Әңгіме оқимын. Сөйлемдегі сөздердің байланысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әңгіме оқимын. Сөйлемдегі сөздердің байланысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ:сауат ашу

Мектеп:

Сабақтың тақырыбы:

Әңгіме оқимын. Сөйлемдегі сөздердің байланысы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:1

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мəтін) ажырату, тыңдалған мəтіннің мазмұнын түсіну

1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мəтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау

1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.1.4.1 мəтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады

Жаңа білімді меңгереді.Тыңдалған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

Оқушылардың көбі жасай алады:

Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.Қойылған сұрақтардың жауабын тауып, ой қорытып, кері байланыс жасай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Мәтін бойынша сұрақтар қойып, оған жауап бере алады.

Құндылықтарды дарыту

Өзара түсіністік, сыйластық құндылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі , дүниетану

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: Ертегіні мазмұндай алады, сұрақтарға толық жауап бере алады. Сөздерді бір-бірімен байланыстыра алады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Түлкі, құмыра, сүт, әйел, өзен, әлек болу, батып кету.

Көптілділік: түлкі – лиса - fox

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Түлкі қандай аң?

-Ол қайда мекендейді?

-Түлкінің осы қылығы дұрыс па?

-Неліктен түлкі суға батып кетті деп ойлайсыңдар?

-Түлкі құмырадан басқаша қалай құтылуға болар еді?

Алдыңғы оқу:

Оқушылар сөйлемдегі сөздердің байланысын ажырата алады. Мәтіндегі негігі ойды анықтап, өз іс-әрекетіне кері байланыс жасай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  1. минут




1.Ұйымдастыру. «Шаттық шеңбері» арқылы сыныпта жағымды ахуалды орнатады.

Табиғатты аялайық,

Біз жақсылықты аямайық.

Анадай табиғаттың аясында,

Жадырап жас балаша дем алайық!

Топқа бөлу. Оқушыларды сабақ тақырыбына байланысты топтарға бөлу.

1-топ «Түлкі»

2-топ «Құмыра»

3-топ «Өзен»

Бағалау парақшасы таныстыру

Топ басшыларын сайлау:

1.Сөйлем дегеніміз не?

2.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

3.Сөз дегеніміз не?

Ширату жаттығуы

Жұмбақтар шешу:

  1. Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай шу. (түлкі)

  1. Мөлдір түбі

Шеңбер түрі.

Аузы тарлау,

Шыны күбі. ( Құмыра)

  1. Шыққанда шығыны жоқ,

Жауса жауын бүйірі жоқ.

Қыста жылтыр қақ болар,

Түртінектеп тынымы жоқ . (өзен)

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында топтарға қима суреттер беріледі. Сол құрастырылған суреттерден ертегіні болжайды.

Мұғалімге арналған нұсқаулық, үлестірме материалдар









Бағалау парақшасы

Сабақтың ортасы

20 минут































5 минут



1 минут



















5 минут











5 минут





2минут










Айтылым. «Болжау» әдісі

Суреттегі түлкі мен құмыраға қарап ертегінің мазмұнын болжайды. Тақырып арқылы мәтін не туралы екенін айтады.

Қызығушылығын ояту

Тыңдалым әдісі:

1-жаттығу.

Оқушыларға бейнежазба арқылы «Түлкі мен құмыра» ертегісін көрсету.

Оқылым

Мәтінді түсініп оқы. «Түлкі мен құмыра»ертегісі

Айтылым

«Сұрақ –жауап» әдісі

Диалог

Кері байланыс

  • Ертегіде не туралы айтылған?

  • Ертегінің мазмұнын қысқаша айт.

  • Ертегі мазмұны бойынша сұрақ қой.

  • Мәтінде неше сөйлем бар?

  • Бірінші сөйлемде неше сөз бар?

  • Ендеше, біз осыдан ереже келтіріп шығарамыз.

Ереже:

Сөз дыбыстардан құралады. Ол белгілі бір мағынаны білдіреді. Сөздер бір-бірімен байланысып сөйлем құрайды.

С өйлем---сөз---дыбыс---әріп

Жазылым: Дәптермен жұмыс.

2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу.

Сүтке толы құмыраны көрді. Түлкі оны ішпек болды.

Жеке жұмыс

Сүт,түлкі құмыра сөзіне дыбыстық талдау жасауға тапсырма беремін.

«Жұбыңды тексер» әдісі

Жасаған жұмысын өзара тексертіп,бағалатамын.

Сергіту сәті.

Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұқсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап.

/Б.Бөрiбаев/

Айтылым

«Ойлан, топтас» әдісі

Әр топқа қосымша топтық тапсырмалар беремін

3-жаттығу

І топ - сүт сөзінің,

ІІ топ - бал сөзінің,

ІІІ топ - шай сөзінің бір дыбысын өзгертіп, бірнеше сөз жасайды. . Сөз мағынасы қай дыбыстың әсерінен өзгеріп тұрғанын айтады.

«Рөлдік ойын» әдісі

Сөйлемдегі сөздерді байланыстырып, ертегіге байланысты рөлдік ойын көрсетеді.

Шығармашылық тапсырма. « Кім жылдам! »

4-жаттығу. Жаңылтпашты дұрыс аяқтап жазады.

Дән- дәулет,

Дәулет - дән.

*************сәулет.

Сәулет**************.

(cән,ән,үй)

Кері байланыс.

-Қандай тапсырмалады орындадыңдар?

-Түлкінің осы қылығы дұрыс па?

-Неліктен түлкі суға батып кетті деп ойлайсыңдар?

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс.

Бейнежазба.

Түлкі,құмыра суреттері

























Жазу үлгісі

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия.

1.Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады. Кері байланыста оқушылар бүгінгі сабақта қандай жұмыс түрлерін жасағандарын айтады.Нені меңгергенін айтады.

2.Бүгінгі сабақта болған көңіл күйді бас бармақ салынған сурет арқылы бағалау.














Микрофон

Басбармақ




Қосымша ақпарат





Сабақ бойынша рефлекция

Сабақта түрлендіріп,уақытты тиімді пайдалана отырып мақсатыма жеттім.Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ.Оқушылар диалогке қатысып;жұптасып ,топтасып жұмыс жасай алады.Қойылған сұрақтың жауабын тауып,ой қорытып,кері байланыс жасай білді.Тақырыпты түсініп,тыңдап ,жетекші сұрақтар арқылы талқылады.


Қорытынды бағалау. Сабақтың ең ұтымды кезеңі. 1.

Даму

Келесі сабақтарымда да Джером Брунердің «Спиральді оқыту»әдісін басшылыққа алып және сабақ тақырыбын ашатын,балаларды жалықпайтындай тиімді әдіс-тәсілдемелерді қолданып, сабағымды дамытып отырамын.




Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

  1. «Түлкі мен құмыра» ертегісінің бейнежазбасының көрсетілімі әсерлі болды.

  2. Топтық тапсырмалар арқылы жаңа сөздер жасау қызықты болды.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақты одан әрі жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты):

  1. «Рөлдік ойын» әдісін қолданғанда жақсы болар еді?

  2. Топ мүшелерін топ басшысы емес, өздерін бағалату.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушы жөнінде келесі сабағыма қажетті болуы мүмкін ақпаратты білдім?

1.Жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар бергенде кейбір тұйық оқушылар көшбасшы оқушылардың



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.12.2018
1711
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі