Материалдар / Аңыз жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аңыз жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал өзін-өзі тану сабағына 5-8 сыныптарға мұғалім сыйына керек аңыз жинағы.Сабақ жоспарын жазған кезде дайын мәтіндік жинақ.Өзін-өзі тану сабақтарының жоспарын құру кезіндегі әр түрлі құндылықтарға пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2019
3222
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Отбасы татулығы

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс – керіс, дау – жанжал деген атымен болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ – қарасын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап – таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайы – қайғысыз, балалары бақытты, мәз – мейрам екен. Бұған патша таң – тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату – тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.

Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет « бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

  • Осы – ақ па?

  • Иә, - деді ақсақал.

  • Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады, - деді де, сәл ойланып, « және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.



Не айтатыныңды ойлап ал.

Күндердің күнінде бір байлыққа масаттанған әйел данышпаннан ақыл сұрайды.

  • Ата, менің де сіз сияқты данышпан атанғаным келеді. Бір – ақ менің бір кемшілігім бар, адамдарды өсектегенді жақсы көремін. Осы қылығымнан қалай арылуға болады?

  • Жақсы, - деп жауап берді ақсақал.

  • Базарға барып, тауықтың қанатын сатып ал. Үйіңе қайтып келе жатқанда бір – бірлеп жұлып, жолға тастап отыр. Сосын маған қайтып кел.

Әйел данышпанның сөзіне таң қалды. Алайда өзі өте қадірлейтін адамның сөзін жерге тастамай, айтқанын орындайды.

Ертеңгі күні тағы келеді.

  • Өте жақсы. Бірінші тапсырмамды орындадың. Енді тағы базарға бар да, қайтып келе жатқанда кешегі қауырсындарды түгел жинап ал, - дейді данышпан.

  • Ол мүмкін емес қой, ата! Оларды жел ұшырып кетті ғой, мен оларды қалай жинап алам?

Аманат

Ерте – ерте ертеде мыңғырған малы бар, жері мен қазына – байлығына сан жетпейтін бір хан өмір сүріпті. Байлықтан басы айналған сұлтан «данышпан, әділ әмірші» деген атын шығармақшы болады. Алайда оған қатыгездігі мен атаққұмарлығы мұрша бермейді. Ашуланған кезде қолына түскенді кінәлі – кінәсіз екендігіне қарамай жазалай беріпті.

Сол хандықта Құби атты бір тақыр кедей өмір сүріпті. Күндердің күнінде Құби бала – шағасына нан сұрау үшін ханға келеді. Сөйтсе, хан түнеріп отыр екен. Құбиды көре салып, тілге келтірместен, басын алуға бұйырады.

«Жетпегені осы еді, - деп ойлайды Құби. – Басқа азабы аз болғандай, енді басымнан айырылатын болдым». Ол басын иіп, ханның өзіне қайырым етуін сұрап, жалынды. Ханның оны тыңдағысы да келмеді.

  • Сен сәтсіз күні келдің. Мен «Бүгін кім келсе де басын аламын» деп өзіме ант етіп қойғанмын.

Құби шошып кетті, алайда ол діндар адам болғандықтан, бір Аллаға сыйынып былай дейді:

  • Бір адамда екі ажал болмас, ал біреуінен қашып құтылмас. Хан ием, сіздің айтқаныңыз боолсын. Бірақ менің датым бар.

  • Датың болса, айт!

  • Үйіме барып, бала – шағаммен қоштасып келуге, аз – мұз апарып беруге рұқсат етіңіз, әйтпесе олар аштан өледі ғой. Таң қылан бергенше қайтып ораламын.

Жақсы. Көтере алғаныңша тамақ алып, үйіңе барып кел. Бірақ қоятын талабым бар: сен қайтып келмесең, өз басын құрбандыққа шалып, орныңа қалатын аманат тастап кетесің.

Жалшы жан – жағына жалынышпен қарап шығады. Бәрі де мелшиіп тұрып қалған.

Шынымен де бір адам менің аманатым болуға келіспей ме? – деп шырылдады кедей байғұс. – Садағаң кетейін, Алла жар болсын, таңда қайтып келуге сөзімді беремін.

Кенет үнсіз топ арасынан:

  • Жарайды, мен қалайын, - деген дауыс шықты. Ол ханның сенімді қазынашысының даусы болатын. Қазынашы ханның алдына келіп:

  • Хан ием, мына кісінің аманаты болып мен қалайын, - деді.

