Барша ана, құтты болсын
мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,
- дей келе, осымен бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды. Тағы да мереке
құтты болсын! Бүлдіршіндеріңіз әрқашан сіздерді қуантып жүрсін.
Сіздерге әлемдегі бар жақсылықты тілейміз! Сау
болыңыздар!