Материалдар / Әңгімелердің идеялық-көркемдік ерекшелігін оқыту жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әңгімелердің идеялық-көркемдік ерекшелігін оқыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Әңгімелердің идеялық-көркемдік ерекшелігін оқыту жолдары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2023
328
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әңгімелердің идеялық-көркемдік ерекшелігін оқыту жолдары


Ебелекова Э.Е.

Қызылорда облысы Қазалы ауданы

225 орта мектеп

Мұғалімнің ұстанымы- оның көзқарасы,

қабылдаған шешімінің және іс-әрекетінің негізі.

Пажарес.

Қазақтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов «Қай әдіс жақсы?» деген еңбегінде орыс данасы Лев Толстойдың «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ.Олақтықтың белгісі- бір ғана әдісті болу; шеберліктің белгісі- түрлі әдісті болу; керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек; оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» деген пікірін қорыта келіп, былай деп жазады: «Әдіс керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттау ісіне қолайлы болуға тиіс деп айтуға болмайды. Екеуінің тілінің заңы, емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған әдіс екіншісіне де қолайлы болуы мүмкін. Егер де тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің жүйесі басқа болса, онда біріне жақсы болған сауаттау әдісі екіншісіне де жақсы болады деп ешкім айта алмайды.»

Осы орайда әр пәннің өзіндік ерекшелігі, оқыту үрдісінде көздейтін өзіндік мақсат- міндеттері бар екенін ескерсек, онда әр пән бойынша оқыту әдістері де өзінше басқа болуға тиісті. Соның ішінде «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқытылатын әрбір шығарма- өз алдына бір әлем, әрбір қаламгер- өз алдына қайталанбас суреткер. Сондықтан «Әдебиет» пәнін оқытуда шығарманың өзіндік ерекшелігін ашу үшін сол шығарманың өзіне ғана тән жұмыс түрлерін қолдану қажет болады. Бұл ретте пән мұғаліміне әр шығарманы оқыту барысында «Шығарманың идеялық-көркемдік негізінде нені оқыту керек және оны қалай оқыту керек?» деген мәселе төңірегінде ізденуге тура келеді.

Бұл мұғалімнің пәнді оқыту жөніндегі өзіндік ұстанымы айқындалған жағдайда оңайырақ болады. «Ұстаным» ұғымын психологтар адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырса, социологтар негізгі құндылық ретінде қарастырады.

Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздерінде Пажарестің «Мұғалімнің ұстанымы- оның көзқарасы, қабылдаған шешімінің және іс-әрекетінің негізі. Оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділіген гөрі ұстанымға негізделген ой-итоқтамдарының ықпалы күштірек: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді» деген пікіріне қолдау білдіріледі.

М.Мағауинның «Бір атаның балалары» шығармасының мазмұнында

соғыс кезінде эвакуациямен келген түрлі ұлт өкілдерінің балаларын, соның ішіндегі неміс баласын да өздерінің ауыр тұрмыстарына қарамай асырап алған қазақ отбасылары туралы баяндалады. Сыныптан тыс оқытуда шығарманың идеялық, образдық ерекшелігі жағынан бүгінгі жас ұрпақтың жан-дүниесінің қалыптасуына, танымдық құндылығының дамуына тигізетін әсері өте зор.

М.Мағауинның “Бір атаның балалары” шығармасы бойынша

Аялдамамен оқу”жұмысы кезінде берілетін нұсқау-көмек.


1-аялдама: Бір арба бала


250-б.

251-252-

252-б.

252-253-б.б.

254-б.

Бала бөліс

Танысу

Ахмет ақсақалдың таңдауы

Түсініспеушілік

Нартай мен Ертай.


2-аялдама:Зекен Ахметұлы Бегімбетов.


254-256-б.б.

256-257-б.б.

257-258-б.б.

Асық жілік ұстар той.

Зекен жайлы әңгіме

Жайдары Зекен

3-аялдама: Зекен жайлы әңгіме


259-б.

259-262-б.б.

262-б.

262-263-б.б.

263-264-б.б.

Ауыл балаларымен алалық

Зигфридтің жаңа ермегі

Егінге түскен сиырлар

Басқарма алдындағы кездесу

Жабылған жала, Ахмет ақсақалдың шешімі


М.Мағауинның «Бір атаның балалары» әңгімесінің идеясын ашу үшін алдымен шығармадағы тартыстық желінің себебін және иелерін анықтау қажет. Көркем шығармадағы «Тартыс» дегеніміз не? Тартыс- көркем шығармадағы адамдар арасындағы түрліше қарама-қарсылықтардың, әр алуан көзқарастағы , идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі кереғар құбылыстардың суреттелуі. Хикаяттағы тартыстық желіні оқыту үшін «Ойталқы» жұмысын жүргізген тиімді және алдымен бұл үшін шығармадағы тартыстың себебін, тартыстық желінің иелерін таптыру керек:

Себебі: Ахмет ақсақалдың неміс баласын бауырына басуы, ал иелері- Ахмет ақсақал мен есепші Дәуренбек.