  • Өзің біл. Тек қайдағы бір жалшы үшін басыңнан айырылатының өкінішті – ақ.

Құби көтергенінше тамақ ішіп, мәз болып қалады. Бірақ ханның жарлығын естігіннен кейін, жылап – еңіреп, әкелерін жібергісі келмейді.

Уақыт болса зырлап өтіп жатыр. Көкжиек қызара бастаған кезде хан қазынашысын шақырып:

  • Құби қайтып келмейді. Сен өте адал адамсың, маған шын беріліп, бірнеше жыл қызмет еттің. Бірақ біз бір – бірімізге сөз бердік, айтқан сөз – атылған оқпен тең. Ендеше, сенің басың алынады.

  • Дайындала бер -, дейді.

Қазынашы шығып келе жатқан күнге қарап:

  • Мен бәріне де дайынмын. Уақыты келсе, қиналмастан жан берермін, - дейді.

Көп ұзамай, жаналғыштар қазынашыны алаңға алып шығады. Халық та тез жиналып қалады. Барлығы да жазықсыз қазынашыға жаны ашып, қайғыға батты...



Жан жарасы жазылмайды.

Ертеде бір қарияның ашушаң, ұстамсыз баласы болыпты. Бір күні қария баласына бір қапшық шеге беріп:

  • Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде, суырып аларсың, - дейді.

Бала бірінші күні – ақ бағанға он шақты шеге қағылғанын байқап, өзін – өзі ұстауға, ашуға бой бермеуге тырысты. Қағылған шегенің саны күнбе – күн азая бастады. Бала бағанға шеге қаққаннан гөрі ашуын басқан жеңіл екенін түсінді.

Ақырында бағанға бір шеге қақпаған күнге де жетті. Сонда әкесі баласын бағанға желеп келіп:

  • Жарайсың, бала! Бірақ, бағанның шұрық – шұрық болғанын көріп тұрған шығарсың? Ол ешқашан да бастапқы қалпына келе алмайды. Адамға ғайбат сөз айтсаң, оның көңіліне жара саласың, оның жан дүниесі осы баған сияқты шұрық – шұрық болады. Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да, жан жарасы жазылмайды. Ашуыңды ақылға жеңгізе біл, балам, - дейді.



Сабыр түбі – сары алтын

Ертеде бір хан өзінің шабарманын көрші патшалыққа жібереді. Шабарман көрші патшаға шауып келіп, ентігін баса алмай:

  • Менің әміршім... сізге « қылаң сәйгүлік беріп жіберсін» дейді... Егер ондай сәйгүлік болмаса...

  • Әрі қарай тыңдағым да келмейді, - дейді патша шабарманның сөзін сөзін бөліп. – Патшаңа айта бер, менде ондай сәйгүлік жоқ, егер болса...

Осы жерге келгенде ол кідіріп қалады. Шабарман осы уақытқа дейін өз әміршісімен тату қарым – қатынастағы көршісінен мұндай сөз естігеніне сасып қалады. Сарайдан қалай атып шыққанын да байқамай, жауабын тезірек жеткізбек болып, кері шабады.

Патша кқршісінің сәлемін естіп, қаны басына шығып, көрші патшалыққа соғыс жариялайды. Соғыс ұзаққа соғыс титықтарына жеткен екі жақ келіссөз жүргізбекші болады.

Келіссөз кезінде екінші патша:

  • « Қылаң сәйгүлік беріп жіберсін, болмаса...» дегенде не айтқың келді? – деп сұрайды.

  • « ... басқа түсті ат берсең болады» дегім келген, бар болғаны сол ғана. Ал сенің « менде ондай сәйгүлік жоқ, егер болса...» деген жауабыңды қалай түсінуге болады?

  • « ... тату отырған көршімме міндетті түрде сыйлар едім» дегенім ғой.

Ұстаздың шәкірттерін сынауы

Баяғы заманда бір данышпан өз шәкірттерін шақырып алып:

  • Мені кәрілік жеңіп келеді, қауқарым жоқ. Енді сендер мені асырауларың керек, - дейді.

Шәкірттері ұстаздарының айтқанымен толық келіседі. Бірақ:

  • Мен сендерге «қайыр сұраңдар» деп отырған жоқпын. Рұқсатсыз ала беріңдер, өйткені олардан гөрі ақшаға біз көбірек мұқтажбыз. Сондықтан ол күнә емес.

Сөйтіп, ұстаз шәкірттерін байлардың ақшасын білдірмей алу жолдарын түсіндіреді. Бірақ ол шәкірттеріне ешкімді ренжітпеуді өтінеді.

Барлығы жорыққа аттанбақшы болып жатқанда, біреуі үнсіз төмен қарап тұрып қалады.

Ұстазы одан:

  • Не болды? Өз ұстазыңа көмектескің келмей ме? – деп сұрады.

  • Ғапу етіңіз, Ұстазым! Сіздің айтқаныңызды істей алмаймын. Сіз біреудің затын ешкімге білдірмей ұрлап ал деп отырсыз. Ол мүмкін емес, ешкім білмесе де, өз ұрлығымды ішім біліп тұрады ғой. Одан да қайыр сұрағаным жақсы.

  • Әйтеуір біреуің түсіндің – ау! Мен сендердің жан дүниелерінің адал болғанын қалап едім. Адамның қарны ашқаны ештеңе емес, оның жан дүниесі аш болмауы керек.

Қалған шәкірттері бұл сөзді естіп, жерге қарайды.



Қаз дауысты Қазыбектің шешімі

Бір үлкен ас болып, сол аста бйәгеге шапқан қаншама аттың алдынан бір қара жал құла жеке дара озып келіпті. Асқа жиналған топтың ішінен бір адам:

  • Мынау менің тай күнінде жоғалтқан атым, - деп аттың шылбырына жармасады. Атты бәйгеге қосып отырған кісі: Жоқ, бұл мүлде жала, өзімнің кер биемнен туған қолтума малым, - дейді. Көпшілік екі жағына да « ат сенікі» деп кесіп айта алмай, дағдарып отырып қалады. Өз сөздерін майын тамыза дәлелдеп отырған екі даугердің дәлелдеріне тұжырымды билік айта алмай, дағдарып отырған әкесін байқап, жеті жастағы Қазбек:

  • Ата, билікке екі жақ бірдей риза болу керек. Әйтпесе, ол әділ билікке жатпайды. Жеңілген де, жеңген де шындықты мойындау керек, - дейді.

  • Олай болса, балам, осы даудың билігін өзің айт, - дейді. Сонда бала Қазбек даугердің біріне:

  • Сенің танымпаздық қырағылығың қандай? – деген сұрақ қояды. Оған мен атымды « тай күнінде жоғалттым » деген адам:

  • Мен енесін көрсем, одан туған төлен көрсем, енесін жаза баспай танимын, - дейді. Сонда Қазыбек атты бәйгеге қосқан адамға:

  • Қане, сіздің танығыштығыңыз қандай? – дейді.

  • Мен енесін бір көрсем, ішіндегі құлынын туғаннан кейін бұлжытпай танимын, - дейді. Сонда Қазыбек тұрып:

Жарайды, енді екеуің бар да, анау жүрген қозыдан екі қозы ұстап әкеліңдер, - дейді. Олар барып алып келгенде:

Қозыны көгендеп қойыңдар да, өрістегі қойдан өзді – өзің әкелген қозының енесін алып келіңдер, - дейді.

Екі даугер өрістегі қойдан екі саулықты алып келіп, қозыларды бауырына салғанда, ат қосқан әкелген саулық қозыдан жериді, қозы да жатсынып, саулыққа жуымайды. Ал тай күнінде жоғалттым деген адам саулыққа қозысын салғанда, енесі еміреніп тұра қалады, қозы бауырына кіріп еме бастайды.

Қазыбекшілікке қарап:

  • Қане, халайық, бұған сізер не айтасыздар? – деген де, көпшілік бір ауыздан: « Ат тай күйінде жоғалтқан адамдікі екен, әділ шешімін таптыңыз», - деседі.

Әуестік әлегі

Шәкірт:

  • Ұстаз, адамның әр нәрсеге әуестігі, құштарлығы болмауы мүмкін бе? – деп сұрады.

  • Мүмкін, - деп жауап берді ұстаз.

  • Онда оны адам деуге болады ма?

  • Сен әуестік дегеннің не екенін түсінбей отырсың, - деп жауап берді ұстаз. – Мен әуестікке бой алдырып, өз денесіне зиянкестік жасамайтын адам туралы айтып отырмын. Ол өмірге парасаттылықпен қарап, өзіне – өзі қастандық жасамайды.

