Материалдар / Әңгіме жазуды қалай үйрету керек?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әңгіме жазуды қалай үйрету керек?

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ тілінен сабақ беретін барша ұстаздар қауымына арналады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2020
1444
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әңгіме жазуды қалай үйрету керек?

Әңгімелеу - белгілі бір уақытта орын алған, қатысушылары бар оқиғаны баяндау болып табылады. Әңгімені жаздыру үшін алдымен оның құрылымын, құрастырушы элементтерін оқушыға түсіндіріп, үлгісін көрсетіп, талдатып алу керек.



Бұл - оқушының әңгімесі. Әңгіменің басында берілген сөйлем негізгі идеяны жеткізуші сөйлем болып табылады.

Табиғатқа шыққанда біз бір қызықты оқиғаларды күтеміз. Біз сенбі күні отбасымызбен тауға шықтық. Әкеміз екеуіміз шатыр құрдық. Анам мен қарындасым отын жинады. От жағатын орын дайындадық. Шұжықты отқа пісіріп жегіміз келді, су әкелдік, шай қойдық. Түстен кейін ауа райы бұзыла бастады. Бір кезде қатты нөсер басталды. Бәріміз шатырға кірдік. Біз бұндай жаңбыр жауады деп ойламаған едік. Жаңбырдың суы шатырдан да өтіп кетті. Сосын бәріміз көлікке қарай жүгірдік. Көліктің іші құрғақ екен.Әкем көліктің пешін қосты. Сөйтіп біз су болған киімдерімізді ауыстырып, үстімізді кептірдік.

Әңгімедегі бірінші сөйлем- негізгі ойды жинақтаушы тірек сөйлем. Әңгіме осы сөйлемдегі негізгі ойды ашады. Жоғарыдағы әңгімедегі «Табиғатқа шыққанда біз бір қызықты оқиғаларды күтеміз» деген бірінші сөйлеміндегі қызықты оқиға туралы идея әңгімеде әрі қарай ашылды. Қызықты оқиға: жаңбырдыңы жаууы, көлікке тығылу, киім ауыстыру . Әңгімелеуде бірінші сөйлем идеяны жеткізуші, жинақтаушы сөйлем болады.



Әңгіме детальдары

Детальдар оқиға туралы толық ақпаратты береді. Оқырманның оқиғаны толық түсінуіне мүмкіндік береді. Әрбір деталь оқиғаны дамытады. Жоғарыдағы әңгімедегі детальдар: шатыр, нөсер, көлік,пеш

Уақыттың берілуі

Оқиға белгілі бір уақытта өтеді. Уақыт жылжып отырады. Оқиға да уақытқа қарай дамиды не аяқталады.

Жоғарыдағы әңгімені қайта оқы. Уақытты білдіретін сөздерді тап.

Бір күні, содан соң, ( келген соң, айтқан соң.....) Оған дейін, біріншіден, Соңынан, Қазір, түстен кейін, күндіз, түнде, өткен аптада, кеше, ертең, бүгін, бір күні, соңынан, сөйтіп)

Әңгіме белгілі бір мақсатты жеткізуі керек. Жоғарыдағы әңгіменің мақсаты - саяхаттың күтпеген қызыққа толы болатынын жеткізу.Өйткені саяхатқа шыққанда, адамдар қызықты бір оқиғаны күтеді.

Оқушыларға әңгімені не үшін айтатынын өзі үшін анықтатып алу маңызды. Сонда ол әңгімеде берілетін тезисті дұрыс құра алады.Сол үшін мына сұрақтарға жауап беруді сұрауға болады:

Әңгіменің мақсаты қандай? Оқырманға бұл әңгіменің қандай пайдасы болуы мүмкін? Ол оқырманға не береді?

Алдымен осы туралы ойлауы керек.

Әңгіме жазбас бұрын оқушыларға 4 бөліктен тұратын кесте сыздырып, 1- торға - мақсатым: әңгіменің негізгі идеясын анықта (не туралы айтқың келеді, қандай ой айтқың келді?);

2- торға - менің оқырманым

3- торға - қосымша детальдар (әңгімелеуге қажетті детальдарды тізіп жаз) ;

4-торға мезгілді білдіретін сөздер деп толтыруды тапсыру керек (әңгімелеуге керекті уақытты білдіретін сөздердің тізімін жаз (кеше, бір апта бұрын, былтыр, бір кезде, сонан соң, кенет және т.б.)

Жаттықтыру үшін мына тапсырма түрлерін орындатқан дұрыс болады.

А.Ботакөз жаңа үйге көшіп келді. Ол жаңа үйдің бұрышында қарлығаштың ұясын көрді. Оның сол туралы жазғысы келді. Ботакөз өз әңгімесінде қай детальдарды қолдануы керек?

1. Қарлығаш адамның досы екен. Менің үйімнің төбесінде достарым тұрады.

2. Қарлығаштың ұясынан бір күні балапандардың дауысы естілді.

3. Менің қарлығашқа қалай көмек бере аламын?

Ә. Қанаттың әңгімесі далада ашық аспан астында түнегені туралы. Ол қандай детальдарды әңгімеге кіргізуі керек?

1. Түнде ауа райы қапырық болды.

2. Түнде бір құстың дауысы естілді.

3. Әкем бізді таңертең алып кететін болды.

4. Мен аспандағы жұлдыздарға қарап жаттым.

Әңгімеде диалог беріледі. Сол үшін оның жазылу емлесін, үлігісін алдына түсіндіірп алу көптеген қиындықтар мен қателердің алдын алады.

Бұл -әңгіме жазудың қысқа үлгісі. Ал әңгіме жазу үшін алдымен балаға топта жұпта бірнеше рет баяндатып алған дұрыс. Сонымен қатар етістік шақ түрлерінің берілуіне назар аудару керек. Қай шақты жиі қолданады?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!