Материалдар / Аңшылық пен құсбегілік.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аңшылық пен құсбегілік.

Материал туралы қысқаша түсінік
• Бүркіт - құс тәңірісі . • Сұңқар масаға соқтықпас . • Аңшының кешіккеніне сүйін . • Ит иесі үшін , құс тамағы үшін алады . • Ақ сұңқар ұшар жем үшін , Ер жігіт туар елі үшін. • Құстың алғанынан салғаны қызық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2019
4182
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Кәсіп бақыттың шырағы.Еңбек- ырыстың бұлағы.

Мектеп: Ә.Молдағұлова атындағы №28 орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Арсланова Гүлсим Даулетхановна

Сынып: 8Б

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :


Сабақтың тақырыбы

Аңшылық пен құсбегілік.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.3.1. Сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • Сөздік қор мен сөздік құрам ерекшелігін түсінеді;

  • Мәтіндегі сөздер мен тіркестерді тиімді пайдаланады.


Бағалау критерийлері


  • Мәтіннен көнерген сөздер, кәсіби сөздерді анықтай алады;

  • сөздік қор мен сөздік құрам ерекшеліктерін түсінеді;

  • айтылымда орынды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Сөздік қор, сөздік құрам, көнерген сөздер, кәсіби сөздер.

Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері:

  • Бүркіт - құс тәңірісі .

  • Сұңқар масаға соқтықпас .

  • Аңшының кешіккеніне сүйін .

  • Ит иесі үшін , құс тамағы үшін алады .

  • Ақ сұңқар ұшар жем үшін ,

Ер жігіт туар елі үшін.

  • Құстың алғанынан салғаны қызық .


Құндылықтар

Ашықтық, құрмет

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Осыған дейін меңгерілген білім

«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы», «Азаматтық құндылықтар және әлем мәдениеті» бөлімдері арқылы дағдылары дамытылды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Мұғалім сынып қабырғасына төмендегі мақал-мәтелдерді іліп қояды. Оқушылар сыныпқа кіріп, танысады, аралайды. Мақалдың мәні туралы ойланады. Мұғалім «Стоп кадр!» деген кезде оқушылар қай мақалдың қасында тұр, соның жанында қалады да, топта ақыдасып, мақалды түсіндіреді.

  • Бүркіт - құс тәңірісі .

  • Сұңқар масаға соқтықпас .

  • Аңшының кешіккеніне сүйін .

  • Сұңқар орманға тартар, Тұлпар қорғанға тартар.

  • Ер жігіт туар елі үшін.

  • Құстың алғанынан салғаны қызық .

Талқылаудан соң, сабақтың тақырыбын анықтайды, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін талқылайды.


Таныстырылым


Сабақтың ортасы



5 минут








































































5 минут





















5 минут






































15 минут

Мұғалім оқушыларға мәтін ұсынады. Оқушылар мәтінді жеке оқиды. Мәтін бойынша төмендегі тапсырмаларды орындайды.

Құсбегілік – ата кәсіп.

Халқымыздың атадан балаға жалғасып келе жатқан өлмес мұрасы – құсбегілік, оның төл өнері, ұлттық мақтанышы. Әрине, туған табиғатын төл перзентіндей аялап өткен қазақ үшін ит жүгіртіп, құс салудың қанында барлығының айқын дәлелін, жер бетіндегі халықтардың ішіндегі жеке дара осы текті дүниесінің алтын арқауын жоғалтпай, күні бүгінге дейін алып келгенінен көруге болады.

«Есі кірген — ескісін іздейді» деген қағида ертеден бар. Киіз туырлықты көшпелі елдің құс салу өнері кәсіптен гөрі, серуен, сейілге, спортқа жақын. Бұл өнерді кейде «салбұрын», кейде «саятшылық» атауымыз содан.

«Жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы…» — жігіттің жігітіне жарасар, серінің серті мен серігіндей өнер.

«Атам өлсе қойылар, атан өлсе сойылар, ал мынадай қансонар енді қайдан табылар» — деп, дүниенің бәрін тәрк етіп, құсын қолға ондырып, жүйрігін жаратқан ер мінезді елдің ұрпағымыз.

Халқымыздың арғы-бергі тарихын зерттеушілер саятшылық кәсіптің үш мың жылдан аса тарихы бар деседі. Ал, ғалымдардың зерттеуінде айтылғандай, Тамғалы тастағы саятшының қыран құспен аңға шыққан сәтін бейнелеген өрнекті суреттің салынғанына екі мың жылдан әріде десе, бүгінгі жеткен шындыққа бергісіз жүздеген аңыздардың өзі неге тұрады?!