  • Егер адамда қызығушылық болмаса, ол өмірден өз орнын қалай табады?

  • Тәңір адамға дене беріп қана қоймай, оны тіршілікпен нұрландырды. Ал ол тәңір берген денесіне қиянат жасамай, оны мәпелеп, қадірлей білуі керек. Кез келген нәрсеге қызығып, әуестене берсең, өмірлік қуатыңды тауысып аласың. Сен болсаң, қажетсіз нәрселермен оны қажытып жібердің. Дұрысы – ағашқа сүйеніп, ән шырқа! Шалғынға жатып, демал! Өз өміріңе рақаттана біл!

Өмір туралы аңыз

Бір данышпан шәкірттерін шақырып алып:

  • Менің не істегеніме қарап, нені меңзеп отырғанымды түсіндіріп беріңдер, - деп тапсырма береді.

Сөйтіп, ол сөреден үлкен шыны ыдыс алып, ірі тастармен ернеуіне дейін толтырады. Данышпан шыны ыдысты үстелге қояды да, шәкірттерінен:

  • Қараңдаршы, балалар, ыдыс тола ма?

  • Толы, толы, - деп шуласа кетеді шәкірттері.

Содан кейін данышпан сол ыдысқа ұсақ тастарды салып, оны бірнеше рет ақырын ғана шайқайды. Ұсақ тастар ірі тастардың қуыс – қуыс бойлап, ыдысты толтырады.

Данышпан шәкірттерінен тағы да сұрайды:

  • Ыдыс толды ма?

Олар ыдыстың толғанын айтады.

Данышпан тас толып тұрған ыдысқа енді құм салып, содан кейін оның үстінен су құяды.

Данышпан тағы да бір шыны ыдысты алып, оны құммен лезде толтырады. Одан соң ірі тастардың бірін сыйғызуға тырысады, біраө толған құм кедергі болып, одан ешнәрсе шықпады.

Сол кезде Данышпан оқушыларға бұрылып:

  • Менің осы әрекетім жайынжа және екі ыдыстың ішіндегі заттар туралы түйген ойларыңды тыңдағым келеді, - дейді.

Оқушылар өзара кеңесіп:

  • Ірі тастар адам өміріндегі ең мәнді заттарды білдіреді: отбасы, Отан, сүіспеншілік, бақыт, денсааулық, білім. Олар басқалары болмаса да, әрқашан да адам өміріне мағына беріп, мәнге толтырады. Ұсақ тастар жұмыс, пәтер, қызмет сияқты одан маңызды бәсеңдеу заттарды білдіреді. Құм дегеніміз – адамның күнделікті өміріндегі ұсақ – түйектер, яғни күбең тіршілік, - деп жауап береді.

Бір кезде шәкірттерінің ең үлкені:

  • Егер адам құммен толтырылған екінші ыдыс сияқты өз өмірін кәкір – шүкірмен өткізетін болса, онда маңызды заттарға орын қалмайды. Адамға өмір ұсақ – түйекке жұмсау үшін емес, мағыңызды заттар мен ұүндылықтарды жүзеге асыру үшін берілген. Сондықтан да адам ата – аналарына, балаларына, жақындарына көбірек уақыт бөліп, баса назар аударып, өз денсаулығын нығайтуы керек. Сонда ғана ол білім алып, еңбек етіп, өзгелермен сыйластықта, бақытты да үйлесімді өмір сүруге үлгереді.

Данышпан ризашылықпен былай дейді:

  • Менің сендерден бір ғана тілегім бар. Ірі тастардыңды қадірлеп, сақтай біліңдер, тек соларға ғана құнды, қалғандары – құм ғана.



Екі қасқыр

Ерте – ерте ертеде бір қария өз немересіне өзі түйген өмір шындығын ашыпты:

  • Әр адамның ішінде жемтікке таласқан екі көкжал қасқыр сияқты талас жүріп жатады. Бірі – жамандықты: қызғаныш, көре алмаушылық, өзімшілдік, қара ниет, өтірікті білдіреді. Екіншісі – жақсылықты: махаббат пен мейірімділік, сенім мен үміт, шындық пен ақиқат, ақ ниетті білдіреді.

Атасының айтқанын ұйып тыңдаған немересі ойланып қалады да:

  • Ата, соңында қайсысы жеңіп шығады? – деп сұрайды.

