Материалдар / Анашым мерекеңмен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Анашым мерекеңмен

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Шілде 2018
497
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Анашым мерекеңмен»

Қымбатты қонақтар,аяулы біздің аналар мен әжелер!Қыр гүліндей құлпырған ару қыздар!Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекісі 8-Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Отбасыларыңызға құт-береке,бірлік,дендеріңізге саулық тілейміз.Сәбилеріңіз тек қуаныш пен шаттық сыйласын.

«Құлыншақ» тобының «Анашым мерекеңмен»атты ертеңгілігіне хош келдіңіздер!балаларыңыздың ән-тақпақтарын қабыл алыңыздар.


Арсен: Құрметті асыл-аналар,ақ жаулықты әжелер!

Алижан: Ару қыздар!

Алишер Сіздерді 8-Наурыз

Әділхан. Мерекесімен құттықтаймыз!

Айсұлтан. Бүгінгі күн аяулы аналар

А.Алишер.Сіздер үшін де,біздер үшін де

Сұлтан. Ерекше күн болмақ

Нұрбек. Еркелігімізді кешіре білген

Мақсат. Мәпелеп өсірген

Нұрсұлтан. Аяулы аналар

Ерасыл.Бүгінгі балалық сезіміміз

Тимур. Сіздер үшін

Алихан. Әсем әніміз

Бекзат. Көңілді күйіміз

Әмірхан.Демалыс кешіміз

Сіздерге арналады.

Жүр: Ұлдар бүгін сіздер сұлу жігіт болып кетіпсіңдер,ал тобымыздың қыздары қайда?Қыздардыңда мейрамы емеспе?

Нұрсұлтан: Мүмкін олар дүкенге кеткен шығар!

Айсұлтан: Қазір мен,дүкенге қоңырау шалып (соғып)көрейін.

-Алло,аллао,сәлеметсіз бе!Бұл «Нұрсәт» дүкені ме?Біздің

«Құлыншақ» тобының қыздары сіздер де бар мекен?

Дауыс: Сәлеметсіз бе!Ия,қыздар бұл жерде болған сәнді киім сатып алып

мерекеге кетті.

Жүр: Келетін уақыттары болды ғой!Олар қайда жүр екен?

Нұрбек: Мен қазір сән салонына қоңырау шалып көрейін.Қыздар сол жерде

шаштарын әдемілеп жатырған шағар.

-Алло,алло,сәлеметсіз бе!Бұл сән салоны ма?Біздің «Құлыншақ»

тобының қыздары сіздерде бар ма екен?

Дауыс: Сәлеметсіз бе!Ия,сіздердің қыздарыңыз бізде болған,шаштарын

сәндеп,таксимен балабақшаға мерекеге кетті,күтіп алыңыздар!

(Музыка. Қыздар келеді)

Жүр: Міне , ұлдар қыздарда келді,енді мейрамымызды бастайық.

Тақпақ.



А.Алишер Мақсат.

Той пердесін ашайық Құтты болсын ақ анам

Тойға шашу шашайық Сегізінші наурызың!

Аналарды қуантып Қасымда бол әрқашан

Ән маржанын шашайық Жансын жарық жұлдызың

Тілейді бақыт бір саған

Әлпештеген ұл-қызың

Ерасыл. Сұлтан.

Бәрімізге анасың Гүл-гүл жайнап әріміз

Біз үшін күн боп жанасың Кіреді біздің сәніміз

Құтты болсын мейрамың Аналарды тойымен

Құттықтаймын анашым. Құттықтаймыз бәріміз!

Ән: «Құттықтаймын мама мейрамыңызбен!»

1.Нұрын төкен маған

Шуағымсың сен

Айналайын мама

Қуанышыңмен!

Шаттандырған мені

Жұбанышым сен

Құттықтаймын сізді

Мейрамыңызбен!

2.Аялаған мені

Салтанатыңмен

Құттықтаймын сізді .

Ән қанатымен!

Бақытты ғой заман

Қандай көңілді

Мен тілеймін саған

Ұзақ өмірді!

Қ-сы:

Ля-ля-ля-ля

Ля-ля-ля-ля


Жүр: Балалар,біздің аналарымыздың мейрамы жылдың қай мезгілінде болып жатыр?

Бала: Көктем мезгілінде болады

Жүр: Дұрыс, балалар.Көптен күткен көктемде келіп жетті

Шуақты көктем келді гүлін ал

Көктемнің мерекесі бүгін анық

Өмірдің көктемі де,гүлі де-аналар

Ана деп бас иеді күллі халық

Ал,онда балалар көкемді қарсы алайық!

(музыка.Көктем келеді)

Көктем: Сәлеметсіздер ме,балалар,аналар!

