Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Әнім сен едің" (Ш.Қалдаяқов 90 жылдығы)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат
Бижанова Нагима Каппасовна
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әнім сен едің» (Шамші Қалдаяқов 90 жылдығы)
Мақсаты: Оқушыларды ән падишасы Ш.Қалдаяқов өлеңдерінің мазмұнына терең мағұлмат бере отырып, адамзат өміріндегі маңызын терең түсіндіру арқылы өмірге қажет жағдайда қолдануын қалыптастыру.
Күтілетіннәтижелер:
- Шамші өлеңдерінің адамзат өміріндегі маңызын терең түсінеді, өмірге қажет жағдайда қолдана алады;
-оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасауды үйренеді, идеялармен жұмыс жасауға дағдыланады;
-барлық оқушылардың пікірін тыңдау, бір-біріне қолдау көрсетуді үйренеді;
Қолданылған ресурстар: Интернет ресурстары, топ ережесі
Көрнекті құрал-жабдықтар: слайд, филипчард қағаздары, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер, суреттер, клей, қайшы, интербелсенді тақта.
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (2 мин)
Сергіту сәті
Топқа бөлу (2 мин)
1Ш. Қалдаяқовтың өмірі мен қызметі
туралы.
2.Ш. Қалдаяқовтың әндерінің шығу
тарихы.
3.Ш. Қалдаяқовқа арналған ақындар
жырлары.
1 – оқушы: 1930 жылы Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жеріндегі
Отырар деген ауылда қазақтың қобызы мен домбырасын құйқылжыта
тартатын сері, ақын, ағаштан түйін түйетін ұста, зергер Қалдаяқ пен
ойын – тойда құйқылжыта ән салатын Сақыпжамалдың отбасында ХХ
ғасырда қазақ әнінің ажарына ашық шырай кіргізіп, оның өрісін әлем
көгіне шығарған ән феномені Ш. Қалдаяқов дүниеге келді.
2 – оқушы: Шәмші мектеп бітіргеннен кейін Тошкент қаласындағы Хамза
Ниязи атындағы музыка училищесін бітіреді. Алматыдағы арман болған
консерваторияға 25 жасқа толғанда ғана келеді. Әнші Жамал Омарова
апайы Шәмшіні консерватория ректоры Құдыз Қожамияровтың алдына
әкеліп «Қазақтың болашақ композиторын алып келдім» деп таныстырған
екен.
М.Шаханов «Ән аға» орындайтын Жантөре Еркеғани
3 – оқушы: Ән өмірінде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған Ш. Қалдаяқұлы – күллі қазақ халқының мақтанышы. Сондықтан да 40 жыл бойы біздің аспанымызда махаббат пен сағынышқа толы Шәмші әуендері шырқалды.
Ән: «Әнім сен едің» Довлетмырадова
Моншақ
4– оқушы: «Ән де адам секілді өз тағдырымен туады.» деген сөз рас.
Шәмшінің 300 – ге жуық әр әннің өзінің туу тарихы
бар.
Шәмші
композитор атанып атағы шыққан кезде анасы қайта айықпайтын ауруға
ұшырады. Өзінің о дүниелік екенін сезген анасы Алматыдан Шәмшіні
шақыртты.
- Балам, мен өмірден ерте кеттім демеймін, немере сүйіп, келін
көруді құдай маған бұйыртпады. Тағдыр солай қайтейін. Бір тілеуім
сен аман бол. Дүниеге келген әнің айтылмай жатып үзілмесін. Бақытты
бол, балам.
Анасының ақ лебізін естіген Шәмші өзін сәбидей сезінді. Ойланып
қараса, анасы оған әлемнің жарығын сыйлапты, осы сәтте Шәмші ерекше
толқыды. Сонда ол былай деді:
- Ана, мен сенің басыңа кесене ғимарат орнатам деп айта алмаймын,
бірақ мен саған әннің ең асылын, ең нәзігін арнап жазамын, ол
ешқашан ұмытылмайды. Сөйтіп өмірге «Ана туралы жыр» әуені
келді.
Ән: «Ана туралы жыр» (Арайлым, Ақмарал, Айтан)
5 – оқушы:
Шәмші Қалдаяқов «Мен ажарлы әйел көрсем болды, сол сәтте күйіп –
жанып махаббат отына түсетін едім. Кейде бұл ісіме күйініп «Менде
махаббат жоқ» деп ойлайтынмын. Менде шын махаббат бар екенін маған
тұңғыш рет жалтартпай айтқан сол бір көркем қыз болатын. Оның «Сен
ғашық адамсың. Сен бар дүниеге, анау Алатауға, сылдырлап аққан
суға, мөлдіреген аспанға, бүкіл адамзатқа ғашықсың. Әйтпесе сен ән
шығара алмас едің» дегені есімнен кетпейді» деген бір
естелігінде.