Атасы мырс етіп күледі де:

  • Қайсысына көбірек көңіл беріп, асырасаң, сол жеңеді, - деп жауап берген екен.

Қаңбақ

Бір бай баласының он үшке толған күніне арнап, қонақтар шақырыпты. Қариялар дастарқан басында отырып, әңгіме – дүкен құрса, жастар жағы көгорайда күш сынасып ойнапты.

Біреудің буырқанған күші үшін, біреудің әдемі айла – әрекеті үшін қол соғып, мәз болысыпты. Бірақ бай баласынан жұрт мақтарлық қасиет табылмапты.

Ешқандай өнер көрсете алмаған можан – топай баласы үшін бай іштей налып қалыпты. Жоқтық көрмей, шалқып өскен жалқау баланың қолынан не келуші еді?! Бар білгені – түкіру. Оқыстан келген ойға бай қуанып кетіп, кім алысқа түкірсе, соған беріледі деп, бәйгеге тайлақ тігіпті.

Өзінен өзі белгілі: бұл жарыста бай баласы алдына жан салмайды. Жүлдені сол алады. Қуанғаннан әке көңілі өсіп, тағы бір семіз ісек сояды. Ішіп – жеп, тойғанына мәз болған халық бай баласын мақтап бағады.

Кешқұрым жел тұрып, құм боран соғады. Үш тәулікке созыған дүлей дауылдан, оның ыстық демінен көгорай – шалғын қурап, құдықтарды құм басып қалады.

  • Бұл неғылған зауао?! – дейді әрлі – берлі өткендер.

  • Жер – біздің анамыз, - дейді бір ақылды азамат.

  • Жерге түкіру деген не сұмдық?! Жерді ренжітуге болмайды. Жердің бетіне тиген түкірікті көздің жасымен ғана жуа алады.

Елдің айтуына қарағанда, бүгінде сол жер шөлге айналған тәрізді. Күн қақтаған тулақ далаға тек қана түйеткіен өсетін көрінеді.

Ал ауыл адамдары қайтті дейсіз ғой?! Қайтсін, үдере көшеде. Қаңбақ сиқяты әлі күнге босып жүрген көрінеді.



Аңыз әңгіме

Баяғыда тасы өрге домалап тұрған бір хан жанына нөкерлерін ертіп, аң аулауға шығады. Орман кезіп, қыр асып келе жатса, алдынан екі көзі ботадай мөлдіреген, сауыры жез құмандай жылт – жылт еткен сұлу киік қаша жөнеліпті. Хан садақтан оқ атып, киіктің артқы аяғын жаралайды. Бір жағы құлама жар, екінші бүйірден хан нөкерлері қиқу салып, қыспаққа алғанда, жаны қысылған бейшара киік жан далбасамен сондайдан көз тартқан ақбоз үйдің ашық тұрған есігінен ішке қойып кетіпті. Үй иелері жайылған дастарқаннан түсккі тамақ ішіп отыр екен. Есіктен енген киік жаюлы дастарқаннан бір – ақ ырғып, төрдегі керегеге тұмсығын тіреп, солығын баса алмай тұрып қалыпты.

  • Шығар киікті! – деп дауыстайды хан ат үстінде тұрып, төрде тамақ ішіп отырған қарияға. – Бұл тау тағысын түстік жерден қуалап келіп, сенің үйіңде қолға түсіріп тұрмын. Мұның менің олжам екеніне ешкімнің дауы жоқ шығар?

Сонда қария:

  • Сөзің орынды хан ием. Киік сенің олжаң екені рас. Бұл сорлы жаны қысылған сәтте менің төріме шығып кетті. Ортада дастарқан жаюлы жатқанын өзің көріп тұрсың. Ата салтымыз бойынша, дастарқанды аттап өте алмайсың. Көздеріне қан толып, бір – біріне өлердей жауыққан екі адамды татуластырарда дастарқан басына алып келмеуші ме еді? Тіпті хан болсаң да, дәстүрден үлкен емессің. Ал дәстүрді, қалыптасқан ата салтты бұзсаң, қалың елдің табасына қаласың, жолың болмайды, - депті.

Адам өмірі

Үш ағайынды жігіт « Адам өмірінің өткені, қазіргісі әлде болашағы маңызды ма?» деген сауалға дауласып қалады.