Сағынышпен жеткен

Келдім міне мен көктем

Жайнап нұрлы гүлім

Мерекеңіз бүгін

Құтты болсын аналар!

Жүр: Көктем,біз сенің келгеніңе өте қуаныштымыз.Балалар күннің шұғыласын,бұлақтың сылдырын сағынды. Қазір ,балалардың тақпақ әндерін тыңда!

Тақпақтар:

Алия. Б.Алишер.

Жадыратып айналаны Көлдің мұзын күн тесті

Көктем келді күлімдеп Әппақ тонын жер шешті

Күн қуанып аймалады Жан-жақтан күн күркіреп

Сулары ақты гүрілдеп Жаңбыр жауды сіркіреп

Жердің беті түрленіп

Көк майсалар жайқалып

Өсімдіктер гүлденді

Жұпар исі байқалып.

Даяна. Алихан.

Көлде аққу,көкте қаз Жыл басы –Наурыз мереке

Орманда бұлбұл сайраған Ақ нұрға әлем оянды

Көптен күткен көктем келді Аналар тойы береке

Құлпырып дала жайнаған Тірішілік жаңа оянда

Нұрсұлтан.

Жерді жапты көк кілем

Ондай кілем жоқ білем

Көктем келді күлімдеп

«Міне,саған гүлім»-деп

Ән: «Көктем»

Көктем келді ,құс келді 2. Көк көйлегін киді жер

Ойнаймыз біз,саз илеп Шешіп ақ қар ішігін

Біздің көлге түстенді Еміріне сүйді жел

Былтыр кеткен қаз үйрек -2рет Тал теректің бүршігін-2рет

Қ-сы.

Ахау,ха-лә-ли-ля-ли-ля

Ха-лә-ли-ля-ли

Біздің көлге түстенді

Былтыр кеткен қаз үйрек

3.Алақай-ау балалар

Қандай жақсы көктемгі ай

Гүлге оранды кең дала

Келді ауылға көп торғай-2рет

Жүр: Көктем сен аналарға,қонақтарға не әкелдің?

Көктем: Мен ,бүгінгі мейрамға гүлдер биін әкелдім.

Би: «Гүлдер»

Жүр: Рахмет саған көктем.Көктем сен,білесің бе,біздің қыздар өз аналарын өте жақсы көреді,не айтсада орындайды,тыңдайды, көмектеседі.Солай ма, қыздар?

-Ал,басқа қыздар өз аналарын қалай тыңдайтынын көргің келе ме?Онда мына жерге отыр «Үш қыз» көрінісін тамашала.

Жүр: Ертеде бір ананың үш қызы болыпты.Ана күні-түні еңбектеніп қыздарын мәпелеп өсіріпті.Қыздары бір-бірінен асқан сұлу болыпты. Уақыт өтіп қыздары өсіп әр қайсысы әр жаққа кетеді.Бір күні ана қыздарын сағынып,орманда тұратын сары тиінді шақырыпты.


Ана: Сары тиін,сары тиін!

Тиін: Саламатсыз ба!Мені шақырдыңыз ба?

Ана: Ия,сары тиін маған сұлу қыздарымды шақырып келші,мен оларды қатты

сағындым.Олар келемін дегенше , тәттілер пісіріп қояйын.

Тиін: Жарайды, шақырып келейін.

Жүр: Сары тиін қыздарды іздеп жолға шығады.

(Музыка)

Үйшікке келеді.

Тиін: Сұлу қыз,сұлу қыз.Саламатсың ба,сұлу қыз.Сені анаң сағынып үйіңде күтіп

отыр.Тез бар.

Сұлу қыз. Әттеген ай! Мен барар едім,бірақ мына екі табақты тазалауым керек.Артынан барамын.


Тиін. Саған анаңнан табақтар қамбат па?Олай болса әрқашанда табақтан айырылма!

Жүр:Тиін осы сөзді айтқаны сол екен,қыз үлкен тасбақаға айналып кетіпті.

Жүр. Сары тиін сен неге көңілсізсің? Не болды?

Тиін: Сұлу қызға ренжідім.Ол анасының шақырғанына бармады.Соған ренжіп келе

жатырмын.

Жүр: Балалар,сары тиіннің көңілін көтереміз бе? Сары тиін бізде аналардың

мейрамы болып жатыр.Балалардың аналарына арнаған тақпақ,әндерін

тыңда.Көңілің көтеріліп қалар.

Тақпақ

Алижан. Нұршат.

Құтты болсын, ардақты анам, Дүниедегі ең ардақты асыл жан

Асыл анам мерекең. Анам мені мәпелеген жасымнан

Құтты болсын, теңдік алған, Мен қуансам қуанады ол бірге

Қуанышты мерекең. Мен қиналсам табылады қасымнан

Лиза. Тимур.