6 – оқушы: Шәмші өз әндерінің қалай жазылғанын айтып жүретін. «Арыс
жағасында», «Сыр сұлуы», «Ақ бантик», «Дүнген қызы», «Сыған
серенадасы» сияқты әндері сұлу қыздарға арналған.
Ән: «Арыс жағасында» Базілжан
Айзат
7 – оқушы: Адамдар жүрегінен орын тапқан әуеннің қашанда өмірі
ұзақ. Шәмші ағаның әндері Республикамыздың қай өңірінде болса да ән
сүйер қауым арасында кең тараған. Оның әндерінің негізгі тақырыбы
Отанды сүюге, еңбек адамына, жастарға, мектеп жасындағы жастар мен
бүлдіршіндерге арналған.
Көрініс:
Ш. Қалдаяқовқа арналған ақындар жырлары.
М. Мақатаев «Шәмілге». Оқитын: Орынқожа Талғат
8-оқушы: Шәмші Қалдаяқов 1990 ж тамыз айының 17 жұлдызында 60 жасқа толды. Шәуілдірдің мәдениет үйінде мерей тойға байланысты жиын өтті. Шәмшіге залдағылардан көптеген сұрақтар келіп түсіп жатты... Солардың бірі «Творчестволық жолыңызда сізді ренжіткендер болды ма?» деген сауал. Оған Шәмші аға былай деп жауап берген екен: Мен өмірде қанша ән салсам, сонша жылаған болуым керек... Маған жақын нәрсе халқымның жүрегі. Сұлтанмахмұт «Жақсылық көрсем де, жамандық көрсем де өзімнен» деген. Мен өз әнімнің мықты болуын ойладым. Менің әндерімнің болашағы - халқымның болашағына байланысты. Халқым барда менің әндерімде бар.
Ән: «Қайықта» Айдосова
Арайлым
10- оқушы:
1991 ж 20 желтоқсанында ҚР Президентінің жарлығы
бойынша қазақ музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін
композитор Шәмші Қалдаяқовқа халық артисі құрметті атағы
берілді. Осылайша
бағзы мен бүгінгі мақамдарды керемет ұштастыруы Ш.Қалдаяқов
туындыларының даңқын дүрілдетіп шығарып, дүйім далаға кең жайылуға
кепілдік берді. Мұхтар Әуезов өмірден озар тұсында университет
студенттері алдында сөйлеген әйгілі сөзінде Шәмші саздарын Ақан,
Біржан өнерпаздығынан кейінгі бір "жыл келгендей жаңалық"
сезіндіретін үздік құбылыс ретінде бағалағаны мәлім. Жұрт аузында
"бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші" атануының сыры сонда. Сазгер
әндері, әсіресе, 60-70-жылдардагы жастардың аузында жүрді.
Кешеулеген "хрущевтік жылымық" дәуірінің жас адамдары шетел
композиторлары мен орындаушыларына, мәселен, "Биттлзге" калай
ынтықса, қазақстандық өз сазгерлерімізді де солай сүйіп тыңдады.
Бұл соңғысы мен арасында, әрине, Қалдаяқов бірінші орында
тұрды.
Ән: Кешікпей келем деп ең Абас Асем
11-оқушы:Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІ ғасыр әлеміне бет алып әуелей беретіні ақиқат. Табиғат ерекше дарын иесі еткен дара тұлға Шәмші Қалдаяқовты қазақ баласы есінен шығармас. Шәмші ағамыздың «Қорлан» әнін шырқаудағы өзіне ішкі сырын ашып айтпай сөз шешендігіне салып бұра тартып кететіні де бар.
12- оқушы: Кең жүрегімен табиғат берген дархан, дарынды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап әндерімен халқын байытатын, олардың өмір сүруге құштарлығын арттыратын Шәмші Қалдаяқов пиониноны да, домбыраны да жосылта тартатын еді. Бірақ, домбыраны екпіндете, төпелеп тартқанын көрген емеспіз. Бір әсем әуенді шерте бастайтын да қоңырлата былқылдата ала жөнелетін. Қысқаша айтқанда тұла бойы тұнған өнер болатын.
Қорытынды:
Әсем да ақылды көкөрім жасты ғана емес, ересек, егде қауымның да, сан түрлі мамандық, алуан ұлт адамдарының да көңілін баурап алды. Халық арасында әсіресе күллі отаншылдық, елшілдік нотасын тап басқан "Менің Қазақстаным" туындысы айрықша мәшһүр болды. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы ұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің осы әнін ұрандай шырқап шықты. 2005 жылдан "Менің Қазақстаным" туындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.
Хор: «Менің Қазақстаным»