Халқымыз қансонарды ерекше қадірлеген. Шытырлаған аязда қызара бөртіп, таза ауаны еркін жұтып, ат үстінде жүрудің өзі қандай ғанибет! Салауатты өмір салтының далада екенін түсінсек жалқаулықтан тапқан сырқаттарымыздан айырылар едік.
Әр адамға өз елінің аң – құстары аса қымбат. Қазақ қалқы қыран құстары киелі деп көп аулап ұстамайды. Оларды қорғайды. Қыран құстар ғалымдардың бақылауынша 100 жылға дейін өмір сүреді. Қазақ құсбегілері бүркіт жасын былайша есептейді.

  1. 1.жасында – балапан

  2. 2.жасында – қан түбіт

  3. 3.жасында – тірнек

  4. 4.жасында – тас түлек

  5. 5. жасында – мұз балақ

  6. 6. жасында – көк түбіт

  7. 7. жасында – қана

  8. 8. жасында – Жана

  9. 9. жасында – май түбіт

  10. 10. жасында – барқын

  11. 11. жасында – баршын

  12. 12. жасында – шөгел

Оқушылар төменде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы, жұбымен бірге мәтін мазмұнын талқылайды.

1-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріп, мәтін мазмұнын талқылаңыз.

Кім? Не?



Не істеді? Қашан?

Қалай?

2-тапсырма. Мәтінді оқып, ішінен көнерген сөздер мен кәсіби сөздерді тауып жазыңыз. Мағынасын түсіндіріңіз.

Осы сөздерді қатыстырып ауызша сөйлем құраңыз.

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұнын түсінеді;

  • Мәтіннен көнерген және кәсіби сөздерді анықтайды;

  • Сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.

Оқушылар дескрипторға сай бірін-бірі бағалайды, кері байланыс береді.

Мұғалім жұптағы оқушыларға аңшылыққа қатысты ырым-тыйымдарды ұсынады. Оқушылар оқып, көзқарасын білдіріп, жұпта талқылайды.

3-тапсырма. Аңшылыққа қатысты тиымдар мен ырымдарды оқып, өз көзқарасыңды білдіріп көп. Пікір білдіруде мәтіндегі сөздер мен тіркестерді орынды пайдаланып сөйлеңіз.

  1. Аңға шығар алдында аңшыға «қанжығаң майлансын» деген тілек айтылады.

  2. Аңдағы алғашқы олжа ешкімге сыйланбайды .

  3. Атып алған арқардың, тау ешкінің басын немесе сауырын аңды атқан аңшы өзі пайдаланады , ал қалған етті серіктестерімен бірдей етіп бөліседі .

  4. Бүркіттің тұяғы қасиетті саналады , үйдің төріне

немесе бесікке іліп қояды .

  1. Аңдар мен құстарды рұқсат етілген мерзімде ғана аулау керек .

Мұғалім оқушыларды шағын топтарға біріктіреді. Оқушылар топта бірлесе, «РАФТ» стратегиясы арқылы «Құсбегілік – ата кәсіп!» тақырыбында репортаж мәтінін дайындайды.

4-тапсырма. Мәтіндегі кәсіби, көнерген сөздерді тиімді қолданып, қазақтың көне кәсібін жаңғыртып жүрген азаматтар туралы репортаж дайындаңыз.

Рөл

Аудитория

Формат


Тақырып

Тілші

Теледидар көрермендері

Репортаж

Аңшылық пен құсбегі

Дескриптор:

  • Рөлге енеді;

  • репортаж мәтінін дайындайды;

  • тақырыпты аша алады;

  • сөздік қор, сөздік құрам ерекшеліктерін орынды қолданады.



Мұғалім дескрипторға сай оқушыларға кері байланыс береді. Топтар бірін-бірі бағалайды.






http://ulttyqsport.kz/?p=6347







http://sabaq.kz/20911/%D2%9B%D2%B1%D1%81%D0%B1%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BA-%D0%B0%D1%82%D0%B0-%D0%BA%D3%99%D1%81%D1%96%D0%BF/


Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Оқушылар сұрақтарға сүйеніп, кері байланыс береді.

Кері байланыс парағы

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)




Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!