Ақ анашым аппағым Жердегі бар адамнан

Өзің жайлы тақпағым Ана сүті нәрі екен

Өзің жайлы әнім де Бұл жалғанда анамнан

Арнадым саған бәрін де Сүйікті адам бар ма екен.

К.Замира. М.Замира.

Жарқын жүзді жан анам Айналайын анашым

Сендей болсын бар адам Асқар таудай панасың

Сендей болса бар адам Күн көзіндей күлімдеп

Шаттық кетпес баладан Мені құшағыңа аласың

Сендей болса бар кісі

Шексіз перзент алғысы

Ән: «Ақ мамам»

Еркелеймін шаттанамын

Жарқын күлкің бақ маған

Ақ бетіңнен сүйейін

Келші-келші,келші-келші ақ мама!


Бал бөбегін баптаған

Анам үшін мақтанам

Ақ бетіңнен сүйейін

Келші-келші,келші-келші ақ мамам!

Тиін: Рахмет,балалар көңілім көтерілді.Мен енді ортаншы қыздың үйіне барайын.Анасы күтіп қалған шығар.

(Музыка)

(ортаншы қызға келеді) тоқыма тақып отырады.

Тиін: Сәлеметсіз бе,сұлу қыз!

Ортаншы қыз : Сәлеметсің бе,сары тиін!

Тиін: Сұлу қыз ,анаң сені сағынып үйіңе шақырып жатыр.Тәттілер де пісіремін

қояман деді.Тез бар.

Ортаншы қыз:Қап! Мен қазір барар ем! Бірақ жәрмеңкеге тоқыма дайындап үлгеруім керек.

Тиін:Саған, анаңнан тоқыма қымбат болғаны ма?Ал,онда өмір бойы тоқыма тоқы!

Жүр:Қыз өрмекшіге айналып кетіпті.

Тиін: Енді не істеймін?Кенже қызға барайын.Ол не айтар екен?Аналары күтіп

қалды ғой.

(Кенже қыз қамыр илеп отырады)

Тиін: Сәлеметсің бе,кеже қыз!

Кеже қыз (Даяна): Сәлеметсің бе,тиін!

Тиін: Анаң сені қатты сағынып шақырып келуге мені жіберді.Екі үлкен апаңның

қолдары тимей жатыр.Сен анаңа барасың?

Кеже қыз: Әрине барамын. (жүгіріп кетеді)

Тиін: Сенің жүрегің қандай жұмсық.Өмірің ұзақ болсын!Бақытты бол!Адамдар

сені құрметтеп жақсы көрсін.

(кетіп қалады)

Жүр. Кенже қыз анасына барып,дос қыздарын шақырып анасын қуантып,би билеп беріпті.

Би. «Кесе»

Жүр:Міне, көктем, кенже қыздың апалары анасының шақырғанына

бармай,тыңдамай қандай жағдайға тап болғанын.

-Анасын тыңдамайтын қыздар біздердің арамызда бар ма екен?

Сендер аналарың шақырған кезде барасыңдар ма?

Қыз: Ия,шақырса барамыз.Тыңдаймыз.

Жүр: Жарайсыңдар!Аналарыңызды сыйлаңдар.Ешқашан аналарыңызды

ренжітпеңдер.Жыллы ана құшағында гүлдей құлпырып,бақытты өмір

сүріңдер.

Жүр: Мерекемізді әрі қарай жалғастырайық.

Ақын Шөмішбай Сариевтің өлеңінде айталғандай,баланың қуанышы мен ренішін тең бөлісетін,әрқашанда мейрімді жүзбен,сағынышты көңілмен қарсы алатын адам бар.Ол кім деп ойлайсыңдар?Әрине ол біздің әжелеріміз.Енді әжелерімізге арнап ән,тақпақтарымызды айтайық.

Тақпақ.

Арсен. Т.Аружан.

Мейірімі жібектей, Асыл әжем,мақтанышым менің

Күндей ыстық құшағы. Қонақ болып отыр,міне төрімде

Ет жүрегі елжіреп, Өзіңе арнап балдай тәтті үніммен

«Құлыным» деп құшады. Ән салатын кезім келді менің де.



Бекзат.

Менің әжем, жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ орамалын тағып ап

Аман есен жүрші әжем. Нұрбек.

Айгерім.

Менің әжем сабырлы Менің әжем ақ әжем,

Табар дер кез ақылды. Ұл мен қыздың бағы әжем.

Менің әжем бауырмал, Ертегі айтып бер десем,

Жинайды алыс- жақынды. Айтып берер тағы әжем.