Шығармадағы тартыстық желіні талқылау барысында Дәуренбек бейнесі оқушыны түрлі ойға жетелейді. Бұл жерде оқырманда туындайтын сұрақ: Дәуренбек Ахмет ақсақалдың неміс баласын бауырына басуына не себепті қарсы болды? Дәуренбектің әрекеті өз табиғатындағы жағымсыз мінез көрінісі ме әлде соғыстан кейінгі жан күйзелісінің әсері ме? Бұл сұрақтардың жауабын іздей отырып, оқушы өмірді, адамды тануына, адамның психологиялық күйін тани білуіне, айналадағы кейбір адамдардың әрекетіне түсіністікпен қарауға үйренеді.

Шығармадағы тақырып- жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы, ал идея-жазушының сол өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы. «Бір атаның балалары» әңгімесінің негізгі тақырыбы- соғыс кезіндегі қазақ аулының тұрмыс-тіршілігі десек, автор осы орайда қандай ойды жеткізген? Бұл шығарма өткен ғасырда жазылса да, идеялық түрғыдан бүгінгі күні де өміршең. Біз бұл шығармада біріншіден, қазақ аулындағы соғыс зардабын сезінеміз, екіншіден, жетімді жылатпаған елдік қасиетімізді ұғынамыз, үшіншіден, әрине, бұл ащы шындық, біздің ұлттық тарихымыздың ақтаңдақ беттері- қазақ аулындағы жазықсыз жала жабу көріністерін көреміз. «... Осы ауылдан соғысқа сайдың тасындай қырық үш азамат кетіп еді. Әзірге оралғаны екеу-ақ. Дәуренбек қолдан, Берден аяқтан айырылып қайтты. Жиырма төртіне қара қағаз алдық. Хабарсызы қаншама. Тегіс жетімбіз. Жетім болмасақ, әліпті таяқ деп білмейтін Тоқажан колхоз басқара ма? Жетім болмасақ, жетпіске келген Ахмет күндіз мал қарап, түнде күш-көлік баға ма?» деген жолдарда берілген қазақ аулындағы соғыс зардабын оқи отырып, бүгінгі замандағы бейбіт өмірдің мәнін, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ел бірлігін нығайтудағы, қоғамдық келісімді дамытудағы бастамашыл идеяларының құнын түсінетін болады.

Ал жетімді жылатпаған елдік қасиетіміз ше? Бүгінгі заман тұрғысынан қандай баға беруге болады? Шығарманың идеялық тұрғыдағы өміршеңдігі де осы жерден көрінеді.

Осы орайда төмендегідей 3 сұрақ төңірегінде топтық ізденіс жұмысын жүргізу оқушыларға осы әңгімеде баяндалған жетімді жылатпаған, өзгені түр-түсіне қарамай бауырға басқан халықтық қасиетіміздің, толеранттылық мінез-құлқымыздың кешегі және бүгінгі қоғамдағы сипаты жөнінде сындарлы ойлауға жағдай тудырады.

1-топқа тапсырма: «Типтендіру» жұмысын жүргізу:

Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ отбасы асыраған, есімін өзгертіп, қазақша ат қойған неміс балалары туралы зерттеу.

(Ауыл тұрғыны Зылиха Қаниевамен кездесіп, әкесі Қаниев Әуесхан туралы зерттеу жасау.)


2-топқа тапсырма: «Шендестіру» жұмысын жүргізу:

Шығармаға арқау болған жетімді жылатпаған, түр-түсіне қарамай бауырға басқан халықтық қасиетіміздің бүгінгі қоғамдағы қарама-қарсы көрінісі қандай?

(Тастанды балалар тағдыры, шетелдерге сатылып жатқан балалар проблемасы туралы әңгіме өрбіту.

3-топқа тапсырма: «Дамыту» жұмысын жүргізу:

Әңгімедегі кейіпкерлер 1 баладан асырап алса, өмірде бірнеше баланы, тіпті 100-ден астам балаларды асырап алып, ата-ана болып отырған адамдар туралы зерттеу жасау.

Бұл жұмыстарды орындату біріншіден, пәндік құзыреттілік тұрғысында әдебиет теориясы бойынша өтілген «типтендіру», «шендестіру/антитеза», «дамыту/градация» туралы білімдерін бекітуге тиімді болса, екінші жағынан тұлғалық даму негізінде танымдық дамуға деген қабілеттілік, зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттері дамиды.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!