Біріншісі:

  • Өткен өмірім менің қазіргімнің бастауы болды. Бұрын үйренгендерім қазіргі өміріме азық болып отыр. Мен өз – өзіме сенімдімін, себебі алға қойған мақсаттарыма жету үшінт мен қажымай – талмай күресе білдім. Өз өміріме серік еткен жолдастарым да өзіме ұнайды, - дейді.

Сонда екіншісі:

  • Егер сенің айтқанын дұрыс болса, « Түйе көргенен жазбас» дегендей, адам бір орында дамымай тұрып қалар еді. Маған бұрынғы үйренгенім, қазіргі білетінім маңызды емес, болашағым маңызды. Сонықтан да мен өз болашағыма қажетті нәрселерге үйренерім. Маған « екі жыл бұрын мен кім едім?» деген сауалдан « екі жылдан кейін менің өмірім қандай болады?» деген сауал маңыздырақ. Менің қазіргі қаракетім бұрын қандай болғаныма емес, болашақта қандай боолатындығыма бағытталып отыр. Маған жаңа таныыстар өте ұнайды, олардан білмегенімді үйренемін, ал ескі таныстарымның білетінін өзім де білемін, - деп дауласа жөнелді.

  • Өткен мен болашақ тек сендердің ойларында ғана болатынығын ұмытып кеттіңдер ме? – деп сөзге араласты үшіншісі:

  • Өткен енді қайтып келмейді, ал болашағың жеткізбейді. Сондықтан да өткеніңді қанша аңсасаң да, болашағыңды қанша қиялдасаң да, олар қолға түспейді. Тек қазіргі өміріңде ғана алдыңа мақсат қойып, өз өміріңді өзгертуге болады. Өйткені өткен бақытты ойлау – жаныңды жабырқатады, болашақ бақыт туралы ой жаныңды жегедей жейді, тек қазіргі өмірде ғана өз ойыңды жүзеге асыра аласың.

Екі дос

Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірінің отбасы, балалары бар, ал екіншісі жалғыз басты еді. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе – тең етіп екіге бөліп алатын. Бір күні жалғыз басты адам ішінен: « өнімді және шыққан пайданы теп – тең бөлгеніміз дұрыс болмады, мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ» деп ойлады. Осындай оймен, түн сайын бір қап өнімді досының үйінің алдындағы сарайға жасырын апарып тұрды.

Досы да ішінен: « өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, менің отбасым бар, қартайған шағымда олар маған қарайды. Ал досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезде оған қарайтын адам болмайды» деп ойлайды. Осылайша бұл да түн жамылып үйден шығып, досының қорасына өнімді апарып тұрады. Алайда қорадағы қаптардың саны неліктен азаймайтынына екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні бір – бірінің қорасына жасырын қап тасып жүргенде, олар кездесіп қалады. Сонда ғана олар болған жайдың мәнін түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып, достар құшақтаса кетеді.

Аңыз әңгіме

Ертеде бір шаһарда мейірімді, дана қарт өмір сүріпті. Күндердің күнінде саудагерлер сату үшін шаһарға темекі алып келіпті. Шаһар тұрғындары бұрын көрмеген тауарды қызық көріп, саудагерлерді жапырылып қоршап алады. Саудагерлер:

  • Керемет жапырық! Құдыретті жапырақ! Барлық ауруға ем болады! Алған да арманда, алмаған да арманда! Келіңдер! Дәмін татып көріңдер! – деп жар салады.

Дана қарт адам басын айналдыратын осы бір өсімдікті жақтырмай қалады. Ол жиналып қалған қауымға:

  • Алыңдар! Бұл « құдіреттің» басқа да пайдалары бар: темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді, ит қаппайды және де ол ешқашан қартаймайды, - депті.

Саудагерлер қуанып кетіп:

  • Айтқаныңыздың бәрі рас. Бірақ сіз « құдіретті» жапырақтың мұндай қасиеттері бар екенін қайдан біліп қойдыңыз?! – деп таң қалады.

  • Темекі шегетін адамның үйіне ұры түспейді, өйткені ұрылар түнде тыныш боолғанын жақсы көреді. Ал темекі шегетін адам түнімен күркілдеп жөтеліп ұйықтамайды. Көп ұзамай темекі адамның денсауығын әлсіретеді де, адам тез қартайып, таяқен жүруге мәжүрбүр болады. Таяқпен жүрген адамға қай ит жоласын?! Ол адам ешқашан қартаймайды, себебі жасына жетпей, көз жұмады...

Аңырқап қалған жұрт ойланып қалады...

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!