Ән: «Әжеме»

1.Еркелетіп күнде сен

Ертек айтып бересің

Құлыным деп бір искеп

Еркелетіп келесің


2.Тойға барсақ болғаны

Есіңе мені аласың

Тәтті,тәтті заттарды

Маған арнап қоясың


Қ-сы:

Әжетайым әжешім

Сағынамын мен сені

Еркелетіп аймалап

Қасыңа алшы сен мені!

3.Әжем менің әжешім

Қартаймашы ешқашан

Екеумізде баламыз

Тойға бірге барамыз.

Жүр: Біздің ұлдар ертеңгі сарбаздар.Олар қазір әжелеріне арнап «Сарбаздар»биін билеп береді.

Би: «Сарбаздар»

Жүр: Балалар аналарына көмектескенді жақсы көреді.Әсіресе үйде жоқ кезде.Олар

үй тазалағанды,кір жуғанды ұнатады.Солай ма ,аналар.Қазір аналарына қыздарымыз қалай көмектесетінін көрейік.

«Ух,шаршадым»

1.Уһ,шаршадым,шаршадым

Талай жұмыс істедім

Бәрін жедім тамақты

Бірақ сүтті ішпедім


2.Апам кетті базарға

Келмес анам қәзір деп

Су толтырдым қазанға

Кір жуамын қазір-деп


3.Көмектесу апама,

Ақылыма сия ма?

Көйлегін мен алдым да,

Боядам көк сияға.


4.Шыбындарды қудым да

Мысықты ұрып,қинадым

Ыдыстарды жудым да,

Сынықтарын жинады.

5.Уһ,шаршадым,шаршадым!

Талай жұмыс істедім

Анама мен көмектесіп

Қатты шаршадым.

Жүр:Міне,көрдіңдерме кішкентайынан аналарына көмектеседі.


Ойын: «Бишілер» (Ата-аналар мен ойын)


Жүр: Аналарымызға деген біздің көңіліміз,мейріміміз ұшан теңіз.

Құтты болсын осы шаттық күніңіз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз- дей отырып балаларыңыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Тақпақтар.

Меруерт.

Мерекең құтты болсын,аяулы анам

Мерейлі,кең пейілді саям панам

Шарласам да анамды қанат бітіп

Өзіңдей ардақты адам қайдан табам

Айсұлтан.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – қуанышы көңілдің.

Ана деген - әрбір үйдің жылуы,

Ана деген – бар өмірдің сұлуы

Ділназ

Ұйытқысы,жанұямыз берекеміз

Аналар құтты болсын мерекеңіз

Әрқашан аналарым аман болса

Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз.

Әділхан.

Менің анам жақсы адам

Аппақ оның жүрегі

Мейрімді ол бізге

Біз деп өмір сүреді

Арайлым.

Мерекеңмен өзіңді

Құттықтайды балашың

Арнап айтқан әнімді

Қабыл алшы,анашым

Тамерлан.


Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Арналады сіздерге

Бар баланың тақпағы


Би: «Шляпа»



Жүр:

Мейрімді сымбатты

Қадірменді қымбатты

Ең жақын жан балаға

Кім?

Әрине ,аналар!

Бүгінгі тақпақ пен әндер сіздер үшін аналар.Балалардың тақпақтарын қабыл

алыңыздар.

Тақпақ.


Д.Аружан.

Жерде гүлден,көкте күннен нәр алған

Менің анам аппақ нұрдан жаралған

Жүрегі оның жұлдыздай жанады

Шұғыласы күллі әлемге жанады.


Әсел.

Айналайын анашым

Әлемдегі жан асыл

Болса маған не керек

Бәрін іздеп табасың.

Лаура

Мерекесі бүгін,алтын анамның

Сыйлайыншы гүлін,жарқын даланың

Күлімдеген көзі,күннің нұрындай

Ұлым деген сөзі,ақын жырындай.

Айсұлу.

Алақаны ақ самал

Мәпелеген жан ана

Көкте күнім батса да

Өзің күнсің балаңа.

Жүр.

Асыға күтіп жүргені

Болар деп қашан мейрамы

Суретін салды гүлдердің

Келеді соны сыйлағысы-деп балаларыңыздың сіздерге дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

СЫЙЛЫҚ ТАПСЫРУ . ( Музыка)

Жүр:Ал,енді балалар орнымызға отырайық.

Аяулы да аялы нұрлы анашым

Жүрегімде мәңгі бірге қаласың

Сен асқарсың,сен биіксің

Сен дархансың,сен жомартсың, сен данасың-деп бүгінгі мерекемізді «Менің анам алтын» әнімен аяқтаймыз.

Ән:«Менің анам алтын»



Жүр:Сіздерді тағыда 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз.Сау болыңыздар!









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!